![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар
Қазіргі этнографияның алдында тұрған мәселелер, әсіресе халықтардың өмірі мен мәдениетін жан-жақты зерттеуде бірқатар қиындықтарды туғызады. Этнографиялық материалдарды жинақтаудың негізгі формасы этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру болып табылады. Өкінішке орай этнографиялық зерттеулердің бір ауыздан мақұлданған экспедициялық жұмыс тәсілдері болмай отыр. 1960 жылдардан бері әлем халықтары арасында өзінің өткен тарихын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, материалдық мәдениетін жаңғырту үрдісіне бет бұру байқалады. Бұл жазу-сызуы ерте дамыған өркениетті халықтарды былай қойғанда, Африка мен Азияның және Латын Америкасының бұратана халықтарында да байқалады. Осы орайда Орталық Азияның ірі этностарының бірі, Евразияның үлкен кеңістігін алып жатқан қазақ этносының өткен тарихы мен мәдениетіне байланысты көптеген мәселелердің зерттелмей жатқанына назар аударылуда. Отарлық пен Кеңес дәуіріндегі қасаң жүйе халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетіне елеулі өзгерістер енгізіп, тіліне қауіп төндірді. Сондықтан XX ғасырда қазақ халқының ежелгі мәдениеті, дүниетанымы, әдет-ғұрпы, шаруашылық дәстүрі қандай өзгерістерге ұшырады, оларға әлемдік өркениеттің ықпалы, халқымыз XXI ғасырға қандай дәрежеде аяқ басқалы тұрғаны жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, қорытынды жасаудың маңызы ерекше. Сонымен бірге қазақтардың осы жерді мекендеуші басқа да халықтармен қарым-қатынасы, мәдениеттердің өзара ықпалы жөніндегі мәселеге де айрықша назар аударылуы қажет. Этнографиялық зерттеулердің теориясы мен методикасы: 1) этнографиялық зерттеулердің міндеттері мен мақсаттары.Этнографиялық тәжірибенің мақсаты: біріншіден студенттердің дәріс және семинар сабақтарында алған білімін бекіту. Екіншіден тәжірибеші-студент экспедиция жұмыстарына қатыса отырып, далалық жағдайдағы еңбекті ұйымдастыру мен кәсіби-этнограф дағдыларын қалыптастыру. Үшіншіден этнографияны игеруге көңіл аударған студен-тәжірибешілердің алдына ғылыми тапсырмалар қойып, кәсіби дағдыларын қалыптастырып, олардың ғылым жолына баруына алғышарттар жасайды. Студенттердің ғылыми жұмыспен айналыса бастауы, студенттік ғылыми конференцияларға қатысып мақала берумен басталады. Студенттерді тәрбиелеуде этнографиялық тәжірибенің баға жетпес маңызы, студенттерді жергілікті халықтың тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, қайталанбас қоғамдық тұрмыс-салттарымен танысу барысында арта түседі. Этнографиялық тәжірибе – адамдармен тіл табысуға, әңгімелесу дағдыларын игеруге, тәжірибешілердің қоғамдық-саяси сұрақтарға байланысты дәріс оқу, мұның бәрі жоғары педогогикалық дайындық болып саналады. Этнографиялық зерттеу жүргізілетін аймақ жөнінде мәліметтер жинау ең маңызды іс болып табылады. Гуманитарлық ғылымдардың өзге салаларының ішінде этнографияның өзгешелігі ең алдымен бастапқы фундаменталды дайыдығын, яғни нақты тақырыпты анықтап алу, зерттеудің бағдарламасы мен әдістемесін құрастырып алу, тоериялық білімді игерген болуын керек. Алдын-ала дайындықсыз далалық тәжірибеге шығудың да қажеті шамалы; 2) негізгі әдістемелік ережелер.Далалық этнографиялық зерттеулер жүргізілетін тәжірибелер барысында материал жинақтаудың екі негізгі тәсілі қолданылады: тұрақты және маусымдық: - Тұрақты тәсілмен этнографиялық зерттеу әдістерін жүргізу өз алдына сол зерттелетін аймақтағы этникалық топтың ішінде, неғұрлым ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделу. Мол мәліметтер, материалдар жинақтау болып табылады; - Маусымдық тәсілдің ерекшелігі жоспар бойынша көбінесе қысқа уақыт ішінде маңызды мәселелерді қарастырып, далалық материалдарды жедел жинақтауға мүмкіндік береді. Маусымдық экспедицияда этностың өмірі жайлы материалдарды жинақтау екі тәсілмен жүргізілуі мүмкін: маршрутты және шоғырланған. Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн болып материалдар жинақтаумен жүргізіледі. Ал шоғырланған тәсіл, зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір елді мекен) негізгі зерттеу объектісіне алып, ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған материалдарды бекітіп, салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады. 3) далалық зерттеулер жүргізудің техникасы: - далалық этнографиялық тәжірибе қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми-білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады; - байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде өмір сүру жағдайы, жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер этнограф үшін таптырмас материал болып табылады. Әрбір этнографтың далалық жазбаларда немесе басқа да құжаттарда ескерілмеген барлық байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет; - сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі; - эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет; 4) этнографиялық зерттеуде материалдарды тіркеу.Материалдарды зертеу барысында қойылатын сұрақтардың алдын-ала болуы шарт. Заттар мен құбылыстарды тіркеп жазу қатаң тәртіппен орындалады. Еңбек процесін бақылау, басқа да іс-әрекеттердің маңызы мен мазұмының тексерудің негізгі түрі ретінде сақталыну қажет. Әрбір экспедицияда жергілікті халықтың киімі, тұрғын үйі, материалдық мәдениеттің өзге де заттарын жинақтау және тіркеу үшін үлкен жұмыс атқарылады. Бұл үшін суреттер, сызбалар, жоспарлар, JPS-те анықталатын кординаттар, барлығы қамтылу қажет. Елді мекендердің орналасу жоспарларын түсіру топография негіздерін білуді талап етеді. Қазіргі этнографиялық экспедицияны фотоаппаратсыз немесе бейне камерасыз елестету қиын. Жалпы алғанда әрбір этнограф обьектілер мен заттарды суретке түсірудің әрбір қырларын білуі маңызды. Экспедицияның негізгі құжаттарына: күнделік, дәптер, анкета, графикалық суреттер, бейне-дыбыс және фотоматериалдары кіреді. Бұл құжаттар экспедиция аяқталған соң мұрағатқа тапсырылады. Беттері дұрыс номерленген таза және түсінікті жазбалар, материалдың құндылығын көтеріп оның келесі кезектегі пайдалануын көп жеңілдетеді. 5) Этнографиялық материалдарды жинақтау.Қазіргі кезде ертеден сақталынып келе жатқан көптеген жергілікті халықтың мәдениет ерекшеліктері, аз уақыт ішінде жоғалып бара жатыр. Этнографтар ескерткіштерді зерттеуге қатысып қана қоймай оларды қорғау жолдарын да қарастыру орынды. Бұл үшін коллекцияларды жинау және ескерткіштерді тіркеп отыру қажет. Этнографиялық коллекцияларға алғашқы қойылатын талап – жиналатын экспонаттардың тиіптілігі болуы шарт (бір тарихи дәуір типіне немесе сол жергілікті жердің типіне жатуы). Екінші талап – жеке экспонаттар жинақтау емес, заттар кешенің жинақтау. Мұндай жинау барысында халықтық мәдениеттің белгілі бір бөлігі немесе этностың анықталған бір жағы нақты көріне түседі. Егер де ертедегі жер өндеу тәсілін зерттеу үшін, еңбек құралдарына, өсімдік үлгілеріне назар аударылады. Мұның барлығы осы саладағы барлық жұмыс түрлерін, өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтуы қажет. Тәжірибенің жұмыс бағдарламасы.Жұмыс бағдарламасы – этнографиялық материалдарды жинақтау бойынша тәжірибешілердің негізгі бағыттарын анықтау керек. Сонымен қатар бағдарламадағы тақырыптардың орналасуы, кафедрада жүргізілетін этнографиялық материалдарды жинау мен өндеуге қатысты арнайы курстардың мазмұнымен сәйкес келіп отыруы керек. Ереже бойынша, арнайы кәсіби археология мен этнография топтарының студенттері этнографиялық экспедиция ішінде негізгі құрамды құрайды. Соңғы кездері бірқатар университеттерде «Археология және этнографияға» қатысты кафедралар мен бөлімшелер ашылуда. Белгілі мақсаттағы далалық жұмыстар этнографиялық зерттеулер жүргізуге көп көмегін тигізеді. Этнограф далалық экспедиция барысында әртүрлі оқиғаларға кез болып, бағдарламадан тыс жұмыстарды қамтуға тура келеді. Мұндай жағдайда этнографтың тек өзінің шығармашылық қабілеті көмектесе алады. Ал этнограф үшін өзінің жұмыс барысында не бір жаңалықтарға кез болу немесе ашып көрсету әрине қуантарлық жағдай. Біздің зерттеу бағдарламамыздың аясын көбіне қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымының институтын зерттеуге көңіл бөлеміз.
