Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Классификациялау мәселесі, түп-төркіні 7 часть



Руақты еске алу

Үші, жетісі, қырқы және жылын беру(дәстүр). Ересек адамдар қайтыс болған соң үшінші, жетінші, қырқыншы күні әруақ еске алынып, аталып өтеді. Арнаулы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын, жақындары келіп дұға оқиды. Мал әкеліп, бата қылады. Жоқтау айтылады, әруақтың жақсы істері, қасиеттері әңгіме болады. Кейінгі ұрпақтарына, жақындарына тілектестік білдіреді. Марқұмның басына ескерткіш белгі орнатылады.

Адам қайтыс болған соң бір жыл толғанда оның жылы беріледі, дұға оқылады. Бұл марқұмға көпшілік болып жасалатын соңғы құрмет. (Бұдан кейін еске алуды отбасы өздері жасай береді). Жылынан соң қаралы үй қалыпты жайға көшіп, қызықты өмір тіршілігіне араласады.

Мұндай рәсімдер сәбиге жасалмайды. Жасалған күнде де отбасы болып атап өтеді.

Бата оқыр

Бата оқыр(ғұрып). «Бата оқырын қалай жасасын дейді» (М. Әуезов).Қайтыс болған адамға жақын-жуықтары мен ілік-жұрағаттары арнайы келіп бата қылады. Оның мәнісі — қайтыс болған кісінің әруағына жылқы, сиыр, қой сияқты сойыс әкеледі немесе қазіргі жағдайда ақша береді. Дұға оқытады. Бұл сыйласудың әрі қарасудың белгісі ретінде негізделген. Дәстүр бойынша адамы, туысы қайтыс болған адамдарға үйіне әдейі барып көңіл айтады, ет жақындары бата оқыр жасайды жақыны қайтыс болған адамды далада кездестіру үлкен ұят саналады. Мұндайда әлгі адамның өкпе айтуға хақы бар. Бата қылу — сыйластық пен адамгершіліктің, жақын көңілдің белгісі ретінде қалыптасқан ғұрып. Мысалы: М. Әуезов Құнанбайдың Бөжейдің бата оқырына барғанын: «Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір тай сойыс апарады. Және азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды» деп жазған.

Жан беру

Жан беру(ғұрып). «Келе жатыр дегенге, Жан берсен де нанбаймын» («Ер Сайын»).Қай жерлерде мұны «кепілге шығу» деп те атайды. Ауыр жазаға не өлім жазасына кесілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам «жан беруге» шығады. Ол адам би, молдалар алдында кебін, яғни ақ киініп, мола басына барып (кейде мола ішіне түсіп) немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп, жазаға тартылған адамның ақтығына «жанымды беремін» деп ант береді. «Жан беру» деген осы. Халық ұғымы бойынша жан беруші адам өтірік куәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. «Жан беруден» кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Одан әрі өкім жүрмейді» (А. Байтұрсынов).

Жарапазан

Жарапазан(діни салт). Жарапазан «рамазан»—деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушысы болады» Мысалы:

Айтушы:

Жарапазан айтушының сауалы бар,

Отыз күн оразаға жауабы бар.

Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,

Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,

Боз шұбар астымдағы, шу жануар!

Мұхаммед үмбетіне жарапазан!

Қостаушы:

Жарапазан,. жарапазан!

Алла, құдай би рамазан! (А. Байтұрсынов).

Жұмалық

Жұмалық(дәстүр). «Оқымаймын молдадан, Екі иығын қомдаған, бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан» (Жамбыл). Бұрынғы кездерде дәріс алып жүрген балалар молдаға арнап жұма күндері оған арнаулы сыбаға (ет, қымыз, май, кұрт., т. б.) әкелетін болған. Мұны «жұмалық» дейді. Жамбыл айтқандай молдалардың жұма күні «жұмалық» дәметіп отыратындары да болған.

