Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Дәріс. Тақырыбы: Клиенттер кеткеннен кейін номерлерді жинау
Кілт сөздер: Housekeeping, әкімшілік-шаруашылық қызмет, флорист Қарастырылатын сұрақтар: 1. Клиенттер кеткеннен кейін номерлерді жинау 2. Клиенттер қалдырып және ұмытып кеткен заттар Клиенттер кеткеннен кейін номерлерді жинау дәл сол тұрғын номерлерді (меймандар бар) жинау жүргізілетін реттілікпен жүргізіледі. Алайда бұл жинаудың әлдебір өзгешелігі бар. Меймандар кеткеннен соң номерлерді жинау кезінде, меймандар бар номердегі жұмыспен салыстырғанда, қосымша жұмысқа бір рет пайдаланылатын меймандостық заттарын және, қажет болған кезде, анықтамалық, ақпараттық материалдарды және жарнама материалдарын толығымен алмастыру кіреді. Дәл сол санаттағы тұрғын номерді жинауға қарағанда, меймандар кеткеннен кейін номерлерді жинауға көбірек уақыт кездейсоқ бөлінбейді. Осындай жинаудың нәтижесінде бөлме мінсіз көрінуге, бұл номерде бұған дейін ешкім де тұрмағандай түрге ие болуға тиіс. Меймандар кеткеннен кейін номерлерді жинау кезінде, бірінші кезекте мыналарға: Ø номерде мейманхана мүлкінен ештеменің жоғалмағандығына (ал егер мұндай болған болса, онда осы мейманханада бұған қатысты бар болып отырған нұсқауға сәйкес әрекет ету керек); Ø номерде меймандар ұмытып немесе қалдырып кеткен заттардың жоқ екендігіне (олай болмаған жағдайда мейманханада осындай жағдайларға қолданылатын тәртіпке сәйкес әрекет жасау керек – толығырақ сәл төменде баяндалады); Ø барлық техникалық жабдықтың жарамды жұмыс істеп тұрғандығына (егер олай болмаса, отельдің инженерлік-техникалық қызметіне тапсырыс беру керек) көз жеткізу керек. Осыдан кейін тазалықшыномерді мұқият жинауды жүргізеді. Меймандар кеткеннен кейін төсекорын жіті назар аударуды қажет етеді. Матрацтың астын мұқият сипалап көру, қоқысты кетіру (егер болса), серіппелерді байқап көру, олардың зақымданбағандығын анықтау керек. Жинау кезінде әрбір ретте және әсіресе меймандар кеткеннен кейін жинаған кезде перделердің қалыпты екендігіне, комодтың немесе шкафтың артында қоқыстың жоқтығына, барлық жәшіктердің жақсы ашылады ма екендігіне, шкафтардың есіктерінің шиқылдамайтындығына, балкондар мен терезелердің таза ма екендігіне назар аударып отыру керек. Темекі тартатын клиенттер кеткеннен кейін номерде көп жағдайда әлі ұзақ уақыт темекінің орнықты ерекше иісі сақталып тұрады. Мейманханада мұнымен күресуге ауаны тазартқыштар көмектеседі. Жоғарғы санатты отельдердің қарамағында бір мезгілде ауа тазартқыштар да болып табылатын, NASA жасап шығарған, американдық өндірістің Rainbow шаң жинағыш машиналары бар. Олар су сүзгісі, ауаны иондағыш секілді артықшылықтарға ие. Аспаптың тіптен темекі көп тартылған бөлмені түтіннен тазартып шығуға күші жетеді. Осы машинаның көмегімен ауа мен бөлмені зарарсыздандыруды және хош иістендіруді жүргізуге болады. Бұл кезде алуан түрлі хош иістендіргіш құралдар қолданылады. Айталық, қылқанжапырақтың иісі бар қоспаны қолданып, адамның қарағайлы орманда болуымен салыстыруға келетін әсерге қол жеткізуге болады. Rainbow шаңсорғышы, алуан түрлі микроорганизмдерді кетіре отырып, мінсіз тазалық жасауға мүмкіндік береді, бұл мейманхана жағдайларында өте маңызды. Оны сонымен қатар гипоаллергенді жастықтарды тазалау үшін қолданады. Жастық аппаратқа бекітілетін арнайы пакетке орналастырылады; пакетте вакуум жасалып, жастық жұдырықтың өлшеміне дейін қысылады; одан барлық микроорганизмдер кетіріледі. Қызмет көрсету деңгейі жоғары мейманханаларда темекі тартпайтын меймандарға арнайы номерлер және тіптен қабаттар бөлінген. Бөлмелерге темекі түтінінің енуін толығымен болдырмау мүмкін емес болып отыр. Темекінің иісін мейлінше болдырмау үшін, темекі тартпайтын меймандарға арналған номерлер арнайы, қуаттырақ кондиционерлермен жабдықталады, жинау да тиісінше жүргізіледі. Мұндай номерлерде, әдетте, күлсалғыштар мен сіріңке болмайды. Әлде күлсалғыштың түбіне арнайы карточка – меймандар үшін бұл номердің «Темекі тартпайтын меймандарға арналған» санатына жататындығын еске салу салынады. Мынандай жазбасы бар, осыған қатысты клиенттерге арнайы ерекше хабар беруді толтыруға болады: Клиенттер отельден кеткеннен кейін номерлерді жинаған кезде шкафта киім ілуге арналған ілгіштердің бар болуын тексерген өте маңызды. Бұл осылардың кездейсоқ немесе кездейсоқ емес жоғалып кетуі, әдетте, клиенттердің мейманханадан шығып кетуімен тұспа-тұс келетін заттар. Кәсіпқой мейманхана жабдықтаушыларының және шаруашылық жүргізушілерінің ортасында «алып кетуге қарсы» деген атау алған киім ілгіштерді сатып алған мейманханалар жақсырақ жағдайда тұрады – олар бұларды үйде пайдалану мүмкін емес болғандықтан, оларды өзімен алып кетудің мән-мағынасы болмайтын конструкцияға ие. Қазіргі кезде киімге арналған ілгіштердің үлкен алуан түрлілігі бар: ағаш, металл, пластик; шалбарға, юбкаға арналған ілгіштер; қысқыштары, поролоны бар және т.с. киім ілгіштер. Номерде олардың қолданылуы бойынша әртүрлі, сапасы жақсы жеткілікті саны болуға тиіс. Меймандар кеткеннен кейін жинаудың соңында тазалықшыМеймандарға арналған ақпараттық папканың жинақталуын тексереді. Мыжылған, кір, жыртылған, алдындағы меймандардың белгілері бар бланктердің және парақтардың болуына жол берілмейді. Оларды сөзсіз алмастырады, әрі бұл жағдайда үнемдеу тек іске зиянын келтіреді, бұл жерде үнемдеп қалу орынсыз болады.
|