Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Мейманхананың ӘШҚ персоналының жұмысқа шығу кестелері
Егер жалпылама айтатын болсақ, онда жоғары санатты отельдердің көпшілігінде бұл кәсіпорын тәулік бойына үш ауысыммен жұмыс істейді. Мұндай отельдердің клиенттері тәуліктің кез келген уақытында назарсыз қалмайды. Әртүрлі отельдерде қандай да болсын ауысымның жұмысының басталу және аяқталу уақыты әртүрлі болуы мүмкін.Бірақ, әдетте, ауысымдардың жұмыс кестелері шамалы ғана өзгешеленеді. Көбінесе бұл келесі варианттар:
Шамалы дифференциациямен өзге варианттар да болуы мүмкін.Мұндай кесте «жіксіз сервисті», яғни ауысымнан ауысымға бірқалыпты көшуді іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық артық жұмыс істеулер, мерзімнен тыс уақыттағы жұмыстар ескеріліп, лайықты ақы төленеді. Жұмысқа шығудың бұл кестесі тазалықшылардың жұмысына көп шамада қатысты. Бөлімшенің қалған қызметкерлерінің жұмыс кестелерінің өз ерекшелігі бар және өзгеріп отыруы мүмкін. Жұмысқа шығу кестелерінің дер кезінде жасалынуы өте маңызды, мінсіз жағдайда, ағымдағы айдың ортасында қызметкерлер өздерінің келесі айға жұмыс кестесін біліп отыруға тиіс. Бұл жағдайда олар өз жұмыс және бос уақытын жоспарлау мүмкіндігіне ие болады. Басшыға қызметкерлердің орындарын ғана емес, олардың жұмысқа шығатын уақытын, демалыс күндерді де және т.с. құрамдастырып, кезектестіріп отыру қажет болғандықтан, жұмысқа шығу кестесін жасау оңай шаруа емес. Қабылдау және орналастыру қызметіндегідей, Housekeeping қызметінде өзара алмасушылық жүйесі (Polivalente) кеңінен қолданылады. Жұмысқа жаңадан келген қызметкер өз кәсіпорынының аясында айқас оқудан (кросс-тренингтерден) өтеді және нәтижесінде өзінің бөлімінде клиенттерге қызмет көрсету үшін қажетті барлық дағдыларды меңгеріп шығады. Бұл: Ø қызметкердің кәсіби тұрғыдан дамуы, уақыт өте келе алынған білімдерінен және дағдыларынан айырылып қалмауы үшін, қажет болған кезде орнында жоқ қызметкерді алмастыру; Ø жекелеген қызметкерлердің жұмыстардың көлемін бөлудегі объективсіздік және әділетсіздік туралы пікірін өзгерту, ұжымдағы көре алмаушылықтың тамырына балта шабу және т.с.; Ø қызметтегі болуы мүмкін қызмет бабын асыра пайдалануды мейлінше азайту үшін жасалады. Аталған тезистерді мысалмен көрсететін тек кейбір мысалдарды ғана келтіре кетейік: Ø жылдар бойына тек қоғамдық дәретханаларды тәртіпке келтіріп келе жатқан тазалықшының VIP-персонаның келуіне меймандар бөлмесін біліктілікпен дайындай қоюы екіталай. Ø тек қоғамдық, шаруашылық және қызмет бабындағы бөлмелерді жинайтын тазалықшыларкөбінесе оларға, бұлардың пікірінше, осында жұмыс істеген қызығырақ және табыстырақ болып келетін тұрғын номерлерді жинауды тапсырмайтындығына риза емес болады. Ø қабаттардың бірінің екі тазалықшының арасында кикілжің пайда болды. Олар өздерінің қатынастарын үнемі қатты дауыспен анықтап отырады, бұл клиенттердің дем алуына және ұжымның жұмысына кедергісін келтіреді. Бұл кезде олар - әкімшіліктің бұлармен қош айтысып, айырылысқысы келмейтін өте тәжірибелі, жұмысқа қабілетті, жауапты қызметкерлер. Барлық үш жағдайда да мәселенің шешімі жекелеген