![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Бақылау жұмыстардың тақырыптары
1. Мәжбурлеу шаралары: түсінігі, маңызы, жіктелуі. 2. Сезіктіні ұстау: себептері, мақсаттары, шарттары, ұстаудың процессуалдық тәртібі және негіздері. Қамауға ұстаудың тәртібі және ұсталған адамды босатудың негіздері. 3. Бұлтартпау шараларының түрлері, олардың маңыздылығы, бұлтартпау шараларын қолдану мен тоқтатудың немесе өзгертудың процессуалдық тәртібі және негіздері. 4. Сезіктілерге қатысты бұлтартпау шараларды қолданудың ерекшеліктері. 5. Қамауға алу – бұлтартпау шарасы. Қамауға алынғанның құқықтарын қамтамасыз ету ретінде қорғаушының қатысуы. 6. Кепілді қолданудың тәртібі мен шарты. 7. Қамауға алудың мерзімі және оның ұзарту тәртібі. 8. Қылмыстық істе қаралатын азаматтық талап. 9. Мүлікті тәркілеу мен зиянды өтеудің негіздемелері, шарттары, көлемі және әдісі туралы ережелерді қолдану. 10. Сот шығындарын өндіру тәртібі. 11. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеудің түсінігі мен түрлері. 12. Сараптамалардың түсінігі мен түрлері: тағайындау мен өндірісінің тәртібі. Сарапшының қорытындысы: түрлері және бағалауы. 13. Айыпталушы: құқықтық дәрежесі, дәлел болатын нәрсесі және жауап алу тәртібі. Жала және өзін өзі көндіру. Алиби.
Курс бойынша емтихан сұрақтары 1) Қылмыстық заң ұғымы мен маңызы және оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау – қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі ретінде. Қылмыстық заңның функциялары. 2) Қылмыстық заңның заңға сәйкес нормативтік актілер алдындағы басымдылығы. 3) Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі. 4) Республикада қолданылып жүрген қылмыстық заң. 5) Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтың нормалардың түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекшк бөлім нормаларының құрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және түрлері. 6) Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың аумақтық қағидалардың әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. 7) Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың іс-әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті. Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы. 8) Қылмыстық заңның уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші. 9) Қылмыстық заңдарды түсіндіру. Түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс қолдану үшін сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы. 10) Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәні. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты. 11) Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы. Қылмыс белгілері және оның мазмұны. 12) Әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және т.б. құқық бұзушылықтардан қылмыстың айырмашылығы. 13) Қолданылып жүрген заңнамадағы қылмыстарды жіктеу және оның сипаттамасы. Қылмыстық заңда бөлінген қылмыстың әр топтарының белгілері. Қылмыстрады жіктеу түсінігі. 14) Қылмыстың әлеуметтік құбылыс ретіндегі түсінігі. Қылмыс және қылмыстылық. 15) Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі. Қылмыс пен қылмыс құрамының айырмашылығы. 16) Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі. 17) Қылмыстың құрамының құрылымы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының түрлері. 18) Қылмыстық заңды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәләдеуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар. 19) Қылмыстық құқық бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі туралы қылмыстық заң. 20) Қылмыс объектісінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстың топтық объектісі және оның Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жүйелендіруші маңызы. Қылмыстың тікелейобъектісі және оның қылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыстың объектісі және қылмыстың жәбірленушісі. 21) Көп объектілі қылмыс. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер. 22) Қылмыстың заты және оның қылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыстың объектісі мен қылмыс заты арасындағы қатынас. 23) Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері. 24) Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы әрекет. Қылмыстық-жазаланушы әрекет және әрекетсіздіктің түсінігі. Күрделі, созылмалы, жалғаспалы қылмыстар. Тойтарылмас күштің түсінігі, физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу, оның ққылмыстық – құқықтық маңызы. 25) Қылмыс салдарының түсінігі және түрлері. Қылмыстың формальді, материалды және қысқартылған құрамдары. Қылмыстың қосымша ауыр салдарлары. Қылмыс салдарының қылмыстық –құқықтық маңызы. 26) Қоғамға қауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) болған қылмыс салдары арасындағы себепті байланыс. Қажетті немесе кездейсоқ себепті байланыстар. 27) Тәсіл, орын, уақыт, жағдай, қару және қылмыс жасалған құралдар – қылмыстың объективтік жағының факультативті белгісі және оның қылмыстық – құқықтық маңызы. 28) Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің ұғымы және белгілері. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасының қылмыстық-құқықтық маңызы. 29) Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекше жағдайлардың жалпы сипаттамасы. 30) Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты. Есі дұрыс еместік және оны анықтаудың межелері. Шектелген есі дұрыстық. Есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық ауытқулардың қылмыстық жауаптылыққа әсері. Маскүнемдік жағдайдың жауаптылыққа әсері. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауруға шалдыққан тұлғалардың жауаптылығы. 31) Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы. Қылмыстың арнайы субъеткісінің түрлері. 32) Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының проблемасы. 33) Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері. 34) Кінә - қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі. Есі дұрыстық проблемасы және ерік бостандығы. Субъективтік есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың алғышарты. Кінә мазмұны және оның нысандары. Кінә нысандарының қылмыстық – құқықтық маңызы. Қылмыстық жауаптылық мүмүкін болатын абайсыз әрекеттердің заңмен шектелген аясы. 35) Қасаналық және оның нысандары. Қасаналықты интеллектуалдық және еріктілік әрекеттері. Тікелей қасақаналық. Жанама (эвентуалды) қасақаналық. Қасақаналықтың өзге түрлері. 36) Абайсыздық және оның түрлері. Қылмыстық менмендік. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы. Қылмыстық немқұрайдылық. Немқұрайдылықтың объективтік және субъективтік өлшемдері. Оқиға (казус) – қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру. 37) Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық. 38) Ниет, мақсат – қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері, олардың қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстың субъективтік жағындағы эмоционалды мезеттің маңызы. 39) Заңды және деректі қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауаптылыққа және қылмысты саралауға әсері. 40) Қылмыстық құқық бойынша іс-әрекеттің қылмыстлығын жоятын мән-жайлардың ұғымы. Іс-әрекеттің қылмыстылғын жоятын мән-жайлардың түрлері және заңды табиғаты. 41) Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың заңға сәйкестік шарттары. Тұлғаны және құқықтық тәртіпті қорғау үшін қажетті қорғанудың маңызы. Қажетті қорғану шегінен шығу. Жалған қорғану және оның құқықтық салдары. Қорғануға итермелеу. 42) Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде шегінен шығу үшін жауаптылық. 43) Аса қажеттілілк. Аса қажеттілік жағдайында зиян келтірудің заңға сәйкестік шарттары. Аса қажеттіліктің қажетті қорғанудан айырмашылығы. 44) Орынды тәуекел ету. Орынды тәуекел етудің заңға сәйкестік шарттары. Орынды тәуекел ету жөніндегі заң нормасының әлеуметтік маңызы. Орынды тәуекел деп танымаудың шарттары. 45) Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. 46) Бұйрықты немесе өкімді орындау. 47) Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру. 48) Қасақана қылмыс жасау сатыларының түсінігі және түрлері. 49) Қасақаналықты табу, оның жазалаушылығы. 