![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
ТАҚЫРЫП «ӨСПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты: · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру · Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру Оқыту міндеттері: · Өспе өсу бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру · Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын жетілдіру Жүргізу тәсілі: кіші топта жұмыс жасау, сөзжұмбақ шешу, өзін-өзі бақылау Тақырып бойынша тапсырмалар . Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.
Тігінен: 1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі 2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы 3. Май тіндерінің қатерлсіз өспесі 4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі 5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген 6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын канцероген. 7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі 8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы 9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені 10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы 11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы 12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің нәтижесін ашққан ғалым 13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт 14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым Көлденеңінен: 15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген 16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп, бірақ өзі өспені туындатпайтын агент 17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын, канцерогенездің бірінші сатысы 18.Протоонкогендердің санының көбеюі 19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі 20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы 21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын хирургі 22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы 23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген ғалым 24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы 25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде дәлелдеген жапондық ғалым 26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы 27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы 28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген 29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс 30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы 31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын туындатуға қабілетті жайт 32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні \
2 ТапсырмаТесттік тапсырмаларды орындау
Таратылатын материал: ситуациялық есептер, тесттер.
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385. 2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243. 3. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, С. 780-838 4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 222-251 5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 780-838 6. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 77-79 Қосымша 7. Патология Учебник для студентов фармацевтических факультетов медицинских вузов// под ред. В.П.Куликова, В.М. Брюханова - Барнаул, 2007.-С. 164-184 8. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-131 9. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с БАҚЫЛАУ Сөзжұмбақты шешу
Нұсқа 1. Кез-келген жаңа түзілімге тән алғашқы, негізгі белгі (1) a) инвазиялық өсу b) организмге жүйелі әсері c) метастазалану d) бақыланбайтын өсу e) кахексия 2. Өспенің тіндік атипиясына тән (4) a) тіндік бөлшектердің түрі, мөлшері және орналасуының өзгеруі b) тірек және ұлпа қатынасының өзгеруі c) жүйке және қан тамырларының дегенерациялық өзгерістері d) ядролық-цитоплазмалық қатынастың жоғарылауы e) цитоплазмада рибосомалар санының көбеюі 3. Өспе жасушаларының көмірсу алмасуының ерекшеліктеріне жатады (4) a) Пастер әсерінің әлсіреуі (оттегі және тіндік тыныстың анаэробтық гликолизді тежей алмауы) b) Варбург әсері (анаэробтық гликолиздің күшеюі c) ұрықтық арнайы антигендердің түзілуі d) тіндік тыныстың анаэробтық гликолизден басым болуы e) өспе жасушаларының глюкозаны қамтуының күшеюі 4. Өспе жасушаларының антигендік атипиясына жатады (4) a) тінарнайылық антигендердің азаюы b) антигендік реверсия c) антигендік дивергенция d) Пастер әсерінің әлсіреуі e) ұрықарнайылық антигендердің түзілуі 5. Қатерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық) өсуінің патогенезінде маңызы бар (4) a) өспе жасушалары арасында жабысу күші төмендеуінің b) өспе жасушаларының жоғары қозғалғыштығының c) өспе жасушаларының гидролиздік ферменттерді бөліп шығаруының d) өспе жасушаларының жүйкелік – ішкі сөлденістік реттелуі бұзылуының e) кейлондар түзілуі жоғарылауының