учаскелердегі кадрлардың орнын ауыстыру, алмастыру әдісін қолдану, қызметкерлердің арасында оларға бекітілген міндеттер мен операцияларды кезектестіріп отыру болады. Практикада бұл былайша көрінеді: бір апта ойына тазалықшылардың тобы мұндағы жұмыс негізінен алғанда номерлік қорды және қоғамдық пен шаруашылық бөлмелерінің бір бөлігін ағымдағы жинаудың үлкен көлемімен байланысты болып отырған 1-ші ауысымға келеді; келесі аптада тазалықшылардың дәл осы тобы мұнда тазалықшыларкөпшілік шамада аралық жинаумен (кешкі сервис, меймандардың өтініші бойынша қосымша жинау және т.с.), ал сондай-ақ қызмет бөлмелерін жинаумен айналысатын кешкі ауысымға жұмысқа шығады. Күндізгі және кешкі ауысымдардың тазалықшыларының өзара бірін бірі алмастырушылығы да жоққа шығарылмайды. Мұнда амал-тәсіл жұмысқа әртүрлілік енгізеді және кәсіпорын үшін өте тиімді. Тазалықшылардың санына келетін болсақ, онда 1-ші ауысымда, әдетте, адамдардың көбірек саны, 2 ауысымда анағұрлым азырақ саны жұмыс істейді және сыйымдылығы бойынша орташа мейманхана үшін түнгі бір немесе бірнеше тазалықшы жеткілікті болады. Жұмысқа шығу кестелерін жасаған кезде қызметтің қызметкерлерінің жұмыс кестесіне, демалыс күндеріне, сондай-ақ кезекті еңбек демалыстарына қатысты ниет-тілектерін және артық көрулерін ескеріп отыру қажет, өйткені қызметте көпшілік бөлігінде әйелдер еңбек етеді. кей кездері қызметкерлердің барлық өтініштерін қанағаттандыру қолдан келмейді де, сонда басшы бағынышты қызметкерлердің жұмыс кестесін өндірістік қажеттілікке және кәсіпорын мүдделеріне сәйкес жасайды. Мұның көп шамада кезекті еңбек демалысына қатысы бар. Мейманхана бүкіл жыл бойына үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, барлық қызметкерлердің өтініштерін қанағаттандырып, еңбек демалысын жаз кезінде беру мүмкін болып көрінбейді. Басшы аталған мәселелерге икемділікпен келуге және кәсіпорын мен қызметкерлердің мүдделерін мейлінше көбірек ескеруге тырысуға тиіс. Кейде қызмет персоналының арасында бір бірімен ауысымдарды немесе демалыс алмастыру қажеттігі туындап отырады. Мұндай алмастырулар осы қызметкерлер қызмет басшысының атына дер кезінде жазған жазбаша өтініш болған кезде ғана мүмкін болады. ӘШҚ қызметінің персоналының жұмысқа шығу кестелері қызметтің кеңсесінде ілініп тұруға тиіс.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалары 1. Мейманхананың ӘШҚқұрамына кіретін мейманхана шаруашылығы бөлімінің персоналының функционалдық міндеттерін тізіп шығыңыз. 2. Мейманхананың ӘШҚ персоналының жұмысқа шығу кестесін жасаудың қиындығы неден тұрады? 3. Тазалықшылардың жұмыс режимі қандай принцип бойынша құрылады? 4. Housekeeping қызметінің жұмысында өзара алмасушылық жүйесі қалай көмектеседі? 5. Housekeeping қызметінің аясындағы айқас оқытудың (кросс-тренингтің) мәнісін түсіндіріп беріңіз. 6. Housekeeping қызметінің персоналы үшін жұмыс кестелерін жасау техникасын меңгеріңіз.
Дәріс Тақырыбы: Мейманхананың ӘШҚ кеңсесі. Мейманхананың ӘШҚ қабылданған телефон этикетінің ережелері Мейманхананың ӘШҚ жаңа қызметкелерді жұмысқа қабылдау Кілт сөздер: персонал, мини-бар, тазалықшы Қарастырылатын сұрақтар:
|