Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Меймандарға арналған ақпараттық папка



Ақпараттық папка (Guest’s Information Folder) клиентке мейманханада өзін сенімдірек сезінуге мүмкіндік береді. Ақпараттық папкалар осылардан жасалған материалдар, олардың дизайны мен мазмұны әр алуан болуы мүмкін. Қымбат тұратын, былғары ақпараттық папкалар, пластик папкалар, сондай-ақ тығыз қағаздан және картоннан жасалған папкалар кездеседі. Мейманханадағы персоналдың формалық киімі, мәзірдің бланктері, маңдайщалар, кестелер секілді, ақпараттық папкалар да фирмалық стильде безендірілген болуға тиіс. Ақпараттық папкада міндетті түрде мейманхананың логотипі болуға тиіс. Логотипке (фирмалық белгіге, эмблемаға, брендке) ақпараттың үлкен көлемі енгізілген. Сауатты орындалған логотип мейманханакәсіпорыны туралы: оның орналасқан орны, жайлылық деңгейі, сәулет стилі, атқаратын міндеті, клиенттерінің контингенті және т.с. туралы көп нәрсені айтып бере алады. Меймандарға арналған ақпараттық папканың безендірілуі осы мейманханаға тән белгілі бір өзгеше белгілерді, дәстүрлерді, рухты баса көрсетуге тиіс. Папкада бар ақпарат қандай да болсын мейманхана көрсететін қызметтердің санына және алуан түрлілігіне байланысты. Мейманхана нарығындағы қатаң бәсекелестік күрес жағдайларында отельдердің басшылары өз кәсіпорындарының визуалды бет-бейнесіне көп көңіл бөлуге тиіс. Бұл кезде полиграфия өнімдеріне зор маңыз беріледі. Әрине, бұл мәселеде көп нәрсе қандай да болсын отельдің қаржылық жағдайына байланысты екендігін түсінікті. Бірақ, әсте барлығы емес. Бұл істегі табыс көбіне көп жұмыстағы осы аспект үшін жауапты отель қызметкерлерінің ниетіне және қиялдарына байланысты болып келеді. Соңғы уақытта отельдің өзінің бірегей, жұрттан ерекше стилін жасауға кәсіпқой суретші-дизайнерлерді қатыстырады. Фирмалық стильдің барлық элементтері: эмблема, қаріп, полиграфиялық өнімді безендіру және т.с. арасындағы үйлесімді жасау үшін көптеген күш-жігер қажет болады. Әрі фирмалық стильдерді тәжірибелі жасап шығарушыларға отельдің тікелей мүдделі қызметкерлері көп көмегін көрсете алады. Өз кәсіпорынының құрылу және даму тарихы туралы олар көбірек білмесе, отельдің артықшылықтары мен мықты жақтары туралы үлкен сүйіспеншілікпен олар айтып бере алмаса, мұны кім жасай алар еді.

Меймандарға арналған ақпараттық папка эстетикалық көрінуге, оны қолға алып, мазмұнымен танысып шыығу ниетін тудыруға тиіс. Олай болмаған жағдайда, шығындардың бұл бабынан қаражат үнемдеп, егер Сіздің қонақтарыңыз баспа өнімдерін олардың қажеттілігі бойынша пайдаланбай жатқан болса, таң қалмаңыз.

Меймандарға арналған ақпараттық папка әр номерде көзге түсетін жерде және міндетті түрде телефонның жанында тұруға тиіс. Бұл жұмыс немесе журнал үстелі болуы мүмкін. Осылайша, қажетті ақпаратты тауып, мейман үстелден еш жаққа шықпай, қажетті жазбалар жасау немесе телефон соғу мүмкіндігіне ие болады. Меймандар үшін ептілікпен іріктеп алынған ақпарат – отельдегі қосымша және ілеспелі қызмет көрсету қызметтерінің табысты жұмыс істеуінің кепілі.

Қызмет көрсетудің жоғары санатты мейманханаларының тәжірибесіне бет бұрайық. Мұндай мейманханаларда Меймандарға арналған ақпараттық папканың құрамында мыналар болуы мүмкін.

1. Мейманхананың көркем буклеті. Әдетте, мейманхананың пайда болу және даму тарихына қысқаша экскурстан басталады. Көптеген шетелдік және отандық отельдер өте атақты және бай таришаруашылықа ие. Олардың айтатындары жеткілікті. Бұл туралы өзге әдебиетте көп жазылған. Жекелей алғанда, атақты отандық мейманханалар туралы жарқын тарихи очерктерді «Меймандос Мәскеу: кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі» атты тамаша кітаптан оқып, білуге болады.

Кейде буклеттерде отельдің меймандары болған өте маңызды персоналардың аттары атап көрсетіледі. Бұл өте мәртебелі деп есептеледі және отельге жақсы жарнама болып қызмет етеді.

Буклетте өз кәсіпорынының бәсекелестіктегі артықшылықтарын баса көрсеткен өте маңызды. Бір отель өзімен бәсекелесіп отырған отельдермен өзінің орналасқан орнымен, екіншісі – ғимаратының тарихи құндылығымен, үшіншісі – материалдық-техникалық базасымен, төртіншісі – қызмет көрсетудің жоғары сапасымен және т.с. тиімді жағынан ерекшеленеді.

Буклетте барлық бар болып отырған санаттардың номерлерін сипаттай отырып, мейманхананың сыйымдылығы туралы ақпарат болады; мейманхананың жұмыс істеуге және дем алуға арналған мүмкіндіктері тізіп көрсетіледі; оның координаталары көрсетіледі. Буклетте міндетті түрде мейманхана бөлмелерінің иллюстрациялары болуға тиіс. Мейманхананың буклетін немесе проспектін жасаған кезде бірегейлік, өзіне тән өзгешелік үлкен роль ойнайды.

