Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Ранның – мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретіндегі рөлін анықтаңыз



Құран — «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген Аллаһтың сөзі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Аллаһ Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.Ең алғашқы түсірілген уахи болып Құранның Аләқ сүресі саналады, ал елшіліктің ең алғашқы аяты деп Муддәссир сүресінің бастапқы аяттары саналады. Сондықтан кейбір ғалымдар Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Алақ» сүресінің түсуімен пайғамбар, «Муддассир» сүресінің түсуімен елші болды деп санайды.Түсу себебіне байланысты Құран аяттары екіге бөлінеді.Аллаһ тарапынан ешбір себепсіз түсірілген аяттар;Белгілі бір оқиғаға байланысты немесе басқа да себебтемен түсірілген аяттар;Құран үзік-үзік болып 23 жыл бойы түсірілген. Бұл уақыттың көп бөлігін Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде өткізген. Сондықтан ғалымдар аяттарды «меккелік» және «мединелік» деп екіге бөледі:Меккелік аяттар — меккелік Исламға қарсы мұшриктерге арналғандықтан қатал стилді және қысқа да нұсқа болып келеді. Сонымен қатар меккелік аяттар көбінесе таухид, иман, Ақырет күніне сену мәселелерін қозғайды;Мединелік аяттар — бұл кезде мұсылмандар көбейгесін көбінесе жұмсақ түрде, мұсылмандарға қатысты шариғат үкімдерін баяндайды. Сонымен қатар джиһад заңдастырылғандықтан және мұнафықтардың екіжүзділігі көрінгендіктен джиһад пен екіжүзділер туралы аяттар түсе баятады.Құран араб тілінен аударғанда «Оқығанды сыртқа шығару» дегенді білдіреді. Құран бүкіл дүниежүзілік мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады оның 90-ны Меккеде 24-і Мединеде түскен. Меккелік және Мединалық сүрелер бір-бірінен мағынасы жағынан, тіл ерекшелігі бойынша, жазылу ерекшелігі бойынша ерекшеленеді. Құран сүрелері 6666 астам аяттан тұрады. Рамазан айының 27 күні Қадір түнінде ең бірінші Әл-Фатиха сүресі түскен. Құран негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тірі кезінде ауызша болған және Құранды есте жаттап алған адамдарда болған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін барлық аяттарды бір кітапқа жинақтау қабылданды. Бұл жұмысты Абу-Бакр халифінен Эфид ибн Сабит бірінші рет орындады. Өздерінің оқытушыларының аяттарын сахабалар Убайд ибн Коаб, Аблаллах ибн Масуд, Абу Муса аль-ашъари жазбаша түрде жазды. Жалпы Құранда әр түрлі құқықтар, ережелер және басқа да этикалық, заңи, шаруашылық нормалары жазылған. Құран бұрынғы ортағасырлық арабтардың ғана емес басқа мұсылман халықтарының тарихи, әдеби, заңи кітабы болып саналады. Мұсылмандық құқықтың рухани да, азаматтық негізі болып ең бірінші Құран саналады. Құран — Жебрейл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға 23 жыл бойына аят-аяттармен, аян берумен түсіріліп отырған Алланың сөзі. Құран — араб тілінен аударғанда кітап, оқу деген мағынаға ие. Аяттар сүрелерді құрайды. Құран 114 Сүреден тұрады. Сүрелерде аят сандары әр түрлі. Құранда 6666 аят бар. Белгілі батыс, шығыс ғалымдарының есебінше Құран аяттарының саны 6236 аят. Құран аяттары 6226 аяттан 6238 аят арасында екені әмбеге аян. Құран 30 бөлікке (жуза) бөлінген. Құранның мақсаты—құдайсыздықтан, пұтқа табынушылықтан, жаһилдіктен, надандықтан сақтап, адамгершіліктің биік мұраттары — зандар мен қағидаларды тарату, жалғыз Аллаға құлшылық етуді үйрету болып табылады. Құранның мәніне келсек, мазмұнына қарай оны догмалық және тәжірибелік деп екіге бөлуге болады. Догмалық тұжырымдар, негізінен, сенімдерден (Құранға, Аллаға, пайғамбарларға, ақырзаман боларына, күнә мен сауап істерге, дозақ пен пейішке сену), ал тәжірибелік бөлімі төмендегі парыздан тұрады. Олар: 5 уақыт намаз оқу, дәрет алу, жұма намаз, ораза тұту, зекет, садақа беру, қажылық жасау, құрбан, ораза айттарын атау, ғазауат соғысына қатысу т.б.Мұсылмандық құқық міне осы Кұраннан бастау алады. Құран— мұсылмандық қүқықтың айнасы, теориялық бағдарламасы. Мұсылмандық құқық негіздерін, сондай-ақ Құраннан кейін Сунна, Иджма, Қияс, әдеттік зандар түзеді. Осылардың қосылысынан келіп, мұсылмандық құқық пайда болады. Оны шариат, фикһ ілімі деп те атайды.Шариат ілімі екі бөлімнен: Ілім Кәләм және ілім Фикһтан тұрады.Ілім Кәләм догмалық сенімдерді камтыса, ал ілім Фикһ сенімнің практикалық ережелері мен азаматтық қарым-қатынасқа тиісті құқықтардан тұрады.