Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мейманханалардағы меймандардың жеке пайдалану бұйымдары



2. Меймандарға арналған ақпараттық папка

 

Басқаша айтқанда, бұл бір рет пайдаланылатын меймандостық заттары, фирма орындаған парфюмерия-косметика заттары немесе мейманхана косметикасы, парфюмериясы және аксессуарлары секілді, сондай-ақ дәретхана керек-жарақтары және тіптен мейманханаларда қолдануға арналған жеке гигиена құралдары секілді айтылуы мүмкін. Бұл атаулардың барлығы өздігінше дұрыс.

Аталған бұйымдардың атауларының дәл осындай алуан түрлілігі ағылшын тілінде де кездеседі: Hotel guest amenity prodects. Guest-room supplies, Guest Amenities.

Атауының маңызды болғанына қарағанда, отельдің меймандары үшін мұндай «жағымды майда-шүйденің», «жағымды майда-шүйденің» маңызды маркетингтік құрал болып табылатындығы маңызды. Бұл «өнімдер» отельде жайлылық пен үйдегідей атмосфера жасайды. Косметика және парфюмерия өнімі – отель меймандарының өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына қол жеткізудегі табыстың соңғы факторы емес.

Осындай «жағымды майда-шүйдемен» Сіздің меймандарыңыз өздерін тамаша сезінетін болады және қайтадан қуана-қуана қайтып оралатын болады.

Шетелдік компаниялар бұл аспектке зор мән береді. Жетекші әлемдік мейманхана тізбектері ай сайын өз отельдерінің меймандары үшін осындай қызметтерге жүздеген мың доллар жұмсайды.

Мұндай өнімнің ассоритменті өте кең. Ол өзіне негізгі заттарды: сабынды, шампуньді, кондиционерді, тігін жинағын, душқа арналған телпекті, қырыну керек-жарақтарын, аяқ киімге арналған губканы, қағаздан жасалған бет орамалдарды және т.с. қосады.

Енді осы заттар және мейманханаларда қажетті өзге аксессуарлар туралы толығырақ баяндайық.

Сабын (Soap)

Осы өнімді жеткізуші компаниялар әртүрлі салмақтағы, әртүрлі орамдағы, сапасы әртүрлі және безендірілуі әртүрлі сабын ұсынады. Мейманхана үшін салмағы 12,13,20,25,40,45 грамм болатын сабынның шағын орамы бәрінен де тиімді. Мейманханалардағы сабынның ең кең таралған орамдары мыналар болып табылады:

Ø «флопактағы» сабын - Soap in flowpack;

Ø бедерленген орамдағы сабын - Soap in fleatwrapping;

Ø картон қораптағы сабын -Soap in paper cartoon;

Ø пластик сабын салғыштағы сабын - Soap in plastic dish.

Қазіргі кезде мейманханаларда үнемдеу және қоршаған ортаны сақтап қалу мақсаттарында әдеттегі сабынды сұйық сабынға арналған диспенсерлерге ауыстыру енгізіліп жатыр. Зерттеулерге сәйкес, мейманханада тұрып жатқан адам тәулігіне 3 грамм сабын жұмсайды, ал бір реттік орамда кемінде 12 грамм сабын бар. осылайша, осындай бір қарағанда елеусіз нәрсе шығындардың осы бабы бойынша 80% үнем алуға мүмкіндік береді. Пайдаланудағы ыңғайлылығы, үнемділігі, қазіргі заманға лайық дизайны, экологиялығы –гигиеналық сұйықтықтарға арналған диспенсерлер өзінде осы артықшылықтардың барлығын біріктіріп отыр. Олар өте қолайлы, құралдарды жеке дозалауға мүмкіндік береді, өздерін пайдаланған кезде іздер мен тамшылар қалдырмайды және оңай монтаждалады.

Сұйықтықтар (Liquids)

Жоғары санатты отельдер өз меймандарын осылармен жабдықтайтын гигиеналық сұйықтықтарға мыналарды жатқызуға болады:

·шампунь – Shampo;

·шашқа арналған кондиционер - Hair Conditioner;

·душқа арналған гель - Shower Gel;

·денеге арналған лосьон - Body Lotion;

·тіске арналған эликсир – Mouthwash.

