![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып «СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты: · Тәжірибелік деректер бойынша тыныстық көлем өзгерістері мен қанның газдық құрамының бұзылыстарын сараптау машықтық дағдыны қалыптастыру
Оқыту міндеттері: · эксперименттік мәліметтерді талдағанда пневмограммаларды сараптау машықтық дағдыны жетілдіру · Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру Жүргізу тәсілі: кіші топтарда жұмыс жасау: пневмограммаларды талдау, тестлеу
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: 1. тыныс алу жиілігі тереңдігі, дем алу мен дем шығару арақатынасы қалай өзгерді? 2. өзгерген тыныстың патогенезі қандай? 3. Қандай дерттік үрдістерде осындай бұзылыс дамиды?
Бастапқы пневмограмма №1 тапсырмада берілген. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс сипатының өзгерістерін көрсетіңіз және бұл бұзылыстың патогенезін сипаттаңыз. Тыныстың осындай бұзылысы қандай ауруға тән?
Бастапқы пневмограмма.
Тыныстың өзгеру сипатын суреттеңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Тыныс алу өзгерісінің патогенезі қандай? 2. Осы тыныс алу бұзылысының қандай патофизиологиялық маңызы бар? № 4 тапсырма Егеуқұйрықтың жоғарғы тыныс жолдары рецепторларын (қабылдағыштарын) мүсәтірмен тітіркендіргендегі тыныс ырғағы бұзылыстарын сипаттау Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасаңыз: 1. Жоғары тыныс жолдарын қатты тітіркендіргенде байқалатын рефлекстік өзгерістердің қандай патофизиологиялық маңызы бар? 2. Тыныстың аталмыш өзгерісінің даму тетігі қандай?
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:
Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады: 1. Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай? 2. Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді? 3. Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде? 4. Адамдағы гипервентиляцияға мысал келтіріңіз.
Патологиялық тыныстың түрі мен дамуының мүмкіндік механизмдерін көрсете отырып, тұжырым жасаңыз.
![]() |