Зікір салу

Зікір салу. (діни салт). «Міне бүгінгі кеш зікір сала бастамақшы». (С. Торайғыров).Бақсылар адам емдегенде қобызын тартып, жынын шақырып, ауруды айнала ойнақтай жүгіреді, яғни зікір салады. Бұл бақсының өзіндік ерекшелік белгісі. Сөйтіп, ол осындай ерекше кұбылыс, қимылдары арқылы ауруды қуып шықтым деп елді сендірген. Бақсылардың қобызбен жын шақыру, зікір салу кезінде өзіндік сарындары болған.

Зекет

Зекет(діни ғұрып). «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, ғибадат етушілермен бірге бас иіңдер» («Құран кәрім»). Исламның төртінші шарты — зекет беру. Бұл малына алған өнімінен құдай, дін жолына, жетім-жесірлерге берілетін үлес. Зекет алтын, күміс қорынан да, ақшалай табысынан да беріледі. Малдан алынатын зекет мөлшері мынадай: 40 қойдан бір қой, бес түйеден біреу, отыз сиырдан біреу тағы сол сияқты. Әр жыл сайын зекет беру — әр адамның адамгершілік және мұсылмандық борышы.

Естірту

Естірту(салт). «Хабаршылар Ғалидің үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М. Дулатов).Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайда оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен философиялық, классикалық үлгілері бар. Мысалы «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту», «Абылайға Бөгембай батырдың өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ғана қолданылады.

Ұлы өлмеген руда жоқ,

Қызы өлмеген Қырымда жоқ,

Қатыны өлмеген халықта жоқ,

Ағасы өлмеген аймақта жоқ

Інісі өлмеген елде жоқ

Әкесі өлмеген әлемде жоқ,

Шешесі өлмеген пенде жоқ,

Аққу ұшып көлге кетті

Дуадақ ұшып шөлге кетті,

Кұдай сізге бір гауһар тас беріп еді,

Оны иесі өзі әкетті.

Шоқан деген балаңыз

Бәріміз баратын жерге кетті...

Жандос ұлы Келдібек Шоқан өлімін Шыңғысқа осылай естіртіпті.

 

Көңіл сұрау

Көңіл сұрау(дәстүр). «Соңғы кездерде Базаралы науқас дегенді естіп, көңілін сұрай барысты (М. Әуезов).Ауырып жатқан адамның көңілін сұрау — адамгершіліктің белгісі. «Аурудың емі — саудың сәлемі» дегендей аталы сөз бар. Қөңіл сұрай барған адамның науқасты жұбатып, «ауырып тұрдың — аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп мысқалдап шығады», «дертіңізге шипа берсін» деген сөздермен оның жазылуға деген сенімін арттыра түсуге тиіс. Бұл да адамға деген құрметтің бір түрі.

Дайы

Құдайы(діни ғұрып). «Құдайыға боз дөненді лайықтап еді» (Қ. Сәрсекеев).Қездейсоқ апаттан аман қалғанда, азамат қиын сапардан оралғанда, немесе амандық жолына берілетін діни ғұрыптық дәстүр. «Құдайыға» мал сойып, көпшіліктің батасын алады.

Ран ұстау

Құран ұстау(діни ғұрып) «...Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді ондай мінез шығармасқа құран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кештіріп, ат-шапанға разы қылды» (С. Торайғыров).Орынсыз жала жабылғанда өзінің ақтығын, адалдығын дәлелдеу үшін, немесе қылмысын қайталамау үшін, адам қолына мұсылманның қасиетті кітабы құран ұстап «егер осы істе мен кінәлі болсам құран ұрсын»! деп ант беріп, нан жейді. Бұл оның кінәсіздігінің, немесе сертте тұратындығының толық дәлелі. Қарсы жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың «құран, нан» деп қарғануы осыдан шыққан.

Ораза ұстау

Ораза ұстау(діни). «Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар!— деді» (Ғ. Мүсрепов).Мұсылманның бес парызының бірі. Мұны ораза ұстау немесе «ауыз бекіту» дейді. Оразаның шарты бойынша ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөз сөйлемейді, қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік) күн батқан соң ауыз ашады. Ауыл адамдары ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіп, жақсы тағамдар дайындап «ауыз ашарға» шақырады.

