![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Классификациялау мәселесі, түп-төркіні 2 часть
Ашамай — ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстіңде жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауыл қалмасын деп басыңда қол-аяғын байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды. Сонымен айналасы бір жетіде атқа жақындық қаныңда бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ер-тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады. Өмірінің қақ жартысы ат үстіңде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді.' Бұл той әр әке-шешенің шама-шарқына қарай болады. Байлар ірі-қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатыңдай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына бәсіре атайды. Жоқтар колындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын ала атап қояды. Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты деген сөз — азаматтың бастамасы: Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскеңдіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңынан ерте ілеседі. Бұл тіршіліктін бәрі бұрын қазаққа атпен бітетін. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады, Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп, елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жау-мен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер. Бұған бейімделмеген бала ер жеткенде: "Астына ала шолақ ат-мінгізсең, Алты ай мініп арытпас. Қолына қырық найза, оқ берсен, Дұшпанға бірін атып, дарытпас" — дегендей көп ынжықтың бірі болып шығады. Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы баланы баулу болса, бір жағы осы батаны алу... Бауырына салу Баурына салу(ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни «бауырына салуы» ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасымен етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Алайда, бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің, аты айтылып, жаназасы шығарылады. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін «бауырына салып» алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды. «Бауырына салу» немесе бала асырап алуда баласы жоқ адамдар балалар үйінен сәбилерді өз бауырына алу мен қатар балалар үйінен сәбилерімізді шетел азаматтарының асырап алуға әкететіндері де кездесіп тұрады. Базарлық Базарлық(дәстүр). Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Байғазы Байғазы(дәстүр). —«Уа, сатира сарбазы, Алырнаңа байғазы!» (С. Әбілкәкімов).Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Қазіргі таңда көп жағдайда байғазыны жеңіл көлік, үй (пәтер) немесе көрнекті бір зат алғанда қайырлы болсын, жаңа үйге кіргенде үйінің іші құтты болсын деп жатады. Бастаңғы Бастаңғы(салт). «...Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. (К. Сегізбаев)Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі — жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды. Бесік той Бесік той(салт).Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. «Бесік алып бару» - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік бұйымдармен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттар да кіреді. Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағилармен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. Сонан соң «бесікке салу» басталады. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізетін сәбиді бесікке әйелдердің ішінен жас жағынан болсын, мінез-құлық, іс-әрекет жағынан болсын парасатты, бойы таза, инабатты, жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, балалы-шағалы болған бәйбішелердің бірі салады. Баланы бесікке саларда бесікті аластау ырымы жасалады. Бұл отқа табыну дәуірінен қалған ырым. Баланы бесікке саларда бесікті саларда қарт аналардың біреуі шымшыуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кертеді. От пен оның исінен жын-шайтан, дерт-дербезе қашады мыс деп есептеген. Жаңа бесікке нәрестені бөлмес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге «тыштыма» деп, үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Бесік жыры әндері айтылып, би биленіп, көңіл көтереді. Босаға майлау Босаға майлау(ғұрып).— Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек. Біз шаншар Біз шаншар (салт). Кең байтақ қазақ даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі - "біз шаншар". Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында "жаушы" осы "біз шаншар" салтын қалдырды. Ақсақал, қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерден шаншулы бізді тауып алады. Бұл "бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық" дегенді білдіреді. Жеті ата «Жеті ата»(ғұрып), «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел).Әр адам өзінің жеті атасын білуі — көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз»—деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз. Жолаяқ Ұзақ жолға шықпас бұрын, жолаяқты жол жүрушілер жасайды. Жақындары мен жора-жолдастарына дастарқан жайып, шамалары келгендер қой сойып, қазан асады. Жолаяққа келген адамдардың тілегі – жолдың жақсы болуы. Үлкендерден бата алады. Тойға алыстан келген сыйлы қонақтарын той иелері «жолаяқ» жасап шығарып салады. Жолда тұрып, кішігірім дастарқан жайып, келген аяқтарына гүл бітуін тілеп бір-біріне тілектер айтады. Сонау жерге келгендеріне рақыметтерін айтады. «Жолаяқ» сыйластықтың белгісі. Итаяқ «Итаяқ»(дәстүр). