Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы



Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. [1, 176 б.]

Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидациятіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.

Ассимиляциякөбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.

Интеграциятілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. [2, 26-25 б.]

Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады.

Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады.

Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік мәдени кеңістік қалыптастыру азаматтық идентификация мәселесін күн тәртібіне қойды.

Бұл мәселенің туындау буыны қатпаған жас мемлекетіміздің геосаяси және ішкі этномәдени мәселелерімен байланысты болды. Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына — Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады.

Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті.

Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы — осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы өте күрделі. Ол өз тарапынан саяси жағдайға ықпалын тигізбей қоймайды.

Республикада бүкіл қазақтың 80 пайызға жуығы тұрып жатқанымен, негізі этнос — қазақтар ел халқының абсолютті көпшілігін құрамайды. Осыған байланысты Қазақстан халқының ұлттық құрамын 2004 жылғы статистикалық мәліметтермен толықтырып өтемеіз:

 

ҚР тұрғындарының 1 қаңтар 2004 ж этникалық құрамы.

 

Барлық ұлттар 14 951 302 100%
Қазақтар 8 550 846 57,19%
Орыстар 4 072 566 27,24%
Украиндіктер 469 423 3,14%
Өзбектер 409 746 2,74%
Немістер 237 672 1,59%
Татарлар 232 744 1,56%
Ұйғырлар 223 007 1,49%
Өзге ұлттар 755 298 5,05%

 

Орыстардың, немістердің, украиндықтардың тысқа көшіп кетуімен олардың үлес салмағы азайса, оралмандардың елге оралуына байланысты қазақтардың миграциялық қалыпты сальдосының өсуі байқалады.

Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік:

1) қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы қазақтардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап - өлкені отарлаудың басталуы;

2) қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII);

3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам);

4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптястер (150 мың адам, XIX ғ. арты —XX ғ. басы);

5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары);

6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам);

7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XXI ғ. 30-жылдары);

8) Ұлы Отан соғысы қарсаңында және барысында зорлықпен жер аударылған халықтар (1 млн. 300 мың адам, 1939-1945 жыддары);

9) Соғыс жылдарында оккупацияланған аудаңдардан эвакуацияланған адамдар (350 мың адам, 1941-1945 жылдар);

10) Тың игеруге өз еркімен келген "патриоттар" (1 млн. 950 мың адам, 1954-1959 жылдар);

11) "Ұйымдаспаған" стихиялық миграциялық ағымның нәтижесінде тұрғылықты көшіп-келгендер (1 млн. адам, 70 жылдардың басына дейін);

12) Жабық әскери қалашықтардағы "стратегиялық тұрғындар" (250 мың адам, 1946 жылдан 1991 жылға дейін).

13) "Екпінді" Бүкілодақтық құрылыстарға еңбек ресурстарының ведомствалық миграциясы (200 мың адам, 1999 жылға дейін);

14) Жаңа игерілген кен орындарындағы соңғы вахтовиктер (50 мың адам, 1986-1991 жылдар, демографиялық экспансияның ақыры);

15) Закавказье мен Орта Азиядағы азамат соғыстары кезіндегі әскери және этникалық босқындар және Балтық бойы мен Молдовадан келген азаматтық мигранттар (75 мың адам, 1989-1993 жыддар).

Осындай тарихи себептермен Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекетке айналуы оның лоликонфессионалдық сипатын да айқындайды. Кейінгі кеңестік мемлекеттерде діннің құңдылықтық статусының өзгеруі идеологиялық климаттың ауысуына алып келді. Діндарлық өсуіне саяси, этно-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-этикалық факторлар мен демографиялық процестер ықпалын тигізді. Қазақстан халықтарының тарихи даму ерекшеліктері оның алуан дінділік тұрпатын туғызды: қазақтар, татарлар, ұйғырлар, дүнғандар және т.б. — ислам дінін ұстанса, православтарға — орыстар, украиндер, белорустар, протестанттарға — немістер мен орыстар, католиктерге — немістер мен поляктар жатады.

Қазіргі демографиялық мәлімет бойынша Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4,5 млн./ға жуық қазақ өмір сүреді, атажұртына түбегейлі қоныстануға ынталы жандар аз емес. Олар тек еліміз тарапынан белгіленген кедергімен шектелуде. Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшіріп әкелудің бүгінгі қарқынын ең жоғарғы ауызша белгіленген деңгейімен және сырттағы қазақтардың сандық өсімін қоспай қазіргі мәліметтермен есептейтін болсақ, онда көші-қон үрдісі әлі де 60 жылға, ал бүгінгі қоныс аударудың санымен 4 ғасырға созылатындығын көрсетеді. Сөйте тұра мемлекеттік квотаның толығымен орындалмай отырғаны көші-қон үдерісін одан әрі күрделендіре түсетіндігін, әлі күнге дейін оны жүйелі түрде реттеудің, басқарудың, жүзеге асырудың нақты механизмдерінің жетілгендігін көрсетеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде шетелдерден 2003 ж. 5000 отбасыға, 2004 ж. 10 000 отбасыға, 2005 ж. 15 мың отбасыға көшіп келу квотасы бөлінгендігін айтады. Демек көші-қон үдерісі Қазақстан саясатындағы күн тәртібінен түспейтін, жетілуді талап етуші, ең маңызды мәселенің бірі болып қалып отырады. Республиканың этникалық көрінісі соңғы жылдарда жас мемлекеттің қалыптасуы барысында маңызды өзгерістерге ұшырауда. Ең алдымен бұл, үлкен көшу-қону легінің теріс сальдосынан туындайтын этнодемографиялық жағдайдың өзгеруі дейміз. Республикадан кететіндер саны күрт өсіп отыр. Олардың көпшілігі орыс, неміс және украин ұлттарының өкілдері. Соңғы жеті жыл ішінде қоныс аударған орыстардың орташа саны жылына 153,9 мың адамды құрады және қоныс аударудың ең жоғары қарқыны 1994 жылдың үлесіне тиді, онда қоныс аударушылардың саны 283,2 мың адамға жетті. Украиндар бойынша мәлімет мынадай көрініс алды: бір жылдың ішінде қоныс аударғандардың орташа саны — 22,5 мың адам, ең жоғарғы көрсеткіш — 1994 ж. (36,9 мың адам). Немістер арасыңда қоныс аударушылар саны жылына 4,9 мың адамға жетті, 1992 ж. ең көп қоныс аударды (99,6 мың адам). 1996-1997 жылдары көшу-қону мәселесі біршама тұрақтанды, тіпті қайта оралу сәттері жиі кездесетін болды.

