Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жіті және жітілеу ТШҚҰ-синдромын емдеу ұстанымдары



ТШҚҰ-синдромын емдеу шаралары:

● шұғыл түрде (мұмкіншілігінше ерте) синдром дамуына әкелген негізгі себепкер ықпалды емдеуге (хирургиялық әдіспен қанауды тоқтату, антибиотиктер, антидоттар т.б. тағайындау);

● жаңадан мұздатылған қан плазмасын немесе табиғи антикоагулянттар (антитромбин III + протеин С, протеин С + тромбомодулин + антитромбин III) қоспаларын құю арқылы жоғалтылған антикоагулянттардың, плазминогеннің, ұю факторларының орнын толтыруға бағытталады;

● тамыр ішінде шашыранды қан ұюын тоқтату үшін гепарин енгізуге мәжбүрлік болады. Гепариннің жағымсыз жақтарын жоғарыдан қараңыз. Бірақ жаңадан мұздатылған қан плазмасын гепаринсіз енгізу ТШҚҰ-синдромын ушықтырып жіберетін мүмкіншілігін есте сақтау қажет! Өйткені қан сұйығымен ұю факторлары, плазминогеннің әсерлендіргіштері бірге енгізіледі.

Жаңадан мұздатылған қан плазмасын 230-260 мл немесе одан екі есе көп мөлшерінде тәулігіне 2-4 рет көктамырға тамызғымен 15-20 минут ішінде енгізу қажет. Енгізер алдында әрбір 230-260 мл плазмаға 500-1000 бірлік гепарин қосылады. Бұл кезде гепариннің әсерін мезгіл-мезгілт тексеріп отыру қажет.

Егер гепаринмен емдей бастағаннан кейін бір тәуліктің ішінде фибриноген 40 мг%-ға көбейсе, фибриногеннің ыдырау өнімдері екі сұйылтуға азайса, протромбиндік уақыт 24 сағаттан кейін қалпына келсе, 4-5 күннен кейін тромбоциттердің саны көбейсе және қан кетудің тоқтауы, акроцианоз жоғалуы және жаңа қан құйылулар пайда болмауы науқастың жағдайы оңалғанын көрсетеді.

Егер келтірілген қан көрсеткіштерінің тек екі ғана көрсеткіші жақсарса және ауыр қан кету тоқталса, жаңа қан құйылулар пайда болмаса, акроцианоз жоғалса, онда науқастың жағдайы біршама оңалғанын байқатады.

Егер бұл көрсетілгендер үдей түссе, қан кету күшейсе, онда науқастың жағдайы ауырлағаны.

● қажеттілігі болған жағдайда антипротеазалық ферменттер қолдануға болады;

● ауыр қан кетулер және қанда тромбоциттердің саны 100х109/л-ден төмен азайғанда, нүктелі қанталаулар пайда болса тромбоциттердің массасын құю пайдалы;

● тоқтамайтын қан кетулер кездерінде НовоСэвен дәрісі қолданылады. Бұл препарат бүлінген тамырларға әсер етіп қанауды тоқтатады. Ол физиологиялық мөлшерде тіндік фактормен байланысып қан ұюын сергітеді. Одан көбірек мөлшерлерде әсерленген тромбоциттермен байланысып әсер етеді.

Солармен бірге, бүлінген ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған емшаралар қолданылады. Ол үшін:

● тіндік фактордың босауын арттыратын гипоксемияны жою мақсатында науқасты, демді сыртқа шығару кезінде көтеріңкі қысым туындататын, жасанды тыныс алу аспабына қосып дем алдыру;

● бүйрек, бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігін емдеу;

● ішек-қарын жолдарының қанауын тоқтату – қажет.

Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі болса 5%-дық глюкоза ерітіндісінде дайындалған допаминнің 0,05%-дық ерітіндісін көктамырға тамызғымен минутына 5-10 тамшыдан енгізу және онымен бір мезгілде зәрайдатқы - лазиксті пайдалану қажет. Егер осыдан емдік нәтиже болмаса, онда плазмаферез, тым ушыққан жағдайда гемодиализ әдістері қолданылады.

 

Сүлде ТШҚҰ-синдромымына жағдайларда пайда болады:

● жатырда өлі ұрық болғанда; бұл кезде тіндердің бүліністерінен тіндік тромбопластин босап шығады;

● қатерлі өспелер дамығанда, өспе жасушалары қанайналымға муцин және қан ұйытқыларын (тіндік фактор, Х-факторды әсерлендіретін фермент және антикоагулянттық әсер ететін фосфолипид) бөліп шығарады;

● бауыр аурулары (цирроз, некроз) кездерінде, қан ұю факторларының өндірілуі бұзылыстарымен қатар, фибринолизді тежейтін антиплазминдер түзілуі шектелуінен созылмалы түрде, сүлде ТШҚҰ-синдромы пайда болуына әкелетін, майда тамырларда тромбоздар дамуы болады.

 

Белгілі ағзалар мен тіндерде шектелген ТШҚҰ-синдромы. Кейбір дерттер кездерінде тромбоциттер мен қан ұю факторлары белгілі бір ағза мен тіндерде ғана шектеліп тұтынылады. Бұндай ауруларға: қолқа аневризмасын, гемангиома өспесін, бүйрек ауруларын, жарақаттың нәтижесінде дамыған жіті тыныстық дистресс-синдромды жатқызуға болады. Бұл ағзаларда қан іркілуінен тромбоциттер мен ұю факторлары тамыр ішінде шоғырланып, олар қан ұюына артық тұтынылады.

Зертханалық белгілеріне қанда:

● тромбоциттер азаюы;

● фибриннің ыдырау өнімдері көбеюі немесе D-димерлер анықталуы;

● протромбиндік уақыт және жартылай әсерлендірілген тромбин уақыты ұзаруы (немесе қалыпты болуы);

● фибриногеннің деңгейі мен VIII фактордың мөлшері төмендеуі – жатады.

Қатерлі өспелер кездерінде олар көбейеді.

Қолқа аневризмасы, гемангиома, қатерлі өспелер кездерінде ТШҚҰ-синдромын гепаринмен емдеу нәтижелі болады. Жатырда өлі ұрық болғанда оны алып тастағаннан кейін гемостаздың көрсеткіштері қалпына келеді.

 



Просмотров 1269

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!