![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Азақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар 2 часть
Жәңгір ханның екінші ұлы Уәли сұлтанның Абылай туады. Абылай сұлтан ұзақ жыл Бұхар ханы Иманқұлының әмірі болып, Андижанды билеп тұрды. Абылай ханның (1711-1781, 1771-1781 жылдары Орта жүз ханы) азан шақырып қойған аты - Әбілмәнсүр, лақаб аты- Сабалақ, лауазымы – Абылай хан. Абылай хан – атақты қаһарман, батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, дарынды мәмлегер, өктем әкім болды. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтпас сапарға кеткен соң Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи күмбезінде қазатың игі жақсылары ежелгі дәстүр бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, Орта жүз ханы деп сайлаған. Ш.Уәлиханов Абылайхан он екі әйелінен 30 ұл және 40 қыз көрген дейді. Абылайдың тұңғыш ұлы Уәли 1781-1819 жылдары Орта жүз ханы болды. Уәли ханды кемсіту үшін Ресей патшасы бірінші Александр Орта жүзге екінші қосалқы хан етіп 1815 жылы Ондан сұлтанның ұрпағы қартайған Бөкейді қойған. Екі хан да 1819 жылы өмірден өтті. Ал 1822 жылы патша үкіметі Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М. Сперанский басшылығымен жасалынған «Сібір қазақтары туралы жарлық» делінетін заңын шығарып, отарлау басқару жүйесін еңгізіп, Орта жүз хандығын біржолата жояды. Отаршыл орыс үкіметі Орта жүз бен Ұлы жүздің біраз жерін сегіз сыртқы округке (дуанға) бөліп, оларда хандықтан әлдеқайда әлсіз аға сұлтандық әкімдік басқаруды енгізді. 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтері ашылды. Округтер Омбының облыстық басқармасына бағынды. Қарқаралыда Тұрсын Бөкеев, Көкшетауда Ғұбайдолла Абылайханов, Аягөзде Өшін Әбілпейізов, Ақмолада Қоңырқұлжа Құдаймендин, Аманқарағай Шыңғыс Уәлиев төрелер аға сұлтан болып, шен алып, шекпен киеді. 1652 жылы жоңғарламен шайқаста қайтыс болған қазақтың он төртінші ханы Жәңгірден Тәуке, Уәли және Бақи деген ұлдары тараған. Тәуке ханнан – Абылай, Бақиден – Сұлтанбет (Сұлтанмамет). Ертіс өңіріндегі далалық аймақтың өмірінде Сұлтанбет пен оның ұрпақтары маңызды роль атқарған. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болаған соң, қазақ аристократиясы хан тағына отыруға Сұлтанбетті шақырған. Бірақ жасына жеткен Сұлтанбет хан тағына отырмай Абылайдың ұлы Уәлиді хан етіп отырғызуға ұсынады. Орта жүзде 1739 жылы Сәмеке хан қайтыс болған соң оның орнына Әбілмәмбет келеді. Оған Арғындардың бір тобы және Тарақтылар бағынады; Арғындардың үлкен тобы Абылайдың билігін мойындады. 1742-1748 жылдары Керейлердің басшысы сұлтан Ералы болған. Найман тайпасы екі иелікке бөлінді: Жоңғариямен шектес 10 шаңырақты басқарған Күшік Тұрсынов пен Барақ сұлтан басқарған 40 мың шаңырақты наймандарды басқарған. Ертіс өңірі Қыпшақтарының басшысы – Сұлтанбет болған. Қожалар.Қазақтың этникалық қүрамына кіретін тағы бір субэтникальік топ – қожа. XVIII ғ. қазақ ішіндегі қожа саны шамалы, бірақ олардың елдің рухани өмірінде атқаратын қызметі жеткілікті болған. Бұқар жыраудың: Он екі айда жаз келер, Құс алдынан қаз келер, Айтып-айтпай немене, Заманымыз аз келер. Сол заманың келгенде Ата бабаң қол берген, Қожаларын қас көрер. Ақиретке барғанда, Ақ сүйекті қор тұтқан, Қараны одан зор тұтқан Ноғайларды пір тұтқан, Тартарсың сонда жазаңды - ай - деп қазақ елінің XVIII ғ. қожалар ықпалында болғанының бір көрінісі. Оған себеп қазақ қоныстарының көпшілігінің Түркістан аймағында болуы. Қожалардың негізгі мекені Қаратаудан әрі. Қожалардың сейід қожа аталатын ерекше тұқымы бар оларды кейде Есім сейід, Баб сейід, Қосым сейід деп жіктей атайды. Осы топқа Ақ қожа, диуана қожа, Қылышты қожа, Қырықсадақ т.