Этносаралық жағдайдың шиеленісуі, ал соған байланысты тұрғын халықтың негізінен қазақтан өзгелерінің басқа жаққа қоныс аударуы, қоғамдағы экономикалық және саяси-әлеуметтік реформалау нәтижесінде пайда болған өзгерістермен байланысты. Кеңес жүйесінің ұлттық қатынастар мәселесіндегі әрекет ету нәтижелерінің бірі — Қазақстан қоғамының қанағаттанғысыз этноәлеуметтік құрылымы. Қазақтың көпшілігі мекендеген аймақтарға біржақты экономикалық инфрақұрылым басым және экологиялық проблемалары көп аймаққа батыс жөне оңтүстік облыстары жатады. Екі облыстан басқасында (Қызылорда және Атырау) негізгі этностың үлесі облыстар бойынша 20 пайыздан 65 пайызды құрайды. Сонымен қатар 8 облыста (солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс) және Алматыда орыстар этникалық көпшілікті құрайды. Еліміздің жұмыспен қамтылған халқы ішінде де көпшілігі орыстар — 40 пайыз. Сонымен қатар орыстардың 51 пайызы қала тұрғындары, ауылда — 19 пайызы тұрады, ал жұмыспен қамтылған ауыл тұрғындарының 57 пайызы қазақтар.

Егемендікке ие болып және ұлттық ұқсастық айқыңдалып, экономикалық және әлеуметтік жіктелу басталысымен, ресоциализация бір-бірімен қарым-қатынаста болған этникалық топтардың әлеуметтік-статустық жағдайының күрт өзгеруіне алып келуі тиіс болатын. Енді қазақ этносының қозғалысқа келуі мен әлеуметтік талаптарының артуын күтуге болатын болды, ал бұл басқа этностардың, ең алдымен жағдайы бұрынғыдан өзгерген орыс этносының, әлеуметтік «көңіл-күйіне» өз ықпалын тигізуге тиіс еді. Егер орыстар бұрын кенес қоғамында басқалардан гөрі басым жағдайда тұрса, енді олар басқа этностардың ең алдымен қазақ этносы өкілдері тарапынан болатын ашық бәсекеге түсе бастады. Алайда, кейбір мамандар «орыс этносы социумның барлық саласында әлі күнге дейін үстем болып отыр», ал «Қазақстанда орыстардың жағдайы басқаларға қарағанда ең нашар деген» шағымдары өзі мекендеген мемлекетке деген саяси адалдығының жоқтығын бүкпелеп қалуға бағытталған іс деп санайды».

Қазақстан қоғамының реформалануы қалыптасқан стратификациялық жүйені өзгерте бастады, әр этнос өзінің әлеуметтік орнына ие болуда, сөйтіп, әлеуметтік тепе-тендіктің камтамасыз етілуіне жол ашылып отыр. Қазір оған Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке басы және саясаты арқылы қолдау жасалынуда. Бүгінгі танда, құзырлы мәлімдеушілер айтқаңдай, республикада «этносаралық қатынастар саласыңда қақтығыссыз дамудың объективті шарттары бар» деп санауға негіз бар.

Осыңдай жағдайды қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі — республиканың егемеңдігін жарияланған сәттен бастап қалыптасқан Қазақстан мемлекеттігі болып табылады. Оның кұрамына: мемлекеттік құрылыстың нысаны және саяси режимнің тұрпаты кіреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың эвлюциялық — тұрақты сипатында мемлекеттік құрылыстың унитарлылығы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Жаңа пайда болған мемлекеттің жерінің кендігі өзінен-өзі оның федеративтік негізде бөлінуін талап ететін сияқты болып көрінді. Сонымен бірге, тұрғындардың этникалық құрылымы да осыны көрсеткендей болатын (негізінен орыс халқы мекендеген солтүстік аймақтар). Алайда, бұл жағдайда, мемлекетті құрайтын басты принцип — тарихи-этникалық (мәдени-өркениетті) назардан тыс қалушы еді. Қазақстан жалғыз бір халықтың — қазақ халқының этногенетикалық жері болып табылады, мазмұнымен таласу мүмкін емес. Дегенмен, бұл басқа этностардың бәрі — жат, келімсек, екінші сорттың азаматтары деген ойды білдірмейді. Олардың өкілдері — арғы аталары Казақстанға көшірілгендердің ұрпақтары, олардың әрқайсысы кезіңде қоғам игілігіне еңбек еткен. Бұл жерде біз «этногенетикалық аумақ» және «мемлекеттің аумағы» ұғымдарын айта білуіміз қажет.

