![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Қылмыстардың көптілігі
Қылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстардың көптілігінің нысандары. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар. Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жиынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі жеке қылмыстардан айырмашылығы. Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың қайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы қайталану. Қауіпті және аса қауіпті қайталану, олардың құқықтық сипаттамасы. Қауіпті және аса қауіпті қайталану деп тану үшін жағдайлардың болуы. Қылмыстардың қайталануының қылмыстық - құқықтық салдары. Қылмыстардың қайталануының, бірнеше рет жасалуының және жиынтығының жалпы және арнайы құқықтық салдары. Тапсырмалар. Қылмыстардың көптілігі бойынша сауалнама беру. Әдістемелік нұсқаулар. Көрсетілген тақырыптың мәселесін оқытушы магистранттардың алдыларына қойып жеке сауалдама өткізеді. Тақырып. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар Қылмыстық құқық бойынша іс - әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән - жайлардың ұғымы. Іс - әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты. Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және құқықтық тәртіпті қорғау үшін қажетті қорғанудың маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық. Аса қажеттілік. Аса қажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы. Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тәуекел деп танымаудың шарттары. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкімді орындау. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру. Тапсырмалар. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың рөлін меңгеру (Апелляциялық өндірісі). Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивтік әдістерді қолдану: Көрсетілген тақырыптың мәселесін оқытушы магистранттардың алдыларына қойып жеке сауалдама өткізеді.
Тақырып. Жаза түсінігі және мақсаттары Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай - ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ықпал етуден айырмашылығы. Мемлекеттің қылмыстылықпен күрес жүйесіндегі жазаның орны. Жаза мақсаттары. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сотталғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және арнайы ескерту. Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және жаза мақсаттарына жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі Тапсырмалар. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың рөлін меңгеру (Апелляциялық өндірісі). Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивтік әдістерді қолдану: Көрсетілген тақырыптың мәселесін оқытушы магистранттардың алдыларына қойып жеке сауалдама өткізеді.
Тақырып. Жаза жүйесі мен түрлері Жаза жүйесінің түсінігі және маңызы. Қылмыстық заңнама тарихындағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексіндегі жаза жүйесі. Қылмыстық заңнама бойынша жаза жүйесі. Негізгі және қосымша жазалар, әрі қосымша әрі негізгі жазалар түрлері. Қылмыстылықпен күресті жүзеге асыру үшін жазаның жекелеген түрлерінің маңызы және рөлі. Айыппұл қылмыстық жаза ретінде. Оны өндіріп алу тәртібі. Айыппұл мөлшері. Айыппұлды жазаның өзге түрлерімен ауыстыру. Айыппұлды төлеуден қасақана жалтарудың салдары. Тапсырмалар. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың рөлін меңгеру (Апелляциялық өндірісі). Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивтік әдістерді қолдану: Көрсетілген тақырыптың мәселесін оқытушы магистранттардың алдыларына қойып жеке сауалдама өткізеді.
Типтік есептер, есептік-графикалық, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар (жұмыстар) орындалуы бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқамалар Мазмұндамалардың тақырыптары:
![]() |