б. жатқызады. Мекендеген жерлеріне байланысты қожаларды Қарнақ қожасы, Сунақ қожасы, Иқан қожасы деп атау да кездеседі. Қазақтар қожаларды "асыл сүйек" қатарына қосады. Пайғамбарға жиеншар болып Фәтимадан тарағаннан кейін оларды Пайғамбар жұрағаты деп қазақ қатты құрметтеген. Қожалар қазақ арасында дін тарату және сауат ашу ісіне өздерінше үлес қосқан топ. Ісләм дінінің Орта Азиялық тармағы көбінесе сопылықпен байланысты болып келеді. Қазақ арасында сопылықтың Қожа Ақмет Иассауи және Қожа Бахауаддин салған нұсқалары кеңінен қолдау тапқан. Сопылық дүние таным көшпелілердің бақсылық сенімі-нанымдарымен қосыла келе діннің ерекше бір қазақтық нұсқасын қалыптастырады. Қожалар да төрелер сияқты қара қазақпен араласпайтын эндогамиялық топ. Қызды тек өз ішінде ғана алынады. Қыздарын қазаққа бермегенімен төрелер де қожалар да қазақтың қыздарын алып отырған, тек бірінші әйелдері өздерінің этнографиялық тобынан болуы шарт. Этникалық араластыққа түсіп кеткендерін "қараман" деп атайды, яғни қара халықпен араласып кеткен. Төрелер де, қожалар да "ақ сүйек", немесе "асыл сүйек" есебінде құн мәселесіне келгенде бөлекше. Олардың құны қазақ құнынан жеті есе жоғары кесілді. Қожаны өлтірген ел төрені өлтіргендегі сияқты жеті есе көп мал төлейді, қара қазақтың құнына 100 жылқы кесілсе, төренің, қожаның құнына 700 жылқы. Әрине, осыншама үлкен құн тек аса беделді, қызметтегі ақ сүйектер үшін ғана төленгенін ескерткен жөн. Қазақ этникалық құрылымының мүшесі, бірақ қараша халықтың генеалогиялық туысу дәстүрінен тыс бұл әлеуметтік топтар материалдық деңгейде де ерекше. Олардың киген киімі, сәлемдесу мезіреті т.б. оқшаулау. Қожалар – қазақ хандығындағы діни білім беретін сословие. Қазақ қоғамында қожалар аса құрметті топ құрған. Олар дәстүрлі қазақ қоғамының негізгі генеалогиялық құрылымына кірген жоқ және өздерінің шығу тегін Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әзірет Әліден бастайды. Халық арасында қожаларды «асыл сүйек» деп атаған. «Қожа» сөзін парсы тілінен аударғанда «қария», «мырза», «үй иесі» деген мағына береді. Қазақстан территориясында қожалар ерте ортағасырларда еніп, мұсылмандық дін уағыздаушылар, миссионерлер, ағартушылар ретінде әйгілі болған. Қожалардың ұраны – «Қожахмет», таңбасы – араб алфавитінің бірінші әріпі – І. Қожалар төре сияқты қарапайым халықпен қыз алыспады, олардың қоғамында жақын туыстық неке қию кең тараған. Қожаларға зекет жинау құқығы берілді, ислам ережелерін орындауды бақылау, мұсылман дінін уағыздау олардың қолдарында болған. Қожалар рухани білім өкілдері болғандықтан әр түрлі алымдардан босатылды, тек сұлтандар сотымен ғана жазаға тартылды. Қожалар дінді уағыздаушылар болғандықтан бір жерде ғана шоғырлана алмады. Олар Қазақстанның бүкіл территориясына жайылған. Қазақстанның барлық ауылдарында кем дегенде бір қожа руына сіңісіп кеткен субэтникалық топ. «Қожа» сөзі қазақ шежірелерінде жүзге кірмейтін ру атауы ретінде жеке аталды. Профессор Т.