![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тапсырма Тесттік тапсырмаларды орындау. 1. Гиперсаливация байқалады
1. Гиперсаливация байқалады A) сілекей бездерінің өспелері B) В) сілекей бездері түтіктерінде тас болғанда (сиалолитиаз) C) кезеген жүйке межеқуатының жоғарылауында D) кезеген жүйке межеқуатының төмендеуінде E) күшті эмоцияларда 2. Гиперсаливация әкеледі (3) A) асқазан сөлінің бейтараптануына B) гипокалияға C) көптеген тістердің тісжегісіне D) ауыз қуысында қабыну үрдістерінің дамуында E) сілекеймен тұншығуда 3. Гипосаливация байқалады A) стоматиттерде B) гельминтоздарда C) сілекей бездері түтіктерінде тас болғанда (сиалолитиаз) D) бульбарлық параличтерде E) жүктілік токсикоздарында(гестоздарда) 4. Гипосаливация қабаттасады A) ксеростомиямен B) сілекей ағумен C) птиализбен D) тері мацерациясына E) асқазан сөлінің бейтараптануына 5. Толастамайтын құсу кезінде пайда болады (2) A) гиперкалиемия B) гипернатриемия C) гипохлоремия D) метаболизмдік алкалоз E) парездер, тырыспалар 6. Асқазанның сөлі бөлінуінің себебі болуы мүмкін A) асқазанды артық парасимпатикалық түрткілеу B) асқазанды артық симпатикалық түрткілеу C) гастрин бөлінуінің жоғарылауы D) гистамин бөлінуінің жоғарылауы E) гипертрофиялық гастрит 7. Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы әкеледі (3) A) қыжылдаудың пайда болуына B) астың асқазаннан шығарылуының қиындауына C) асқазаннан түскен астың ұлтабарда өндірілетін заттармен тез бейтараптануына D) іш өтулерге E) қалтқының спазмына 8. Асқазандық ахилия – бұл A) асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы B) ішекке өттің түспеуі C) асқазан сөлінде ферменттердің көбеюі D) асқазан секрециясының іс жүзінде толық болмауы (тұз қышқылы және ферменттердің) E) аш ішекте сөл бөлінуінің болмауы 9. Гипохлоргидрияға әкеледі (2) A) гастрин өндірілуінің төмендеуі B) асқазан шырышты қабатының париеталді жасушалар санының көбеюі C) кезеген жүйке межеқуатының жоғарылауында D) атрофиялық гастрит E) гипертрофиялық гастрит 10. Асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуі әкеледі (2) A) астың 12-елі ішекке тез шығарылуына B) іш қатуларға C) іш өтулерге D) пепсин белсенділігінің жоғарылауына E) қалтқының спазмына 11. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі A) простагландиндердің белсенді бөлінуі B) шырышты қабықтың қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуі C) Helicobacter pylori D) шырыш пен бикарбонаттардың бөлінуі E) асқазан шырышты қабығының тез быстрая регенерациясы 12. Асқазанның шырышты қабығының ойық жарасына әкелуі мүмкін (2) A) аспиринді ұзақ уақыт қолдану B) гистаминнің белсенді бөлінуі C) шырышты қабықтың қанмен жеткілікті қамтамасыз етілуі D) шырышты қабықтың тез регенерациясы E) шырыш пен бикарбонаттардың бөлінуі 13. Асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабығының қорғаныс себеп шарттарына жатады (3) A) шырыш пен бикарбонаттардың бөлінуі B) простагландиндердің бөлінуі C) асқазан шырышты қабығының жақсы регенерациялануы D) асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығы E) дуодено-гастральды рефлюкс 14. Қуыстық ас қорыту белгілеріне жатады (4) A) гипорексия B) булемия C) метеоризм D) ауқымды іш өтулер E) стеаторея 15. Мәлабсорбция синдромы сипатталады A) өттің ішекке түсуінің күшеюімен B) ұйқы безінің ішкі сөлденіс қызметінің бұзылуымен C) мәлтоза сіңірілуі күшеюімен D) аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуі бұзылуымен E) асқазанда сіңірілу үрдісінің күшеюімен 16. Алғашқы мәлабсорбцияға әкеледі (2) A) лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы B) тригелазаның тұқым қуалайтын тапшылығы C) панкреатиттер D) гипохлоргидрия E) гастриттер 17. Салдарлық мәлабсорбция дамиды (3) A) глютен айырылуының тұқым қуалайтын бұзылысына (глютен ауруына) B) созылмалы панкреатитте C) лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы D) холециститте және өт шығару жолдарының дискинезиясында E) созылмалы гипоацидті гастритте 18. Мәлабсорбция көрінісіне жаиады (4) A) газдық емес алкалоз B) гиповитаминоз C) нағыз гиперпротеинемия D) қорытылмаған тағам қалдықтары бар мол нәжіс E) осмостық іш өту 19. Ұйқы безі ахилиясының көрінісі являются: (4) A) дене салмағының төмендеуі B) В12 дәруменінің тапшылығы C) стеаторея D) остеопороз E) гиперсаливация 20. Ұйқы бездік ахилияда В 12 дәруменінің тапшылығының патогенезі байланысты: A) В 12 дәруменінің R протеинмен (транскобаламин) байланысының бұзылуымен B) тағаммен В 12 дәрумені түсуінің бұзылуымен C) гастромукопротеид түзілуінің бұзылуымен D) ішекте темі сіңірілуінің бұзылуымен E) В 12 дәруменіне рецепторлардың болмауымен 21. Жедел паркреатиттің себебі болу мүмкін: (4) A) атрофиялық гастрит B) өттің 12-елі ішекке шығарылуы C) гиперкальциемия D) ішімдікті көп қолдану E) гиперлипидемия 22. Жедел панкреатите диагностикалық мәні бар фермент A) АСТ B) ЛДГ C) Сілтілік фосфатаза D) Липаза E) АЛТ 23. Жедел панкреатиттің патогенезіндегі негізгі тізбек белсенуі болып табылады я A) трипсиннің B) эластазаның C) калликреин-кинин жүйесінің D) ұю жүйесінің E) фибринолиздік жүйенің 24. Стеаторея жеткіліксіздіктің салдары болып табылады (2) A) ұйқы бездік липаза B) липопротеидлипаза C) ұйқы бездік амилаз D) трипсин E) өттің ішекке түсуі 25. Сөлденістік іш өту дамиды (2) A) қан тамырларына белсенді ішектік пептид (ТБІП) көбейгенде B) ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда C) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында D) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде E) ішектің шырышты қабығының өткізгіштігінің жоғарылауы 26. Қатты қимылдық іш өту дамиды (3) A) қан тамырларына белсенді ішектік пептид (ТБІП) өндірілуі көбейгенде B) ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда C) тітіркенген ішек синдромында D) стрессте E) гипертиреозда 27. Осмостық диарея дамиды A) ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда B) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында C) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде D) гипертиреозда E) стрессте 28 . Түйілулік (қатты қимылдық) іш қату пайда болады A) дизентерияда B) ахлоргидрияда C) гипокинезияда D) ахилияда E) асқазан сөлденісі жоғарылағанда 29. Атониялық (аз қимылдық) іш қату пайда болады (3) A) отадан соңғы кезеңдегі ішек шала салдануында B) ішек түйілуінде C) қорғасындық уыттануда D) гиперхлоргидрияда E) ішек ішіндегісінің осмостық қысымының жоғарылауы 30. Алғашқы бауыр жеткіліксізгінің себептері болуы мүмкін A) А, В, С, Д, Е гепатит вирустары және т.б. B) лейкоздар C) жүрек жеткіліксіздігі D) сілейме E) қантты диабет 31. Салдарлық бауыр жеткіліксіздігінің себептері болуы мүмкін A) хлороформ B) механикалық жарақат C) саңырауқұлақ улары D) бауыр эхинококкозы E) жүрек жеткіліксіздігі 32. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады (2) A) бауырда гликоген мөлшерінің жоғарылауымен B) гиперлактатацидемиямен және тамақтану арасында гипогликемияға бейімділікпен C) глюконеогенездің белсенділенуімен D) гликогенолиздің төмендеуімен E) гликогеногенездің белсенділенуімен 33Бауыр жеткіліксіздігі кезінде нәруыз алмасуының бұзылыстары сипатталады: (3) A) геморрагиялармен B) пальмарлық эритемамен C) ісінілемен D) газдық емес ацидозбен E) ахолиямен 34. Гемолиздік сарғыштану кезінде байқалады: (3) A) нәжіс түссізденуімен B) стеркобилин және уробилин мөлшерінің жоғарылауына байланысты қою түсті несеп C) қанда тура емес билирубин жоғарылаған D) қанда уробилин жоғарылаған E) несепте тура емес билирубин жоғарылаған 35 . Бауырлық сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі А) эритроциттердің күшейген гемолизі В) өт ағып кетуінің бұзылуы және қанда сілтілік фосфатазаның жоғарылауы A) гепатоциттердің зақымдалуы және қанда АСТ және АЛТ белсенділігінің жоғарылауы B) өт жолдарының дискинезиясы 36. Холемия әйгіленімдері дерттік әсеріне байланысты A) холестериннің B) тура емес билирубиннің C) май қышқылдарының D) өт қышқылдарының 37. Бауыр асты сарғыштанулар патогенезінің негізгі тізбегі A) гепатоциттердің зақымдануы B) сиалолитиаз C) уролитиаз D) эритроциттердің күшейген гемолизі E) өт ағып кетуінің бұзылуы 38. Ішекке өт түспеуі нәтижесінде пайда болады (4) A) А, Д, Е, К витамидері сіңірілуінің азаюы B) В тобвндағы витаминдер сіңірілуінің азаюы C) нәжістің түссізденуі D) ұйқы безі липазасы белсенділігінің төмендеуі E) қансырау Тапсырма. Сөзжұмбақ шешу. Тігінен. 1. Сарғыштану кезінде қанда жоғарылайтын биохимиялық көрсеткіш. 2. Азоттық өнім – 3. Ішекке өттің түспеуі. 4. бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қандағы биохимиялық өзгеріс. 5. Экканың тура фистуласын салғаннан кейінгі жануарлардың өлуінің себебі 6. Бауырдың қорғаныстық қызметі. 7. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі май алмасуы бұзылуының салдары. 8. Тура билирубиннен ішектерде түзілетін зат. 9. Бауырда тура емес билирубинмен байланысатын қышқыл 10. Оң жақ жүрекшеге құятын көк тамыр. 11. Стеркобилин - бұл. 12. Бауырлық команың түрі. 13. Холемия кезінде дамитын аритмия. 14. Гепатотропты у 15. Бауырға құятын ірі көк тамыр. Көлденеңінен: 1.Бауырды бүліндіретін жәндік, 2.Бауыр жеткіліксіздігі кезінде витаминдер алмасуы бұзылуының салдары. 3.Эритроциттердің ыдырауы нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі. 4.Тікелей гепатоциттердің бүлінуі нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі. 5 бауырға бүліндіруші әсер ететін дәрілік препарат. 6 Нәжіс және несеп пигменті. 7 Бауыр жеткіліксіздігінде прокоагулянттар түзілуі азаюынан дамитын құбылыс. 8 Ішекте майлар сіңірілуі бұзылуы кезінде пайда болатын симптом. 9 Ішектік у 10 Алғашқы тура фистуланы салған ғалым. 11 Тері мен кілегей қабықтардың сары түске боялуы. 12 Ішекке өт түсуінің азаюы 13 Қанда өт қышқылдарының болуы 14 бауыр жеткіліксіздігінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары 15 өт өзегінде бөгет болуынан дамитын сарғыштану түрі . 16. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі майлар алмасуының бұзылуын көрсететін зат. 17. Эритроциттер ыдырауы кезінде пайда болатын билирубин түрі. 18. Гепатотропты у.
Таратылатын материал: Ситуациялық есептер, тест тапсыпмалары, сөзжұмбақ
![]() |