Біртіндеп жүзеге асырылып жатқан мемлекет тұтастығының унитарлылық принципі, қоғамды ұлтаралық қақтығыстардан, тіпті реформалар саясатының тоқтап қалуынан, жіктелулерден сақтайтын саяси-құқықтық іргетас болып отыр. Унитарлылық принципі үстем болмаған жағдайда қоғамда жоғарыда көрсетілген қайшылыктардың бәрі болуы мүмкін еді және мемлекеттік құрылымды бірімен бірі үйлесе бермейтін екі принципке негіздеуге тура келер еді — этноаумақтық және әкімшілік-аумақтық.

Жоғарыда айтылғаңды қорыта келіп, Қазақстандағы этноәлеуметтік жағдайдың ерекшелігі, отандық мамандар атап көрсеткендей, мыналардан тұрады:

1) екі этностың саны жағынан басымдығы сақталатын көп этностылығы;

2) ислам мен христиан діндерінің басымдығы сақталатын көп конфессиялылығы;

3) екі ірі этносаралық түркі және славян топтарының болуы.

Қазақстанның бүгінгі этноәлеуметтік жағдайы қоғамның тотальдық биліктен және кеңес өкіметінен кейінгі бейнесімен сипатталады. Бұл республика этностарының өзара іс-қимылыңдағы жаңа кезең болып табылады.

Еліміздің егемендікке ие болу кезеңіңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы этникалық фактордың едәуір ықпалын сезінді. Көп этносты мемлекеттің қалыптасуы этникалық сана-сезімнің, этникалық топтардың мүддесінін өзгеруімен қатар өтті. Осы кезде қабылданған заңдар мен нормативтік-құкықтық актілер көп жағдайда республиканың этникалық саясатының приоритеттерін көрсетеді.

Бүгінгі танда республикадағы этносаяси жағдай көптеген көрсеткіштер бойынша біршама тұрақты болып саналады. Алайда, этностар арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп отырады, этникалық саясатты жүзеге асыру барысында осы жағдайды ескерген жөн. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінде өзгеру ерекшелігін осы қатынастардың эволюциясынан айқын көруге болды. Егер еліміздің егемендікке ие болған алғашқы кезенінде ұлтаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге қайтсе де әсері болатын этникалық сана-сезімнің өсуі байқалса, ұлтшыл және империялық көзқарастар пайда болып, нығая түссе, мемлекетті этнизациялау тенденциясы пайда болса, кейінгі кезеңдерде, мысалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылып, 1995 жылы Мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданғаннан кейін, этностар қарым-қатынастары мәселесінде оң өзгерістер айқындала бастады.

Қазақстандағы тұрақтылықтың сенімді кепілі-барлық қазақстандықтарға тән қасиет: төзімділік пен сыйласымдық сезімін одан әрі тереңдету және олардың заңды бірінші орынға қойып, кез-келген топтық шамшылдықтан жоғары тұрулары.

Мәселе, Қазақстан Республикасының мүддесін бір ұлттың мүддесімен теңдестіруге болмайтындығында. Мәдени тұрпаттардың көп этностылығы мен әралуандылығы жалпы келісімге келіп, тең құқылары мойындауын талап етеді. Қазақстандық заң шығарудың негізгі талабы — азаматтық қоғам қалыптастыру және мемлекеттің барлық азаматтарының құқықтарды пайдалануы.

Көп этносты және көп конфессиялы Қазақстан үшін «ұлт-мемлекетті» қалыпстастыру ең қолайлы және ол этносаралық бірігудің объективті факторы болып, қоғамның азаматтық принципі бойынша бірігуіне ықпал етеді. Ал азаматтық қоғам кұру өз кезегінде қоғам өмірінін барлық тұстарын демократияландыруға негіз болады. Этникалық жағынан бөлінген қоғамдарда демократия маңызды рөл атқарады, өйткені ол плюрализм мен төзімділік принциптеріне сүйенеді, этникалық проблемалар ізгі және өркениетті шешім қабылдаудың негізі болады.

Көршілермен тату болу аса маңызды міңдеттің бірі, алайда, елімізде ішкі қайшылықтар ушықтырылып жатса, оны шешу киын болады. Егер түрлі топтар, оларды саясат, идеология, дін, этникалық немесе таптық мүдделер біріктіріп отырғанына қарамастан, өзара қарама-қайшылықта болса, бұл қоғамды қауіпті жағдайға тірейді... Көп этносты Қазақстан үшін осы мәселенің Казақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында аса маңызды екені ескерліп, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен бірігуі ұлттық қауіпсіздікген кейінгі маңызды міндетдеп айқындалды.

Бүгінгі әлемнің этноболмыстары этникалық процестердің терендеуін, этностылықтың барлық жердегі дамуын, этникалық өрлеудің арта түскенін көрсетеді.

Этникалық процестердің терең сипат алуы мынадан байқалады: біріншіден, ол түрлі әлеуметтік-экономикалык саяси құрылыстағы әр алуан елдерді қамтиды; екіншіден, қазіргі қақтығыстардың бәріне немесе көбіне этникалық сипат тән, үшіншіден олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, рухани; және төртіншіден, бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бәрі сияқты, этникалық проблемаларды шешу жеке бір елдің қолынан келе бермейді, әдетте оларды шешу ісіне үшінші жақ тартылады. Төреші міндетін әлемге аты танымал жеке лидерлермен қатар, жеке мемлекеттер, тіпті халықаралық ұйымдар атқара алады. Этникалық қақтығыстарды, саны аз этностар құқықтарын реттеумен айналысатын халықаралық ұйымдарға БҰҰ, ЕҚ (Еуропа қоғамдастығы), ЕҚЬІЖҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), АҚАК (Адам кұкы бойынша америкааралық комиссия), АБҮ (Африка бірлігі ұйымы) және т.т. жатады. Осы аймақтық ұйымдардың этникалық қақтығыстарды реттеу немесе олардың алдын алу жөніндегі қызметіне түрлі бағыттылық сипат тән — бұл «әрі жұмсақ, әрі қатаң», делдалдық, саны аз топтар құқы және адам құқы нормаларының, үкіметтер тарапынан сақталуын бақылайтын аймақтық жүйе кұру, түрлі экономикалық шара қабылдау және әскери араласу.

