Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау. 1Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері бола алады (3)





1Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері бола алады (3)

A) үлкен қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

B) кіші қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

C) жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркты

D) өкпе артериясын қақпақшаларының тарылуы

E) пневмосклероз

2. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән (4)

A) іш шемені

B) күре тамырлардың ісінуі

C) аяқ ісінуі

D) гепатомегалия

E) өкпе ісінуі

3. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері бола алады (3)

A) қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

B) созылмалы

C) пневмония

D) кіші қанайналымы шеңберінің гипертензиясы

E) үлкен қанайналым шеңберінің гипертензиясы

F) қолқа қақпақшасының тарылуы

4. Жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі көрінеді (3)

A) қанайналымының үлкен шеңберінде қанның веналық іркілуімен

B) күре тамырлардың ісінуімен

C) өкпенің ісінуімен

D) қан түкірумен

E) кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясымен

5. Жүректің қан көлемімен зорығуы дамуы мүмкін (3)

A) қолқа қақпақшалары тарылғанда

B) артериалық гипертензияда

C) гиперволемияда

D) альдостеронның гиперпродукциясында

E) жүрек қақпақшасының жеткіліксіздігі

6. Жүректің "кедергімен" зорығуы дамиды(3)

A) жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігінде

B) гиперволемияда

C) артериальдық гипертензияда

D) қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) өкпе артериясының тромбоэмболиясында

7. Жүрек жеткіліксіздігін теңгерудің жүректік тетіктері болып табылады (4)

A) жүрек жиырылуы күші жоғарылауының гетерометрлік тетігі

B) жүрек жиырылуы күші жоғарылауының гомеометрлік тетігі

C) миокард гипертрофиясы

D) миокардтың адренореактивтік қасиетінің жоғарылауы

E) қанда эритроциттер санының көбеюі

8. Жүрек жеткіліксіздігі теңгерілуінің жедел механизмдеріне жатады(3)

A) Франка-Старлинг механизмі

B) тахикардия

C) миокард гипертрофиясы

D) тыныс алудың жиілеуі

қан түзілу жүйесінің белсенуі 9. Жүрек гиперфункциясының апаттық сатысына тән (2)

A) гипертрофияланбаған миокардтың гиперфункциясы

B) кардиомиоциттердің гипертрофиясы

C) дәнкер тіннің өсіп-өнуі

D) миогендік дилятация

E) тоногендік дилятация

10. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің себебі (1)

A) миокард инфарктісі

B) кардиосклероз

C) жедел миокардит

D) гипертрофияланған миокардтың жедел декомпенсациясы

E) жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары

11. Коронарлық жеткіліксіздіктің себептері болу мүмкін жайттары (4)

A) тарылтатын коронаросклероз

B) қан мен миокардта адреналиннің жоғарылауы

C) коронарлық артериялардың жиырылуы

D) миокардит

E) коронарлық артериялардың тромбоэмболиясы

12. Нағыз коронарлық жеткіліксіздіктің себебі болуы мүмкін (3)

A) тарылтатын коронаросклероз

B) миокардтың оттегіге жоғары қажеттілігі

C) коронарлық тамырлардың тромбозы

D) миокардит

E) коронароспазм

13. Жүректің коронарогендік зақымдануы әкеледі (1)

A) миокардитке

B) миокард инфарктысына

C) идиопатиялық кардиомиопатияға

D) эндокардитке

E) перикардитке

14. Миокард инфарктісінің арнайы маркерлары болып табылады (2)

a) миоглобин

b) TnT и TnI тропониндері

c) АСТ, АЛТ

d) креатинфосфат

e) гиперкалиемия

15. «Көбікті жасушалар» түзілуі липидтердің жиналуына байланысты (1)

a) нейтрофилдерде

b) макрофагтарда

c) лимфоциттерде

d) эритроциттерде

e) эндотелиальді жасушаларда

16. Шеткері қантамырларлық кедергі мен гипертензияны жоғарылатады (3)