Тақырып 1 Шаруашылық Адамның өндірістік іс-әрекеті – оның өмірінің негізі болып табылады. Өндірістің спецификасы, адамның экономикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері мәдениеттің барлық жақтарына әсер етеді. Этнография көбінесе шарушылықтың тарихи формасын немесе шарушылық салаларының іс-әрекетінің бүгінгі күнге дейінгі ең қарапайым түрлерін, шарушылықты жүргізудің артта қалған түрлерін зерттеуге бағытталады. Бұларды білу адамзаттың тарихын, тарихи процестің механизімін тануға көп көмектеседі. 1.1 Жер игеру Жер игерудің жағдайы: а) революция, ә) ұжымдастыру, б) тыңайған жерлерді игеру: ауылшаруашылық мәдениеттері, егістік көлемі, жер игеру жұмыстарының техникасы, еңбек құралдары, шаруаға жегілетін мал, ылғалдандыру, тынайтқыштарды қолдану, егістік өнімін жинау және дайындау, сақтау. - Жер игерушілердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы; - Жер өндеуге қатысты дәстүрлер мен шаралар; - Жер игерушілер, малшы-көшпенділер; - Қазіргі жер игеру: мәдени дәнді-дақыл құрамының, техникалық әдістерінің, ауылшаруашылық күнтізбесінің өзгеруі. 1.2 Бау-бақша өсіру - Тұрғылықты жердің маңызы; - Өндеу техникасы; - Халықтың көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етілуі. 1.3 Мал-шаруашылығы Малшаруашылығы жағдайынан мәліметтер: а) революция, ә) ұжымдастыру; б) тыңайған жерлерді игеру кезеңдері бойынша. Жайылымдық жерлер және олардың маусымдық қолданылуы. Су арықтар. Көшпенділер жолының бағыты мен ұзақтығы. Жерге деген меншік, шекараларды заңдастыру және бекіту. Малдың құрамы және саны; - Қазақтардың малшарушылығына қатысты наным-сенімдері (малдың жеке түрлерінің қорғаушы иесі, таудың иесі, үңгірлер т.б.); - Халықтық ветеринария жөнінде мәліметтер. Малшаруашылығына қатысты халықтық мейрамдар. Малшаруашылық өнімдерін өндеу; - Еңбек құралдары: бұғалық, байлау-күрмеу түрлері, ертоқым түрлері, қырқу және емдеу құралдары; - Малшарушылығының қазіргі кезеңдегі маңызы. Мал құрамының өзгеруі, еңбекті ұйымдастыру, жайылымның қазіргі тәсілдері. 1.4 Шаруашылықтың өзге де түрлері: - Аңшылық; - Аңшының қару-жарақпен жабдықталуы; -Аңшылық әдістері: қарумен, итпен, жыртқыш құстармен; - Аңшылыққа байланысты дәстүрлер, олжаны бөлісу; - Балық аулау. Түрлері, таралуы, дәстүрлер. Балық аулау жабдықтары: тор, басқа да түрлері (мысалға қазақтың «қазасы»), қайықтар (табан қайық, құс қайық т.б.). -Балықшының киімі; -Балық өнімдерін өндеу мен тұтыну. Халық шаруашылығын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен халық тіршілігіне әсер ететін географиялық жағдайды: климаты және топырақ құнарлығы, өсімдік және жануарлар әлемінен мәліметтер жинақтау. Шаруашылыққа байланысты мәліметтерді жинақтауда далалық жұмыстың тәсілдеріне: тұрғындардан сұрақтарға жауап алу, жеке бақылау, тұтынатын заттарды фиксациялау, олардың ішінде (еңбек құралдарын, өсірілетін мәдени дақылдарын, еңбек мерекелерін т.б.)
![]() |