Әлемнің бірде-бір елінде ұлттық мәселе осы күнге дейін шешілген жоқ және оның ақырғы шешімі жоқ. Кезіңде О.Бауэр «ұлттық тендігі мен тең құқылылығы туралы мәселені шатастырып алуға болмайды: абсолютті тендік болуы мүмкін емес, айырмашылықты мойындау-тендіктің негізі болмақ, алайда ұлттардың тең құқылылығын жүргізіліп отырған ұлттық саясат қамтамасыз етуге тиіс» деп дұрыс айтқан.

Бүгінгі танда Қазақстанның алдында екі бағыт бар. Біріншісі — қоғамның бір-біріне қарсы этностарға бөлінуі, әсіресе қазақ-орыс қарым-қатынастары ушықтырылатын болса. Нәтижесінде — ұлттық бағыттағы партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар және т.б. арасындағы қатынастарды айқындау үдей түседі. Онда қоғамның біртіндеп шыңырауға құлдырауы әбден мүмкін.

Екінші бағыт ала-ауыздық туғызбай қоғамдағы парасатты күштерді біріктіру;

Қазақстан халықтарының бәріне ортақ мақсаттар мен міндеттерді айқындау жөне шешу арқылы барлық этникалық топтар мен ұлттық мүдделері мен мұқтажын қанағаттандыру үшін жағдай туғызу, әлеуметтік және ұлттық ерегеске жеткізбей, дағдарыстан шығу, ұлтшыл, шовинистік, экстремистік теріс құбылыстардың Қазақстанның саяси өміріне деген ықпалын жою.

Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды бағалай отырып, олардың тұрақтылығын атап көрсеткен жөн. Этникалық топтардың тату-тәтті өмір сүріп, біте қайнасып жататын пиғылын қазақстандықтар жоғалтқан жоқ. Социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша этносаралық қарым-катынастардағы шиеленісушіліктің денгейі төмен және толеранттығының деңгейі жоғары.

Ұлттық саясатта ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және таяу арада жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқындау қажет. Сөйтіп, көп ұлтты Қазақстанда халықтар бірлігін ұлтаралық ынтымақтастық негізінде нығайту-стратегиялық міндет болып табылады. Қысқа мерзімге бағытталған саясатқа тоқталатын болсақ, ол ұзақ мерзімді саясаттың бір бөлігі болып табылады, алайда күнделікті оқиғалар барысында туындайтын нақты ұлтаралық проблемаларды реттейді. Бұл арада бетбұрыс кезенде, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгеру нөтижесінде пайда болған ұлттық-этникалық проблемаларға назар аудару маңызды. Ұлттық топтардың әлеуметтік мүддесін реттеудің екі жолы бар, оған қақтығыс немесе келісім табу жатады. Бірінші жол бір топтың мүдделерін қорғап, басқасының мүддесін мүлдем елемеу немесе басып тастау. Нәтижесінде саяси бірігуге озбырлық арқылы жетуге болады, алайда ол проблеманы туғызған объективті жағдайды жоя алмайды және осы проблеманың күрделенуіне әкеп соғады.

Этникалық проблема халқының құрамы көп этносты мемлекеттерге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, әр этникалық топтың өзіне ғана тән демографиялық әрекеті, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері бар. Біздің елімізде интенсивті этникалық және этносаралық процестер өтуде. Олар Қазақстанның бұдан былайғы дамуына ғана емес, тіпті оның тағдырына өз ықпалын тигізеді.

Қазақстанның ұлттық саясаты, қазақтардың ұлттық егемендігін мойындай отырып, қазақстан халқының бірыңғай азаматтық саяси қауымдастық ретіндегі егемендігі, маңызды өзгешеліктері бар этностардың болуын, тіпті олардың ортақ мақсаттары мен мүдделерінің пайда болуыңа, ортақ сана-сезімнің қалыптасуына, яғни этносаралық қауымдастықтың пайда болуына ықпал ететін іс-қимылы болуын талап етеді. Этносаралық қауымдастық — ол жаңа этнос емес, суперэтнос емес, ол этносаралық қауымдастық, яғни бөліктерден құралған тұтастық. Этносаралық бірігу — этностарды біріктіретін айтарлықтай икемді процес болып табылады, өйткені, бір жағынан өзіне тән этникалық ерекшелік сақталады, басқа тұстан қарасақ, өзара іс-әрекет арқылы сана сезімнің ортақ белгілері, ортақ мақсаттары қалыптасады. Бүгінгі танда Қазақстан сияқты көп этносты, көп нәсілді және көп конфессиялы мемлекет үшін осы жол ең ұтымды да болып табылады және тату-тәтті өмір сүріп, қарым-қатынастарына төзімділік сақтаудан асқан ақылды осы күнге дейін адамдар ойлап таба қойған жоқ.