50) Аяқталған қылмыстың түсінігі. Қылмыс құрамының конструкциясы және қылмыстың аяқталу сәті. 51) Аяқталған қылмыс (алдын-ала қылмыстық әрекет). Қылмыстқа дайындалғаны және оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі. 52) Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері. Дайындалудың қасақаналықты анықтаудан айырмашылығы. Қылмысқа дайындалудың жазаланушылық шектері. 53) Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері. Оқталу қылмысқа дайындалу мен аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Оқталудың түрлері. 54) Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оның белгілері. Шын өкіну, оның қылмыстан өз еркімен бас тартудан айырмашылығы және қылмыстық-құқықтық маңызы. 55) Қылмыстрадың ашу, алдын алу, жою және келтірген зардаптың орнын толтыру үшін соттар мен құқық қорғау органдарының өз еркімен бас тарту және шын өкіну туралы нормаларды қолдануы 56) Қылмысқа қатысу ұғымы. Қатысып жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің жоғарлылығы. Қатысудың субъективтік және объективтік белгілері. 57) Қатысу нысандары және оның жіктелу межелері. Қатысу нысандарының заңды сипаттамасы. Қылмысты адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу бойынша ұйымдасқан топтың және қылмыстық ьұйымның жасауы. Қатысу нысандарының қылмыстық-құқықтық маңызы. 58) Қылмыстық заң бойынша қатысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы. Орындаушының, ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің түсініктері. Жанама орындаушының түсінігі. 59) Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негізі мен шектері. Қатысудың акцессорлылығы. Қатысушылардың әрекеттерін саралау, олардың жауаптылығын және жазасын жекелеу. 60) Қылмысқа қатысушының шектен шығарушылығы. Арнайы субъектімен жасалған қылмысқа қатысу. Жүзеге аспаған қатысу үшін жауапкершілік. Қатысушылардың өз еркімен бас тартуының ерекшеліктері. 61) Қылмысқа жанасушылық ұғымы, оның нысандары және қатысудан айырмашылығы. Қылмысты жасырғаны және қылмысты хабарламағаны үшін қылмыстық жауптылық шектері мен шарттары, жағдайлары. 62) Қылмыстардың көптілігінің түсінігі және белгілері. Қылмыстың көптілігінің нысандары. 63) Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының түсінігі және оның белгілері. Қылмыстрадың бірнеше рет жасалуының түрлері. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының жалғаспалы қылмыстардан айырмашылығы. Бірнеше рет жасаған деп тануға негіз бермейтін жағдайлар. 64) Қылмыстардың жиынтығының түсінігі және белгілері. Қылмыстардың жынтығының түрлері. Қылмыстардың жиынтығының күрделі жеке қылмыстардан айырмашылығы. 65) Қылмыстардың қайталануының түсінігі және белгілері. Қылмыстың қайталануының түрлері. Жалпы, арнайы және пенитенциарлы қайталану. 66) Қауіпті және аса қауіпті қайталану, олардың құқықтық сипаттамасы. Қауіпті және аса қауіпті қайталану деп тану үшін жағдайлардың болуы. 67) Қылмыстрадың қайталануының қылмыстық – құқықтық салдары. Қылмыстардың қайталуының бірнеше рет жасалуының және жиынтығының жалпы және арнайы құқықтық салдары. 68) Қылмыстық жаза түсінігі мен мәні. Қылмыстық құқық ғылымындағы жаза теориялары. Қылмыстық жазаның тарихи өзгермелі сипаты. Жазаның әкімшілік және тәртіптік, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан және қоғамдық ықпал етуден айырмашылығы. 69) Мемлекеттің қылмыстылықпен күрес жүйесіндегі жазаның орны. 70) Жаза мақсаттары. әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Соттолғандарды түзеу. Жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру. Жалпы және арнайы ескерту. 71) Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның арттыру жөніндегі мемлекеттік және әлеуметтік шаралар. Жазаның тиімділігін арттыру және жаза мақстаттарын жетудегі сот пен құқық қорғау органдарының рөлі. 72) Жаза жүйесісінің түсінігі және маңызы. 73) Қылмыстық заңнама тарихындағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексіндегі жаза жүйесі. 74) Қылмыстық заңнама бойынша жаза жүйесі. Негізгі және қосымша жазалар, әрі қосымша әрі негізгі жазалар түрлері. 