Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кімшілік-құқықтық қатынастарды топтас



Кімшілік құқықтың пәні. Атқару билігігінің ұйымдастыру мен қызмет ету процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың ерекшеліктері

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);

2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Кімшілік құқықтың қайнар көздері.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1)Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2)Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет;

3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.

Жалпы алғанда, еліміздің көптеген заңгер-ғалымдары құқық нысанына немесе қайнар көздеріне мыналарды жатқызады:

1) нормативті-құқықтық акт - бұл осыны шығаруға құзырлығы бар, заңмен белгіленген тәртіпте қабылданған, жалпыға міндетті сипаты бар құқық нормаларынан тұратын, бірнеше рет қолданылуға арналған ресми құжат.

2) құқықтық әдет-құрып -бұл ұзақ уақыт бойында бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әдетке енген және мемлекет санкциялаған мінез-құлық ережелері. Құқықтық әдет-ғұрып мемлекет пен құқытың ертерек даму кезеңдерінде маңызды болды. Қазіргі уақытта ол қайтадан өз қолданылуын тауып отыр. Осылай, 1994 жылы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық Кодексі қабылданып, оның 3 бабында азаматтық құқықтың қайнар көздерінің бірі деп құқықтық әдет-ғұрыпты көрсетеді.

3) заң прецеденті - бұл нақты заңды іс бойынша қабылданған шешім және кейіннен дәл осындай істерді қарастырғанда міндетті болып басшылыққа алынады. Оның екі түрі бар: сот және әкімшілік прецеденттер. Құқықтың бұл қайнар көздері әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқықтық жүйеде кең таралған. Ал Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды.

4) нормативті шарттар - мінез-құлық ережелерінен тұратын, екі немесе одан да көп субъектілердің келісімі және осы шартқа қатысушылар үшін міндетті күші болады.

5) Сот практикасының қорытындылары - бұл соттардың нақты істерді шешу кезінде қалыптасқан, сәйкес нормативті-құқықтық актілермен барынша толық реттелмеген қатынастарға біркелкі және бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әзірленген құқықтық ережелер.

6) Ғылыми құқықтық доктрина - бұл заң ғылымының қандайда болсын саласында қалыптасқан, жалпыға мәлім ресми көзқарастар, жағдайлар мен қағидалар жүйесі.

ӘӘӘ

кімшілік-құқықтық қатынастарды топтас

Әкімшілік-құқықтық қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны
Әкімшілік-құқыктық катынастар құкықтық катынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтык қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құкықтық қатынас тиісті кұкыктык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған зандык нысан беретін, ретгеушілік ыкпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдармн (мінез-құлықтарын) кұқыктық нормамен реттеу: құкықтык нормамен белгіленетін құкыктық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен қүқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с

Әкімшілік-құқықтык қатынастардың түрлері
Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының зандык сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу кұкықтық катынастар бөлінеді. Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді.

64. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері мен олардың сипаттамалары.

ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.

Оның мынадай түрлері бар:

1) жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;

2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық ұйымдар және олардың қызметкерлері)

Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да «азамат» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның мемлекетпен тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден, «азамат» деп құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары да оның субъектісі болып табылады.



Просмотров 2132

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!