![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Аралық бақылаудың сұрақтары
1. Патологиялық физиология. Жоғары медициналық білім берудегі патофизиологияның орны, оның басқа ғылымдармен байланысы. Патофизиологияның негізгі міндеттері. 2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді жүргізуінің жалпы қағидаттары. Зертханалық жануарлармен жұмыс істегендегі адамгершілік-әдептік (моральді-этикалық) аспекттер. ҚР ДС № 697, 575 бұйрықтары. Негізгі қағидалары. 3. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері:денсаулық, ауру, ауру алды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, аурудың нышандары. Аурудың жіктелу ұстанымдары. 4. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі. 5. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары. 6. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Ятрогенді аурулар туралы түсінік, әлеуметтік жайттардың, дәріханалық қызметтің және провизор жұмысының денсаулықты сақтаудағы және аурулардың пайда болуындағы маңызы. 7. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүліну деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері. 8. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру түрлері. 9. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігін анықтайтын жайттар (тұқымқуалаушылық, жас мөлшері, жынысы, жүйке, эндокрин жүйесі ж.б.). 10. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы. 11. Жастың және жыныстың реактивтіліктегі маңызы. Балалық және қарттық шақ, ер және әйел организмі реактивтілігінің ерекшеліктері. Организм реактивтілігін тікелей жоғарылататың дәрілік заттармен аурулардың алдын алу және емдеу түрінде. 12. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі. Жасушаның зақымдану түрлері. Жасушаның жедел және созылмалы зақымдануының сатылары. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары. 13. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдарлары 14. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасы бүлінуіндегі негізгі тетік ретінде МАТ әсерлену жолдары. Мембраналық фослипаза және басқа гидролаздардың әсерленуі, осмостық зақымдануы, иммундық зақымдануы. 15. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасуша ішіндегі бейімделу серпілістері. 16. «Жіті кезеңдік жауап» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жіті кезеңдік жауап» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жіті кезеңдік жауап» организм үшін маңызы. 17. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі қызу көтеріліуінің патогенезі. 18. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер, олардың патогенезі. 19. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек қызметтері) қызметтерінің өзгерістері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. 20. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік. 21. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Сілейме сатылары, әр түрлі сатыларындағы гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері. 22. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік. 23. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттарының сипаттамасы. 24. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі. Изо-, гипо-, гиперосмоляльді сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары. 25. ҚСҮ бұзылыстары туралы, жіктелуі, себептері, теңгерілу тетіктері, ацидоздар және алкалоздар кезіндегі организмдегі өзгерістер. 26. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Әртүрлі гипоксияның себептері, патогенезі. 27. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер, 28. Жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер. Гипоксиялық жағдайларды емдеудің патофизиологиялық негіздері. 29. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары. 30. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі. 31. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі. 32. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары. I және II Қантты диабет түрлерінің этиологиясы мен патогенезі 33. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі 34. Қантты диабеттің асқынуы. Макро – және микроангиопатиялардың патогенезі 35. Шеткері қанайналым бұзылыстары, түрлері. Артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, анықтамасы, патогенезі, көріністері, микроциркуляция өзгерістері, салдарлары. 36. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Артериялар мен көктамырларда қан қатпасы пайда болуының патогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары. Томбоздық жағдайларды алдын алу және емдеу жолдары. 37. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Қанайналымының үлкен және кіші шеңбері эмболиясының салдарлары.. Алдын алу және емдеу жолдары. 38. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабынудың құрамбөлшектері. Қабынудың организм үшін маңызы. 39. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация. Қабыну ошағында зат алмасу және физикалық-химиялық өзгерістер. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. 40. Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері, сипаттамасы. Жалқықтың құрамын анықтайтын жайттар. Іріңді жалқықтың құрамы мен қасиеттері. 41. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың даму жолдары (патогенезі). Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың кемістігі және оның қабынудағы маңызы. 42. Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму тетіктері. Созылмалы қабынудың даму ерекшеліктері. 43. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, сыртқы және ішкі аллергендер. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі. Сезімталдықты жоғарылату және сезімталдықты төмендету туралы түсінік, түрлері, даму тетіктері. 44. Аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммундық-кешендік, жасуша қатысуымен болатын түрлерінің этиологиясы мен патогенезі. 45. Жалған аллергиялық серпілістер, анықтамасы, шынайы аллергиялық серпілістен айырмашылығы, патогенезі. 46. Өспе туралы түсінік, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелердің биологиялық ерекшеліктері (атипиялар). Метастаздану, сатылары, патогенезі. 47. Өспелердің пайда болуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы. 48. Өспе өсуінің патогенезі (бастама, күшею, өршу сатылары). 49. Қатерлі өспенің организмге әсері. Паранеоплазиялық үрдістер туралы түсінік. Өспелік кахексияның патогенезі. Өспе өсуіне қарсы төзімділік тетіктері, (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспелерді емдеудің ұстанымдары. Жүргізу түрі: 1-кезең - тестілеу (машықтық сабақтарға арналған тест тапсырмаларын қараңыз, СӨБӨЖ және ОӘК бөлімі «Бақылау-өлшеу құралдары») 2-кезең – клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысы (сабақтарға арналған есептерді қараңыз және ОӘК бөлімі «Бақылау-өлшеу құралдары»)
![]() |