Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тұрғын номерлерді ағымдағы жинау



Номерде ауру адам жатқан жағдайларды қоспағанда, тазалықшыларномерлерді тұрып жатқан адамдар болмаған кезде немесе тұрып жатқан адамның жеке рұқсатымен оның бөлмеде болуы кезінде жинайды.

Бұрынырақта клиенттің номерде жоқ екендігін ол Reception-ға тапсырған номердің кілті куәлендіретін. Қазіргі кезде жоғары санатты льрде клиенттерді мейманханадан кеткендерінде электронды кіл-карталарды тапсыруға міндеттемейді. Егер Reception-да тиісті номерден кілт болмаса, клиенттің номерде екендігі немесе кетіп бара жатқанда, кілтті өзімен бірге алып кеткендігі туралы тон пішіп айту қиын. Меймандардың және персоналдың ыңғайлылығы үшін мейманханаларда арнайы тақтайшалар (Door signs): тұрып жатқан адамдар номердің дәліз жағынан есіктің тұтқасына іліп қоятын:«Өтінемін, менің номерімді жинаңыздаршы» немесе «Менің бөлмемді қазір жинауларыңызды сұраймын» және тиісінше «Мені мазаламауларыңызды сұраймын» тақтайшалары ойластырылған.Тақтайшалардың мәтіні әртүрлі елдердің өкілдеріне түсінікті болуға және бірнеше тілде білдірілуге тиіс.

Маңдайшада мейманханалардың логотиптері болады, оларды есікке іліп қоюға мүмкіндік беретін пішінге ие болады. Кейбір мейманханаларда бұл маңдайшалар екіжақты басумен орындалған, яғни, бір жағында «Менің бөлмемді жинауларыңызды сұраймын», ал екінші жағында - «Мені мазаламауларыңызды сұраймын» деп жазылған.

Бірақ, осы екі өтініштің әрқайсысына өзінің жеке маңдайшасы болғаны жақсы. Бұл тәсіл өтпелі желге немесе меймандардың бірінің парықсыз қалжыңына орай маңдайша екінші жағымен аударылып кеткен және осылайша қабаттағы персоналға жалған бағдар беретін жағдайларды болдырмайды.

Маңдайшаның тығыз қағаздан орындалғаны, ламинатталғандығы жақсы, ал пластмассадан орындалғандығы одан да жақсы. Осылайша олар ұқыптырақ көрінеді және ұзағырақ қызмет етеді. Маңдайшалардың көбірек көрнекі болуы үшін түс, біртума суреттер, әртүрлі пиктограммалар, символдар қолданылады. Мәселен, «Мазаламауларыңызды сұраймын» дегенді бағдаршамның тыйым салатын сигналымен ассоциацияланатын қызыл фонда орналастырған жақсы. Тиісінше, жасыл, рұқсат ететін фонда - «Өтінемін, менің номерімді жинаңыздаршы»маңдайшасын орналастырған дұрыс болады.

Тазалықшының міндеті өзінің жеке тапсырмасында белгіленген барлық номерлерді жинап шығу. Есіктің тұтқасында «Мазаламаңыздар» деген маңдайша болған кезде бұл номердің есігін тақылдатпаған дұрыс, оны кейініректе жинау керек. Тазалықшыөзге номерді жинауға көшеді.

Осының есігінің тұтқасында «Мазаламаңыздар» деген маңдайша бар номердің жанында еш жағдайда шулауға болмайды және шаңсорғышпен жұмыс істемеген дұрыс.

Осыларда кілт-картамен құлыптың магнитті есептегіш құрылғысының ойығы бойынша өткізген кезде қызыл шам жанатын номерлер «Мазаламаңыздар» санатына сәйкес келеді, шамның қызыл түсі мейманның есікті іштен блоктап қойғандығын және оған кедергі жасағанды қаламайтындығын білдіреді.

Осының есігінің тұтқасында «Мазаламаңыздар» маңдайшасы ілініп тұрмаған номерге 2-3 рет сыпайы тақылдату керек. Бұл кезде еш жағдайда металл затты пайдаланбау және жағымсыз дыбыстар жасамау керек. Одан әрі қатты және анық «Тазалықшы» немесе «Housekeeping» (соңғы сөз басқарудың батыстық моделі бар мейманханаларға көбірек тән) деу керек. Шамамен 15-20 секундтан кейін өз іс-қимылдарыңызды қайталау қажет. Егер жауап болмаса, тазалықшыномерді ашып, жинауды бастай алады. Егер мейман жай ғана номердің түкпірінен жауап қатып жатса, келесі номерді жинауға көшкен дұрыс.

