![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Семинарлық (тәжірибелік, зертханалық) сабақтардың жоспары
Тақырып. Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы Қылмыстық кұқықтың қағидаларының түсінігі. Қылмыстық құқықтың қағидаларының жүйесі, жалпы құқықтық қағидаларымен өзара байланысы және оның маңызы. Өркениет пен мәдениеттің алға басуы -қылмыстық кұқық қағидаларының негізін қалыптастырушы бастама. Қазіргі зандардағы қылмыстық құқық қағидалары және оның түрлері мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық қағидаларының қылмыстық заңдарда және соттың, құқық қорғау органдарының салаларында жүзеге асырылуы. Азаматтардың қылмыстық заң алдындағы теңдік қағидасы. Қылмыс жасағаны үшін жеке жауаптылық қағидасы. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі жауаптылық қағидасы және жазаның заңға сәйкес сот үкімінен кейін қолдануы. Бір рет жасаған қылмысы үшін екі рет жазаға тартпау қылмыстық заң қағидасы. Тапсырмалар. Соттылықтың, басты сот талқылауының негізгі жағдайларының рөлін меңгеру. Қолдану тәжірибесінен мысалдарды табу, келтіру. Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивті технологияны қолдана әкелей алғанда «өрнектелген ара» әдісінің элементтерінін қолдану. «Өрнектелген ара» әдісінің элементтеріне кіретіндер: 1. Мақсатты бөлу: мақсат немесе мәтіндік материал кейбір құрамды бөліктерге немесе тақырыптарға бөлінеді. 2. Алғашқы топтар: топтың әрбір мүшесі тақырып алып, өзі оның сарапшысы болады. 3. Сарапшылық топтар: тақырыптары бірдей студенттер сарапшылық топқа жиналып тақырыптарын талдайды, оны қалай меңгеру керек, қалай жоспарлау керек, қандай түрде дәрістеу керек екендігін қарастырады. Алғашқы топтар: Студенттер өздерінін алғашқы топтарына оралып сарапшылық топтарда үйренгендерін басқаларға оқытады. 2-тақырып. Қылмыстық заң Қылмыстық заң ұғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау-қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары. Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы. Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң. Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім нормаларының құрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері. Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы. Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші. Қылмыстық заңдарды түсіндіру. Түсіндірудін түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс қолдану үшін сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы. Тақырып. Қылмыстың түсінігі Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қол сұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және оның мазмұны. Әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және тағы басқа құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы. Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда белгіленген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстарды жіктеу түсінігі. Қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретіндегі түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық. Тапсырмалар. Тағайындалуы.Миға әсер ету тұйыққа тірелген мәселелерді шешуді, қиын мәселелердің шешуін табуды кеңейтіп, жалған ойлардың ауқымын жеңеді. Ол бәсекелестерге жарысу атмосферасынан кету мүмкіндігін туғызып, бірлесе жұмыс істеу көңіл-күйін тудырады және де қарапайым да әсерлі жұмыс істей алатын мықты топты қалыптастыратын тәсіл болып табылады. Әдістемелік нұсқаулар. Миға әсер ету тобына қатысушыларға олар шешуге міндетті белгелі бір мақсат қойылады және сол мақсатты шешу жолындағы ой-тұжырымдарын бұқпай, ашық түрде, әуелі миға сыйматындай, нақты емес мәселелерді қозғайтындай ойлары болса да айтуға ұсыныстар жасалынады. Айтылған барлық ой-тұжырымдар, ұсыныстар сайыссөзден кейін бәріне көрсетілетіндей ететін үлкен тақтаға немесе үлкен парақ қағаздарға жазылады. Осы әдістің тиімділігінің ретінде көптеген басқа ой-тұжырымдардың, ұсыныстардың туындауы дәлел болады. Бұл осылай өтуі үшін айтыссөз кезінде ешқандай сын-пікір, ой-түзету деген әрекеттер болмауы тиіс. Барлық ой-тұжырымдар тек, қайталанбауы қажет, бірақ бәрі де қабылданып, жазылуы қажет. Айтыссөз біткеннен кейін жалпылау, қорытынды, бағалы ұсыныстарды іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін жоғарыда айтылған іс-тәсілдер қолданылуы мүмкін. Қорытынды жасағанда бәрінен де айтылған ұсыныстардың пайдалы жерлеріне назар аудару керек. Егер айтылған ой-тұжырым толығымен пайдалы, іске жарайтындай болмаса да, ішінде жаңа шығармашылық шешімдерге жетелейтін ой-түрткілер болуы мүмкін. Тақырып. Қылмыстың құрамы Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен қылмыс құрамының арақатынасы. Қылмыс кұрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі. Қылмыс құрамының құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының түрлері. Қылмыстық заңды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар. Тапсырмалар. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың рөлін меңгеру (Апелляциялық өндірісі). Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивтік әдістерді қолдану: Қылмыстық құрамының элементтеріне байланысты есептер құрастыру. Көрсетілген тақырыптың мәселесін оқытушы магистранттардың алдыларына қойып жеке сауалдама өткізеді.
![]() |