![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Азақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар 3 часть
«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді. Қазақтардың қалмақтармен болған кейінгі соғыстары нақ осыны дәлелдейді. 1730 жылы Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншыларының аса ірі шайқасында Бөкенбай, Есет және Әбілқайыр хан өздерінің батылдығымен ерекше көзге түсіп, халық оларды «батыр» деп атап кетті. Бұдан кейінгі жылдарда болған оқиғалар да нақ осыны айғақтайды. Мәселен, Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі Төлебай «Жеке батыр» деп аталды. Демек, сыртқы жаулармен болған ірі кақтығыстар кезінде өздерінің ержүректігімен көзге түскен қазақтар «батыр» деп аталған. Қазақ халқы өздерінің қаһармандық қиссаларында жыр етіп, батырлардың бейнелерін ғасырлар бойы қастерлеп келеді. Кейінгі кезде руаралық күресте, барымтада, тағысын-тағыларда көзге түскен кез келген адам «батыр» деп аталатын болды. Мысалы, С. Трубин казақтар өздерінің барымтадағы батылдығымен «батыр» деген құрметті атаққа ие болатындығын жазды. Қазақ бай-феодалдары да руаралық қақтығыстарда, жұдырықтасып төбелесуде көзге түскен өз адамдарына «батыр» атағын беріп тұрды. «Батыр» деген құрметті атақты жарлы-жақыбайдан шыққан кедей адамдар да иеленді. Мәселен, Кенесары Қасымов қозғалысына әскери шонжарлардың ірі өкілдерімен қатар Арғын руынан Бұқарбай батыр (Орта жүз), Шұбыртпалы руынан Ағыбай батыр (Орта жүз) сияқты кедей батырлар да білек сыбана қатысты. Алайда осының бәрі батырлардың белгілі бір әлеуметтік тапқа қатыстылығын ашып көрсетпейді және олардың таптық кескінін айқындамайды. Егер біз «батыр» терминінің дәстүрлі түсінігін негіз етіп алып, батырларды таптан жоғары тұрған әлеуметтік категория деп сипаттасақ, қателескен болар едік. Ең әуелі біз мынаны есте ұстауға тиіспіз, феодалдық қоғамда әлеуметтік қатынастар патриархалдық-рулық сарқыншақтармен қалай бүркемеленсе де, бірде-бір әлеуметтік категория таптық ортадан тыс өмір сүре алмайды. Батырлар жөнінде де осыны айтуға тура келеді. Әрине, батырлар институты өзінің дамуында белгілі өзгерістерге ұшырады. XI-XII ғасырлардағы аңызға айналған батырлар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырлардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Батырлар о баста тайпалардың, рулардың әскери қолбасшылары болған деп есептеу керек. Феодалдық қатынастардың пайда болуына байланысты әскери қолбасшылардың қызметі өзгере бастады. Өздерінің тегі қандай болса да, тіпті жарлы-жақыбайдан шыққандарына қарамастан батырлар бірте-бірте ру шонжарларының құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармен бірдей рөл атқарды. Батырлардың қоғамдық жағдайында бірте-бірте болған мұндай өсуді бірқатар тарихи мысалдардан көруге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Кенесары көтерілісіне белсене қатысқан ірі батырлардың бірі Жоламан Тіленшиев еді. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал-майор Генстің деректері бойынша, "Жоламанның 800 жылқысы, 2 000 қойы, 50 түйесі болған және оның әрбір ағасы не інісі, баласы, жиені, немересі өз беттерінше мал ұстаған, осылардың бәрін қоссаңыз едәуір мол байлық. Ал осынау үбірлі-шүбірлі әулеттің үлкені Жоламан болған». Жоламан Табын руының өзі қожа, өзі биі іспетті болды.
Батырлардың таптық табиғатын Шоқан Уәлиханов тауып айтқан осы бағадан олардың феодалдық сатыда екінші орын алғандығын көруге болады. Осыған орай мынаны да атап өткен жөн: қазақ байлары мен сұлтаңдарының бір мезгілде «батыр» атағы иеленуі XIX ғасырдың орта тұсына өте-мөте тән жәйт болды. Мысалы, Тезек сұлтан, ол - сонымен бірге Тезек батыр атанған. Кенесары батырларының арасында да осылай болған. Бұл жәйт қазақ қоғамының феодал басшы тобы арасында батырлардың әлеуметтік жағдайының күшейе түскендігін дәлелдейді. Байлар.ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа әлеуметтік топ - байлар көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар бұрын қандай да болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырылып отырған кезеңде «бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие болған. Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық және өсімқорлық істермен айналысқан бірсыпыра бай-феодалдар пайда болды. Мысалы, Кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы сұлтан Жантөрин, П. Небольсиннің айтуына қарағанда: «қырғыздардан құралған едәуір үлкен сауда компаниясының жарнашысы болды және өзі де 25 приказчик ұстады». Сауда компаниясының мүшесі болған Күлімбаев деген қазақ та 10 приказчик ұстаған. Бұл байлар тек саудамен ғана айналысып қоймай, процент үшін басқаларға несиеге ақша беріп отырған. Сұлтан Ахмет Жантөринді наградаға ұсынуға байланысты оған мінездеме жазған Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский Азия департаментінің директоры Синявинге былай деп жазған: «Орданың батыс бөлігінде оның (Ахмет Жантөриннің) үлгісімен көпес, немесе арбакеш, немесе тұз тасушы болмаған бірде-бір дерлік қырғыз жоқ. Ахмет сауда-саттықпен өзі де шұғылдана жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да айналысқысы келген әрбір қырғызға, әрине, өзі үшін едәуір тиімді жағдайда ақша беруге әзір тұрады».
