Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Көмекші сөздер. Көмекші есімдер және көмекші етістіктер



Көмекші сөздер-лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грам-қ мағыналы үстейтін сөздер.Көмекші сөдер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнешеге бөлінеді. Көмекші есімдер – деп мағыналары бірде сақталып, бірде солғындап, бірде өзге сөздермен тіркесіп қана сөйлем мүшесі бола алатын сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің лексика-граммматикалық белгілері:

1.Кейде зат есімдерше дербес қолданылады: Ішім-өлген,сыртым-сау.2.К.е-дер есебінде жұмсалғанда зат есімдермен тіркесіп, күрделі мүшеге көмекші қызмет атқарады:Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес (Абай). 3.К.е-дер зат есімдер сияқты есептелінеді: қасында, маңынан, жанымен т.б.4.К.е-дер қандай тұлғада тұрса да өздерінен бұрынғы сөздің ілік септікте тұруын қажет етеді: үстелдің үсті, ауылдың арасы т.б.5.К.е-дер алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, іші, сырты, басы, шеті т.б.сөздер жатады.Көмекші етістік-толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер.Қазақ тілінде 4 к.е. бар:е(еді,екен,емес),жазда,ет,де,(деген,десе,дейді).Қазақ тілінде толық лексика мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі к.е. мәнінде жұмсалады. Қ.т-де мұндай 30тарта етістік бар:ал, бар, бер, бол, жібер т.б.

Тасымал.

Тасымал-сөздің жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру арқылы буын жігінен жасалады. Тасымалдауға болмайтын нраселер:1.Бір дауысты әріпті жол соңына қадырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды.2.Бас әріппен қысқарған сөздер.3.Қысқартылып алынған кісі аттары тас-ды.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуы (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты).

Сөйлем дегеніміз- әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құралы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз не сөз тіркестері құрайды.Сөйлем құрамына қарай: жай, құрмалас сөйлем болып бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем – хабарлы сөйлем д.а.Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілері:

1.Хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылады.2.Белгілі бір шаққа қатысты болады.3.Айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой—пікірін білдіреді.4.Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп соңына қарай бәсеңдейді.5.Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Бір нарсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлемд.а. Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілері:1. Бірнарсе жайында сұрап білу.2.Сұрау есімдіктерінен және –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе сұраулық,демеулік шылауларының қатысуымен жасалады.3.С.с-нің өзіне тән инотонациясы болады.бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей көтереңкі қалыппен айтылады.4.Сұраулы сөйлемнен кейін ? қ-ды. С.с-дер: негізгі,жетек, анықтауыш сұрақтар б.б-ді. Негізгі- бір нарсе оқиға, ісс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем.Жетек- негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Жетек сұрақ –ше шылауының қатысуымен жасалады. Анықтауыш-екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем.

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатына қарай айтылған сөйлем лепті сөйлем д.а.Лепті сөйлемнің жасалу жолдары: 1.Сөйлемнің етістік формалары арқылы:Көзі мұндай өткір болар ма?2.Сөйлемге –ақ, -ау, -ғой, -ай щылауларының қатысумен жасалады. Қарағым-ай, қатты тонып қалыпсың-ау! 3.Көңіл-күйді білд.одағай сөздердің қатысумен жасалады.Пай-пай, дауыс деп осыны айт.

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем д.а.Б.с. тән белгі:1.Біреуге талап,бұйыру ету мақ—да.2.Б.с. етістіктің бұйрық райының 2,3-жағында айтылады.3.бұйрық не шартты райға –шы,-ші жұрнағының жалғану арқылы.4.б.с.соң нүкте не леп белгісі қойылады.

Стеу, мағыналық түрлері, синтаксистік қызметі.

Үстеу-қимылдың түрлі белгісін мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы. Үстеу құрамына қарай 3 бөлінеді: 1.Негізгі-ең,ертең, бұрын.2.Туынды-бірге, зорға, балаша.3.Күрделі-бүгін, қыс бойы.

Туынды үстеудің жасалау жолдары:

1.-ша,-ше-бұлбұлша

2.-лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей-шикілей.

3.-дайын,-тайын,-дейін,-тейін-тотыдайын

4.-ншама,-ншалық-соншалық

5.-майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше, -пайынша, -пейінще-алмайынша.

Стеудің мағынасыына қарай 7 түрі бар.

1.Мекен:қайда?қалай?қарай?қайдан? – ілгері,осында, бері т.б. 2.Мезгіл:қашан? қашаннан бері?-бүгін, таңертең, түнде т.б. 3.Себеп-салдар: неге?не себепті? неліктен? – амалсыздан,босқа, лажсыздан, бекерге. 4.Қимыл-сын: қалай?қайтіп?қалайша?- емін-еркін, әрең т.б. 5.Мөлшер: қанша?қаншалық? – неғұрлым? Әжептәуір, біршама. 6.Күшейткіш: қалай?қандай? ең,тым,аса,өте. 7.Мақсат:қалай?не мақсатпен? Әдейі,қасақана, жорта т.б.



Просмотров 7520

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!