a) брадикинин

b) ангиотензин II

c) эндотелин

d) азот оксиді

e) адреналин

17. Шеткері қантамырлық кедергі мен гиптензияны төмендетеді (3)

a) катехоламиндер

b) простагландиндер

c) ангиотензин II

d) брадикинин

e) азот оксиді

18. Артериялық гипертензияның патогенездік еміне жататын тағайындау (3)

a) АПФ ингибиторы

b) ауыру сезімін басатын дәрілік заттар

c) зәр айдайтын заттар

d) бета-адреноблокаторлар

e) антигистаминдік заттар

19. Дәрі-дәрмекті қабылдағаннан соң науқаста артериялық қысым жоғарылады, ал қан ағымына жалпы шеткері кедергі төмендеді. Мүмкін, бұл дәрі туындатты (1)

a) вазоконстрикцияны және ҚМК азаюын

b) вазодилатацияны және ҚМК жоғарылауын

c) вазоконстрикцияны және ҚМК жоғарылауын

d) вазодилатацияны және ҚМК азаюын

e) вазоконстрикцияны, ҚМК өзгермеді

20. К первичной артериальной гипертензии могут привести факторы: (4)

a) жиі теріс психоэмоциялық маңызы бар стрессорлық ықпалдардан +

b) мембраналық иондық сораптар жұмысының тұқым қуалайтын ақауынан

c) бүйрек артерияларының тарылтатын атеросклерозында

d) симпатоадреналдық жүйесінің гиперергиясы

e) тұзды артық пайдаланудан

21. Артериялық гипертензия дамуының тетіктері болуы мүмкін: (4)

a) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі

b) калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

c) глюкокортикостероидтардың артық өндірілуі

d) минералокортикостероидтардың артық өндірілуі

e) бүйректің зәр бөлу қызметінің төмендеуі

22. Алғашқы артериялық гипертензияға тән (1)

A) артериолалар межеқуатының тұрақты жоғарылауы

B) бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі

C) ренин өндірілуінің төмендеуі

D) азот оксиді секрециясының жоғарылауы

E) гиповолемия

23. Алғашқы артериялық гипертензияның тұрақтану кезеңіне тән (1)

A) азот тотығының көп өндірілуі

B) бүйрекпен ренин сөлденісінің жоғарылауы

C) калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

D) ренин тежегіштерінің көп бөлінуі

E) бүйрекпен простагландиндер Е1 және Е2 өндірілуінің жоғарылауы

24. Әйгіленімдік артериялық гипертензиялардың арасында аса жиі кез-

десетіні (1)

A) эндокриндік

B) бүйректік

C) орталық нейрогендік

D) рефлекстік нейрогендік

E) қанайналымдық

25. Реноваскулалық бүйректік гипертензияның патогенезінде маңызы бар (1)

A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

B) бүйрек паренхимасының төмендеуі

C) бүйректе депрессорлық заттар өндірілуі азаюының

D) бүйректік кининдер сөлденісі жоғарылауының

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі азаюының

26. Реноұлпалық артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар (1)

A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

B) В) эритропоэтин сөлденісі төмендеуінің

C) бүйректе судың кері сіңірілуі жоғарылауының

D) бүйректік кининдер, простагландиндер сөлденісі азаюының

E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі жоғарылауыны


 

Таратылатын материал: кестелер, ситуациялық есептер, тест тапсырмалары

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 471-482

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 460 - 471.

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т. – 2012.-С. 148-247.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С 388-446.

5. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 342-371,

6. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 120-126.

Қосымша

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-151, 162-168.

8. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 398-421

9. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 294-322, 360-383

 

БАҚЫЛАУ

· Кестелердің толтыруын тексеру

· Ситуациялық есептердің қорытындыларын тексеру

· Тест тапсырмалардың орындауын тексеру


№ 11 Тақырып: АНЕМИЯЛАР ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· Анемиялар бойынша ситуациялық есептерді шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқытудың міндеттері:

· Қан патологиясымен науқастардың клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

 

Жүргізу тәсілі: аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, тестілеу

 

Тақырып бойынша тапсырмалар

 

Тапсырма. Кейс-стади.