Номердегі мейман есікті өзі ашып жатқан жағдайда тазалықшы онымен «Good moorning / afternoon, Mr…» деп сәлемдесуге және оның номерін қазір жинап тастағанды немесе кейінірек жинағанды қалайтындығын сұрап білу керек. Егер мейман жинауға қарсы болмаса, тазалықшыжұмысқа кіріседі. Егер мейман жинауды кейінірек жүргізуді өтінсе, тазалықшыкелесі номерді жинауға көшеді. Егер тазалықшымейманның ұйықтап жатқанын көрсе, оған номерден шығу керек болады. Егер мейман тазалықшыжұмыс істеп жатқанда қайтып оралса, тазалықшыға жұмысқа кейін оралғаны жақсырақ болатындығын сұрауға тиіс.

Тазалықшылартұрғын номерлерде жинауға тиісінше дайындалған болуға тиіс. Қазіргі кезде отандық мейманханалардың тазалықшыларының жеке тапсырмаларында тек номерлердің мәртебесі мен кейбір ерекшеліктер, қандай да бір номерді жинаудың өзгешелігі ғана көрсетіледі. Сірә, персоналдың отельде тұрып жатқандармен қатынастары тым құпталмаған, қызметкерлерді клиенттерден мүмкіндігінше көбірек оқшаулауға тарысқан кеңес заманының сарқыншақтары қатты әсерін тигізіп отырған болар.

Жеке, персонаға бағытталған қызмет көрсетуге қол жеткізіп отыру үшін, персоналға клиенттер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат берген дұрыс. Тазалықшыға өзі қызмет көрсететін номерлерде тұрып жатқан адамдардың ұлтын, жынысын білу керек. персонал, қажет болған кезде, мейманның атын атауға және онымен өзіне түсінікті тілде сәлемдесуге дайын болуға тиіс. Мейманханаларда бір немесе бірнеше баласы бар отбасылар тоқтайтын кездер болады. бұл үшін номерде қосымша ұйықтайтын орындарды ұйымдастыру қажет болады. Жақсы мейманханада:

Ø әрбір 25 номерге – 1 қосымша жиналмалы төсек;

Ø әр 50 номерге – тиісті балалардың керек-жарақтары бар 1 балалар кереуеті (бесік) бар.

Нәрестелердің ұйқысына және дем алуына кедергі келтірмеу үшін, кішкентай балалары бар клиенттермен жинау уақытын келісіп алу керек.

Көп жағдайларда мейманханаға жануарлары бар меймандар келеді. Тазалықшыға өздерінің жануарларымен меймандар алып отырған номерді жинаудың өзгешелігі туралы нұсқау берілуге тиіс.

Есігінің тұтқасында «Мазаламаңыздар» деген маңдайшасы бар номерлерді жинауға келсек, әртүрлі амал-тәсілдер бар. Бір мейманханаларда мұндай номерлерді шамамен 14 сағатқа дейін жинамайды. Егер осы уақытқа маңдайша алынып тасталмаса, онда супервайзер:

1) номерге қоңырау шалуға;

2) егер номердегі клиент телефон тұтқасын алса, оның атын HousekeepingReception-тан немесе компьютер бойынша алдын ала салыстырып тексеріп алып, оны атымен атап, өзін таныстыруға;

3) номерді жинаудың ол үшін ыңғайлы уақыты туралы сұрауға;

4) жауабын тосып, мейманға алғыс айтуға міндетті.

Меймандардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, мысалға:

Ø жинаудан бас тарту;

Ø қазір жинауды өтіну;

Ø кейінірек немесе әлде бір белгіленген сағаттан кейін жинауды қалау.

Жауапқа байланысты, номер күндізгі ауысымда жиналады, әлде супервайзер бұл тапсырманы кешкі ауысымға береді.

Басқа мейманханаларда өзгеше әрекет етеді. Супервайзер мейманға номерге телефон шалмайды, шамамен 14 сағатқа қарай бөлменің есігінің тұтқасына «Мазаламаңыздар» маңдайшасына шамамен келесі мазмұндағы маңдайшаны (көбінесе сары түстің қатысуымен) іліп қояды:

Құрметті Мейман!

Сіздің мазаламаңыздар деген өтінішіңізге орай, біз Сіздің номеріңізді жинай алмадық. Егер Сіз біздің жинау жүргізуімізге қарсы болмасаңыз, рахым етіп, кез келген уақытта 22.00 дейін тазалықшыға телефон шалыңызшы. Рахмет.

 

Мейманға осы өтініштің мағынасын басқа сөздермен де білдіруге болады, мысалға: Біз номерді жинауға (төсек жаймасын қайта жаюға) келгенбіз, бірақ Сіздің ниеттеріңізге сәйкес, Сізді мазаламадық. Рақым етіп, егер біздің Сіз үшін қолайлырақ уақытта жинау жүргізуімізді қаласаңыз, шаруашылық бөліміне қоңырау шалыңызшы. Рахмет». Мұндай маңдайша мейманның бөлмесінің есігінің астына қойылуы мүмкін.

