Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ТАҚЫРЫП «ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАБЫНУ.» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау, сөзжұмбақты шешу машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

· Шеткері қанайналымы бұзылыстары мен қабыну кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Жүргізу тәсілі: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу

 

Тақырып бойынша тапсырмалар

 

№1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

№ 1 есеп. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».

1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады? Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

2. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

 

№ 2 есеп. Жүрек жеткіліксіздігімен жапа шегетін науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

№ 3 есеп. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

1. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?

2. Шеткері қанайналымының осы бұзылысының себебі не?

3. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

4. Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?

№ 4 есеп.Іш қуысында жиналған сұйықтықты ажыратып диагноздау үшін пункция жасалынды. Ашық сары түсті мөлдір сұйықтық алынды. Нәруыз мөлшері 1,5%, біріндеген эпителий жасушалары және біріндеген лейкоциттер көру аймағынды, рН 7,4.

1. Алынған сұйықтық қалай аталады және туындау себебі не?

2. Қабыну белгілеру бар ма?

 

№ 5 есеп. Науқас К., 20 жаста, жұтынғандағы ауыру сезіміне, басының ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің төмендегеніне, дене қызымы 38,8◦С-қа көтерілетіндігіне шағымданады. Көмейінен жағынды алып бактериологиялық тексергенде β-гемолиздік стрептококк анықталды.

1. Науқаста қандай үрдіс дамыды?

2. Жалпы және жергілікті көріністерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

3. Науқасқа қандай этиотропты және патогенездік ем қолдануға болады?

 

№ 6 есеп. Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

1. Қай қоян өлді және не себепті? Жауапты негіздеңіз.

 

Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау

Тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ

Тігінен:

1.Бронхтың қабынуы

2. Қабыну медиаторлары арахидон қышқылының циклооксигеназды жолмен тотығу өнімдері-

3. еттің қабынуы

4. Калликреин –кинин жүйесі белсенділігінде гуморалды жолмен түзілетін медиаторлар

5.Негізінен жасуша элементіөсіп-өсуіне байланысты қабыну құрылымы (компоненті)

6. Мес жасушаларының дегрануляциясында пайда болатын қабыну медиаторы

7. Лейкоциттердің эндотелимен әлсіз байланыста болуын қамтамасыз ететін молекулалар тобы (жанұясы)

8. Қабыну ошағына қан тамырынан лейкоциттердің шығуы

9. Қабыну ошағына нәруыздармен бірге қан сұйығының шығуы

10. Қалқанша бездің қабынуы

11. Тіс жетінің қабынуы

12. Пролиферация тежегіштер

13. Бүйректің қабынуы

 

 

Көлденеңінен:

1.Плевраның қабынуы

2. Өкпенің қабынуы

3. Қабыну ошағына алғаш шығатын лейкоциттер

4. Бронхылардың қабынуы

5. Артерияның қабырғасының қабынуы

6. Қол саусақтарының қабынуы

7. Лейкоциттердің эндотелий қабырңасына берік жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулалар

8. Жүрек етінің қабынуы

9. Арахидон қышқылынан түзелетін (шығуын) қабыну медиаторлар тобы

10. Жедел қабынудағы қан тамыр өзгерістерінің бірінші сатысы

11. Тілдің қабынуы

12. Қабынудың қан тамырлық өзгерістерінің реакциясының соңғы сатысы

13. Жасуша дәнекер тіндер, жүйке тармағының аяқтарының зақымдануы негізінде дамитын қабыну компоненті

14. Қабынудағы стаздың бірінші сатысы

15. Қабынудағы физика –химиялық өзгерістер

16. Жасуша өнімі ретінде жаңадан (de Novo) синтезделетін (түзелетін) қабыну метиаторлары 17.Арахидон қышқылының негізінен липоокситеназды жолмен тотығуынан пайда болатын қабыну метиаторлары

18. Жүйке қабынуы

19. созылмалы қабынудың негізгі жасушалары-

20. Мұрының ішкі қабатының қабынуы

21. Қуықтың қабынуы

 

Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ, ақпараттар жинағы.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-222

3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С.498-516. 2 том С. 404-498

4. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С.498-516. 2 том С. 404-498

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-45

Қосымша:

6. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 62-76, 120-136

7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 87-92, 101-117.

8. Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 214-351

 

БАҚЫЛАУ

  • Ситуациялық есептер қорытындысын тексеру
  • Тест тапсырмалардың орындауын тексеру
  • Сөзжұмбақтың орындалуын тексеру


Нұсқа

1. Асептикалық қабыну дамуы мүмкін (3)

A) аяқ-қолдың ашық сынуында

B) тіннің ишемиялық өлеттенуі

C) қан құйылғанда

D) сіңір және тарамыс созылғанда

E) отадан кейінгі жағдайлар

2. Салдарлық әлтерация дамиды (4)

A) қабыну дәнекерлерінің әсерінен

B) қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістерден

C) флогогендік жайттың әсерінен

D) микроциркуляция бұзылыстарынан

E) қабыну ошағындағы зат алмасуы бұзылысынан

3. Қабыну ошағында физикалық-химиялық өзгерістерге жатады (4)

A) кәлий иондары мөлшерінің жоғарылауы

B) алкалоз

C) осмостық қысымның жоғарылауы

D) онкотикалық қысымның жоғарылауы

E) ацидоз

4. Қабынудың жасушалық дәнекерлеріне жатады (3)

A) гистамин

B) брадикинин және басқа белсенді кининдер

C) простагландиндер

D) лизосомальдық ферменттеы

E) комплемент жүйесінің нәруыздары

5. Қабыну ошағында микроциркуляциялық өзгеріс сатыларының дұрыс бірізділігі (1)

A) ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз

B) артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз

C) артериялық гиперемия, ишемия, веналық гиперемия, стаз

D) ишемия, артериялық гиперемия, стаз, веналық гиперемия

E) ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз.

6. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырысыртылық жайттары (2)

A) ұсақ қан қатпарлары түзілуі

B) қан ағымы жылдамдығының баяулауы

C) эндотелийдің ісінуі

D) қылтамырлар мен венулалар қабырғасының айналасындағы дәнекер тіндік талшықтардың бүлінуі

E) экссудат және жасушалық сіңбелермен венулалардың қысылуы

7. Экссудацияның патогенезіне қатысады(3)

A) қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жғарылауы

B) қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы

C) қабыну ошағындағы гиперосмия және гиперонкия

D) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

E) тінде онкотикалық қысымының төмендеуі

8. Іріңді экссудатқа тән (4)

A) көп мөлшерде іріңді денешіктердің болуы

B) өлген және бүлінген нейтрофилдердің аз болуы

C) жоғары протеолиздік белсенділік

D) көбінесе кокктармен туындатылады

E) жіті қабыну кезінде дамиды

9. Қабыну кезінде лейкоциттер эмиграциясы сатыларының бірізділігі (1)

A) лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы – лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы – лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы

B) лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы - лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы – лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы

C) лейкоциттердің қан тамырлары эндотелийін жағалап тұруы - лейкоциттердің қан тамырларының қабырғасы арқылы шығуы - лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы

10. Фагоцитоз жеткіліксіздігі ақауларына байланысты (4)

A) лейкоциттердің усақ өзекшелік жүйесінің

B) лейкоциттердің жиырылғыштық құралының

C) адгезиялы молекулалардың

D) тотығулық фосфорлану фермнттерінің

E) бактерицидтік жүйе ферменттерінің

11. Сәйкестікті тап:

1. Домбығу

2. Жергілікті температураның жоғарылауы

3. Қызару

4. Ауыру

5. Қызметтің бұзылуы

A) Functio laesa 5

B) Tumor 1

C) Rubor 3

D) Calor 2

E) Dolor 4

12. Созылмалы қабынудың патогенезінде маңызы бар (4)

A) тіндерде бактериялардың ұзақ болуының

B) фагоцитоз жеткіліксіздігінің

C) иммундық жүйенің тұрақты түрткіленуінің

D) макрофагтар мен лимфоциттердің жоғары дәрежедегі бірігуінің

E) цитокиндер өндірілуі азаюының

13. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі (1)

A) ағза немесе тінде тотығу-тотықсыздану үрдістері қарқындылығының

B) жоғарылауы

C) артериолалардың кеңеюі

D) ағза немесе тін қызметінің жоғарылауы

E) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

F) қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі

14. Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляция өзгерістеріне тән (4)

