![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Ықтық қатынас ұғымы мен белгілері
Құқықтық қатынастар ұғымы.Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде. Құқықтық қатынастар белгілері.Құқықтық қатынастар құрылымы және оның мазмұны. Субъект, объект, субъективтік құқық және заңдылық міндет. Құқықытық қатынастардың субъектілері және олардың түрлері.Құқықсубъектілік. Құқықтық қабілеттілік. Әрекетқабілеттілігі, оның мазмұны және көлемі. Деликтқабілеттілігі. Құзыреттілік, өкілеттілік, құқықтық. Жеке адамның құқықтық статусы. Құқықтық қатынастың объект ұғымы және түрлері. Құқықтық қатыснастар объектіісінің монистикалық ұғымы. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың жүріс тұрысы құқықтық қатынастың жалғыз ғана объектісі ретінде. Құқықтық қатынастар объектісінің плюраслистік теориясы. Материалды әлемнің заттары, рухани шығармашылықтың өнімдері, жеке мүлікті емес байлықтар, құқық субъектілерінің жүріс-тұрысы және құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрыс нәтижелері құқықтық қатынастардың объектісі ретінде. Құқықтық қатынастардың мазмұны. Субъективтік құқықтар және заңдылық міндеттер. Субъективтік құқықтың ұғымы, белгілері және элементтері мүмкін жүріс-тұрыстың шарасы ретінде. Құқықтылық түрлері, құқықтаңдау. Заңдылық міндет қажетті жүріс-тұрыстың шарасы ретінде. Құқықтық қатынастарды жіктеу: критерийлері мен түрлері. Реттеуші және сақтаушы. Қатысты және абсолютті. Салалық. Белсенді және пассивті. Жай және күрделі. Қысқауақытты және созылмалы. Заңдылық фактілер. Заңдылық фактілер – құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және жойылу негіздері. Заңдылық фактілерді жіктеу. Құқықпайдаболу, құқықөзгерьуші және құқықжоюші заңдылық фактілер. Оқиғалар мен әрекеттер. Құқықтық және құқыққа қарсы әрекеттер. Жеке заңдылық актілер мен заңдылық қылықтар. Қылмыстар мен қылықтар. Заңдылық жағдайлар. Фактілі (заңдылық) құрам. Құқықтағы презумпция. Заңдылық фикциялар.
Азақстан Республикасы біртұтас мемлекет Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1] Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания,Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан,Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Ық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың субъектісі, объектісі, объективтік және субъективтік жақтары. Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады. Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.[1] Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді. Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше болуы мүмкін. Субъект — әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі. Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
![]() |