Жанұзақов былай деп жазды: «Қожа арабша, ходже 1) ұстаз, молда, мырза, бай көпес, не қожайын; 2) төрт халифтің бірінің ұрпағы, мұсылман дінінің өкілі». Көптеген ғалымдар «қожа» сөзі парсы тілінен алынған деп айтқан. Мысалы, Л.З.Рустемов өзінің еңбектерінде «қожа» сөзінің мағынасын келесідей түсіндірген: «... Тар мағынада Орта және Таяу Шығыс халықтары арасында феодалдық қоғам мүшелері, кең мағынада билеуші тап өкілдері. Әлеуметтік иерархияда қожалар саидтерден кейін /Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары/ тұрады». Қожалардың шығу тегі әр түрлі талқыланады: бір деректер бойынша, олар алғашқы төрт халифтің ұрпақтары /Әлінің әйелі Фатима пайғамбардың қызынан тарағандардан басқа/ болып келеді, басқа деректер бойынша, басып алушылық соғыстарда араб әскерлері жетекшілерінің ұрпақтары болып келеді. «Қожа» сөзі «Ислам» энциклопедиялық сөздігінде келесі мағыналары көрсетілген: Ортағасырлық мысырда қожалар – шет елден келген көпестер немесе бай көпес. Саманидтер (ІХ-Х ғасырлар) және Газневидтер (Х-ХІ) мемлекеттерінде қожа – уәзір лауазымы. Осман империясында қожа деп уламды көрсеткен. Дәл осылай сұлтан тәрбиеші, сарай кітапханасын сақтаушы және әтектер аталған. Қожа және жоғары лауазымды тұлғалардың титулы. Көп санында хваджаган – Осман империясының (ХҮІ-ХХ ғасырларда) шенеуніктер табының атауы. Қазіргі кездегі Түркияда «қожа» деп дінмен айналысатын адамдарды айтқан және мұғалімдерді «қожа» дейді. Бірқатар қазіргі араб елдерінде мұсылман еместерді атаудың әдепті түрі; Орта Азияда ХХ ғасырдың басына дейін қожа деп төрт халифтердің ұрпақтарын айтқан (Пайғамбардың қызы Фатимадан тараған ұрпақтарынан басқа); Абдаль – Хаким аль Гиджувени негізін қалаған сопылық ходжаган туыстығының мүшесі (ХІХ ғасырға дейін), кейін осы туыстықпен генетикалық байланысы бар бірнеше билеушілер әулеті; Парсы Бұғазы аудандарында, Шығыс Иранда, Орта Азияның бірқатар облыстарында, Гиндукуште, Африканың шығыс жағалауында, Занзибарда өмір сүрген үнділік иема иметнизариттер қауымы; Үндістанның исмаилиттер, сунниттер, шиит – имамиттерден тұратын тобы. «Ислам» энциклопедиясы бойынша «қожа» Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтерінің ұрпағы, ертеде қазақ тағы да басқа халықтар арасында мұсылман дінін таратып, уағыздаушы. Ислам тарихы туралы шежіре деректеріне қарағанда, қожалардың арғы атасы Аюби Яминнен басталады. Пайғамбардың туысы Әлінің баласы Хұсайыннан өрбіген қожаларды – «Саид қожалар» деп атайды. Олардың аз ғана тобы Мекке, Мединаны, ал бір тобы Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген. Орта Азия халықтарының ішінде тәжіктер, өзбектер және түрікмендер арасына бараланған топты қожалар мен сейіттер құрып, жергілікті жерлерде оларды жалпы атпен «қожалар» деп атайды. Қазақтар арасында қожалар Шәмши Ахмед және Шайхы Бұзырық деген екі үлкен салаға бөлінеді. Шайхы Бұзырықтан: Қожа Ахмед Яссауи, Арыстан баб, ал Шәмши Ахмедтен: Қорасан қожа, Қырық Садақ, Диуана қожа, Бақсайыс, Ақ қожа, Жүсіп қожа, Сейіт қожа, Қылышты қожа тарайды. