Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мұсылман елдеріндегі конституциялық құрылысты



Мұсылман елдеріндегі конституциялық құрылысда қарастырылатын сұрақтар:1 Заң шығарушы органның қызметі2 Атқарушы органның қызметі 3 Сот билігінің қызметі Исламның пайда болу тарихи заңдылық болды: қарадүрсін политеизді ескі патриархалдық қоғам қирады, сөйтіп, ескі идеологияның орнын жаңасы басуға тиіс болды. Ортағасырлық қоғам “тек идеологияның: дін және теология сияқты бір формасын ғана” білгендіктен, жаңа идеология да жаңа діни жүйе болуға тиіс еді.Бір құдайға негізделген жаңа монотеистік діннің артықшылығы-оның барлық мұсылмандардың діни бірлігі мен “бауырластығын” нығайту жөніндегі идеясы. Алайда, барлық мұсылмандардың бауырластығы мен теңдігі идеясы шын мәніндегі әлеуметтік теңдік дегенді білдірген жоқ, соған қарамастан мұсылмандардың теңдігі идеясы барлық арабтардың саяси бірігуінің маңызды алғышарттарына айналды.Арабтардың ислам туының астына саяси бірігуі біртұтас орталықтандырылған мемлекет-әлеуметтік-саяси құрылымы жаңа, бір құдайлық діннің талаптарына сай келетін Араб халифатының өмірге келуінің негізін қалады. Бұл талаптар мынаған сайды: мешіт пен мемлекеттік орындардың арасында ешбір айырмашылық болмауға тиіс. Билеуші құдайлық биліктің жеке иесі болады, ал мұсылман дінбасыларының қызметі халықты халифатқа бағындырып ұстауға бағытталып, феодалдық езгіні ақтап алуға тиіс.Халықтық салт-дәстүрлерді пайдалана білген Мұхаммед өз идеологиясын белгілеуде жаңашыл болды: ол мемлекет басшысы және діни ұстамдылық сияқты Арабстан үшін мүлдем жаңа міндетті өзіне ала отырып, бұрындары жекелеген адамдар арасында бөлініп атқарылған қызметті өз қолына шоғырландырды. Жаңа мұсылмандық нанымға назар аударуы оның барлық өмірлік проблемаларды шешуге тиісті беделді көреген адам екенін мойындатты. “Мұхаммедтің арабтардың пайғамбары бола алуының, өз соңынан бүкіл Араб түбегінің халқын ерте білуінің себебі,-деп жазды М.Б.Пиотровский-жергілікті салт-дәстүрлерден не сақталып қалған болса, солардың арасынан нені алуға болса, соның бәрін де пайдаланды… Салт-дәстүрлерге сүйене отырып, Мұхаммед өзінің бүкіл қызметі арқылы қоғамдық дамудың жаңа сипаттарын бейнеледі, білдірді және өмірге енгізді. Ескі мен жаңаны шебер үйлестіре отырып, ол көпшілік таныған “Алланың елшісі” болды…”.Ал исламның әкімшілік және конституциялық құқықтары мемлекетті құру, үкіметті және оның басқада органдарын,институттарын құрып олардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады. Бұл жерде сонымен қатар мұсылман заңгерлерінің айтуы бойынша басқа құқықтық, саяси және конституциялық жүйеге қарағанда исламда керісінше мемлекеттің алдында жүреді.Мұсылмандық құқық нормалары: ғибадат және адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалардан тұрады. Өз кезегінде адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар: жеке адамдар статусының құқықтары, қылмыстық құқықтар, азаматтық құқық (мәміле), әкімшілік нормалар, соттық құқықтар және халықаралық құқықтар деп бөлінеді.Көптеген зерттеушілер бұл мәселені сөз еткенде екі ерекшеліктеріне: діни үндестігіне және барлық зандық ұйғарымдардың мұсылмандық догмалармен, табыну ережелерімен, исламның мінез-кұлық, діни нормаларымен тығыз байланыстылығына көңіл бөледі. Исламның кең ауқымды сипаттарын және оның заңдық ұйғарымдарын ескере отырып, ислам бір мезгілде "сенім және мемлекет", ал мұсылмандық құқық (фикһ) жеке өз алдына құқық ғана емес әрі дін деп қорытынды шығаруға болады. Мұндай ойды Еуропаның мұсылмандық құқығының білгір ғалымдарыда айтады. Мысалы, И.Шахт мұсылмандық құқыктық дін мен мемлекет қосарланып көрініс табады десе, Р.Шарль — мұсылмандық құқық алдымен дін, онан кейін мемлекет пен мәдениет дейді. Р.Давид болса — бұл діни заңдар, ал мұсылмандық құқық ақыл-ойдың емес, діни тәңірлік табиғатына не дейді.