Н.Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында кеңес империясы қирауының маңызды себептерінің бірі ғылымға негізделіп жасалған тиімді ұлттық саясаттың болмауы деп тура айтқан. Біздің елімізде, жалпы бүкіл дүние жүзінде этникалық жағдаяттың күрделенген қазіргі сәтіңде жалпы ұлттық саясатпен қатар мемлекеттің ұлттық саясатының екі мызғымас бөлігі бола алатын екі бағдарлама әзірлеу қажет. Біріншіден, бұл этникалық өзгешелікті, тілді, мәдениетті дамытуға, дәстүрлерін сақтауға және т.т. бағытталған этникалық қайта өрлеу бағдарламасы болуға тиіс, сонымен қатар мұндай бағдарлама сараланған болуға тиіс және әр этникалық топтың өз бағдарламасы болғаны жөн. Екіншіден, және мұның маңызы біріншіден кем емес, бұл этносаралық бірігу бағдарламасы, сондықтан онда Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың бірге тұрып, ортақ іс-қимылын жасауының нақты, ең тиімді механизмдері әзірленуі тиіс.

Әзірше мұның өзі әлсіз тенденция ретінде білінеді және жаңа достастық қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Алайда біздің бірнеше ғасыр бойы күрделі де қайшылықтарға толы ортақ өміріміз нәтижесінде жинақталған белгілі оң тәжірибеміз бар.

Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді. Осы принцип Қазақстан үшін де қолайлы, «әр алуандылықтағы бірлік» (немесе «бірлікте әр алуандылық») немесе «қазақстан өрнегі» ұраны біздің мемлекетіміздің стратегиялық саясатындағы басты ұран ретінде қабылданды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму перспективасы тілге тиек болған, халыққа арналған Жолдауында екі нәрсеге ерекше назар аударылған: біріншісі «еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндікке негізделген өзіміздің бірыңғай азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру», екіншіден, «этникалық қайшылықтардың себептері жойылып, барлық этникалық топтар тең құқылы болуын қамтамасыз ету». Сонымен Қазақстанның перспективалы дамуында екі түрлі міндетті шешу көзделеді: біріншіден, әр жеке этникалық топтың дамуына мүмкіндік беру, екіншіден, Қазақстанның барлық халықтарын бірыңғай азаматтық қоғамдастыққа біріктіру үшін жағдай туғызу. Алайда, мықты тұрақтылыққа, тіпті консолидация мен бірлікке жету оңай емес, және өзімізді бірыңғай отбасы ретінде сезініп, мақсаттарымызды біліп, оларға жұмыла жету үшін әлі көп жұмыс атқару тура келетінін назардан шығармау керек».

Демек, этносаяси процестің субъектілері жөніндегі мәселені зерттегенде Қазақстан Республикасында ұлттық татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде негізгі рөлді мемлекет атқаратынын атап керсетуге болады.

Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуге арналған әдістерді әзірлеу жөне жағдайды бағалау ісінде мемлекеттің рөлі зор. Ұлттық саясатты іске асыруда, оның мазмұндылығындағы ең бастысы — ұлттық мүдделерге олардын: а) қауымдастығын, ә) айырмашылықтарын, б) қақтығыстарға ескере отырып қарау. Ұлтаралық қатынастардың жеке субъектілерінің түпкі мүддесі мен мемлекет ауқымындағы жалпы ұлттық мүдделердің бір болуының объективтік негізі бар. Мемлекеттік ұлттық саясаттың басты міндеті ұлттар мүдделерін және ұлттар мүдделері арқылы басқару.

Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің ажыратылмайтын бөлігі адам құқын сақтау, барлық ұлттық топтардың еркін дамуына қолайлы жағдай туғызу, ұлтаралық қарым-қатынастарды гуманизациялау, республикада татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. [1, 176-187 б.]

 

4.2 Ұлттық сана және консолидация

Қазіргі кезде саяси, мәдени, тарихи тақырыптарға арналған түрлі оқулықтармен мақала ішінде сана, мүдде сөзінің жиі қолданылатыны белгілі. Бұл сөздерге берілген энциклопедиялармен сөздіктерде анықтамалар да баршылық. Осыған орай көбімізде адам туған күнінен бастап ақ дүние жаралғаннан бері алдыңғы ұрпақ жасап кеткен игілік атаулының барлығын белгілі мақсатқа пайдалануды үйренгенде ғана саналы кісі болып қалыптасады деген түсінік те жоқ емес. Мұны да жөнсіз деу қиын. Дегенмен тәуелсіздікке енді жетіп, қайтсек отаршылдар идеологиясы мен сапар жүргізген саясаттың салдарынан сансырап қалған санамызды қалай жандандырамыз деп бас қатырған біздер үшін алдымен оның әу бастағы негізі мен қамтып рухани салаларды түгендеп алу да дұрыс қой деп ойлаймыз.

Сана адам баласының сонау сәбилік шақтарынан басталып, еріктен тыс құдіреті күшті Көк тәңірінің қалауы бойынша, ананың ақ сүтімен ағзаға сіне бастайтын, сонан соң өмір бақилық әдетке, салтқа айналатын тұрмыс, тіршілік қозғаушы күштердің бастауы екендігінде. Сана кей жағдайда кісі жасының ұлғайуына қарай сыртқы, ішкі әрекеттердің ықпалымен толығып, дамып отырса, кей жағдайда қоғамда жүргізілетін саясаттың, идеологияның күштеуімен ептеген өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірақ сананың сәби шақта бойға дарыған құрамы адам ақылы алжысқанға дейін миында, сонан соң этнос өз бейнесін жоғалтқанға дейін – ұлттық ортада сақталады.