Осындай сұйықтықтары бар орамдар әдетте 8,10,20,30,35,40,45,50 мл көлемде болады. Шағын көлемдер үшін саше орам деп аталатын қолданылады, мысалға: «сашедегі» 8 мл шампунь – Shampoo 8 ml in sachet немесе «сашедегі» 10 мл душқа арналған гель - Shower Gel 10 ml in sachet. Көлемі 10 мл бастап одан да көп болатын сұйықтықтар үшін, әдетте, пластик флакондар (бөтелкелер) қолданылады, мысалға:

·бөтелкедегі 30 мл шампунь-кондиционер - Conditioning Shampoo 30 ml in bottle;

·бөтелкедегі 45 мл шашқа арналған кондиционер - Hair Conditioner 45 ml in bottle.

Сабынмен қалыптасқан жағдай секілді, соңғы кездері мейманханаларда бір реттік орамдардан гигиеналық сұйықтықтары бар диспенсерлерге (мөлшерлегіштерге) көшу байқалып отыр.

Аксессуарлар (Assessories)

Тіс тазартуға арналған жинақтар 4 негізгі вариантта көрсетілген:

1. жинақ: бедерлі қораптағы тіс ысқыш және ұнтақ - Dental Kit in white well;

2. жинақ: картон қораптағы тіс ысқыш және ұнтақ - Dental Kit in paper package;

3. жинақ: пластик қораптағы тіс ысқыш және ұнтақ - Dental Kit in plastic container;

4. жинақ: пластикорамдағы тіс ысқыш және ұнтақ - Dental Kit in plastic pouch.

Тіс ұнтағының салмағы әдетте 3 грамнан аспайды.

Жоғары санатты отельдердің меймандарының иелігіне сонымен қатар қырынуға арналған керек-жарақтар (Shaving Products) беріледі. Әдетте, олар қырынуға арналған станоктан және қырынуға арналған кремнен (15 мл) тұратын бір реттік жинақтар болып келеді. Мұндай жинақтарға арналған орам материал негізінен үш түрде кездеседі:

· қағаз орамдағы қырыну жинағы -Shaving Kit in paper package;

· пластик орамдағы қырыну жинағы -Shaving Kit in pouch;

· пластик қораптағы қырыну жинағы -Shaving Kit in plastic container.

Отельдерде тұрып жатқандарға алты түсті жіптен (6 colors thread), екі ақ түймеден (2 white buttons), бір ағылшын түйреуішінен (1 safety pin) және бір немесе бірнеше инеден (needles) тұратын тігін жинағы керек болып қалады. Осы өнімді сатып алатын мейманханаларға таңдауға әртүрлі орындаудағы тігін жинақтары ұсынылады:

· картон қораптағы тігін жинақтары– Sewing Kit in paper;

· U-тәріздес орамдағы тігін жинақтары– Sewing Kit in U-shape box;

· пластик орамдағытігін жинақтары -Sewing Kit in plastic box;

· картон жастықтағы тігін жинақтары -Sewing Kit in pillowpack.

Мейманханалардағы дәретхана керек-жарақтарының ішінен ең қажетті зат душқа арналған телпек болып табылады. Осы аксессуар үшін орам материалдың келесідей ұсыныстары бар:

· пластик пакеттегі душқа арналған телпек – Shower Cap in polybag;

· картон орамдағы душқа арналған телпек – Shower Cap in plastic box;

· картон жастықтағы душқа арналған телпек – Shower Cap in pillowpack.

