Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ. РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ



ФОНЕТИКА.ТІЛ ДЫБ.ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Фонетика(гр.phoneticos-дыбыс сөзінен шққан)-тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл блімінің бір саласы. Фонетикада тіл дыбыстарының түрлері, жіктелуі, сөз ішіндегі бір-біріне ықпалы,буын, екпін, орфография, орфоэпия мәселелері қарастырылады. Тіл дыбысы – тілдің ең кіші бөлшегі. Дыбыста мағына болмайды, бірақ сөз бен сөзді бір-біріне мағына жағынан ажыратады. Мыс: бақ-бар-бас-бат-бай; қал-тал-сал-мал т.б.Дыбыс – сөздің өмір сүру формасы болса, әріп-дыбысқа берілген шартты графикалық таңба.

Тіл дыбыстары 2 үлкен топқа бөлінеді: дауысты,дауыссыз д-тар

Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері:

1. Дауысты дыбыстар дауыстан,тоннан тұрады, салдыр әлсіз болады.

2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз шығады, дыбыстау мүшелері түгелдей дерлік қатысады.

3. Дауыстылар буын құрайды

4. Дауыстыларға екпін түседі

5. Қазақ тілінде дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Қазіргі қазақ тілінде у дыбыс қосқанда 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і, э, и, у.

 

2. ДАУЫСТЫ Д-ТАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ. ЖІКТЕЛУІ Тіл кейін шегініп,артқа қарай тартылыңқырай айтылған дыбыстаржуан дауыстылыар, ал тіл алға қарай созылыңқырай түсіп айтылған д-тар жіңішке дауыстылар болады. Еріндік д-тылар еріннің дөңгеленіп сүйірленуінен жасалса, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа тартылып, езу жиырылады. Астыңғы жақтың мүмкіндігінше төмен түсіп, кең ашылуы арқылы жасалатын дауыстылар ашық, жақтың сәл ғана ашылуы арқ жасалатын д-лар қысаң деп ат-ды.

Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік
А,о,ұ,ы, у Ә,е,ө,ү,і А,ә,о,ө,е,э Ы,і,и,у,ұ,ү О,ұ,ү,ө,у а,ә,е,ы,і,и,э

СӨЙЛЕМ. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сөйлем-сөздердің лексик-грам-қ байланысынан тұратын, біршама тиянақты ойды білдіретін, белгілі бір интонациямен ерекшеленетін синтаксистік құрылым.Сөйлемнің негізгі белгілері:

1. Сөйлемнің тұрлаулы мүш болуы шарт

2. Өзіне тән интонациясы болады.

3. Белгілі бір шаққа қатысты болады.

4. Грам-қ түрлі байланыс, амал-тәсілдер сөйлемде көрінеді.

Сөйлемнің түрлері

1. Сөйлем құрылысан қарай жай ж/е құрмалас болады. М:Күн бұлттанды(жай с). Күн бұлттанып, жаңбыр жауды (құрмалас)

2. Айтылу мақсатына қарай:

А) хабарлы сөйлем(Ауылға барғанда суға түстік);

Ә) сұраулы сөйлем(Ауылға барғанда суға түстің бе?);

Б) лепті сөйлем(Шіркін, ауылға барғанда суға түссек!);

Бұйрықты сөйлем(Ауылға барғанда суға т.үс) болады.

Бір нәрсе жайында хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатынада айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Сұрап білу, жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Адамның көңіл-күйіне байланысты түрлі эмоциямен берілетін сөйлемді лепті сөйлем деп атаймыз.

Талап ету, бұйыру мақсатында айәтылатын сөйлемді бұйрықты сөйлем деп атаймыз.

ЖАЙ СӨЙЛЕМ. ЖАЙ СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

Жай сөйлем-иянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.

Құрамында бастауыш қатысқан н/е жасырын тұрса баяндауыш арқ. Табуға болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз. М. 1.Балалар кітапханаға кірді. 2. Айтқан тапсырмаларын уақытында орындададық.

