Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
VIP-меймандар алып отырған номерлердегі жинау жұмыстары
«VIP-меймандар алып отырған номерлерді жинау аралық жинаудың түрлерінің бірі ретінде» параграфына көшпестен бұрын, жалпы отельбойынша және жекелей алғанда ӘШҚ-де VIP-меймандармен жұмыс істеу саясаты жайында білу керек. VIP (very important person) – ерекше маңызды персона. Мұндай адамдар болып атақты адамдар, атақты саяси қайраткерлер, мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері табылады. Ерекше маңызды персоналарға мемлекет басшылары; белгілі фирмалардың президенттері; ірі шараларды ұйымдастырушылар; туристік компаниялардың белді менеджерлері; салтанатты апартаменттерде тоқтайтын клиенттер және т.с. жатады. Сонымен қатар отельге мейманханакәсіпорынының басшылығы шақырған меймандар да ерекше маңызды персоналар болуы мүмкін. VIP-меймандарғақызмет көрсетуге іс жүзінде отельдің барлық қызметтерінің қатысы бар. Отельде VIP-меймандарға қызмет көрсету мейманның өмірдің мәдени, саяси, кәсіби, әлеуметтік және өзге салаларындағы салмағы мен маңызын көрсетуді және баса көрсетуді мақсат етіп қояды. Әр отель өзінде бүкіл әлемге танымал адамды өзінде қабылдауды құрмет, абырой деп санайды. Мұндай адамды қабылдап алу – отель үшін ең жақсы жарнама. VIP-меймандаротельдің табыстылығына елеулі әсерін тигізеді. Ерекше маңызды персонаның қандай да бір мейманханада болуы туралы хабарлар БАҚ, теледидарға түседі. Осылайша, отельдің рейтингі көтеріледі. Құрметті меймандарға арналған кітапта VIP-клиенттер өздерінің отельде тұрулары туралы оңды пікірлерін жиі қалдырып отырады. Мейманхананың жарнама буклеті немесе проспекті аталған мейманханаға келіп, осында тұрған жоғары лауазымды адамдарды тізіп көрсетуден жиі басталады. Мейманхананың қоғамдық бөлмелерінде атақты адамдардың олар осы отельде болған кездегі фотосуреттерін көруге болады. Осылайша бизнестің гүлденуіне жағдай жасай отырып, VIP-клиенттеротельге басқа клиенттерді тартуға көмектеседі. Мұндай адамдарға қызмет көрсете отырып, мейманхананың өзінің мәртебесі мен абыройы тұрғысынан ұтатындығын түсіне отырып, мейманханалар көп жағдайда ерекше құрметті меймандар үшін өз қызметтерінің бағасын елеулі түсіріп отырады. Ерекше жағдайларда мейманханалардың ерекше маңызды меймандардың тұрғандары және оларға қызмет көрсетілгендігі үшін мүлдем ақы алмайтын жағдайлары (complimentary discount) болатын варианттарды да жоққа шығаруға болмайды. Өздері қандай мейманханаға тоқтаса да, анықтамасы бойынша VIP-клиенттер болып табылатын бірқатар адамдар бар екендігін түсіну керек, әрі қанша мерзімге келгендері маңызды болмайды. Бұдан өзге, соншалықты атақты емес, бірақ өздерінің мейманханаға жиі келулерінің арқасында тұрақты клиенттер болып табылатын және VIP-меймандар санатына көшетін клиенттер бар. Осылайша, «тұрақты клиент» және «VIP-клиент» түсініктері көбіне көп өзара байланысты. Отельдің бүкіл персоналы мұндай клиенттерге шекті жоғары сервис көрсетуге және мейлінше көп көңіл бөлуге тиіс. Қазіргі уақытта қызмет көрсету саласының көптеген кәсіпорындарының, жоғары санатты отельдер туралы айтпай-ақ, өздерінің тұрақты клиенттерін ынталандыру және көтермелеу бағдарламасы бар. Бұл бағдарламалар өте алуан түрлі. Меймандарды қандай да болсын VIP-мәртебеге жатқызумен отель басшылығы айналысады. Дәл сол басшылық меймандостық аясының (көңіл бөлу белгілерінің) тізімі мен санын немесе оның VIP-мәртебесіне сәйкес клиентке берілетін, мейманхананың қызметтеріне жеңілдіктің пайызын анықтайды. Клиенттің VIP-мәртебесін анықтаған кезде отель басшылығы көбінесе клиенттің осы отельдің немесе дәл сол мейманхана тізбегінің отельдерінің қызметтерін қаншалықты жиі пайдаланғандығын назарға алады. Мұндай ақпарат мейманхананы басқарудың компьютерлің жалпы жүйелерінің «Мейманның тарихы» (Guest History), «Мұрағат» (Storage) немесе «Жиі мейман жүйесі» (Freguent Flyer) тарауларында болады. Статистика отель пайдалануға берілген сәттен бастап жүргізіледі. Әр мейманхананың ерекше құрметті меймандарды көтермелеудің және ынталандырудың өзіндік бағдарламасы және тиісінше клиенттердің VIP-мәртебелерінің әртүрлі саны болады. Әдетте, VIP-мәртебелердің минималды саны үшеу (VIP-1; VIP-2; VIP-3). Кейбір мейманханаларда төрт және одан көп позициялар, сондай-ақ ТОР VIP позициясы болады. Мәртебенің номерінің артуымен VIP-меймандарға көрсетілетін қызметтердің және көңіл бөлу белгілерінің ассортименті кеңейе түседі. Жекелеген мейманханаларда әрбір VIP-мәртебеге белгілі бір әріп, мысалға, А,В,С сәйкес келеді. Отельдердің тұрақты меймандары мен VIP-клиенттері, әдетте, дисконттық бағдарламаның қатысушылары немесе мүшелері болып шығады және бұлардың әрқайсысы белгілі бір басымдықтарды қарастыратын арнайы карталармен жабдықталады. Жекелеген мейманханаларда дисконттық карта алу үшін клиенттер арнайы үлгілі толтыру талап етіледі.
|