Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Дауысты дыбыстарды емлесі. Дауыссыз дыбыстардың емлесі



Дауысты дыбыстарды емлесі.

А –жуан, ашық, езулік дауысты дыбыстың әрпі. Ол жуан сөздердің барлық буынында, байырғы, кірме сөздерді талғамай жазыла береді. Мысалы: баба, ата, ағайын, адырна, авиабайланыс т.б.

Ә – жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыс. Ә әрпі жіңішке сөздің басқы буынында ғана жазылады, соңғы буында жазылмайды. Мыс: әке, әже, әдемі, әсем т.б.

Ескерту: 1.Санаулы сөздердеәәрпі сөздің екінші буынында жазылады: күнә, сірә, куә, мәрмәр, Күләш, т.б. 2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: Әбдікәрім, Асанәлі; тәлім – тәрбие, дәрі – дәрмек, т.б.

О– жуан, ашық, еріндік дыбыстық әрпі, байырғы сөздерде сөздің алғашқы буынында жазылады: озат, оймақ, ойпат, ойын, т.б.

Ө– жіңішке, ашық, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөздің алғашқы буынында жазылады, соңғы буынында жазылмайды: өрнек, өнеге, көктем, өнім, т.б.

Ескерту: Біріккен сөз бен қос сөздің екінші сыарында ө әрпі жазылады: көркемөнер; көл – көсір.

Ұ– жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөзде орын талғайды, ол сөздің алғашқы буынында жазылады: тұқым, ұршық, ұстаз.

Ү – жіңішке, қысаң,еріндік дауысы дыбыс. Ү әрпі жіңішке сөздің алғашқы буынында жазылады: үшаяқ, үшбұрыш, т.б.

Ы, І– жуан және жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс. Бұл әріптер сөзде орын талғамайды, сөздің барлық буынында жазыла береді: кіреуке, ызғырық, т.б.

И – қысаң, езулік дыбыстың әрпі. Ол жазуда ый, іи дыбыстарының тіркесін де белгілейді: быйыл – биыл, кійім – киім, т.б

У– дифтонг дыбыстың әрпі. Ол дауысты және дауыссыз у әрпін де таңбалайды, жуан сөзде де жіңішке сөзде де жазыла береді: тау, жау, тәуелсіз, тәуекел, т.б.

Э, еәріптері орыс тілінен кірген сөздерде жазылады: экскурсия, эпиграф, актер, т.б.

Юәрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.1. Байырғы сөздерде қолданылады: аю, қою, қию, жию, тию, т.б. 2. Орыс ілінен енген сөздерде қолдаылады: юбка, юмор, велюр, т.б.

Я әрпі й+а дыбыстарның тіркесін таңбалайды. 1. Байырғы сөздерде: тая, қоян, тұяқ, т.б. 2. Орыс тілінен енген сөздерде жазылады: геометрия, ядро, яхта, т.б.

Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Дауыссыз дыбыстардың ішінде в, ф, х, ц, ч дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайды.

Ф, хдыбыстары шығыс және орыс тілдерінен келген сөздерде кездеседі: Фатима, фабрика, хрестоматия, яхта, т.б.

Ц, ч дыбыстары орыс тілінен келген сөзерде, в әрпі фамилияларда қолданылады: вагон, Ахметова, цемент, чемодан, т.б.

Щ әрпі кейбір байырғы сөздерде және орыс тілінен кірген сөздерде жазылады: ащы, тұщы, щетка т.б.

Қазақ тілінің байырғы сөздері б, в, г, д, ждыбыстарына аяқталмайды.

П, б, ф дыбыстары тілде вариантты сөздер береген: Фатима, Патима, Бәтима, т.б.

Орыс тілінен кірген сөздерде дауыссыз дбыстың жуан, жіңішкелігін білдіретін екі әріп бар, олар ь, ъ. Мысалы, альбом, объект, статья, объезд.

Есімдік. Мағыналық топтары.