Ораза ұстаудың бірнеше жолдары бар. Кейбіреулер оразаның басында, ортасында, аяғында үш күннен ораза ұстауына болады. Шариғат (дін заңы) бойынша денсаулығы жоқ, бала емізген әйелдер, жолаушылар, балалар, есі дұрыс еместер оразадан босатылады. Оразаның алты түрі бар: 1. Парыз. 2. Уәжіп. 3. Сүннәт. 4. Мәңдүп. 5. Нафила. 6. Мәкруһ» («Мұхтасар»137-бет). Кәмелетке толған әр мұсылман ораза ұстауға міндетті.

Пітір беру

Пітір беру(діни ғұрып). Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы апарып, әр адам ата-бабаларына т. б. әруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақасының бір түрі. Пітір беру діншілдік емес, ол тірілердің әруақтарға деген құрметі.

Садақа беру

Садақа беру (діни салт). «Садақаны сауда бер» (мақал).Жетім-жесірге, қаріп-қасірлерге, немесе дін жолына ақшалай, заттай берілетін құдайы. Садақа беруші адам өзінің, үй-ішінің амандығына қол жайып бата тілейді және «батаңыз қабыл болсын» деп бет сипайды. Мүсәпірлерге қайыр садаққа беру әр мұсылман баласы үшін міндетті болып саналады. «Садақа берсеңдер — құдайға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын, алыстап ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер». («Кұран кәрім»).«Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді». (Мұхамбет пайғамбар).

Талақ

Талақ(дін жолы, ғұрып). Әйтеуір ол маған қатын болмайды. Талақ болсын! Талақ! Талақ! (М. Жұмабаев).Әдет бойынша әйелінен айрылысқан ері оны «талақ» етеді. Мұндай жағдай көбінесе әйелі ерінің «көзіне шөп салса» (жеңіл жүріс жасаса) тағы басқа жат істер болғанда қолданылады. Қүйеуі «талақ» деген сөзді үш рет қайталаса, неке бұзылған, яғни айрылысқан деп есептеледі. Бірақ, талақ болған әйелдің белгілі бір уақытқа дейін күтуге хақы бар. «Әйел талақ етілді, олардың күтетін мерзімі де орындалды, егер осыдан кейін ерлі-зайыптылар ойланып, шарт бойынша бірге өмір сүруге келісіп, жарасып жатса, онда оның қайта қосылуына кедергі жасамаңдар» (Құран кәрім).Шариғат заңы осындай. Егер талақтан кейін екеуі кешірім жасап қайта қосылатын болса, онда олардың некесі қайта қиылады. «Ері әйелін үшінші рет талақ етсе, онда әйел басқа біреуге тиіп шықпайынша, (қайта қосылуға) рұхсат етілмейді». («Құран кәрім»).

 

Тасборан

Тасборан (заң жолы, ғұрып). «Тәңірге тіл тигізген адам егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі» (Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы»— заңынан).Бір адам ел-жұртына сатқындық жасаса немесе әйелі еріне опасыздық жасаса, немесе ел-жұрт естімеген, көрмеген қылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірсе т. б. өте ауыр қылмыстары үшін ол «тасборан» арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни өлімге бұйырылушының аяқ-қолын байлап жұрт алдына әкеліп, оған қатысқан барлық адам қолына бір-бір тас алып, қылмыскерді сол таспен ұрып өлтіреді. Мысалы Құнанбай Қодар мен Қамқаны өлтіргенде осы «тасборан» заңын қолданған.

