Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мемлекет пен құқықтың шығу тегі жөніндегі негізгі теорияларының сипаттамасы



Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теория-лардың ішіндегі маңыздыларына – патриархалдық, теология-лық, келісім, материалистік және қыстау теорияларын жатқызуға болады.
Патриархалдық теория – (Аристотель, Р.Фильмер, Н.К.Михайловский, М.Н.Покровский). Бұл теория бойынша патриархалдық отбасының, оның өсіп кеңею нәтижесінде, отбасы – отбасы жиынтығы (ауыл) – село – (ауылдардың жиынтығы (мемлекет). Аристотель адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасқа өмір сүру үшін түсетін, саяси жәндік деп атаған. Отбасының құрылуы, дамуы көбеюі нәтижесінде село (ауыл) пайда болады, олардың бірігуі мемлекетті құрады. Сонымен, мемлекет отбасылық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде, ал монархтық билігі, әке билігін (патриархаттың) отбасында жалғаушысы ретінде көрініп, «әкелік» сипатта алып жүреді.
Теологиялық теория – (Аврелий, Августин, Фома Аквинский, Жак Маритен) мемлекеттің құдаймен құрылғандығы идеясына негізделеді, мақсаты жалпыға бірдей жақсылықты іс жүзіне асыру. Ол рухани биліктің светтік биліктен үстемдігін негіздейді. Әрбір адамға құдай алдында бас июін алдын-ала белгілейді және шіркеумен рұқсат берілген билікке бағынуды уағыздайды. Теологиялық теория мемлекеттің мәңгілік идеясымен қаруланған, оның өзгермейтіндігіне сенеді. Осыған байланысты барлық қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттарды өзгеріссіз сақтау қажеттігі туралы қорытындылар пайда болды.
Келісім теориясы – (табиғи-құқықтық теория) (Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Я.Козельский, А.Радищев, И.Кант). Бұл теория бойынша мемлекет келісім нәтижесінде пайда болды деген, идеяны қолдайды, яғни саналы түрдегі адамдардың келісімі негізіндегі акт. Адамдардың біртұтас мемлекеттік одаққа бірігуі, адам баласын сақтауға арналған табиғи талап және адалдықты, бостандықты және тәртіпті қамтамасыз етеді.
Органикалық теория алғашқы рет Платонмен (428-348 б.э.д.) және Аристотельмен (384-322 б.э.д.) тұжырымдалып мемлекеттің пайда болуы мен қызметін биологиялық организмге теңейді. Г.Спенсер (1820-1903) ол идеяны дамытып, мемлекет – бұл қоғамдық организм, жеке адамдардан тұрады, тірі организм сияқты клеткалардан құралады дегенді айтқан. Мемлекеттегі бар институттар адам баласының организмдерінің бөлшектерімен бірдейлестірілген. Басқару органдары – бастағы миға, коммуникациялар және қаржылар – қан жүретін жүйеге, заңдар – адамның жүйкесіне теңестірілген, т.б. Адамның организмі сияқты, мемлекет те уақыт ықпалына тәуелді екенін айта келіп, мемлекет туады, дамиды, қартаяды және өледі деген идеяны уағыздаған.
Қыстау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) түсіндіруімен мемлекеттің пайда болуы, соғыстың нәтижесі ретінде, бір адамдармен басқаларды күш арқылы бағындыру (Е.Дюринг бойынша – қоғамның бір бөлігі екінші бөлігімен, Л.Гумплович және К.Каутский бойынша – бір тайпаның екіншісін бағындыруы). Жаулап алу, ерекше басқару органдарын құрып, тәртіпті қолдаудың қажет екендігіне алып келеді деген.
Материалистік (таптық, маркстік) теория (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов) мемлекеттің пайда болуы таптардың пайда болып, олардың арасындағы келісімге келмейтін (антогонистік мүдделеріне қарай туындаған) қайшылықтардың нәтижесіндегі мемлекеттің пайда болуы негізделеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардан басқа, әдебиетте солай айтылатын ирригациялық теория бар. Онда мемлекеттің пайда болуын өндірістік төмен деңгейіндегі жағдайына байланысты үлкен ирригациялық жұмысты ұйымдастырушыға қажеттілікпен түсіндіреді (К.А.Виттфогель). Нәсілдік (теория) – мемлекеттің пайда болуы мен даму туралы айтылған көзқарастардың жиынтығы ол адам баласы нәсілдерінің физикалық және психикалық бір бағалылықта емес деген пікірлерге негізделген, олардың жоғарғы және төменгі бөлінуі, олардың ойынша – олардың біріншісі жоғарғысы өркениетті құрушылар, сондықтан қоғам мен мемлекетте үстемдік етуі үшін қажет, ал екіншісі (төменгісі), тек қарсылықсыз біріншісіне бағынышты болуы көрсетілген (Ж.Гобино, Ф.Ницше).
Патримониалдық (теория) бойынша мемлекет жерге (патримониум) мұрагерлік меншіктен шыққан және сол жерде тұратын адамдарға оның билігі автоматтық түрде таралғандығы айтылған (А.Галлер).
Психологиялық – онда мемлекеттік-құқықтық құбылыс-тардың пайда болуы, адамдардың ұйымдастырған қоғамдас-тықтың қалпында өмір сүруге психологиялық қажеттілік екендігі негізделген. Яғни, адамдардың ерекше психология-лық қажеттілігіне сай, ұжымдық қарым-қатынас сезімінің болуы: билік ету, бағыну, тыңдау, белгілі (лидермен) бастыларға және идеяларға бағыну (Л.Петражицкий, Э.Фромм, Г.Тард, Н.М.Коркунов).
Солидаристік (Э.Дюркгейм, Л.Дюги), инцестік (жыныс-тық) теория (Леви-Строс), спорттық (Ортега Х Гассет), диффузиондық (Гребнер) және басқадай концепциялар.
Ресейге қатысты айтылған нормандық теория, мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы ХVІІІ ғасырдың ортасындағы концепцияларда көрсетілген. Концепцияның жақтастарының пікірлері бойынша, Киев Русінің негізін салушылар алдымен оның мемлекеттік басқару құрамын ұйымдастыру нормандарға (варягтарға) жататындығын қолдайды.

6.Мемлекеттер типологиясы (тұрпаттарға жіктеу).

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

· Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

· Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.



Просмотров 2707

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!