Мұның өзі сонау сәби шақта қалыптасқан мінез-құлық, талғам әсемдікті сезіну, діни наным, тіршілік етуге талпыныс, дәстүр тәрізді әрекеттердің ер жетіп есейе келе де бәлендей күшті өзгеріске ұшырай бермейтінің аңғартса керек. Ұлттық сананың қалыптасуы этностың тарихи дамуымен тығыз байланысты болуымен қатар оның ерекшелігі сананың тұрақтылығы мен коллективтілігімен сипатталады. Қауым мүшелері қандай да бір бастапқы негізді /мысалы, тарихи оқиға, өзіндік сана және т.б./ абсолюттендіруіне байланысты олардың санасында тұрақты стереотип қалыптасып, соның нәтижесінде өздерін өзге коллектив мүшелеріне қарсы қояды. Мұндай «біз және олар», «өзіміз және өзгелер» деген ажыратушылық принцип немесе социомәдени антитеза кез-келген этносқа тән. Бұл тұрғыдан алғанда оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Біріншіден ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға ықпал етсе, ал екіншіден жеке тұлғалық құндылықтарды теріске шығарады және, кейде, нәсілдік символикаға айналып /мысалы, немістердің арийлік рухының фашизмге айналуы/, арты ұлтаралық қақтығысқа әкеп соғады. Әрбір халықтың бойындағы этноцентризм көріністерін әлемдік мәдениет тарихынан көптеген мысалдармен келтіруге болады. Оның классикалық үлгісі – «варварлық» әлемге өздерін қарсы қойған грек полисі мәдениетінің «жоғарғы этноцетризімінің» арты қазіргі заманға дейін үстемдік етіп келген еуроцетризмге ұласты. Ұлт мәселесінің қиындығы мен күрделілігі - оның көп қырлылығында. Сондықтан оны зерттеу барысында белгілі бір уақиғалардың, саяси бағдарламалардың, экономикалық факторлардың, сезім мен көңіл жетегінде кетуге болмайды. Ұлт мәселесінде жеке адамдардың, ұлт көсемдерінің де ықпалы өте зор екендігін естен шығармаған жөн. Дегенмен ұлт болмысының астарында мәңгілік құндылықтар жатады. Баспасөз бетіндегі айтыс-тартыс та, бүгінгі саяси серкелердің еңбектері де тарих еншісіне кетер, тіпті ұмытылар да, бірақ ұлттық құндылықтар уақыт өткен сайын мәңгілік сипат ала береді. Бұл -жалпы өркениет дамуының заңдылығы. Ал рухани қазынаның, тарихтың иесі - ұлт (этнос). Сіздің ұлтыңыз кім, атамекеніңіз қайда, дәстүріңіз, мәдениетіңіз, өнеріңіз қандай? «Мың өліп, мың тірілген» ұлттың сақталып қалуына нелер себеп болды? Сіздің табынатын құдайыңыз, наным-сенімдеріңіз ше? Сіздің ұлтыңызға төніп тұрған қауіп бар ма? Әркімді ойландырар бұл сұрақтардың қай-қайсысы да бүгінгі қазақстандықтар үшін көкейкесті мәселелер.

Біз сияқты тағдыры тәлкекке түскен мұның жақсы да, жаман да жақтары бар. Жақсы жағы отарлаушы ел қанша тырысқан мен көпке дейін сананың өзгермейтіні. Жаман жағы, езілген ұлт ұзақ жылдардан кейін тәуелсіздікке жете қалған жағдайда бодандық рухта тәрбиеленген ұлт ұрпағының белгілі бір құрамы санасының өзгеруіне байланысты өз ұлтының тәуелсіздігіне өшпенділікпен қарсы шығатынында.

Демек, жөргекте жатқанда-ақ еститін бесік жырының әуені, алғаш құлақ салып мағынасын аңғаруға талаптанатын түрлі дыбыстардан құралатын сөздердің келе-келе күрделеніп, санада мәңгі бақи тұрақтап барша тіршілік пен түсініктің қайнар көзіне айналатыны тектен-тек құбылыс деп кім айта алады.

Ал енді осылардың басты-бастыларын жоталандырып, жинақтар болсақ, олар рухани қазынаның көзін құрайтын – дыбыс, сөз, ұғым, өнер, дәстүр, дін дер едік. Бұлар жалқыдан жалпылыққа көшкен жағдайда ғана ұлттық санаға көтерілмек. Яғни айтқанда сананы әу бастағы сөз сөйлеудің, сұлулық әлемін сезінудің, тіршілік етудің, қоршаған орта мен онан тыс әлемдік шексіздікті түйсінудің қайнар бұлағы деген дұрыс.

Ал егер де мүддеге келер болсақ, ол сананы қорғау қажеттілігінен туындайды. Айталық, өзгенің адал еңбегінің есебінен жеңіл өмір сүруді көксейтін қандасынды былай қойғанда, қасқырдай анталаған сыртқы жау қай ғасыр, қандай қоғамда, нендей ұлтқа – сен тіліннің, діліннің, дәстүріннің, байлығынның рақатын көріп, тыныш жүре қойшы деп жайбырақат қалдырған. Сондайда пайдакүнемдік пен тонаушылықтан ұлт қорғана алмай құлға айналса, әрине алдымен дәстүр де, дін де, тілін де адыра қалмай ма. Міне осыдан келіп ұлттық сананы қорғап қалуға деген мүдделік туындаған. Ұлттық сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Халықтық тәрбиенің негізігі бір саласы ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқы көрінеді. Ұлттық салт-санасын қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына айналады да, ол ұлттың мәдени ірге негізі болып қаланады.

Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асрылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністер табады.

Ұлттық сананың қайнар бұлағы да, көктеп көгеретін топырағы да, самғап ұшар кеңістігі де қай адамды, қай ұлтты дүниеге келтірсе, сол ұлттың дәстүрі, тілі. Өйткені жарық дүниеге келген сәби осы ұлттың тілінің көмегімен тамақ сұрап ішуді ғана үйреніп қоймай, дәстүрін де қабылдап, оны сақтауға мүдделі бола бастайды.

Төңірегіндегілердің наным-сеніміне иланып көзі көрмеген құдайдың, періштенің, шайтанның, жылан-пері, диюдың бар екеніне сенушілік басталады. Ақылды байытатын, тұрмысты жеңілдететін басшылықтың қажеттілігін сезіне бастайды. Мұнан да басқа тұрмыстағы салт-дәстүрдің жиынтығы арқылы сана қалыптасып, жеке адамның тек бір ұлтқа ғана тән рухани бет-бейнесін айқындайтын айғақтарға айналады. Бірақ отарға айналған елдің отбасы үшін белгілі бір ұлтқа тән заңдылықтардың өзгеруі әбден мүмкін. Себебі үстем ұлт уағызының шырмауында басы айналып, материалдық қиындықтардан онай құтылу үшін отарлаушы елдің тілін, ділін қабылдаған отбасыларында сәбидің шыққан тегіне қарамай, қабылдаған ұлттың тілі мен дәстүрінде санасының қалыптасуы да ұшырасады. Көбіне-көп мұндай жағдайда сатқын, дүмбілез саналы ұрпақтың пайда болатынын қазақ халқы қазіргі шақта мойнымен көтеруде.

Әрбір халықтың, ұлттың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде өзіндік ерекшеліктері болады. Соған сай әр халықтың өз тарихы бар. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендері, бастан кешкендері, қолымен жасаған заттары, ұқыпты жинаған әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі, халықтың тәлім-тәрбие мұрасы болып қалыптасқан.

Қазіргі ұлттық жаңару мен қайта түлеудің дүниежүзілік маңыз алуын әлі де таңғаларлық жағдай деушілер басым. Тіпті қайсыбір менменшіл ұлт өкілдері оны тағылық пен жабайылыққа да балайды. Шынында ұлттық фактор - біз бұрын мән бермей, елемей келген, бірақ заңды тарихи, әлеуметтік құбылыс. Оның мәні - ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылысында. Ұлт бойында қордаланған тарихи және әлеуметтік күш-қайрат ғасырлар тоғысында жарыққа шығып, жаңа көрініс алып отыр. Тарихтың қозғаушы күші таптар мен олардың партиялары ғана емес, өзін-өзі таныған, өз күшіне, жігеріне сенген ұлттар деген ой бірте-бірте белең алып келеді.

Тарихи сахнаға ұлттардың шығуы, олардың замана драмасының басты тұлғасына айналуы әлеуметтік ғылымдарға да ерекше жүк артып отыр.

Ұлт табиғаты - күрделі де жан-жақты құбылыс. Көз алдымызда көптеген жас тәуелсіз мемлекеттердің іргетасы қалана бастауы ұлт теориясын терең түсінуді, зерттеуді керек етеді. Тәуелсіздіктің ең жауапты, барша қиыншылыққа толы кезеңі әлі алдымызда екендігін ескерсек, елі мен жеріне қызмет ететін белсенді, толыққанды азамат тәрбиелеудің маңызы да аса зор. Ұлт болмысының мәні, ұлттық келбетті айқындайтын факторлар, ұлттық қатынастардың астары, ұлттың келешегі сияқты мәселелер ұлттар пайда болған заманнан бастап-ақ адамзатты ойландырып келеді. Ұлттық сана үрдіс өсіп отырған біздің заманымызда бұл мәселелер төңірегінде пікірталастар қай ұлттың да өкілін бейтарап қалдыра алмайды.

Сана жөнінде арнаулы философиялық еңбектерде түсініктеме де беріледі. Бірақ біздің қарастыратынымыз ұлттық сана төңірегі. Ұлттық сананың өзі қалыптасу тұрғысынан әуелі тарихи алғышарттардан аспайды. Ұлт табиғатын тану, оның тарихи тамыры мен болмысын анықтау – қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе.

Сана қай кездерде де өзгеріске ұшырауы мүмкін? Біріншіден замана талабына сай кей кезде ұлттық дәстүрдің іштей дамып жетілуіне орай, ішінара түзетулерге килігуі, екіншіден, сыртқы ықпалды идеологияның зорлығымен өзінің алғашқы бейнесінен айырылуы ықтимал. Түрік қағанатының ыдырауы салдарынан Тәңірі діні идеологиялық міндетінен айырылып қалып ақырында бірте-бірте жойылуына байланысты бір замандарда бабаларымыз жарақтаған ғылым әлсіреген. Соның салдарынан дәстүр күшті өзгерістерге ұшыраған. Дегенмен де соның өзінде халық жұрнағы сақталған. Оған дәлел «Санасызға сан айтсан да, жетесізге жеті айтсан да ұқпайды».