Тасаттық

Сенім - адамдардың көз сүзген мұраты мен көкейге түйген мақсатын жүзеге асыруының тірегі. Тіпті өзі орындай алмайтын сыры терең, ой жетпейтін құпия тұңғиық, ғайыптағы тылсым дүниелерге үңілгенде де адамды қолдайтын құдіретке жан-жүрегімен сенеді, үмітін жебейтін наным-тоқтамын Тәңір деп жалбарынады. Соған мұң-зарын шағып, құрбаңдық шалады, тілеу тілейді. Осындай сенімнен туған ырымдар қазақ арасыңда тіпті көп. Бәрі жақсылық тілеуден туған ақ ниет. Қыс өтіп, көктем келген соң, алғаш күн күркірегенде бақырды даңғырлатып дыбыс шығарып, үйді айналу - үйдің амандығын көк тәңірінен тілеуі. Тасаттық беру жосыны да көне заманнан қалыптасқан сеніммен өзектес. Казірге дейін санадан орын алып, тіршілік арнасынан ауытқымай өрбіген рәсім.

Күн шығыстағы Орхон өзені бойынан күн батыстағы Қара теңіз жағалауларына, солтүстіктегі мұзды алқаппен Орал тауларының түкпірдегі жоталарына, оңтүстіктегі Гималай мен Үндікүш асқарларына дейін іркес-тіркес созылған өркеш-өркеш ұлы таулар қойнаулары мен байтақ далалар төсін мекен еткен ежелгі түрік халықтары есте жоқ ерте заманда-ақ өздері құдірет деп таныған заттар мен құбылыстарға сенген. Соған орай тотемдік және шамаңдық сенім қағидаларын нысана тұтқан.

Бұл сенімдер бойынша әрбір заттың, құбылыстың, тау мен судың, от пен жарықтың әрқайсысы бір-бір киенің иесі саналған. Казақтар киелі құс деп, үкіге зиян-зақым келтірмейді. Адамнан азған деп, аюды албаты өлтірмейді. Бұлар тотемдік сенімнің жосығы сияқты. Осындай аялы сенімнен обал және сауап деген ұғым шыққан. Обал мен сауаптың қағидасы қазақ өміріңде елеулі орын алады. Бұл аң мен құсты, ағаш пен өсімдікті сақтап, қорғауға ерекше қызмет ететін қағида. Кажетке жараса - кескен ағаштыңда, орған шөптіңде сауабы бар. Ал оларды бос қасыңдырып, жұлу - обал. Осы сенімнің негізі жер қыртысын, жайылымды, егістікті, орман-тоғайды, өсімдікті сақтап, қорғаудын нанымдық жолы. Соңғы жылдары табиғаттың азып, тозғындауы адамдардың осындай сенімнен айырылуының салдары. Сенімнен айырылу—азғыңдыққа душар етеді.

Сол алғашқы діңдерден өрбіген сенім жосыңдары түрлі кезеңде өмір сүрген түрлі түрік халықтарының тұрмысында елес болып қалған. Өшіп кетпей, әдет-ғұрыптарына сіңіп, заман өте келе салтқа ауысқан. Тек қана жақсылық тілеудің ырғағына айналған. Көнеден келе жатқан мұңдай киелі нысанның белгілері қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр ұлттарының тұрмыс-салтынан көп байқалады. Бірақ діңдік сенімнен гөрі салттық мәні басым.

Тасаттық — сол тамыры терең сеніммен түбірлес салт. Өзегі үзілмеген жалғасының бір түрі. Негізінен шаман діні сеніміңдегі құдірет иелері саналатын аспан тәңіріне, бұлт тәңіріне бас иіп, жалбарынудан қалған көне дағдының салтқа айналған көрінісі тәрізді. Жаңбыр жаумаған, құрғақшылық зардабын шеккен шақта жұрт осы сенім жосығымен құрбандық шалып, жақсылық тілейді. Алайда кейін келсе де өркен жайған ислам діні қағидаларының ықпалы салдарынан бұл көне сенім санадан өшкенімен, тұрмыстағы қалдығы қайырымдылық күткен тілеудің ғибратты нысанына ауысқан түрі бар. Ырым жосынымен сақталған. Бұл да ырымдық игі ниетке ғана арналады.