Шындығын айтсақ, діни және кұқықгық заңдардың өзара тығыз байланысы мұсылмандық кұқықтың діни негізі болып табылады. Бұл талассыз шындық. Өйткені, мұсылмандық құқықтың және исламдық басқа да талаптардың негізгі қайнар көздері болып Құран мен Сүнне, Иджма мен Қияс және әдет-ғұрып зандары саналады. Сондықтан да мұсылмандық қүқықтың барлық тармақтарында діни догмаларға арқа сүйеу, оның негіздерін қорғау ерекше орын алады. Мысалы, "жеке адам статусы" нормалары мұсылмандар ортасында жүзеге асып, онда мұрагерлік, өсиет айту және құқық қабілеттілігін шектеу мәселелері қаралады. Бұл нормалар мұсылман әйелдерге, мұсылман еместерге тұрмысқа шығуға тыйым салады. Неке қию кезіндегі куәлердің мұсылман болуын талап етеді. Вакуфтың мүлік институтында ол меншік Аллаға ғана тиісті деп санап, сол үшін оны тек діни-қайырымдылық мақсаттарға пайдалануға үндейді.Мұсылмандық азаматтық құқықтар жеке меншіктілікті реттей отырып, мұнда да бұл меншіктің ең жоғарғы иесі тек Алла деп санайды. Сондықтан да Мұхаммедтің өзі жер мен суды ешуакытта жеке меншік деп санамауды тапсырған. Мұсылмандардың сот-процессуалдық құқығында сот лауазымын тек мұсылман дініндегі ислам талаптарын бұлжытпай орындайтын иманды адам иеленуі тиіс деген нормалар ерекше аталады. Осы секілді талаптар куәлерге де қойылады. Бұл жерде ант беруге зор мән беріліп, сол арқылы айыпталушы адам істің ақ-қарасын дәлелдейді, өзінің кінәлі еместігін көрсетеді. Сот кез келген мұсылман адамның арының дін алдында таза болатынын, өйткені "Алла бәрін біледі" деп, оның азабынан сақтануды бірінші орынға қоятынын есте тұтады.Ал, мұсылмандық қылмыс кұқығында тәртіп бұзушылықтың ең қауіпті түріне "Алла құқығына" қол сұғуды жатқызады. Оған мысал ретінде Аллаға тіл тигізу, діннен безу секілді қылмыстарды атай отырып, мұндай қылмыс жасаушылар өлім жазасына кесілетінін айтуға болады. Сөйтіп, кез-келген көрсетілгендіктен, осылайша аталады мұсылманның мінез-құлқы алдымен діни сипат алады. "Алла құқығы" деп Құран мен Сүннеде қылмыстар мен оған берілетін жазалары Мұсылмандық құқық нормаларының мазмұнын екшей келе, ондағы заң нормаларының басым көпшілігі исламдық діни догмалармен не болмаса таза діни нормалар ережесіне негізделетініне көзіміз жетеді. Әлбетте, нормалардың көп бөлігі заңгерлер тарапынан Құран мен Сүннеден алшақ кетпей, логикалық ақыл-ой тәсілдерімен түсіндіру нәтижесінде өмірге келген.Ислам түсінбеген жайтқа сенуге жол бермейді. Бет-алды жойып-құртуға, ысырапкершілікке қарсы. Сені ақ, қара, қызыл не қоңыр түсіңе емес, істеген іс-әрекетіңе, адамгершілігіне қарай бағалайды. Әрбір адамның басқаларға пайдалы іс-әрекет етіп, зияннан аулақ болуын қалайды. Текке қан төгуді ауыр қылмысқа жатқызып,оның күнәсін жәбірленуші кешірмесе, мың жерден тәуба ет, Алла кешіре алмайды. Өйткені, әркімнің қаны, өмірі, ар-ожданы қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ. Осындай бағамдарды ту еткен Ислам дінін ұстанушыларды экстремист, террорист деу қиянат. Уаһаббизм дін емес, идеология. Былайша айтқанда адам баласының әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеру, яғни-кешегі кеңестік социализмнің Исламдық көрінісі.Бұл идея Сауд Арабиясы Патшалығында қолдау тапқан. Содан болса керек, ол мемлекеттегі әлеуметтік, саяси жағдай бір қалыпты даму үстінде. Денсаулық сақтау, оқу тегін, әлеуметтік қолдау шараларының түрлері мол. Одан жай халық пайда таппаса, зиян тауып отырған жоқ. Оның үстіне Исламдық сипаттардың ең озық үлгілерін біздің ата-бабаларымыз өз әдет-ғұрыптарына, заң нормаларына, салт-дінімізге сінірген. Көп ғасырлар бойы қоғамдық қарым-қатынасымызға етіне сіңіп, күні кешеге дейін қолданылып келген. Өкінішке орай, Кеңес өкіметінің оның тамыры балта шапқаны әмбеге аян. Бірақ, көпшілік қолдайтын, тамыры тереңге кеткен нағыз әділетті дін- Исламның ықпалы қайта түлеуде.Тезис: Мұсылмандық құқықтың және исламдық басқа да талаптардың негізгі қайнар көздері болып Құран мен Сүнне, Иджма мен Қияс және әдет-ғұрып зандары саналады. Сондықтан да мұсылмандық қүқықтың барлық тармақтарында діни догмаларға арқа сүйеу, оның негіздерін қорғау ерекше орын алады.

 



Просмотров 1506

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!