A) қан тамырларының көлденең қимасы ауданының азаюы

B) қан ағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауы

C) веналық қанның артериализациялануы

D) қылтамырішілік қысымның жоғарылауы

E) қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі

15. Артериялық гиперемияның жағымсыз салдарлары (2)

A) зат алмасудың белсенділенуі

B) ағза қызметінің жоғарылауы

C) қан тамырлары жыртылуынан қан құйылуы

D) инфекциялық үрдістің жайылуы

E) тіндер дистрофиясы

16. Веналық гиперемия кезінде микроциркуляция сипатталады (3)

A) қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен

B) қанағымының сызықтық жылдамдығының азаюымен

C) қанағымының көлемдік жылдамдығының азаюымен

D) қанағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауымен

E) тіндік сұйықтың түзілуі жоғарылауымен

17. Қанның веналық ұзақ іркілуінің салдары (2)

A) тін қоректенуінің жақсаруы

B) ұлпалық жасушалардың семуі және дәнекер тіннің өсіп-өнуі

C) ағза қызметінің күшеюі

D) жұқпаның таралуы

E) бауыр беріштенуінің дамуы

18. Қанайналымының, үлкен шеңбері артерияларында түзілген эмболдардың қанмен айналып жүруі әкеледі (3)

A) мый қан тамырларының эмболиясына

B) өкпе артерияларының эмболиясына

C) қақпалық гипертензияға

D) бүйрек қан тамырларының эмболиясына

E) ішек қан тамырларының эмболиясына

19. Аяқтың терең көктамырлары тромбозының салдарлары (1)

A) мый артерияларының эмболиясы

B) өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

C) қақпа көктамырлық гипертензия

D) бүйрек қан тамырларының эмболиясы

E) ішек қан тамырларының эмболиясы

20. Газдық эмболияның себебі (1)

A) ірі артериялардың зақымдануы

B) ірі көктамырлардың зақымдануы

C) ұсақ артериялардың зақымдануы

D) барометрлік қысымның тез төмендеуі

E) барометрлік қысымның жоғарылауы

 

 


2 Нұсқа

1. Қабыну құрамбөліктеріне жатады (1)

A) домбығу, қызару, қызметтің бұзылуы

B) жергілікті температураның жоғарылауы, ауыру

C) артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз

A) ацидоз, гиперосмия, гиперонкия

D) әлтерация, экссудация мен лейкоциттердің эмиграциясы бар қанайналымының бұзылуы, пролиферация

2. Қабыну ошағында зат алмасуы сипатталады (3)

A) зат алмасудың аяғына дейін тотықпаған өнімдерінің жиналуымен

B) тыныстық коэффициенттің төмендеуімен

C) анаэробтық гликолиздің белсенділенуімен

D) тыныстық коэффициенттің жоғарылауымен

E) тотығулық фосфорлану үрдістерінің күшеюімен

3. Қабынудың гуморалдық дәнекерлеріне жатады (3)

A) гистамин

B) брадикинин және басқа белсенді кининдер

C) оттегінің белсенді радикалдары

D) комплемент жүйесінің нәруыздары

E) қан жүйесінің ұйытатын нәруыздары

4. Қабыну кезінде қанайналымы мен микроциркуляция

бұзылыстарының негізгі және өте ұзақ сатысы (1)

A) артериялық гиперемия

B) артериолалардың тарылуы

C) қанағымының жергілікті тоқтауы

D) веналық гиперемия

E) стаз

5. Конгейм тәжірибесінде бақаның аш ішегінің шажырқайында артериолалардың айқын кеңеюі, қызмет атқаратын қылтамырлардың саны көбеюі, қанағымының жылдамдауы байқалды. Бұл өзгерістер тән (1)

A) ишемияға

B) артериялық гиперемияға

C) веналық гиперемияға

D) стазға

E) стаз алдық жағдайға

 

6. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі едәуір жоғарылағанда дамитын экссудат түрі (2)

A) іріңді

B) сірлі

C) қанды

D) фибринді

E) шірікті

7. Фибриндік экссудатқа тән (4)

