Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Көсемше. Көсемшенің синтаксистік қызметі



Көсемше деп негізгі қимыл – әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап (қалай?) күлді.

Көсемшенің жұрнақтары:

1. -ып, іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п,сөйле-п т.б.

2. -а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е,көр-е сана-й, сөйле-й,келме-й, барма-й т.б.

3. -қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт-қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.

4. -қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша,өт-кенше, бол-ғанша, біл-генше.

70. Сөздердің байланысу тәсілдері.Сөздер бір – бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1. орын тәртібі ақылы; 2. шылау арқылы; 3. орын тртібі арқылы; 4. интонация арқылы. Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата – ананы құрметтеу, кітапта жазылған, т.б.

Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, күн сайын жаттықты, сабақтан кейін дайындалды, т.б.

Сөзде бір – бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, биік мақсат, т.б.

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, т.б.

Сөздердің байланысу түрлері.Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар – қиысу, меңгеру, матасу, қабысужәне жанасу.

Қиысудеп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы байланысуын айтамыз. Мыс: Мен оқушымын, сен оқушысың, ол оқушы.

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқ. байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.

Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.

Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқ. іргелес байланысқан түрі.

Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.

Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.

Анатты сөздер, мақал – мәтелдер.

Қанатты сөздер–тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.

Мақал - мәтелдер- әр халықтың өз даму тарихындабасынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялықоралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері.

Синтаксистік қатынастар туралы түсінік.

Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.

1. Анықтауыштыққатынас матаса, қабысабайланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман.Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше?нешінші?деген сұраулар қою арқылы анықталады.

Матасубайланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім– затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.

Қабысабайланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл – заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.

Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әр түрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.

2.Толықтауыштыққатынас меңгеру байланысындағы есімдіжәне етістіктітіркестерге тән.Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде?неде? кімнен? неден? кіммен?немен деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.

Пысықтауыштыққатынас меңгеру, қабысужәне жанасу байланысындағы етістіктітіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалықмағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы: оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.



Просмотров 3562

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!