6. Қатерлі өспелердің метастазалануының патогенезінде маңызы бар (4) a) инфилтрациялық өсуінің b) ангиогенез күшеюінің c) өспе жасушаларының белсенді қозғалуының d) өспе жасушаларының жоғары протеолиздік белсенділігінің e) түйіспелік тежелудің деңгейі жоғарылауының 7. Көпоралымды хошиісті көмірсутектер (4) a) жергілікті әсерге ие b) ағзаға үйірлігі бар c) организмге енгізгенде өспені өзі жиналған ағзаларда ғана туындатады d) табиғатта кеңінен таралған e) пайдаланылған газдар, битум, асфальт, темекі түтіні және шайырында, қатты қыздырылған май, ысталған өнімдерде болады 8. Инициация сатысына тән (3) a) онкогендердің белсенділенуі b) антионкогендердің әсерсізденуі c) апоптоз тектерінің белсенділенуі d) протоонкогендердің әсерсізденуі e) ДНҚ репарациясы тектері қызметінің бұзылуы 9. Антионкогендер: (2) a) ras b) myc c) bcl-2 d) р 53 e) Rb 10. Антибластомдық төзімділік жүзеге асады (4) a) антиканцерогендік тетіктермен b) антитрансформациялық тетіктермен c) жасушаларға қарсы тетіктермен d) ras – тектермен e) р 53 тектермен
Нұсқа 1. Кез-келген жаңа түзілімге тән алғашқы, негізгі белгі (1) A) инвазиялық өсу B) организмге жүйелі әсері C) метастазалану D) бақыланбайтын өсу E) кахексия 2. Өспенің тіндік атипиясына тән (4) A) тіндік бөлшектердің түрі, мөлшері және орналасуының өзгеруі B) тірек және ұлпа қатынасының өзгеруі C) жүйке және қан тамырларының дегенерациялық өзгерістері D) ядролық-цитоплазмалық қатынастың жоғарылауы E) цитоплазмада рибосомалар санының көбеюі 3. Өспе жасушаларының көмірсу алмасуының ерекшеліктеріне жатады (4) a) Пастер әсерінің әлсіреуі (оттегі және тіндік тыныстың анаэробтық гликолизді тежей алмауы) b) Варбург әсері (анаэробтық гликолиздің күшеюі c) ұрықтық арнайы антигендердің түзілуі d) тіндік тыныстың анаэробтық гликолизден басым болуы e) өспе жасушаларының глюкозаны қамтуының күшеюі 4. Өспе жасушаларының антигендік атипиясына жатады (4) A) тінарнайылық антигендердің азаюы B) антигендік реверсия C) антигендік дивергенция D) Пастер әсерінің әлсіреуі E) ұрықарнайылық антигендердің түзілуі 5. Қатерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық) өсуінің патогенезінде маңызы бар (4) A) өспе жасушалары арасында жабысу күші төмендеуінің B) өспе жасушаларының жоғары қозғалғыштығының C) өспе жасушаларының гидролиздік ферменттерді бөліп шығаруының D) өспе жасушаларының жүйкелік – ішкі сөлденістік реттелуі бұзылуының E) кейлондар түзілуі жоғарылауының 6. Қатерлі өспелердің метастазалануының патогенезінде маңызы бар (4) A) инфилтрациялық өсуінің B) ангиогенез күшеюінің C) өспе жасушаларының белсенді қозғалуының D) өспе жасушаларының жоғары протеолиздік белсенділігінің E) түйіспелік тежелудің деңгейі жоғарылауының 7. Көпоралымды хошиісті көмірсутектер (4) A) жергілікті әсерге ие B) ағзаға үйірлігі бар C) организмге енгізгенде өспені өзі жиналған ағзаларда ғана туындатады D) табиғатта кеңінен таралған E) пайдаланылған газдар, битум, асфальт, темекі түтіні және шайырында, қатты қыздырылған май, ысталған өнімдерде болады 8. Инициация сатысына тән (3) A) онкогендердің белсенділенуі B) антионкогендердің әсерсізденуі C) апоптоз тектерінің белсенділенуі D) протоонкогендердің әсерсізденуі E) ДНҚ репарациясы тектері қызметінің бұзылуы 9. Антионкогендер: (2) A) ras B) myc C) bcl-2 D) р 53 E) Rb 10. Антибластомдық төзімділік жүзеге асады (4) A) антиканцерогендік тетіктермен B) антитрансформациялық тетіктермен C) жасушаларға қарсы тетіктермен D) ras – тектермен E) р 53 тектермен
№1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ (жалпы патофизиология) Мақсаты: · студенттердің білімін өткен аудиториялық және аудиториядан тыс материалдар бойынша тексеру · клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын бағалау · ситуациялық есептер шешу бойынша ауызша сұрауда коммуникациялық дағдысын бағалау
![]() |