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңында төрелер мен қожалар бір топқа жатқызылып, оларға «қара» халықтан гөрі жеті есе артық құн белгіленген. Қожалар ислам дінін таратушы әрі уағыздаушы болумен бірге, халықтың арабша сауатын ашуға қатысты. Халифат арабтың теократиялық ерте феодалдық үлгідегі мемлекет. Оның басында Алла елшісінің бұрынғы ізбасарлары, оның мұрагерлері немесе орынбасарлар халифтер отырды. Олардың арасында исламның ең кең тараған суннит бағытындағылар ерекше құрмет тұтатын алғашқы төрт халиф Әбу Бәкір Садық (632-634), Омар (634-644), Осман (644-656) және Әлі (656-661) бар. Әбу Бәкір Садықтан тарағандар Қылауыз (Жақып Ата), Қасым қожа, Мәулана Шәмшіден (Шәмші Бүзрік), Ұзын Ата, Бұлқас Ата, Шайқантауыр, Сұнақ Ата, Жүсіп Ата, Мамыт Ата, Құмсахаба (Құсаба), Лалабибі; Омардан – Қырық Садақ; Әзірет Әліден тараған ұрпақтар – Қорасан, Дуана, Сейіт, Қарахандық, Бақсайыс, Құрбан қожа, Құлтай қожа, Сәдір Ата, Қойлақы Ата. Жақып (Қылауыз) Ата Әбу Бәкір Садықтың жиырма бірінші ұрпағы. Ол өз дәуірінің (ХІІ ғасырда өмір сүрген білімді, ғұлама адамы, әрі әулие болғаны туралы жергілікті халық аузында осы уақытқа дейін сақталған, аңызға айналған қызметі, кереметі айтылады. Жақып Ата Қожа Ахмет Яссауидің замандасы болған. Жақып Атаның «Қылауыз» аталу себебі: дариядан бөлініп шығып, 4-5 шақырым жерде қайта құйған суды Сырдария бойы елі «Қылы» деп атайды және ол дариядан суат салған, ол осы күнге дейін «Талсуат» деп аталады. Екіншіден, адам жұту дәрежесіне жеткен қарақұртты дұға оқып қайтарған. Осы қасиетіне байланысты Қожа Ахмет Яссауи: «сенің атың Қылауыз болсын» деп батасын берген екен. Араб тілінде «қылауыз» – «ел басқарушы» деген ұғымды білдіреді. Оның ұрпақтары Алматы, Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Жаңақорған, Қожакент, Өзгент, Ташкент қаласы, орта Шыршық, төменгі Шыршық, Шыназ аудандарында «қылауыз қожалар» деген атпен өмір сүреді. Мәулана Шәмшідә (Шәмші Бүзірік) (1445-1540) Әбу Бәкірдің ұрпағы болған. Сырдария бойындағы Өзгент қаласында қоныстанған. Ол ата-бабасынан жалғасып келе жатқан қасиетті ислам жолын уағыздау, оны халық арасына таратуды міндет алған. Мәулана Шәмшідіннен тараған ұрпақтар (немесе Шәмші қожалар) қазіргі кезде Қызылорда қаласы мен тереңөзек және Жаңақорған аудандарында, Алматы, Шымкент қалаларында бар. Әл-Әмин баб (ХҮ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІ ғасырдың 20-жылдары) Әзірет Омардың жиырма жетінші ұрпағы. Халық оны Қасым ханның белсенді батырларының бірі ретінде танып, лақаб атын «Қырық Садақ» деп атап, оның ұрпақтары «қырық садақ қожалар» деп аталады. Шах Бүзірік (ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген) Әзірет Әлі мен Бибі Фатиманың жиырма үшінші ұрпағы. Саид шаһ Бүзірік көне Өзгент шаһарында дүниеге келген. Оның лақаб аты «Сабұлт» - «Бұлттар падишасы». Халық оны бұлтты бағындырған әулие, бұлттарды бір жерден екінші жерге айдап, керек кезінде жаңбыр жауғызады деп сенген. Оның ұрпақтары «Сабұлт қожалар» Қызылорда қаласында, Жаңақорған, Сырдария аудандарында, оңтүстік Қазақстан облысындағы Бөген, Шаян және Шымкент, Түркістан қалаларында, Өзбекстанның, Қарақалпақ, Хорезм, Самарқандта тұрады. Мұхаммед Әнапиядан тараған ұрпақтардың бірі – Диуана қожа атанған Мәдіқожа, Мәдіқожадан Қожжан, Қылыш, Пірзада, Бақмұхаммед атты төрт ұлы болған. Ал одан тараған ұрпақтары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймағында және Ташкент обылысының Орта және Төменгі Шыршық өңірінде мекендейді. Әбдіжалел баб Әзірет Әлінің жетінші ұрпағы. Әбдіжалел баб Иемен шаһарында патшалық құрған кезінде