![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
ТАҚЫРЫП. «СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША
МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
Сабақтың мақсаты:
Оқыту міндеттері:
Жүргізу тәсілі: кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади. Тақырып бойынша тапсырмалар Тапсырма Ситуациялық есептерді шығару Кейс-стади: № 1 есеп. Клиникаға 3 айлық бала мынадай шағымдармен түсті: мазасыздық, қозғыштық, селкілдек, жиі сулы дәрет, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегінің түсуі, тілінің және терінің шырышты қабаттарының құрғауы, бұлшықетінің гипотониясы және ішектің парезі. АҚ 70/40 мм сбб. Қан сараптамасында эритроцит, гемоглобин және лейкоциттердің жоғарылауы. Диурез 300 мл. Шөлдеу сезімі жоқ.
№ 2 есеп. Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді. 1. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі? 2. Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын негіздеңіз 3. Шөлдеуді басу үшін тұзсыз су қабылдауға бола ма? № 3 есеп. Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
№ 4 есеп.42 жасар науқасқа ауруханада жүрек жеткіліксіздігі аңғарымымен жатқызылды. Қарап тексергенде: аяқтарының ісінуі, плевра және іш қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені, терісінің цианозы анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген. Диурез азайған. Қанда ренин, альдостерон мен натрий деңгейі жоғарылаған. 1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма? 2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады? 3. Ісінудің, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының патогенезін түсіндіріңіз? 4. Науқасқа патогенездік терапияны ұсыныңыз .
№ 5 есеп. 40 жастағы науқасқа сол жақ сүт безін аймақты лимфа түйіндерімен бірге көлемді ота жасалды. Келесі күні терісінің түсі өзгеріссіз, сол қолының ісінуі байқалды. Ісінудің механизмі қандай? №6 есеп. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен сырқаттанған науқаста остеопороз (сүйек тіні массасы азайған) анықталды, қан плазмасында кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз дамығандығы анықталды.
№ 7 есеп. Биік таулы аймақта адамда ентік байқалды.
Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тесттер.
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198. 2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146. 3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-311 4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.682-764 5. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.682-764 6. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 59-67 Қосымша 7. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 241-269 8. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-51, 60-76.
БАҚЫЛАУ:
Нұсқа 1. Ісіну патогенезінде гемодинамикалық фактор басты роль ойнайды (2) A) іркілу B) қабыну C) аллергиялық D) нефротикалық E) токсикалық 2. Ісіну патогенезінде басты фактор тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы болып табылады (3) A) жүрек жеткіліксіздігі кезінде B) Квинкеде C) бауыр жеткіліксіздігі кезінде D) ара шаққан кезде E) токсикалық жағдайда 3. Лимфа ағып кетуінің қиындауы байқалады (4) A) лимфа тамырларының туа пайда болған гипоплазиясы кезінде B) лимфа тамырларының филярилармен бітелу кезінде C) орталық веналық қысымның жоғарылауы кезінде D) орталық веналық қысымның төмендеуі кезінде E) лимфа түйіндерінің өспелері кезінде 4. Ісінудің патогенезінде нейро-эндокриндік фактор роль атқарады (3) A) жүректік B) бүйректік C) бауырлық D) қабынулық E) аллергиялық 5. Бауырлық ісіну патогенезінде басты болып табылады (2) A) нейро-эндокриндік фактор B) онкотикалық фактор C) қантамырлық фактор D) тіндік фактор E) лимфа ағып кетуінің бұзылуы 6. Гипергидратация белгілері болып табылады (4) A) ісіктер, сұйықтық жиналу B) дене массасының жоғарылауы C) гематокриттің жоғарылауы D) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы E) артериалдық қан қысымының жжоғарылауы 7. Сумен улану патогенезіндегі жетпейтін тізбек: Судың шығуының бұзылу фонында судың артық түсуі ® жасушадан тыс секторда судың жоғарылауы ® ?