Ілім Кәләм — Алла болмысын танудан өзге тағы да төрт бөлікке бөлінеді. Олар: Таухид (Алланың бірлігі), Әділет (Алланың әділ соты), Набууат (пайғамбарлық), Миъад (өліп, қайта тірілу).Таухид-Алланың бірлігі жайлы:Ислам дініндегі ең маңызды да алғашқы сенім таухид. Ол: "лә илаһа илла Алла" (Алладан өзге тәңір жоқ). Бұл — мұсылмандықтың рәмізі. Бұл Құранда жиі естіледі. Әділет-Алланың әділ соты жайлы:Адамзат жалған фәниде істеген іс-әрекеттері үшін шын дүниеде Алла алдында жауап беруге тиістілігі айтылады.Сондықган да Құранда тура жол көрсетілген. Адамдарға обал мен сауапты, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, ақ пен қараны ажыратуға мүмкіндік берілген. Бұл жайлы Құранда көп айтылады. Набууат (Пайғамбарлық):Адамзат баласына Адам Атадан Мұхаммед пайғамбарға дейін 124000 пайғамбар келіп, жалғыз Аллаға құлшылық қылуға үндеген. Мұхаммед — осылардың ішіндегі ең соңғы әрі Алланың сүйікті пайғамбары. Құранда тура жолға салу үшін адамдарға Алла пайғамбарлар жібергені жайлы көп айтылады. Миъад (Өліп, қайта тірілу):Құранның көп жерінде өліп, қайта тірілу, қиямет күні, жанның мәңгі өлмейтіні, сұрақ-жауап болып, пенделер пейіш не тозаққа енгізілетіні жайлы айтылады. Бұларға сену — әрбір мұсылманның касиетті борышы. Пәктену үш түрлі: уазу (дәрет алу), ғұсыл (шомылу) жөне тайамим (топырақ жағу). Алғашқы екі түрінде сумен, соңғысында топырақпен пәктенуге болады. Пәктену түрлері: жеке-жеке орындалады.Уазу (дәрет алу); намаз алдында, егер адам қалғып кеткенде, мастығы тарағаңда, жел шығарғанда, жеңіл дәретке отырғанда т.б. кажылық сапарға жүрерде; Құран кітабын аларда т.б.Ғұсыл: етек катынасын жасағанда, ұйқыда аталық ұрык ақса, өлі мәйітті жуғаннан соң.Тайамим: су жоқ кезде жасалады. Бұл алғашқы екеуін алмастырады.Дәрет алудың жол-жоралары (уазу). Дәрет алу түрі үшеу: парыз, уәжиб және мандуб.Парыз — бес уақыт намаз, жаназа намазы, сәжде тиллауат намазы үшін.Уәжиб — кажылыққа жүрерде.Мандуб — жатар алдында ғайбат сөйлеген сөз, өлең айту, катты күлу, мәйіт жуу т.б. кейін дәрет алады. Дәрет алудың мәкруһтері: суды катты ұрып жуыну; суға сіңбіру, түкіру; ауызға, мұрынға сол қолмен су алу; іш дәрет алып жатқанда сөйлеу; әуретке қарау. Ғұсылдың жол-жоралары (шомылу):1. Ғұсыл тәртіп. Ғұсылдың мұндай түрінде су алдымен басқа құйылып, бетті және иықпен мойын тұсын жақсылап жуып алып, кейін оң иыққа, сонан сол иықка су құяды. Су денеге түгел тиіп, төмен ағуы тиіс.2. Ғұсыл-иртимас. Мұндай ғұсыл түрінде толы суға дененің ешбір жері көрінбестей болып батырылуы тиіс. Мысалы, хаузге, өзенге, ваннаға т.б. шомылу.Тайамим (топырақпен тазалау):Ғұсыл—тайамим жасалар орын, топырақ таза болуы шарт. Тайамим жасаушыда Аллаға құлшылық етуден өзге ниет, ой болмауы кажет. Тайамим өз тәртібімен жасалады. Топыраққа тас т.б. қатты зат қиыршыктары араласпауы тиіс. Тайамимді су жоқ кезде, не болмаса жарақаты мүмкіндік етпегендер жасайды. Тайамим уәжибі — 12, суннаты — 7, мөкруһі — 2.Дәрет алудың ерекше түрі: Дәретханадан соң пәктену, яғни, іш дәрет алу; өлі денені жуу, пәктеу. Намаз: Мұсылмандык жол-жоралардың ең маңыздысы—намаз оқу. Намаз кезінде жүрек пәктеніп, адам Аллаға жақын сезінеді. Намаз оқу жол-жоралары екіге бөлінеді:Ерекше намаз: Жұма намазы, айт намаздары, аят, жаназа, тауап, жаңбыр тілеу, жер сілкінгенде т.б. Бұлардан жұма намазы — песін намазы мезгілінде, айт намаздары (ораза айты, құрбан айты) күн шыққаннан песін намазына дейінгі уақытта атқарылады. Ал, қалған намаздар калаған кезде өтеледі. Тек жаназа намазы күн батқанға дейін аткарылады. Намаз орны: Намаз оқылатын орын таза әрі заңды жер болуы тиіс. Әлбетте, намаз мешітте, біреудің иелігінде болмаған жерде өткізілгені жақсы. Егер жер біреудің меншігінде болса, сол жердің иесінің рұқсатынсыз намаз оқуға болмайды.Исламда қасиетті кітаптар үшеу: Құран, Сүннет және Шариғат екені белгілі. Бірақ “кітаптардың кітабы” Құран болып табылады. Дін ілімі бойынша, Құран-Алланың “сөзі”, Алла тағының астына сақталған, “көктен түскен” кітап, ол онда жазылғанды “қаласа өшіреді, нені қажет деп тапса бекітіп отырады”.Құранда догмат, табыну және жоралар, моральдық нұсқаулар, құқықтық және тұрмыстық тәртіп мәселелері қамтылған. Құран қара сөзбен ұйқасқан өлең түрінде жазылған, 114 тараудан (сүреден) тұрады, оның әрбірі өлеңдерге (аяттарға) бөлінген

 



Просмотров 1721

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!