Иран еліне аттанып, Хорасан қақпасын бұзып, басып алғандықтан Әбдіжелел Хорасани атанған. Ал одан өрбіген ұрпақтар Қызылорда обылысынның Жаңақорған, Түгіскен және Қожакент шаруашылық аумағында, Ташкенттің Орта Шыршық ауданының «Қожа керсен» ауылында, Сексен Ата өңірінде мекендейді. Саидтер – қожалар ішіндегі аға буын болып саналады. Бұл топ қожа тайпасын құрастырушылар. Саидтерден Мұхаммед пайғамбарымыздың үзеңгілес серігі Омар шыққан. Саид руынан сонымен бірге Шайхы Бұзырықтың ұлы Гимарат Әзиз араб әскерімен бірге Түркістанға келген. Түріктерде ислам дінін кіргізбек болған олырдың әрекеттерінен ештеңе шықпаған соң күштеп еңгізбек те болады. Бірақ одан да көп нәтиже шыға қоймады. Сонан соң мешіт медреселер ашып, ислам дінін уағыздай бастайды. Жергілікті адамдарды арабша оқытып, ислам дінін қабылдаушыларды көбейтуге көңіл аударды. Гимарат Әзиздің ұрпақтары Баба Туклас пен Ысқақ баб қазіргі қазақ халқының арасында өмір сүрген адамдар. Ал Ысқақ баб өте білімдар адам болған. Оның кезінде қазіргі Баба Ата қаласы үлкен ғылым ордасына айналады. Ысқақтың мешіт сағанасы Баба Ата қаласында әлі сақтаулы тұр. Қорасан тобы – Мұхаммед пайғамбар әулеті саналады. Мұхаммед құрайыш тайпасынан шыққаны мәлім. Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбутәліп те сол құрайыш тайпасынан шыққан. Әбутәліптің ұлы Әлі Аббасты қазақтар Әзірет Әлі дейді. Ол пайғамбарымыздың үлкен қызы Фатиманың күйеуі болған. Жүсіп қожа руының атауы Фарабтық /Отырар/ түрік Жүсіп ибн Ысқақ дамуланың есімімен тығыз байланысты. Ол кісі Шам қаласында /Дамаск/ оқып, білім алған. Медреседе негізінен химиятану пәнінен сабақ берген. Сондай-ақ алхимиялық ілімнен, әдебиетті, тарихты зерттеумен айналысқан. Жергілікті халық соғдылар /сарттар/ мен түріктер оны Жүсіп қожа деп атап кеткен. Жүсіптің өзі жергілікті түрік-оғыз тайпасынан шықса да, оның ұрпақтары келе-келе қожа атанып кетті. ХҮІІ ғасырдың басында жаңадан топтасқан қожа тайпасының құрамына енді. Жүсіп қожа руына Ұлан қожа, Қасым қожа, Құлтай қожа, Қарақан қожа, Көдей қожа топтары кіреді. Түрікпен қожа руының аты адам атынан шыққан. Шыққан тегі түріктің қыпшақ-оғыз тайпасының Түркеш (Түрікпен) руынан шыққан Әбілмұрат Түрікпени сопы Бағдатта оқып келіп, Сығнақтағы үлкен мешітте ишандық (имандық) қызмет атқарады. Ол сондай-ақ жергілікті қыпшақ-оғыздарда суниттік-суфизмді уағыздаумен айналысқан. Оның ұрпақтары бертін келе Саид тобымен (Сеит қожа) араласып кеткендіктен оны жергілікті халық Түрікпен қожалар жеп атай бастайды. Түрікпен қожа руы Саид руымен бірігіп ХҮІ ғасырдың соңында жаңа топтасқан Қожа тайпасының құрамына енді. Қожалардың саны туралы айту қиын, олар Қазақстанның барлық территориясында тараған. Мысалы, Қарқаралы округіндегі ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қожалардың саны: ер адамдар – 114, әйел адамдар – 92, округтегі бүкіл халықтың пайыздық қатынасына шаққанда – 0,3%. Қожалардың ұраны – Қожахмет. Таңбасы – араб алфавитінің бірінші әріпі – І (әліп). Билер. «Қара сүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді. Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтаңдармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты. Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, чингизидтер би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын.
![]() |