Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Етістіктің шақтары.осы,келер,өткен шақ



Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 жақ тұлғаы бар. Осы шақ –сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар. Жалаң нақ осы шақ – қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Күрделі нақ осы шақ –а,-е,-й,-ып,-п қалып етістіктеріне жалғанып жіктеліп жасалады. Ауыспалы осы шақ - -а,-е,-й жане жіктік жалғауы.Өткен шақ – сөйлеп тұрған уаұыттан бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар.Жедел ө.ш.-етістік жане –ды,-ді,-ты,-ті жане жіктік жалғауы. Бұрынғы ө.ш.-етістік –ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,-п жане жіктік жалғауы.Ауыспалы ө.ш.-етістік жане –атын,-етін,-йтын,-йтін жане жіктік жалғауы. Келер шақ сөйлеп тұрған саттен кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. Болжалды к.ш.-етістік сосын –ар,-ер,-р және ж.ж.Мақсатты к.ш.-етістік –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек,-шы,-ші және ж.ж.Ауыспалы к.ш.-етістік сосын –а,-е,-й сосын ж.ж.

Ос сөздер.Жасалу жолы.

Қос сөз – сөзің қосарланып немесе қайталанып айтылуына жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама, қосарлама. Қайталама қос сөз- сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз.М:тау-тау,көре-көре,көзбе-көз,өз-өзінен. Қайталама қос сөздің 4 жасалу жолы бар. 1.Қосымшасыз бір түбірден: қора-қора. 2.Қосымшалы бір түбірден: бара-бара. 3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап: кісі-місі,шай-пай,сатыр-сұтыр. 4.Бір сыңары ықшамдалып: жап-жасыл. Қосарлама қос сөз- сыңарлары әр түрлі түбірен жасалатын қос сөз: бала-шаға, алыс-жақын, үлкен-кіші. Қосарлама қос сөздің 5 жасалу жолы бар. 1.Сыңарлары синонимдес: зәре-құт, өнер-білім, қазан-ошақ. 2.Сыңарлары анонимдес:оңды-солды,әрі-бері. 3.Бір сыңары мағынасыз: арық-түрық, бала-шаға,емін-еркін.4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді:ығы-жығы,алба-жұлба. 5.Сыңарлары әртүрлі сөздер:саяси-әлеуметтік, ,ғылыми-көпшілік.

Анықтауыш. Анықтауыштың лексика-семантикалық категориясы.

Анықтауыш-зат есімнен болған мүшесінің сын-сипатын анықтап тұрады. С: қандай? қай? кімнің? ненің? неше?н ешенші? қанша? қайдағы? қашанғы? А.төмендегідей сөз таптарынан ж-ды: Зат е: Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр..Есімдік:Кейбір аңдар азықтануға ерте шығад.Сын е: Олар шалғай аулды аралады.Сан е:Онынышы сынпта өттік.Есімше:Айтқан сөзін дәл келді.. Құрлысына қарай:Дара а-Сарып жапырақтар жерге түсті. Күрделі а-Қара торы ат бірінші келді. Үйірлі а-Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.

Етістік. Салт және сабақтас. Болымды,болымсыз.

Етістік- заттың іс-әрекеттің қимылын білдіреді. Тұлғасына қарай:негізгі, туынды. Құрамына қарай: дара күрделі. Іс-әрекеттің жүзеге асуына – аспауына қарай: Болымды- іс-әрекеттің жүхеге асқанын білдіреді. Болымсыз – Іс-әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. 1.Етістікке –ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтарының жалғану арқылы жасалады:барма,өшірмеген.2.Етістік пен жоқ,емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ,емес. Мағынасына қарай: Салт е-табыс септігін қажет етпейді.Сабақты е-табыс септікті қажет етіп тұрады.

Бастауыш, жасалу жолдары.

Бастауыш-сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.С:кім?не?кімдер?нелер?кімі?несі? Б.төмендегідей сөз таптарынан ж-ды: Зат е: Күн жылынды.Есімдік:Ешкім жоқ.Сын е: Ақылды ісіне сенеді.Сан е:Үшеуі сырқа шықты.Етістік:Іздеген жетер мұратына. Құрлысына қарай:Дара б-Жігіттер аттарын жетектеді. Күрделі б-Ырыс алды-ынтымақ. Үйірлі б-Уайымы көптер тез қартаяды

Сын есімнің шырай формалары.

Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір – бірінен айырмашылығын анықтайтын категория.

Сын есімнің шырайларының түрлері:

1. Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.

2. Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

3. Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни кушейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш устеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді.

Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып – қызыл, үп – үлкен.

Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден , орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Сөз тіркесі, оның түрлері.

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көріктіжігіт, көрікті қыз, көріктітабиғат, т. б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.
Тұрақты тіркестер өзалдынасөзтіркесіболаалмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңарыболады Мысалы әкесіне тіл тигізу – не істеу? Деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдікболса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады: орындалған арман, балаға мейірімді, тұрғын үй, тб.Басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады: үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, т.б.



Просмотров 6355

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!