Есімдік басқа сөз таптарының орнына қолданылатын жалпы мағыналы сөздерден тұрады. Мысалы, Қасым келді дегеннің орнына – ол келді, Журналды оқы – мынаны оқы, Алтыннан сұра – онан сұра т.б. Есімдік бірнеше мағыналық топқа бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау есімдіктері.

Жіктеу есімдіктері– үш жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қолданылатын есімдіктер. 1 – жақ жіктеу есімдіктері мен, біз (жекеше көпше түрдегі) сөйлеушіні білдіреді. Мен атамды көрген жоқпын. 2 – жақ жіктеу есімдіктері сен, сендер, сіз, сіздер (жекеше, көпше, анайы, сыпайы турде) тыңдаушыны білдіреді. Сен ғой енді базарға бармаймын дейсің. 3 – жақ жіктеу есімдіктері сөйлеушіден , тыңдаушыдан бөгде адамды білдіреі: Ол тұңғыш рет ашына сөйледі.

Сілтеу есімдігі сілтеу, нұсқау, көрсету мағынасын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, сона, ана, анау, мына, мынау, сонау, осынау, әне, міне деген сөздер жатады. Сұрауы қай, қайсы?

Сұрау есімдігісұрақ мағынасын білдіреді. Сұрау есімдігі: кім? не? қай? қайсы? қашаннан? қандай? неше? қанша? қайда? қайдан? қалай? нешінші? т.б. Кім? не? сұрау есімдігі септеліп қолданылады.

Өздік есімдігінеөз деген есімдік, оның тәуелденген түрлері жатады: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өздерің, өздеріңіз, өздері.

Белгісіздік есімдік деп белгісіз мәнде айтылатын сөздер аталады. Белгісіздік есімдікке әр, әлде, әркім, әрқашан, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдекім, біреу, кейбіреу, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әрне, әлдене т.б.

Болысыздық есімдікболымсыз мағынаны білдіретін есімдіктің түрі. Белгісіздік есімдіктері: ешкім, ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе, дәнеме.

Жалпылау есімдігіжалпылау мағынасын білдіреді. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер жатады.

Етіс категориясы.

Етіс деп қимылдың обьекті мен субьектіге қатысын білдіретін етістіктің категориясы аталады. Етіс 5 түрге бөлінеді: негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс.

Негізгі етіс. Етістің түрлеріне құбылмай тұрғандағы оларды салыстырып тұлғасы мен мағынасындағы айырмашылықты айқындайтын етістіктің түбір қалпы негізгі етіс деп аталады: жат, оқы, ойла, әзірле, жақ, келіп кет, кіріп шық, қызмет ет т.б.

Ортақ етіс.Негізгі етістен -ыс, - іс -сжұрнағы арқылы жасалып, қимылдың бірнеше субьектіге ортақ екенін білдіретін етістің түрі ортақ етіс деп аталады: айт+ыс – айтыс, кел+іс – келіс, жақ+тас – жақтас т.б.

Өзгелік етіс.Негізгі етістен -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ыр, -ір, -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіреді: айт+тыр – айттыр, сөйле+т – сөйлет, жаз+ғыз – жазғыз т.б.

Ырықсыз етіс. Негізгі етістен -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың жасаушысы белгісіз болып, қимыл өзінен өзі жасалғандай болып көрінуін білдіретін етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады: қой+ыл – қойыл(ды).

Өздік етіс.Негізгі етістен -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың субьектінің өзіне жасалтынын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады: жу+ын – жуын, ки+ін – киін, тар+ан – таран т.б.

68. Еліктеуіш сөз, оның түрлері, синтаксистік қызметі.Еліктеуіш сөздер – табиғат құбылыстары мен жан – жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл – әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздің екі түрі бар: 1. еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс – тарс, салдыр – гүлдір, дыр – дыр, гүрс, шолп;

2. еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, көлбең, ербең – ербең.

Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк – бүлк желіс. Ол курт бұрылды.



Просмотров 6721

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!