 

К. Нүрпейісовтың «Ұлттық сана дабылы» атты мақаласында қазақ халқының ұлттық санасына ХХ ғ. ушықтырған тарихи алғышарттары берілген. Сол алғышарттарды әр сала бойынша қарастыруға болады. Этникалық жергілікті қалыптасу тұрғысынан алар болсақ – оның ар жағы жер мәселесіне келеді. Жер мен табиғи байлық, пайдалы қазбалар, көлі, суы, балығы, аңы құсы, даланың гүлі ғана емес, ол ұлтты ұлт еткен, ата бабалар өмір сүрген, жаулардан қорғаған жер. Бөтен адамды қазақ даласы меңіреу, мылқау, тіпті біркелкі сарынымен жалықтырады. Ал қазақ үшін ол даланың әр сайы, тауы төбесі, көлі шежіре, тарих тілімен сөйлеп тұр. Демек жер – территориялық, экономикалық қана емес, мәдени, тарихи, рухани кеністік.

Үйреншікті жер бар да, ата-баба терең тамырын жайған қасиетті қара топырақ бар. Ұлттық тарихи сана – тілдің, өркениеттің, отаншылдықтың негізі.

Сауатсыздықтың жойылып, мерізімдік басылым мен кітап басу ісінің және білім ағарту саласының өркендеуімен, қалалардың өсуімен сипатталатын шаруашылық дамуының интенсивтілігі коммуникативті тұтастылықты туғызады. Коммуникацияның қарқындылығы көркем шығармашылық пен өзара тұрақты қарым-қатынасты дамыту нәтижесінде жалпы ұлттық тілді және ұлттық мемлекетті қалыптастырады. Демек ұлттық мәдениет гомогендік этникалық қауымдастықтың тар шеңберімен шектелмейді.

Ал осыған байланысты қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мәселесінде белгілі отандық мәдениеттанушы ғалым С.Т. Темірбеков тың пікір айтады: «Қазақтардың басым көпшілігі аграрлы халық қатарына жатады, олар рушылдық, трайбалистік қатынастарды жоюға жағдай жасайтын индустриалды қалалық мәдениеттің қазанында қайнаудан өткен жоқ, нарықтық өркениет тәжірибесі жоқтың қасы. Технологиялық менталитет қалыптаспаған. Демек, қазақтардың ұлттық консолидациялану процесі әлі де жалғасуда».

Ұлттық сана төңірегі біз білеміз әр тарапқа кетеді: тіл мәселесі, ұлттық менталитет т.б. Сананың өте ерте түсінік түйсіктен, діл дыбыстан соң сәби шақтан бастап қалыптасатының басты айғақтарының бірі – ана тілі. Өйткені сәби буынын бекіте келе шешесінен естіп санасына жеткен сөздер арқылы ақыл-есі дамып, оны түптің түбінде барлық дүниемен табысудың қатынас құралына айналдырады. Сол тілдің дамуы қашанда бабалар қабылдаған ұлттық сана талаптарына қызмет етіп, соның ішінде ұлттық дәстүрдің қажетіне сай өркендейді. Осылайша ұлт өмір сүрген қоғамдағы дәстүрдің орыны анықталады.

Жалпы дәстүр қоршаған ортаға, наным сенімге табиғи мінезіне ыңғайланып әр ұлтта әр қилы қалыптасатыны түсінікті. Мына жалғаншы дүниеге келген, тыныс-тіршілігі көші-қоннан ажырамаған он тоғызыншы ғасырдағы әрбір қазақ дәстүр бесікке бөленуден басталады, діни сенім жетегіне тілін кәлимаға келтіріп көз жұмуымен аяқталған ғой. Қалғаны тірілердің шаруасы болған.

Мұны айтып отырған себебіміз, осы ұлттық дәстүрдің бұзылуы ұлт санасына күрделі өзгерістер жасайды және ана тіліне де бүліншіліктер әкеледі; немесе керсінше тіл қаражат (экономика) құралы болудан шектетіліп, билік тізгіні өзге ұлттың қолына көшіп, солардың тілінде сөйлеуге мәжбүрлік туған кезде дәстүр өз-өзінен іштей ірі бастайды. Мыслы, қазақтың орыс отарына айналғаннан кейін көшпенділіктен бірыңғай отырықшылыққа көшуі, әмеңгерліктің жойылуы, құда түсуден безінуі, жастардың үлкендерге құрметпен қарауының берекесізденуі т.б.

Бірақ мұндай дертке сілтейтін саясатты дер кезінде түсініп, санаға дем беріп, көктетіп – көтеріп отыратын, ұлттың байырғы дәстүрін жетілдіре отырып, жалғастыра отырып өркендейтін елдер де бар. Оған Жапон, Қытай, кейбір Араб елдерін жатқызуға болады.

Бізге ой салатын жері де осы. Құдай қазақ зиялыларының санасына сәуле құйып қауымдасып, кеңес одағы кезінде туырлықтай кескіленген дәстүрімізді жаңа заман талаптарына сәйкестеп қайта бүтіндесе, сөйтіп иіні түскен қазақ халқын ХХІ ғасыр табалдырығынан жасқанбай, алшындай басып өтуге жәрдемдессе қандай ғанибет болар еді. Бірақ ол үшін ең алдымен дәстүрдің қолын ұзартатын жалғандағы жалғыз ділмарсығандардан халыққа көк тиында пайда жоқ.

Елі мен жеріне ие болу мүмкіндігінен айырылған халықтардың егемен мемлекетке айналуы сан алуан ой-пікір туғызып отыр. Ұлы державалық шовинистік ой-пікірдегілер «қазақ - өз еліне өзі қожа» дегенге сенгілері де келмейді, кейбіреулері тарихта казақ мемлекетінің болғандығына да күмәнданады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қазақтар мен қазақстандықтардың арасында да түрліше психологиялық, саналық өзгерістер туғызды. Алуан түрлі ойлардың ортақ түйіні - ұлт проблемасы, ұлттың тарихи субъект ретіндегі маңыздылығы.



Просмотров 3005

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!