… ® сұйықтықтың жасуша сыртынан ішіне түсуі ® жасушаішілік гипергидратация ® организмде судың жалпы көбеюі A) жасушаішілік сектордағы гипоосмия B) жасушаішілік сектордағы гиперосмия C) жасушадан тыс сектордағы гиперосмия D) жасушадан тыс сектордағы гипоосмия E) жасушадан тыс сектордағы изоосмия 8. Гипоосмоляльдық гипогидратация пайда болады (3) A) диареяда B) көп реттік құсуда C) ішек свищтерінде D) өңеш атрезиясында E) сулық ашығуда 9. Сусыздану кезінде орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылу патогенезінде маңызды (4) A) гипоксия B) қышқыл-нігіз жағдайының бұзылуы C) аутоинтоксикация D) жүйке мембраналарының осмостық зақымдалуы E) қанайналымының орталықтануы 10. Гипокалиемия көрінеді (3) A) ішектің атониясымен B) тамыр тонусының төмендеуімен C) Т вольтаж тісшесінің жоғарылауымен D) ЭКГ да Т тісшесі амплитудасының кеңеюі мен төмендеуімен E) артериялық қысымның жоғарылауымен 11. ҚСЖ жылжу коменсациясының бүйректік механизмдеріне жатады (4) a) сүт қышқылынан (Кори циклы) гликоген ресинтезделуі b) ацидогенез c) аммониогенез d) Na+ - Н+ - алмасу механизмі e) бикарбонаттардың реабсорбциясы 12. ҚНЖ жылжуы компенсациясында бауырдың ролі (4) a) нәруыздыдқ буферлік жүйеге кіретін қан нәруыздарын синтездеу b) аммиак түзу мен зәрнәсіл синтезі c) органикалық қышқылдарды тотықтыру d) сүт қышқылын глюкозаға және гликогенге айналдыру (Кори циклі) e) ацидогенез 13. Компенсирленген ацидоз бен алкалоздарға артериалық қан рН мәні сәйкес (1) a) 7,35 - 7,45 b) 7,0 c) 7,2 - 7,3 d) 7,45 - 7,50 e) 7,65 - 7,70 14. Артериалық қан рН көрсеткіші 7,49 тең, не туралы мәлімдейді (1) a) компенсирленген алкалоз b) компенсирленбеген алкалоз c) компенсирленген ацидоз d) компенсирленбеген ацидоз e) қалыпты ҚНЖ 15. Компенсирленген газдық ацидоз кезіндегі гиперкапния әкеледі (4) a) артериолалардың спазмына b) АҚ жоғарылауына c) АҚ төмендеуіне d) бронходилятацияға e) бронхиолалардың спазмына және үлкен көлемде жабысқақ шырыштың бөлінуіне 16. Газдық емес ацидоздың себептері болып табылады (4) a) зат алмасудың бұзылуы кезінде организмде органикалық қышқылдардың артық түзілуі b) бүйректің қышқыл өнімдерді шығара алмауы c) бүйрек және асқазан-ішек жолдары арқылы бикарбонаттардың артық шығарылуы d) организмнен көмірқышқылының шығуының бұзылуынан оның жиналып қалуы e) қышқылдардың сырттан түсуінің жоғарылауы 17. Газдық алкалоз дамиды (3) a) тыны салу орталығының тежелуінде b) биіктік ауруында c) асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтуда d) тыныс алу орталығы қозуының жоғарылауында e) жасанды тыныс алуда өкпенің гипервентиляциясында 18. Газдық алкалозға тәне (3) a) гипокальциемия b) жүйке-бұлшықет қозуының жоғарылауы c) зәрдің титрлік қышқылының төмендеуі d) ацидо,- және аммониогенез үрдістерінің белсенуі e) өкпенің компенсаторлық гипервентиляциясы 19. Газдық емес алкалоздың компенсациясы кезінде жүреді (4) a) өкпенің гиповентиляциясы b) бүйрекпен негіздердің бөгелуі c) нәруыздық буферлік жүйемен Н+ шығарылуы d) Н+ жасушадан қандағы калий мен кальций иондарына алмасуы e) Зәрмен бикарбонаттар шығарылуының күшеюі 20. Өкпенің гипервентиляциясы ҚНЖ бұзылысын компенсирлейді (1) A) метаболикалық ацидозда B) метаболикалық алкалозда C) газдық ацидозда D) газдық алкалозда
Нұсқа 1. Ісіну патогенезінде онкотикалық фактор маңызды роль атқарады (3) A) бауырлық B) кахексиялық C) аллергиялық D) токсикалық E) бүйректік 2. Интерстициалды сұйықтықтың онкотикалық және осмостық қысымының жоғарылауы салдары болуы мүмкін (3) A) қан плазмасы нәруыздарының жасушааралық кеңістікке артық тасымалдануы B) зақымдалған жасушалардан осмостық белсенді заттардың шығуы C) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы D) микроциркуляция бұзылысы нәтижесінде тіндерден осмостық белсенді заттар шығуының төмендеуі (иондардың, органикалық қосылыстардың) E) қанайналымының жылдамдауы 3. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі бесенуінің дұрыс бірізділігін құрыңыз A) альдостерон секрециясының жоғарылаууы B) бүйрек қанйналымының төмендеуі C) ренин секрециясының жоғарылауы D) ангиотензиногена ангиотензин – I ге айналуы, ангиотензина – I дің ангиотензин – II ге айналуы 4. Қабыну кезінде ісінудің басты факторы (1) A) жүйке-эндокриндік фактор B) гемодинамикалық фактор C) қантамырлық фактор D) тіндік фактор E) онкотикалық фактор 5. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде ісіну патогенезінде маңызды (5) A) гемодинамикалық фактор B) онкотикалық фактор C) жүйке-эндокриндік фактор D) тіндік фактор E) лимфа ағып кетуінің қиындауы F) веналық қысымның төмендеуі 6. Гипоосмоляльдық (гипотоникалық) гипергидратация салдары болуы мүмкін (3) A) вазопрессиннің сәйкессіз жоғары продукциясы B) шамадан тыс судың түсуі C) ренин-ангиотензин альдостерон жүйесінің белсенуі D) өкпенің патологиялық гипервентиляциясы E) АДГ жеткіліксіздігі 7. Гиперосмоляльдық гипогидратация сипатталады (2) A) организмде жалпы су құрамының жоғарылауы B) жавсушадан тыс сұйықтықта осмостық қысымның жоғарылауы C) жасушаларда су құрамының жоғарылауы D) судың жасушадан жасушадан тыс кеңістікке ауысуы E) шөлдеу сезімінің жоғалуы 8. Гипоосмоляльдық гипогидратация сипатталады (2) A) организмде жалпы су құрамының жоғарылауы B) жасушадан тыс сұйықтықта осмостық қысымның төмендеуі C) жасушаларда су құрамының төмендеуі D) судың жасушадан тыс кеңістіктен жасушаға ауысуы E) шөлдеу 9. Гипоосмоляльдық гипогидратация туындауы мүмкін: A) өкпе гипервентиляциясы B) жүрек жеткіліксіздігі C) диарея D) судан қорқу E) қан құю және қан ауыстыру 10. Гипокальциемия кезінде байқалады (2) A) полиурия B) ісінулер C) жүйке-бұлшықет қозуы мен құрысудың жоғарылауы D) бүйректе тастың түзілуі E) қан ұюының төмендеуі 11. ҚНЖ жылжуы компенсациясының өкпелік механизмдеріне (2) a) ацидоз кезіндегі гипервентиляция b) ацидоз кезіндегі гиповентиляция c) алкалозе кезіндегі гиповентиляция d) алкалоз кезіндегі гипервентиляция e) ацидогенез 12. ҚНЖ жылжуы компенсациясында асқазан-ішек трактысының ролі (3) a) ацидоз кезінде асқазанның париетальді жасушаларымен тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы b) алкалоз кезінде бикарбонаттардың үлкен көлемін құрайтын ішек сөлі секрециясының жоғарылауы c) алкалоз кезінде ұйқы безі бикарбонаттар секрециясының жоғарылауы d) алкалоз кезінде асқазанның париетальді жасушаларымен тұз қышқылы секрециясының жоғарылауы e) ацидоз кезінде ұйқы безі бикарбонаттары секрециясының жоғарылауы 13. Артериалық қан рН көрсеткіші 7,25 тең, бұл мынаны мәлімдейді (1) a) компенсирленген алкалоз b) компенсирленбеген алкалоз c) компенсирленген ацидоз d) компенсирленген ацидоз e) қалыпты ҚНЖ 14. Тыныстық ацидоз туындауы мүмкін (4) a) наркоз-тыныстық аппараттың істен шығуынан b) пневмосклерозда c) тыны салу орталығы қозуының төмендеуінен d) өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында e) биік таулы жағдайда болғанда 15. Газдық ацидоз компенсациясында маңызды (4) a) гемоглобиндік буфер b) өкпе гипервентиляциясы c) бүйректе ацидогенез күшеюі d) бүйректе аммониогенез күшеюі e) калий мен кальциймен алмасып Н+ жасушаға түсуі 16. Метаболикалық ацидозға тән (3) a) гипервентиляция b) қанда рСО2 төмендеуі c) гиперкалиемия d) сүйектердің декальцинациясы e) зәрдің титрлік қышқылының жоғарылауы 17. Газдық алкалозды теңгеру үрдісіне қатысады (4) a) нәруыздық буферлік жүйемен Н+ босап шығуы + b) Н+-ның, кәлий және кәлций иондарына алмасып, жасушалардан шығуы + c) бүйрекпен органикалық қышқылдар және аммиак шығарылуының азаюы + d) несеппен бикарбонаттар шығарылуының жоғарылауы + Е) өкпе гипервентиляциясы 18. Газдық емес алкалоздың себептері (5) a) организмге бикарбонаттардың көп мөлшерде түсуі b) бүйрек арқылы бикарбонаттар шығарылуының азаюы c) толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлімен тұз қышқылын көп мөлшерде жоғалту d) ұзаққа созылған іш өту e) ішек жыланкөзі 19. Метаболизмдік алколозға тән (4) a) плазмада бикарбонаттар мөлшерінің жоғарылауы b) қанда СО2 кернеуінің теңгерулік азаюы c) бүйректе аммониогенездің әлсіреуі d) несептің титрленетін қышқылдығының төмендеуі e) жүйкелік-бұлшықеттік қозымдылықтың жоғарылауы 20. Альвеолярлық гиповентиляция дамуына әкелу мүмкін (1) A) аралас газдық және метаболизмдік алкалозға B) аралас газдық ацидозға және метаболизмдік алкалозға C) аралас газдық және метаболизмдік ацидозға D) аралас газдық алкалозға және метаболизмдік ацидозға
![]() |