1 есеп. 14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздікке, бас айналу, дене қызымының көтерілуіне, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:

гемаглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%;

тромбоцит - 28 х109 ; лейкоцит -1,5 х109/л;

нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%

эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.

Қызыл сүйек кемігі: қызыл сүйек кемігінің айқын босап қалғандығы және аздаған қантүзу ошақтары көрінеді.

1. анемия дамуының патогенезі қандай?

2. гематологиялық диагноз қандай обьективті мәліметті тұжырымдайды?

2 есеп. 38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:

гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6

ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109

нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65%

эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%

Қанның темірбайланыстыратын қабілеті жоғарылаған, ферритин деңгейі төмен.

Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.

  1. науқаста қандай анемия дамыған?
  2. анемияның себебі қандай?

3 есеп. 22 жастағы науқас М. , ауруханаға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағысы, тыныштықтағы ентігу, денесінде қанқұйылу ошақтарының пайда болғандығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісінің бозғылттығы, бетінің ісіңкілігі, көптеген ұсақ нүктелі және дақты қанқұйылулар анықталдыбауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Қан талданымы:

гемоглобин – 50 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 1,0

ретикулоциттер – 0%; тромбоциттер - 26 х109/л; лейкоциттер - 1,4 х109

нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролы -1%; сегментоядролылар- 17%

эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 79%; моноциттер – 3%

ЭШЖ - 41 мм/сағ. Қанда темір мен билирубиннің мөлшері қалыпты.

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, нейтрофилдердің улы түйіршіктенуі. Сүйек кемігін тексергенде гемобластоз белгілері анықталған жоқ.

  1. Науқаста анемияның қай түрі?
  2. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

4 есеп.Науқас В., 32 жаста, ауруханаға қатты әлсіздік, денесінің қалтырауымен қабаттасқан қызымының көтерілуі, белінің ауыруы, тыныштықтағы ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағысына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісі мен көзінің ақ қабығының сарғыштанғаны, сипағанда көкбауырының ұлғайғаны мен ауыратындығы анықталды.

Қан талданымы:

гемоглобин – 40 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,8

ретикулоциттер – 28%; тромбоциттер - 180 х109/л; лейкоциттер – 14,5 х109

нейтрофилдер: метамиелоциттер -2%; таяқша ядролы -11%; сегментоядролылар -58% эозинофилдер - 4%; базофилдер – 1%; лимфоциттер – 17%; моноциттер – 3%

ЭШЖ - 40 мм/сағ

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, полихроматофилия, нормобластар.

Қанда тура емес (бос, коньюгацияланбаған) билирубиннің мөлшері артпаған. Эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеген.

  1. Науқастағы анемияның мүмкіндік себебі қандай?
  2. Бұл қандай анемия?

5 есеп.2 жылдан соң асқазан резекциясынан кейін науқас Н., 40 жаста, өзін әлсіз сезінді, басы айналды, тілінде күйдіру сезімі, алақандарында «құмырсқа жүргендей» жағымсыз сезімдер, іш өтулер пайда болды. Қан талдауында байқалады: гемоглобин –65 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түсті көрсеткіш – 1,3 ретикулоциттер – 0,1%; тромбоциттер - 130 х109/л; лейкоциттер – 3,0 х109

нейтрофилдер: метамиелоциттер -0%; таяқша ядролы -0%; сегмент ядролы-58% эозинофилдер – 0%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 37%; моноциттер – 5% ЭТЖ - 30 мм/сағ. Қан жағындысында мегалоциттер, үлкейген гиперсегменттелген нейтрофилдер байқалды.

1.Қандағы өзгерістерді талдаңыз

2. Осы өзгерістердің этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.



Просмотров 2255

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!