A) фибрин мөлшерінің жоғары болуы

B) қан тамырлары өткізгіштігінің едәуір жоғарылауы

C) ауыз қуысы, бронхылар, асқазан, ішектің шырышты қабығында дамиды

D) тек созылмалы қабыну кезінде пайда болады

E) дизентерия, дифтерия кезінде пайда болады

8. Қабыну ошағында лейкоциттердің бағытталған қозғалысы

байланысты (4)

A) хемотаксистік түрткіленуге

B) лейкоциттердің жиырылулық құралының белсенділенуіне

C) тиксотроптық құбылысқа(гелдің золға қайтымды ауысуы)

D) гликолиздің белсенділенуіне

E) липолиздің белсенділенуіне

9. Пролиферацияны тежеушілер (2)

A) адгезиялық молекулалар

B) соматотропин

C) өсу жайты

D) өспелердің тіршілігін жоятын жайт

E) интерлейкин - 1

10. Қабынудың жалпы көріністері (4)

A) ауыру

B) домбығу

C) уыттану әйгіленімдері

D) ЭТЖ жоғарылауы

E) қызба

F) лейкоцитоз

11. Созылмалы қабынуға тән (3)

A) макрофагтардың маңызы жоғары

B) нейтрофилдердің маңызы жоғары

C) пролиферациялық үрдістер айқын

D) беріштену үрдісімен аяқталады

E) зақымданған тіннің қалпына келуімен аяқталады

 

 

12. Қабынудың этиотроптық емі(3)

A) қабыну ошағында микроциркуляцияны қалпына келтіру

B) қабыну дәнекерлерінің әсерін төмендету

C) микробқа қарсы дәрілерді белгілеу

D) организмнің төзімділігін жоғарылату

E) зақымданған тіндерді кесіп алып тастау

13. Артериялық гиперемия кезінде байқалады (3)

A) көгеру

B) тіндер тығыздығының жоғарылауы

C) ісіну

D) қызару

E) тін немесе ағза температурасының жоғарылауы

14. Веналық гиперемияның себептері болып табылады (3)

A) артериосклероз

B) веналар тромбозы

C) үлкен көктамырларда қысымның жоғарылауы

D) жүрек жеткіліксіздігі

E) артерия тамырларының тромбозы

15. Веналық гиперемияның сыртқы белгілері (3)

A) тін немесе ағза температурасының төмендеуі

B) көгеру

C) ағза көлемінің жоғарылауы

D) бозару

E) ауыру

16. Ишемия дамуына әкеледі ( 3)

A) көктамырдың өспемен қысылуы

B) артериалардың жиырылуы

C) артериоланың қан қатпарымен бітелуі

D) артериялардың атеросклероздық өзгерістері

E) артерияның өспемен қысылуы

17. Ишемия аймағында пайда болады (4)

A) өліеттену

B) ацидоз

C) қызметтің әлсіреуі

D) қызметтің күшеюі

E) жасушалар цитоплазмасында Са++ иондарының жиналуы

18. Нағыз қылтамырлық стаз кезінде эритроциттердің агрегациясына септеседі (4)

A) қанда ірі шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы

B) плазмада ұсақ шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы

C) эритроциттердің беткейлік зарядының төмендеуі

D) глобулиндер мөлшерінің ұлғаюы

E) қан қоюлануы

19. Ауалық эмболия, жарақатында, дамуы мүмкін (2)

A) сан көктамырының

B) тақым көктамырының

C) бұғана асты көктамырының

D) қақпа көктамырының

E) күре тамырдың

20. Майлық эмболия дамуы мүмкін

A) түтікті сүйектердің сынуында

B) омыртқаның сынуында

C) май тінінің еруінде

D) қатерлі өспелердің жайылуында

E) майлы ерітінділерді вена арқылы енгізгенде


ТАҚЫРЫП «ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ: ЖІТІ КЕЗЕҢДІК ЖАУАП. ҚЫЗБА» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

· Ситуациялық есептерді шығару машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда, ситуациялық есептерді шығарғанда теориялық білімді қолдануды үйрену

· Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру

Жүргізу тәсілі: аз топта жұмыс жасау, кейс-стади, даралық жұмыс: тест тапсырмалары

Тақырып бойынша тапсырмалар



Просмотров 2941

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!