![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Сот билігі, сот төрлігінің негізгі қағидалары
Солт билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот төрелігі. Іс жүргізу тәртібімен жасалатын,азаматтық және қылмыстық істерді,сондай-ақ азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттін құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатнда экономикалық дауларды қарастыру мен шешу бойынша құқықты қолдану тәртібі. Заң әділсотқа қарсы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.[1] ӨӨӨ 87. өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады. Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. 90. Өкілдік– 1) тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілет сенімхат не құзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін. Өкіл тікелей өкілет беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Өкілдік адамның мүліктік қатынастарға тікелей қатысуына әрекет[1] қабілеттілігі жоқтығына, науқастығына, жұмысбастылығына немесе жер шалғайлығына байланысты қолданылады. Заңда көрсетілген реттерде және өзінің сипатына қарай мәмілелердің жекелеген түрлерін (өсиет қалдыру, некеге тұру, рента шартын жасасу) өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді. Заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз (науқас, мүгедек) адамдарға қатысты тағайындалады. Ерікті өкілдік шарт (тапсырма шарты, еңбек шарты, т.с.с.) негізінде пайда болады. Өкілдіктің ерекше түрі – коммерциялық өкілдік. Мұнда өкіл кәсіпкердің атынан үнемі және дербес өкілдік етеді. Коммерциялық өкілдік ақылы қызмет болып табылады, өкілге төленетін ақыны тараптар шартпен белгілейді; қысқаша Дипломатиялық өкілдік. 2) Халықаралық қатынаста өкілдік шетелдік ұйымдарды немесе олардың субъектілерін білдіреді Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады. Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін: 1) мәміле жасау; 2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу; 3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету; 4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б. Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі; 2) көзделген әрекеттің орындалуы; 3) Сенімхат беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы; 4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы; 5) Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы; 6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы. ООО 91.Ортақ меншік – екі немесе бірнеше адамның меншік құқығына тиесілі мүлік. Ортақ меншік үлесті және бірлескен меншік деген екі түрге бөлінеді. Үлесті меншік бойынша әрбір қатысушының Ортақ меншікте нақты үлесі болады.Үлес мөлшері Ортақ меншікке қатысушылардың өзара келісімі арқылы ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай белгіленеді.Кейін нарыққа қарай мүліктің бағасы өзгерсе де, бастапқы үлестері сол қалпында қала береді. Cондықтан қатысушылардың үлестері мүліктегі заттай үлес емес, құнындағы үлес те емес, ортақ құқықтық үлес болып танылады.Кей жағдайда ортақ меншікке қатысушылардың үлестерін өздері емес, басқа адам немесе заң белгілейді. Мұндай жағдай қатысушылардың біреуінің заңды құқығы бұзылатын болғанда орын алады.Ортақ үлесті меншік, сондай-ақ бірлескен қызмет шартын жасасу арқылы және жай серіктестік нысанында фермер қожалығын ұйымдастырған кезде пайда болады. Үлестеріне қарамастан Ортақ меншік қатысушыларға меншік құқығына тән барлық өкілеттіктер (иемдену, пайдалану, билік ету) беріледі.Әрбір қатысушы үлесті меншіктегі тұтас мүлікке де, өзіне тиесілі үлеске де билік етеді. ШШШ 96. Шарт ұғымы және мазмұны.шарттың жекелеген түрлеріШарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы: шартты жасау еркіндігі; шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі; жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі; тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын; тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді. Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкінШарттың жіктелуі Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) және консенсуалды болып екіге бөлінеді.Консенсуалды шартКонсенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.)Реалды шартРеалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі—мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды есептеледі. (Мысалы, несие шарты.) Жеткізіп беру шарты — бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сөті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап одан шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді жене т.б. талап етуге қуқылы. 97. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖӨНЕ БҮЗУШартты өзгерту және бүзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы). Тарапттардьщ біреуінін талабы бойынша шарт:екінші тарап шартты едөуір бұзған кезде;занда немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін (АК-тің 401-бабының2-тармағы).Тараптардьщ біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкаліп соқса, бұл шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп таныладыШартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте, мұндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі (АК-тің 401-бабыньщ 3-тармағы) Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады ал өзгертілген ретте өзгертілген түрінде колданаыла береді.егер тараптардың келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса.міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап,ал шарт сот тәртібімен бұзылған ретте немесе өзгертілген жағдайда шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептелед.
![]() |