Баяндауыштың өзі ғана сөйлемге негіз, ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз с-м дейміз. М. Сабақтан кешігуге болмайды.

Тұрлаусыз мүше қтасыпаған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.М: Біз барамыз, олар да келеді.

Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді жайылма с-м дейміз. М: Әбішті кім орысша оқытып жүргенін Ұлжан айтып берді

Айтылуға тиіс тұрлаулы мүш-дің барлығы сөйлем құрауға қатысқан сөйлем түрін толымды с-м дейміз

Айтылуға тиісті сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қаолған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Толымсыз сөйлемдер көбінесе желілес,өзектес сөйлемдер мен диалогтарда кездеседі.

Іс-оқиға жайында баяндауды мақсат етпей,тек соған қатысты мекен, мезгіл,құбылысты атап қана көрсететін сөйлемнің түрін атаулы с-м дейміз. М: Қыс. Қақаған аяз.

ЛЕКСИКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.ЛЕКСИКОЛООГГИЯНЫҢ САЛАЛАРЫ.СӨЗДІҢ ЛЕК-Қ, ГРАМ-Қ МАҒЫНАЛАРЫ

Лексикология-лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасилогоия (сөз мағынасы, оның өзгеруі, ауысуы), этимология (сөздің шығу тегі, төркіні, ең алғашқы мағынасы), фразеология(тұрақты сөз тіркестері), лексикография(сөздерді жүйелеу ж/е сөздік жасау ерекшеліктері) деп аталатын салалардан тұрады.

Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны.Лексикалық мағына – объективтік заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуін, яғни сөздің ішкі мазмұны мен мағынасын білдіреді.Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына.

ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ. РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін етістік түрі рай деп ат-ды. 4 ке бөлінеді: ашық рай, бұйрқ рай, қалау рай, шартты рай

Ашық райдың арнаулы қосымшалары жоқ, райдың бұл түрі амалдың белгілі бір мезгілде(откен,осы,келер) болу не болмауын көрсетеді.Ашық рай көсемшеге,есімшеге,шаққа жіктік жалғаулардың жалғануымен жасалады. М: 1.Қазір де кітапты көп оқимын. 2. Біз өзен жағасына келдік.

Бұйрық рай-іс-әрекеттің орындалуына бұйрық бру,әмір ету мағынасындағы рай түрі.Бұйрық райдың бұйыру ІІ,ІІІ жаққа қатысты болады. Оқысын,айтсын,жазсын мысалдарында бұйрық мән болса, айта қойсын, кешіге көрмесін,тынығып келсін күрделі етістіктерінде бұйырудан гөрі өтіну,ұсыныс басым. Бұйрық райдың І жағы жұрнақтары: -айын, -ейін

ІІ жағы: -иық, -иік, -иын,-иін, -айық, -ейік

ІІ жағы: -сын,-сін

Қалау рай-қимыл,әрекетті іс иесінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін рай түрі.Мағынасына қарай 2 түрлі болады:

Ерікті қалау рай-іс иесінің іс-қимылды істеуге н/е істемеуге ықыласының ауғандығын көрсететін етістік түрі.Ерікті қалау р етістікке –ғы, -гі,-қы,-кі жұрнағы ж/е тәуелдік жалғау жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесуі арқ жасалады. М: Менің оқығым келеді.

Тілекті қалау рай-келешекте бір істің болу не болмауын,сол істің тілеуін,қалауын білдіретін етістік түрі.Тілекті қалау р етістік түбірге –ғай,- гей, -қай, -кей жұрнағы жалғану арқ жасалады. М: Мен жазғаймын.

Шартты рай – келешек болатын істің шартын білдіретін етістік түрі. Шартты рай негіз ет-терге –са, -се жұрнағы жалғану арқ жасалады.М: Мен алсам.

Шартты райға –шы, -ші жұрнақтары қосылғанда,сөйлеушінің өткен іске өкініші байқалады.М: Ертерек айтсамшы, бұлй болмас еді.



Просмотров 5075

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!