![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау. 1. Регенерациялық ядролық солға жылжумен көрінетін нейтрофилдік
1. Регенерациялық ядролық солға жылжумен көрінетін нейтрофилдік лейкоцитоз байқалады A) физикалық жұмыста B) тамақ ішкеннен кейін C) аппендицитте D) аплазиялық анемияда E) мегалобласттық анемияда 2. Салыстымалы лимфоцитоз дамуымен қабаттасатын аурулар A) агранулоцитоз, аплазиялық анемия B) іріңді жұқпа C) туберкулез D) крупозды пневмония E) жұқпалық мононуклеоз 3. Эозинофилдік лейкоцитоз байқалады (3) A) физикалық жүктемеде B) күшейген ас қорытуда C) бронхиалдық демікпеде D) есекжемде E) Квинке ісінуінде 4.Шынайы лимфоцитоз байқалады (2) A) іріңді плевритте B) өкпе туберкулезінде C) көкжөтелде D) пневмококкты пневмонияда E) сепсисте 5. Агранулоцитоз кезінде байқалады (3) A) шынайы нейтропения B) лейкоциттік формуланың оңға жылжуы C) салыстырмалы лимфоцитоз D) лейкоциттік формуланың солға жылжуы E) салыстырмалы лимфоцитопения 6. Агранулоцитоз жиі қабылдағанда байқалады A) пенициллин қатарының антибиотиктерін B) стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды C) витаминдік препараттарды D) гормоналдық препараттарды E) тағамдық қосындыларды 7. Солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз байқалады (3) A) бөліктік пневмонияда B) іріңді баспада C) флегмонада D) есекжемде E) жұқпалық мононуклеозда 8. Лейкоздың этиологиясында маңыздылары (4) A) вирустар B) иондағыш радиациялар C) химиялық канцерогендер D) стрептококктар мен стафилококктар E) тектік ақаулар 9. Лейкоздың патогенезінде маңыздылары (4) A) онкогендердің әсерленуі B) антионкогендердің әсерсізденуі C) 11 және 111 сыныптағы қан өндіретін жасушалардың тектік мутациясы D) апоптоз гендерінің әсерленуі E) антиапоптоздық гендерінің әсерленуі 10. Созылмалы лейкозға тән A) күтпеген жерден басталуы B) лейкемиялық үңгір C) аса ауыр және тез өтуі D) лейкоздық жасушалардың нақтылану және жетілу қабілетінің сақталуы E) бластық жасушалардың шеткері қанда көп болуы 11. Лейкемиялық үңгір тән A) жіті миелолейкозға B) созылмалы миелолейкозға C) созылмалы лимфолейкозға D) созылмалы миелозға E) созылмалы моноциттік лейкозға 12. Лейкоциттік өрнекте 90%-ға дейін жетілген лимфоциттер мен бірен-саран лимфобластардың болуы байқалады A) жіті миелолейкозда B) созылмалы миелолейкозда C) жіті лимфолейкозда D) созылмалы лимфолейкозда E) моноциттік лейкозда 13. Балалық жаста жиірек кездесетіні A) созылмалы миелолейкоз B) созылмалы лимфолейкоз C) жіті лимфобластық лейкоз D) жіті миелолейкоз E) лимфогрануломатоз Таратылатын материал: Ситуациялық есептер, тест тапсырмалары
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 333 - 339 2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 370-383 . 3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 318-325 4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2012.- С.63-97 5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 93-107 Қосымша: 6. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 280-294 7. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 123-145; 335-349. 8. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с. БАҚЫЛАУ
Тақырып. «ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Сабақтың мақсаты: · Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру · Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын жетілдіру Оқытудың міндеттері: · Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру · Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын жетілдіру Жүргізу тәсілі: кіші топтарда жұмыс жасау: кейс-стади, тестлеу Тақырып бойынша тапсырмалар Тапсырма. Кейс-стади
№1 есеп. Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық зерттеулер: Қалыпты тромбиндік және протромбиндік ұю уақытында қан ұю уақыты және белсенді парциалды тромбопластиндік уақыты күрт ұзарған. Қан плазмасында IX Фактор – 1% 1. Аталмыш науқаста қандай қан ауруы туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз. 2. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз № 2 есеп. Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады. Зертханалық тексерулер: Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген. Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5% 1. Диагноз қойыңыз 2. Байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз. № 3 есеп. Науқас Р., 17 жаста, бірнеше бұрын пайда болған мұрыннан қан кету шағымдарымен дәрігерге қаралды. Туыстарында қан кету байқалмайды. Бас ауыруына байланысты бірнеше күн бойы науқастың аспирин қабылдағаны анамнезден анықталды. Тексеру кезінде: терісі бозарған, құрғақ. Артериалдық қысымы 110/70 мм сын.бағ., пульсі минутына 90 рет. Бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері үлкеймеген. Қан талдауы: Эритроциттер - 3,5х1012 /л; Гемоглобин - 100г /л.; Т.К. - 0,86, ретикулоциттер 1% Тромбоциттер - 260х109/л; Лейкоциттер - 4,0х109/л; Лейкоциттік өрнек: Эозинофилдер - 2%; Базофилдер -1%; Нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролы - 2%; сегмент ядролы - 58%; Лимфоциттер - 30%; Моноциттер - 7% , ЭТЭ-8 мм/сағ Қан ұю уақыты 8 мин; қансырау ұзақтығы - 5мин (N- 2-4 мин); Тромбоциттердің агрегациясы АДФ – 50% (N- 78-100%); адреналинмен – 65% (N – 78-100%), а Құрамындағы түйіршіктерді босату реакциясы қалыпты. 1.Аталмыш науқаста геморрагиялық синдромның болуы немен байланысты болуы мүмкін? 2. Науқасты емдеудің тактикасы қандай?
![]() |