Әдетте, мейманханаға кіретін жерде орнатылатын, аяқ киім тазалауға арналған автоматтардан және мейманхананың арнайы персоналының аяқ киімді қолмен тазарту қызметтерінен өзге, жоғары санатты отельдерде меймандарға аяқ киімді номерлерде күту бойынша заттар мен құралдар (Shoe Cares) ұсынылуға тиіс. Бұл бірінші кезекте аяқ киімге арналған губкалар. Түссіз крем сіңдірілген губкаға арналған қымбатырақ орам материал пластик қорапша болып табылады (Shoe Polish Sponge in рlastic). Бұл зат мейманханаларда картон орамда (Show shine) және «флопакте» де (Shoe Polish sponge in flowpack) кездеседі. Бұл дизайнның қарапайымдау варианттары. Кейбір мейманханаларда аяқ киімді күту құралы ретінде меймандарға аяқ киімге арналған арнайы майлықтар (Shoe Shine Tissues) қызмет етеді. Тізіп көрсетілген құралдарға қосымша мейманханаларда көп жағдайларда аяқ киімді сүртуге және жылтыратуға арналған фланель жең (Cotton Shoemitt) қоса беріледі. Аяқ киімді күтуге арналған затарға жанама түрде әртүрлі шамадағы (small and medium), түрдегі, әртүрлі түсті, дизайнды, аяқ киімге арналған аяқ киім кигізгіштерді (Shoe Нorns) де жатқызуға болады.

Тұрып жатудың ыңғайлылығына және жайлылығына сондай-ақ тарақ (Comb, денеге арналған губка (Disposable Sponge), пластик қаптағы тырнаққа арналған егеуіш (Nail File in plastic sleeve), киімге арналған щетка және бір мезгілде аяқ киім кигізгіш (Linthbrush/Shoehorn), жиналмалы, шашқа арналған щетка (Hairbrush/Foldable), құлаққа арналған таяқшалар жинағы (Vanity Kit), әртүрлі хош иістері бар, қолға және бетке арналған сергітетін майлықтар (Refreshing Towelette), макияжды алып тастауға арналған косметикалық мақта дискілерінің жинағы (Make up remover wipes), жуынуға арналған қолғап немесе жуғыш (Washing Glove), тіс тазалағыштар (Toothpicks), қорғаушы лейкопластырь (Protective plaster), сіріңке (Matchbox), коктейльге арналған таяқшалар (“Cocktail” sticks)қызмет етеді.

Әрбір мейманхана үшін номерді осы заттармен жинақтаудың өз стандарты бар. ӘШҚ көрнекі суреттер – меймандостық заттарын номерде дұрыс орналастырудың номер қорын жинаған кезде тазалықшыларосыларды қатаң ұстанатын үлгілер болуға тиіс.

Бұл үшін арнайы арналған бамбук кәрзеңкелерге (Bamboo Presentation Baskets) орналастырылған мейманхана парфюмериясы мен косметикасы өте әсерлі көрінеді. Кәрзеңкелердің түсі табиғи да, ванна бөлмесінің түс гаммасымен сәйкес келетін кез келген өзге түсті де болуы мүмкін. Мұндай бұйымдардың пішіндері мен өлшемдері оларға орналастырылатын меймандостық заттарының санына және ассортиментіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Дөңгелек, сопақ, тікбұрышты кәрзеңкелер, сондай-ақ cat basket деп аталатын пішін кездеседі.

Мейманханада косметика-парфюмерия өнімдерін жайып қою үшін сонымен қатар пластик подностар (Plastic trays) қызмет етеді.

Егер мейман номерде бірнеше күн тұрып жатса, онда орамнан шығарылған сабынды және басқа да дәретхана керек-жарақтарын алмастыру міндетті емес, бірақ міндетті түрде күн сайын олардың қорларын толықтырып отыру керек.

Жеке пайдаланатын заттардың өзінің безендірілуінде өнімді өндіруші фирманың сауда маркасының көрсетілуіне және стандартты «Ең жақсы ниеттермен» («With compliments») деген жазуға ғана емес, отельдің өзінің логотипіне ие болғаны абзал. Бұл мейманханаға біртума болуға, қайталанбастай көрінуге және өз атауын белгілі етуге мүмкіндік береді.Мейманханада жеке пайдалану өнімін фирмалық безендіру мейманхана жарнамасының тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Мысалға, мейманхананың фирмалық белгісі (бренді) бар оттықты одан жүздеген километр жерде пайдалана отырып, адам еріксізден еріксіз осы отельде өткізген күндерін еске алады. Бір қарағанда майда-шүйде болып көрінетін мұндай зат осы адамның бұл отельге қайтадан келуіне себеп болып шығуы мүмкін. Мейманхана ісі – бұл майда-шүйдеден тұратын бизнес деп бекер айтпаған ғой. Дәл сол фирмалық оттықты немесе фирмалық сіріңкені бұл адамның әріптестері пайдалануы мүмкін, бәлкім, осы мейманханамен байланысты әңгіме қозғалар, оң лебіздер алынатын болады. Және де басқа да адамдардың болашақта осы мейманхананың ықтимал клиенттері болып шығуы мүмкін.