Тасаттық - құрғақшылық жылдары көктен жаңбыр жаууын тілеп, ұлы тәңірге, аспан киесіне шын ықыласпен ақ ниет таныттатын жосын. Ежелгі сенім бойынша көк аспан да, найзағайлы бұлт та -Тәңір. Көне сенімдерді жаңа наным ережесімен алмастырған Христиан дінінің пайғамбары Иса ғалайһиссалам да мәңгілік көкте жүр. Адамдар сол секілді қасиеті киелерден жақсылық күтеді. Ислам діні кең қанат жайған соң адамдар сеніміндегі көне ұғымның орнын Алла тағаланың кұдіретіне бас иген сенім басты. Соңдықтан тасаттық беру - сауық емес, құдыретке сыйыну, адамдардың ұлы киелерге бас иіп, жалбарынуы, мейірі мол Алла тағаладан шапағат тілеп, ықыласын өздеріне аударуы. Сол үшін садақаларын аямайды. Алладан өзінің шапағатымен жердің бетін жайнатып, шөп пен егін өсіруін, дүниені қаталатпай, су беруін өтінеді. Сол үшін алла тағаланың жолына арнап құрбан шалады.

Тасаттыққа ауыл-аймақ, үлкен-кіші, кәрі-құртаң, аш пен тоқ, бай мен кедей жиналып, ниеттерін тоғыстырады. Бір дастарқанның басыңда отырып тілеу тілейді. Бір қазаңда піскен асты ықыласпен бөлісіп жейді. Малды қоңды, жердің бетін отты, адамдарды тоқ етуін сұрап, Алла тағалаға жалбарынады. Сұрайтыңдары — жаңбыр. Ылғал болмаса астығы, шабатын шөбі қурайды да, тіршілік күйреуге ұшырайды. Ұлы тәңірден көптің көз жасын көруді, елдің ырысын суалдырмай, тынысын кеңейтуді, сол үшін жаңбыр жаудыруды өтініп, алақаңдарын көкке жаяды.

Тасаттық берген ауылдағы адамдар құдай жолына арнаған садақаларын ортаға салады. Тасаттық асын беру үшін белгіленген жерге қазан-ошақ орнатылып, ішіп-жем мол әзірленеді. Ауылдың ақ ниет қариялары тілеу тілеп, дұға оқиды. Аспанға қолдарын жайып, құдай жолына арнаған құрбаңдық малға бата жасайды:

О тәңірім, талқыға салма,

Сая бол өзің талыққан жанға!

Көгіңнен тамдыр тамшыңды,

Үмітті үзбей, арасын жалға!

Жерге қаулап шөп енсін,

Егін солмай, көп өнсін!

Бере гөр, тәңір, тілеуді,

Мейіріңді төгерсің!

Тілеуді қабыл ете гөр,

Күнәлі болсақ, кеше гөр!..

Тасаттық ауылдан шалғайлау таза жерде өтеді. Оңда ақ тілеулер үздіксіз айтылып, дастарқан кең жайылады. Жиналғандар түгел жайғасып отырып, кұдайы тамақтарын түгесе ішіп-жеп тарайды. Бұл да қазақ өміріне сіңген ежелгі дағды. Ақ ниет пен шын тілеудің нысаны.

Топырақ салу

Топырақ салу(ғұрып). «Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш, Бір-уыс бұйырмады топырағың («Зәуреш»).Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде топырақ салу мән-мағынасы зор ғұрып. Егер жақын адамдары қайтыс болғанда топырақ сала алмаса, ол үлкен арманда деп өкінетін болған. Дер кезінде келіп марқұмға топырақ салуы, салушы адамның көңілінің жақындығын, әруаққа ризалығын, қоштасуының белгісі деп бағаланады. Үлкен кісілер «бала-шағаларынан, жақындарынан, туған жерімнен топырақ бұйырса» деп тілек тілеп отырады. Топырақ салушылар марқұмға «топырағың торқа болсын» дейді. «Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды» (М. Әуезов).