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, үлкен әжелері оған «итаяғыңа» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяқ» деген келіншек босанып баланы алғаш шаранасын жуатын суға, яғни «шілде суына» әлгіндей күміс, жүзік, сақина, түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені шомылдырып жуады. Шомылдырып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым ғылып бөлісіп алып, мәз-мәйрам болып тарқасады. Кекіл қою Кекіл қою(ғұрып). «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай, Көгілдірі аққудың секілдім-ай» (Халық өлеңі).Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. Кекіл жылқыда да болады. «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай» (Халық өлеңі). Кіндік кесер Кіндік кесер(салт).Ел ішінде "кіндік шешесі" немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың "жол менікі" деп аталатын кездері де болады. Кіндік кесу - мәртебелі абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге "кіндік кесер" кәдесі беріледі. Кейінде "кіндік шеше" деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. "Кіндік шеше" кейін келіп бала үйінен өз қалауын ала алады. Баланың кіндігі түскеннен кейін "елдің қорғаны болсын" деп ер баланың кіндігін ат шаптырым жерге апарып көмеді. Қыз "Отбасының тірегі болсын" деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді. Алжа Қалжа(ғұрып). «Менің сорлы шешеме қалжа қайда, Қой сат деп әкем шапты көрші байға» (С. Торайғыров).Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып, берілетін тамақ-«қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл әрі сыйластық, кұрмет, әрі босанған әйел тез сауығып кетсін деген мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып. Рсақ шашу Құрсақ шашу(дәстүр). «Құтты болсын деді де, Құрсақ шашу жеді де, қайтадан халқы тараған» («Алпамыс»). Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысын-ажындары, енелері әйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде «құрсақ шашу» дейді) жасап, оның аман-сау қол-аяғын бауырына алуына (яғни босануына) тілек білдіріп шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мәнісі жас келін қысылып, ұялмасын, тіл-көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан. Жас келін бала біткен соң бойына ас сіңбей кұса береді. Әлдеқандай тағамға көңілі шабады. Мұны жерік болды дейді. «Бәйбіше келді алаңдап, Жас беріше жалаңдап, Жерігі қанбай сандалды» («Алпамыс»).Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Мұндайды «ит жерік» дейді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. «Жерік асын жегендей қуанды» деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы. Халық екіқабат ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: «Қарағым, биік тауға қара-көңілің өседі, көңілің өссе-немерең кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жайнаған гүлге қара-сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш, бала қайырымды болады» деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап... баулыған». Міне бұл ұлттық ұғымның ұлағаты. Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл ананың басты парыздарының бірі. Рсақ тойы Құрсақ тойы(салт).Жас келіннің бойына бала біткеннен кейін оны тіл көзден сақтау мақсатымен қамқор ана ауыл әйелдерін жинап, «құрсақ тойын» өткізген. Оған жиналған әйелдердің бәрі шашуларын әкеп келіннің үстіне шашқан, келінге бата-тілектерін білдірген. Бұл «құрсақ шашу тойы» деп аталған. Көптен бері – бала көтере алмай жүрген әйел бойына бала біткеннен кейін, әйелдің жақын араластың құрбылары, құрдастары (негізінен әйелдер) жиналып, «құрсақ шашу» ырымын жасайды. Ол үшін құрсақ көтерген әйел үйінде дастарқан жасайды, ал келген әйелдер ақша мата тәттілер және т.б. шашу ретінде әкеліп, болашақ нәрестенің аман-есен босануына тілектестігін білдіріп, шағын той жасалады. Оңтүстікте мұны «құрсақ той» деп те атайды. Ырқынан шығару Қырқынан шығару(салт).Ерте заманнан келе жатқан әдет қазақ туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарған. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептелген, себебі қазақ халқының ұғымында қырық саны қасиетті сандардың бірі. Қазақ халқының ғұмырында 7, 9, 30, 41 сандары қасиетті деп есептеледі. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, болашақта үйленгенде қалын малы аз болсын деп, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қалын малы көп болсын деп 42 не 44 күнде қырқынан шығарған. Нәрестенің ит көйлегін шешкен күні, яғни қырқынан шығарған күні ауылдағы әйелдер жиналады, ішіндегі немерелі-шөберелі болған кемпірдің бірі, немесе абысыны немесе өзінен үлкен әйел қырқынан шығару ырымын істейді. Баланың қарын шашын қалаған адамына (ер адам немесе әйел адам) алғызады, одан кейін қырық қасық суды үстінен құйып тұрып, «отыз омыртқан жылдам бекісін, қырық қабырған жылдам қатсын» деген тілекті айтып шомылдырады да, баланы шешесіне береді. Бала шомылдырып ыдысқа шақырылған ауыл әйелдері 40 қасық су құйып, сақина, жүзік сияқты заттар салады, теңгелер салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алған. Сақиналарды бала шомылдырған әйелдер өзара бөліскен. Кейбір қарт әйелге көйлектік маталар береді. Баланың қарын шашын алған еркекке де азын-аулақ сыйлық береді. Баланың қарын шашын алған соң тастай салмай, сақтап қояды. Баланың қарын шашын шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, баланың киімінің он иығына қадайды. Бала қырқынан шыққанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп біледі. Ал тырнағын көміп тастайды. Баланы қырқынан шығарғаннан кейін, ит көйлекті шешкен соң, оған тәтті бидай, жүгері қуырып салып, түйіп иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары итті қуып жүріп, мойнындағы «ит көйлекті» шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Ит көйлекті ырым деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы – барлық адамды қуантатын баласы көп болсын дегені. Кейіннен бұл әдет ұмытыла бастады. Лақ тесу Қыздың құлағын тесу –дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың екі жағынан бірінін тұсынан бірін дәл келтіріп қысады. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Мүше алу Мүше алу (салт, дәстүр). «Мүше алып қашып жеңгеден, Бозбала ерке қызға апар» (Ғ. Қайырбеков). Ойын-тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сұрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина, айна т.б. мүше береді. Алған жігіт оны ала қашады. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады. Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді. Сатып алу Сатып алу (ырым, салт). Біреудің баласы туысымен шетіней берсе, яғни баласы тұрмаса, онда одан кейін туған баланы "сатып алатын" ырым бар, бұл ырым былай жасалады. Елдегі бақсы, балгер, кемпір әлгі үйге келіп, "менің баламды ұрлап алыпсыздар, өзім аламын" деп нәрестені ата-анасының наразылығына қарамастан алып кетеді. Бір-екі күннен кейін баласының әке-шешесі әлгі кемпірге барып, "бала сатып алады". Кемпір баланы керегенің астынан алып береді. Сөйтіп, бұл бала "сатып алынған бала" болып саналады. Баласы тұрмай жүргендерге бұдан басқа да жасалатын ырым бар. Мысалы, әлгіндей "баланың өмірі ұзақ болсын" деп жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады. Серке Қыс айларында жылқышылар бір мықты айғырды немесе мініс атын бауырынан жаратып, құнтита ерттеп алады да, таңдаған бір үйге "серке жегелі келдік" деп түседі. Асы қашанда дайын тұратын қазақ "серке" деп келген соң, жылқышыларға мол етіп ет асады. Дәмі басталғаннан-ақ жаңағы жылқышылар сайлап келген айғыр қазан көтерген үйдің иесінің еркіне тиеді. Дәстүр бойынша серке атын қамап жылқышылар аттанғанша, қалай қинап мінем десе де, қайда барып келем десе де еркінде. Әдетте, жылқышылар түскен үйдің баласы мұндайда серке атын мініп алып, ойқастап, мақтанышпен қыр көрсетіп, бір мәз боп қалады. Жылқышылар ет жеп, мал қамын, қыс жайын дуылдаса әңгімелесіп, аттанарда серке атын өздерімен бірге ала кетеді. Сырт көзге бұл да бір парыз-қарызы жоқ, жарастықты рәсім болып көрінеді.
Селт еткізер Селт еткізер(салт). «Ұйқыашар» дайындап өздеріне қызмет етіп, құрмет еткен, көңілі қалаған қыздарға жігіттер жеңіл-желпі ескерткіш, сый-сияпат ұсынады. Мұны «селт еткізер» деп атайды. Сүйіндір Сүйіндір(салт). Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде, жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйініші, қамқоры болады. Құда құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге арнаған бұйымдарын, сәлем-сауқытын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.
Сүндет той Сүндеттеу (салт). «Һәм оның атқа мінер сүндет тойы, Тойға сойған үйінің жылқы, қойы» (С. Торайғыров),бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтары сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстрге айналған. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты – бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді. Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты «Сүндет той» деп, көп жерлерде үлкен той жасап, атап өтеді. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды. Бұрынырақта атқа жабу жауып, ашамай салып, сүндетке отырғызылатын баланы отырғызып, алдына қоржын іліп, туған-туыстарын тойға шақыртуға шығарған. Қазіргі кезде арнайы шақырту билеттерін жасап, оның сүндетке отырғызылатын баланын суретімен шығарады немесе ауызба-ауыз шақырылады. Той басталғанда кейбір жерлерде, арнайы ұлттық киім киіндірген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады. Отырғызатын атын өрнектелген кілемше жабулармен безендіреді. Шашуларын шашып, байғазыларын береді. Тойды өткізетін асаба қонақтарын жайғастырып отырғызып, тойды бастайды. Той бастар өленімен келген қонақтарын қарсы алып, тілектерін айтқызады. Тойға арнайы келген жақын туыстары тілектерін айтып, сыйлықтарын сыйлайды. Би билеп, өлендер айтылып, ойындар ойналады. Қазіргі кезде баланы сүндетке отырғызуда хирург-дәрігердің көмегімен немесе дәрігер болмаған жағдайда сүндетке отырғызуды білетін адамға жасатады. Мұндай адамды қожа деп атайды және көбіне-көп қолы жеңіл адамдарға жасатады. Тобық жұту Тобық жұту (дәстүр, ырым). Халықта қоян тобығын жұту -ырымы ежелден бар дәстүр. Оның шарты - тобықты жұтушы жас адам жұтар алдында:
![]() |