Меймандарға арналған жеке пайдаланатын заттардың жинақтарын мейманхананың типіне, оның дәстүрлеріне сәйкес таңдап алу керек. Мұндай өнім бірыңғай стильде орындалуға және отельдің дербестігін баса көрсетуге тиіс. Ресей мейманханаларында қазіргі уақытта жеткізушілер кеңінен көрсетіп, ұсынып отырған «Гжель» және «Хохлома» стилінде орындалған парфюмерия-косметика коллекцияларын пайдалана отырып, халық дәстүрлеріне және ұлттық колоритке акцент жасауға болады.

Клиенттерде номерлер осылармен әрқашан жинақтала бермейтін басқа бұйымдарға, заттарға деген қажеттілік туындауы мүмкін. Меймандарға олардың нені және қай жерде қосымша ала алатындықтары туралы ақпарат беріп отыру керек. Кей кездері бұл ақпарат отельдің анықтамалығына (меймандарға арналған ақпарат папкасына) енгізілген немесе номердегі ламинатталған арнайы ақпараттық маңдайшада кездеседі. Мұндай маңдайша көбінесе: «Мен ұмытып кетіппін» (“I Forgot”) немесе «Сіз бірдемені ұмыттыңыз» (“Forget something”) деген өте қарапайым және ірі қаріппен басылғансөздерден басталады, бұл клиенттерге бірінші кездері жаңа орынға бейімделулеріне қатты көмегін береді. Үлгі ретінде келесі мәтінді алуға болады:

Егер Сізге төменде тізіп көрсетілген заттардың қандай да болсыны қажет болып қалса, өтінеміз, шаруашылықты қамтамасыз ету қызметінің ХХХХ телефоны бойынша телефон шалыңыз. ***

 

Одан әрі осыларды, әдетте, жоғары санатты отельдерде ӘШҚ немесе консьержден тәулік бойына тегін алуға болатын заттардың тізімі келтірілуге тиіс. Мұндай заттар мыналар болып табылуы мүмкін:

·ваннаға арналған теңіз тұзы;

·бір рет пайдаланылатын жеңілгек;

·галстуктер, көбелек-галстуктер;

·хош иістендіргіш құралдар;

·макияжды алып тастауға арналған сұйықтық;

·ерінге арналған гигиеналық помада;

·одеколон (әйелдердікі және ерлердікі);

·дезодорант;

·әйел гигиенасының заттары;

·презерватив;

·аяқ киімге арналған ұлтарақтар;

·көз таңғыш;

·бір реттік нәскижәне т.с.

Бұл заттардан өзге, мейманханалар меймандардың өтініші бойынша келесі заттарды уақытша беріп отыруға тырысуға тиіс:

·желілік адаптерлер;

·қосымша фен;

·балалар кереуеттері (бесіктер);

·балалар бөтелкелері;

·гүлге арналған құмыралар;

·ағаш тақталар;

·қыздырғыштар;

·жылытқылар;

·үтік және үтіктейтін тақта;

·киімге арналған қосымша иықшалар;

·жануарларға арналған керек-жарақтар;

·ваннаға арналған резеңке кілемшелер;

·ауа ылғалдандырғыштар және т.с.

Меймандарға қажетті заттардың тізімін анықтаған кезде елдің және жергілікті жердің өзгешеліктерін ескеру керек, мысалға:

·москит торы;

·шомылу аксессуарлары;

·күннен қорғайтын крем – курорт мейманханалары үшін.

Қажет болған заттар меймандарға он бес минут ішінде жеткізілуге тиіс.



Просмотров 1846

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!