2. Тиісті қызметтердің орналасқан орнын, олардың жұмыс режимін, байланыс телефондарын (List of services of “X” Hotel, Room directory, Hotel Services) көрсете отырып, отель көрсететін барлық қызметтер туралы ақпарат.

3. Телефон келіссөздеріне бағалардың, сондай-ақ елдер мен қалалардың кодтарының (Telephone Communications; Telephone Codes List and Tariffs TelephoneCommunications) толық тізімі бар, телефон байланысы қызметтері бойынша ақпарат.-

4. Теледидардың жұмысы туралы ақпарат (TV Information List).

5. Тамақтануға бағалар және тапсырыс беруді жүргізуге арналған телефон көрсетілген, қабаттарда тамақтандыруды қамтамасыз ету бөлімінің мәзірі (Room Service Menu; (Room Service Beverage List).

6. Бағалар, өнімнің саны, мөлшері, сондай-ақ мини-барды пайдалану тәртібі көрсетілген, мини-бардың өнімдерінің және сусындарының тізімі (Mini-bar Menu; Mini-bar Consumption; Mini-bar Price List).

7. Номерге таңертеңгілік асқа тапсырыс беру картасының бланкі (Room-service break-fast).

8. Меймандардың қызмет көрсету сапасы туралы лебіздерінің карточкасы (Guest Satisfaction Survey).

9. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат (Fire Security Regulations).

10. «Х» мейманханасында тұру тәртібі туралы ақпарат (Memorandum for the Guests of the “X” Hotel).

11. Есікке маңдайша (номерді жинауға рұқсат ету/тыйым салу) (Please make up my room/Do not Disturb).

12. Қаланың картасы (City Map).

13. Мейманхананың көрінісі бар шағын күнтізбе (Calendar), ашық хат (Post cards).

14. Жазатын қағаз (Notepaper) немесе жазбаларға арналған блокноттар (Notebook), конверттер (Envelopes).

Бұл заттардың да мейманхана логотипі болуы керек.

Папкаға қосымша ретінде қарындаш немесе қаламсап (Desk or Ball pen) қоса беріледі.

Папканың ішіндегілер отельде қолданылатын ретпен мұқият жайылуға тиіс. Бланктердің, парақтардың, формулярлардың сапасы жақсы болуы керек. Олар мыжылып тасталған, дақ қонған немесе жыртылған болмауға тиіс. Жинақы көрінуі және ұзағырақ қызмет етуі үшін, оларды файлдарға салған немесе ламинаттаған (клиенттер толтыратын құжаттарды қоспағанда) дұрыс болады.

Ақпараттық өнім жаңа ақпараттың пайда болуына қарай өзгертіліп отыруға тиіс.

Бұл өзінің меймандарына жоғары санатты отельдер ұсынатынның әсте барлығы емес. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыруға да болады.

Отельдерде кереует жанындағы тумбочканың жәшігіне Таурат кітап салу қабылданған. Бір «бірақты» қоспағанда, бұл тамаша іс. Номерге мұсылман дінінің өкілі кірердің алдында Таурат кітапты Құранмен алмастыру керек. Егер бұл жасалмаған болса, өзінің жаңа тұрақтаушысының діни көзқарастарына құрмет көрсетілмеді деген сөз.

Меймандардың отельде болуының ыңғайлылығына сондай-ақ номерде қарастырылған, қағазға арналған папкалар, факстарға арналған қаптар (файлдар), қағазға арналған қыстырғыштар секілді кейбір кеңсе керек-жарақтары жағдай жасайды.

Меймандарды көбірек хабардар етуге алуан түрлі баспа басылымдары:

· телефон анықтамалықтары және кітаптар;

· қала бойынша жол көрсеткіштер;

· отельдің корпоративтік журналдары немесе газеттері көмектеседі.

Соңғы кездері жетекші отельдер өздерінің басылымдарын шығарады. Олардың беттерінде кәсіпорын құрылу тарихымен танысуға; отельде өткізу үшін жоспарланып отырған шаралар туралы білуге; отельдің озық қызметкерлерімен сұхбаттарды оқуға; отельде болып кеткен атақты адамдардың әсерлерімен танысуға және т.с. болады. Басылымдар, әдетте, үш айда бір рет мерзімділікпен шығады.

Жоғарғы санатты отельдерөздерінің клиенттеріне Newspaper Direct арқылы газеттер жеткізудің біртума қызметін ұсынады. Мәскеу меймандары жаңа газетті оның редакцияда басылуымен бір мезгілде алу мүмкіндігіне ие. Меймандарға үлгіні толтырып (тегі, бөлменің №, шығарылымның қызықтырып отырған датасы, қолы), өздерінің мейманхана номеріне алғысы келетін газеттерді (150 аса шетелдік және отандық басылымдардың тізімінен) белгілеп қою ұсынылады. Отельдің белгілі бір қызметкерлері газеттерді Internet арқылы басып шығарады және тапсырыстарды көрсетілген номерлер бойынша дер кезінде жеткізіп отырады. Газеттер салынған пакетті тиісті номердің есігінің тұтқасына таңертеңгі 7-ден қалдырмай іліп кетеді. Қызмет ақылы.

Жоғарғы санатты отельдерде өз меймандарын ірі халықаралық және діни мейрамдармен құттықтау қабыл алынған. Мұндай күндері меймандардың бөлмелері тиісті құттықтаулары бар, ерекше безендірілген ашық хаттармен жабдықталады,



Просмотров 1487

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!