Егер «Do not disturb» маңдайшасымейманның есігінің тұтқасында бір тәуліктен аса уақыт өтісімен әлі де ілініп тұрса, бұл қабаттағы персоналды алаңдатуға тиіс. Мұндай жағдайда Reception-мен хабарласу керек. Қабылдау және орналастыру қызметінің менеджері номерге қоңырау шалуға және жағдайдың анық-қанығын білуге міндетті. Егер мейман қоңырауға жауап бермесе, Reception қызметкері шаруашылық қызметінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бірге нұсқауға сәйкес есікті тақылдатуға және не болып жатқандығын білу үшін ішке кіруге тиіс. Одан арғы іс-қимылдар – жағдайға байланысты.

Номерді жинау процесі.

Тұрғын номерді жинаған кезде жұмыс арбасын онымен номерге өтетін жерді бөгеп тастайтындай етіп орналастыру ұсынылады. Бұл номерге бөтен адамдардың өтіп кетуіне кедергі келтіру үшін жасалады. Номерде мейманның кей кездері өте құнды жеке заттары тұрғандықтан, тазалықшыөзі номердің түкпірінде жүрген және кірген адамды көрмейтін, ал қосылып тұрған шаңсорғышқа орай естімейтін де сәтте өзін мүмкін болатын ұрлықтардан сақтандыруға және қорғауға тиіс. Көп жағдайда қоршаулар тек адал адамдарға ғана арналған дейді. Біздің жағдайымызда мұндай тәсіл, әрине, тұрып жатқандардың жеке заттарының қауіпсіздігінің 100%-дық кепілі болып табылмайды және дәл сол кезде қаскүнемдер үшін әлдебір тосқауыл немесе кедергі болып қызмет етеді.

Номерден зат ұрлану –отельдің мәртебе, абыройы бойынша қатты соққы. Біздің отельде өздерімен осындай бақытсыздық орын алған адамдар, тәрізі, қайтадан ешқашан қайтып оралмайтындығы былай тұрсын, осылар, бәлкім, сіздердің ықтимал клиенттеріңіз болуы мүмкін адамдардың көп санына айтып та береді. Қазіргі заманның мейманхана ұрлықшылары өте айлалы, кәсіпқой, сауатты және өз ісінде хас шебер. Оларды отельдің кәдімгі меймандарынан айырып тану өте қиын, олар тамаша көрінеді, шет тілдерін біледі, шетелдік меймандар секілді болып көрінеді және өте тапқыр болып келеді. Олар тұрып жатқан меймандар түрін жамылып, тазалықшыжинап жатқан номерге ашықтан-ашық және асып-саспастан кіріп, тазалықшының назарын әлсіретіп, онымен шет тілінде сөз алмасып, құнды заттарды алып, еш кедергісіз кеткен жағдайлар болған. Ұрлық жасау үшін, кәнігі ұрыларға жабылмаған есік және бар болғаны бірнеше секунд қажет. Сірә, осыған орай болар, көптеген белді мейманханакәсіпорындарының қызмет көрсету стандарттары номерді жинауды жабық есік кезінде жүргізуге нұсқау береді. бұл кезде тазалықшыжиналып жатқан номердің есігінің тұтқасына сырт жақтан «Номерде тазалықшы» (“Maid in the room”) немесе «Бөлмеде жинау жүргізіліп жатыр» (“Tiduing up”, “Cleaning”) маңдайшасын іледі де, есікті жауып қояды. Номерге қайтып оралған мейманға өзінің номерінде жинау жүргізіліп жатқандығы түсінікті болады. Бұл жағдайда арба номердің есігінің жанында, бөлмеге мүмкіндігінше жақынырақ орналастырылады. Арба еш жағдайда да меймандардың және отель қызметкерлерінің өтетін жерін бөгеп тастамауға тиіс. тазалықшыөзімен бірге номерге жинау үшін қажетті заттарды алып кіруге тиіс. Бұл кезде шағын кәрзеңкені пайдалануға болады. Тазалықшыға арбадан бір нәрсе алу қажет болған әрбір ретте ол есікті ашып, сол сәтте өзінен кейін жауып қоюға міндетті. Бұл онша ыңғайлы емес және көбінесе тазалықшылар, өз өмірін жеңілдете отырып, есікті сәл-пәл ашық қалпында қалдырып, енгізілген ережені бұзып отырады. Практикада, оқытып-үйрету мақсатында, супервайзер немесе шаруашылықты қамтамасыз ету қызметінің басшысы тазалықшыжаппаған есік арқылы номерге білдіртпей өтіп кетіп, номерден бағалы заттарды алып шығып, одан кейін тазалықшыдан: «Бұл қалай болуы мүмкін еді?» деп сұрайды. Жауап, әдетте, болмайды, ал тазалықшыны сыйақыдан 100% мөлшерде айыру түріндегі жазалау, сірә, болады. Осындай жанға жайсыз көріністер болмауы үшін, тазалықшыны жинау үшін қажетті заттарға жұмыс арбасына мүмкіндігінше азырақ келулер жасауға үйрету қажет.



Просмотров 1850

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!