Көңіл айту

Қөңіл айту(ғұрып). «Төңіректегі халық естіген беттерінде көңіл айтуға топырлап келіп жатыр» (Т. Әбдіков).Жақын адамы қайтыс болғанда оның жақын-жуығы мен таныстары, іліктері қазалы үйге әдейі барып бата жасап, көңіл айтады. Көңіл айтудың мәні-мұнды адамды жұбату, сергіту, «өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп уайымға берілмеу жөнінде жанашырлық ақыл-кеңестерін айтып қайрат береді. Қайғыға берілген адамды кейбір өткір шешендер әрі мінеп, әрі сынап, әрі ұрсып тоқтатқан. Мысалы, Бағаналы Ерденнің баласы өлгенде басын көтере алмай қалғанда Таз Шоқай би былай деген екен:

«Уа, Ерден!

Басыңды көтер жерден,

Осы балаң өлмегенде

Кетіп едің керден

Өзі беріп, езі алды

Нең бар еді құдайға берген?!

Балаң түгілі

әкең Сандыбай да өлген.

Оны Шоқай көрген.

Жақсының басына іс түссе

Бойлай береді

Жаманның басына іс түссе

Ойлай береді

Көкті бу көтереді,

Жүйрікті ду көтереді,

Жүкті нар көтереді

Өлімді ер көтереді.

Жаназа

Жаназа (діни ғұрып). «Әбіштің жаназасына Алматы халқы көп жиналды» (М. Әуезов).«Жаназа» - араб сөзі. Тілдік мағынасы: мәйіт, табыттағы мәйіт. Қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсімі. Жаназада өлген кісіге дәуір айналдырып, садақа беріп, құран шығарылады. Жиналған көпшіліктен «бұл кісі жақсы адам ба? деп сұрайды. Оған «жақсы адам» деген жауап беріледі. Сол сияқты «марқұмнан ешкімнің алашағы, берешегі жоқ па?» деп тағы да сұрайды. Алашағы бар адам сұрауға да, алуға да, кешіруге де хақысы бар. Оның ешқандай айып, ерсілігі жоқ. Шариғат заңында осылай қаралған. Жаназа адамға жасалатын соңғы құрметтердің бірі.

Адам дүние салған соң оның ағайындарына бес нәрсе міндеттеледі. Олар:

Мәйітті шомылдыру;

Оны кебіндеу;

Жаназасын оқу;

Жерлеу;

Мәйіттің артында қалған қарызын өтеу.

Бұл ағайындардың мәйітке қатысты негізгі бес міндеті. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жаназаны асықтырындар. Мәйіт жақсы адам болса, оны жақсылыққа жақындатқан боласындар. Егер жаман адам болса, мойнындағы жамандықтан құтыласындар», - және: «Жаназа намазын оқитын болсандар, оны шын ықыластарыңмен оқындар» Имам әбу Дауд риуаят етті), - дегеніне сай.

 

Підия

Підия (салт). Қайтыс болған адамның өтей алмай кеткен борышы, бере алмай қалған қарызы немесе кінәсі болса оны өтеуге берілетін төлем ақыны – «підия» дейді. Ислам шариғаты бойынша ол жоқ-жітік, жетім-жесір, кемтар немесе мүсәпір адамдарға беріледі.

 

Дұға (құран) оқу

Дұға (құран) оқу(діни ғұрып). «Там тұсынан өте бере атын аяңдатып, дұға оқып, бетін сипағаны сол еді...» (А. Нұрманов), Марқұм болған өз ата-бабаларының, туған-туыстарының басына барып дұға оқып, ескетүсіру зор адамгершілік парыз. Әр адамның ерте ме, кеш пе сол әруақтардың қатарына қосылатыны анық. Олай болса марқұмдарға құрметпен қарау адамгершіліктің белгісі. Сонымен бірге әр адам сапар үстінде келе жатқанда жол үстінде жатқан қорымдарға тоқтап, дұға оқып, бет сипап өтуі шарт. Егер адам асығыс болса ат үстінде бір үзеңгісін босатып, машинада болса жүрісін баяулатып құран оқуы керек. Бұл адамгершілік, тірі адамның әруақтарға құрметі.



Просмотров 1845

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!