75) Қылмыстылықпен күресті жүзеге асыру үшін жазаның жекелеген түрлерінің маңызы және рөлі. 76) Айыппұл қылмыстық жаза ретінде. Оны өндіріп алу тәртібі. Айыппұл мөлшері. Айыппұл жазаның өзге түрлерімен ауыстыру. Айыппұл төлеуден қасақна жаларудың салдары. 77) Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы жазаларды тағайындау тәртібі және негіздері. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтарғаны үшін жауаптылығы. 78) Қоғамдық жұмыстарға тарту. Оның түсінігі мен мерзімдері. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалмайтын тұлғалар. 79) Түзеу жұмыстары. Осы жазаның мерзімі, мазмұны және маңызы. Бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстарын өтеуден жалтарудың салдары. 80) Әскери қызметі бойынша шектеу. Әскери қызметі бойынша мерзімдерді шектеу. 81) Бас бостандығынын шектеу. Бас бостандығынан шектеудің мерзімдері. Осы жазаны өтеудн жалтарғаны үшін жауаптылық. 82) Қамау. Қамауда ұстау мерзімдері. Қамау қолданылмайтын тұлғалар. 83) Тәртіптік әскерін бөлімде ұстау. Тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың мерзімдері. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау қолданылмайтын тұлғалар. 84) Бас бостандығынан айыру түсінігі. Қылмыстық заңнама тарихындағы және қолданыстағы құқық бойынша бас бостандығынан айыру. Бас бостандығынан айыру мерзімдері. Бас бостандығын айыру мерзімінің бөлігін түрмеде өтеу. Түзеу колонияларының түрлері. Тәрбиелеу клониялары. 85) Өлім жазасы. Өлім жазасын қолданудағы шектеулер. Өлім жазасына балама жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану тәртібі. 86) Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптың шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалаларынан айыру. Осы жазаларды сотталғандарға қолдану тәртібі мен шарттары. 87) Мүлікті тәркілеу және оның түрлері. Мүлікті тәркілеуді қолданудың шарттары. Тәркіленуге жатпайтын мүліктер. Жаза ретіндегі мүлікті тәркілеудің арнайы тәркілеуден айырмашылығы. 88) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау үшін қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімнің ережелерінің маңызы. Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімнің санкцияларын есепке алынып, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерліп, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асыруындағы адамдардың тіршілік жағдайындағы ықпалы ескеріледі. Жаза мақсаттарына жету үшін оны жекелеудің маңызы. 89) Жауаптылықты ауырлатын және жеңілдетін мән-жайлар. Осы мән-жайлардың түрлері, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстық заңмен көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза түрін қолдану. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.Үкімдердің жиынтығы бойынша және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау. Аяқталмаған қылмыс үшін және қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау. 90) Жаза мерзімдерін қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі.
Білім алушының өздік жұмыстарының материалдары: үй тапсырмалары мәтіндерінің терілімі, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылау, көп еңбек сіңірудің қажеттілігі мен әдебиеттері көрсетілген ағымдағы жұмыстар, рефераттар мен басқа үй тапсырмалары түрлерінің материалдары 1-тақырып.Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы Тапсырмалар. «Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері мен жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы» тақырыбы бойынша мазмұндамалар мен сызбаларды дайындау. Студенттердің оқытушымен өздік жұмысын өткізуінің түрі: Мазмұндамалар мен сызбаларды тексеру. Орындаудың әдістемелік нұсқаулары:басты сот талқылауының шарттарын, соттылықтың түрлерін, шарттарын, мінездемесін білу.
2-тақырып. Қылмыстық заң Тапсырмалар:«Қылмыстық заң» тақырыбы бойынша сызбаларды дайындау. Студенттердің оқытушымен өздік жұмысын өткізуінің түрі: Мазмұндамалар мен сызбаларды тексеру. Орындаудың әдістемелік нұсқаулары:Басты сот талқылауының тағайындалуын білу.
![]() |