Сонымен, феодалдық құрылыстың қойнауында пайда болған әлеуметтік топ - байлар - қазақтардың экономикалық өміріндегі жаңа құбылыс еді. Жоғарыда айтып өткендей, бай-феодалдар тауар-ақша істерімен, бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланысты болды. Рас, XIX ғасырдың алғашқы жылдарында олар қазақтардың қоғамдық құрылысына әлі елеулі ықпал жасай қоймаған еді. Бұл түсінікті де, өйткені ескі өндіріс әдісінің бастаулары негізінен алғанда өзгеріссіз қалған. Алайда осыған карамастан, байлар айналысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірісінің пайда болғаңдығын көрсетті. Мұны әсіресе Қазақстанның реформадан кейінгі экономикасының мысалынан айқын көруге болады. XIX ғасырдың орта тұсында-ақ байлар айналысқан іс қазақтардың экономикалық өмірінде нық орын алды. Бай-феодалдардын өскелең әлеуметтік маңызын сипаттайтын мақал-мәтелдер де пайда бола бастады: «Жұлдыздар жиналып ай болмас, кедейлер жиналып бай болмас». «Ауызы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін». Құлдар. Патриархалдық-рулы сарқыншақтармен бүркемеленген феодалдық қанау бай-өсімқордың ауыр езгісімен ұштасып, еңбекші қазақ бұқарасының едәуір бөлігінің қайыршылануына әкеліп соқтырды. Байғұс, жатақ және бақташылар болуы патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты күшейе түскен қазақ қоғамы ішіңдегі әлеуметтік сараланудың белең алғанын дәлелдейді.
Тұтқынға алынған адамдардың арасында тек башқұрттар, қалмақтар, парсылар ғана емес, орыстар да болды. Соғыста қолға түсірумен бірге қазақтар құлдарды базарлардан сатып та алатын еді.
Құлдардың қоғамдық жағдайы «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген мақалда да дәл бейнеленген. Сондай-ақ «Құл арғымаққа мінсе де құл болып қалмақ» деген де бар. Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Күңдер ірі феодалдарда күтуші болып жұмыс істеді. Құлдар қожайынның малын бағу үшін біршама аз пайдаланылды т. б. Құлдардың болғандығына қарамастан, Қазақстан құл иеленушілік формацияның сатысынан өтпеді. Құлдарды қолға түсірудің негізгі көзі әскери басып алу болғанымен, мұның өзі құлдықтың орнығуына әлеуметтік база жасай алмады. Қазақтарда құлдық үйдегі іс сипатында болды. Мұның өзі малды жайылымда бағудың және патриархалдык-рулық тұрмыстың сақталуына байланысты еді. «Туысқандық көмек» деген желеумен сұлтандар мен билер өздерін тумаластарының - қоңсылардың, байғұстардың, жатақтардың және тағысын тағылардың тегін еңбегімен қамтамасыз етті. Соңдықтан құлдардың еңбегі феодал шаруашылығында жетекші рөл атқармады. Қазақстандағы құлдықтың тағдырына Ресейге қосылу елеулі ықпал жасады. 1822 жылы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы жарғының шығуы орыс үкіметінің қазақ даласындағы құлдыққа көзқарасында бетбұрыс кезең болды. Жарғының 276-параграфында: «1822 жылғы 22 шілдеге дейін қырғыздарда болып келген еріксіздер қожайыңдарыңда қалдырылады және оларды сату, басқа адамға беру және мұра етіп қалдыру құқығы сақталады, бірақ осы күннен бастап өз жұртынын қырғыздарын жаңадан құлдануға қатаң тыйым салынады»,- деп жазылған. Қазақстанда құлдықтың жойылуын бастап берген құжат, күмән жоқ, оң іске мұрындық болды. Сібір қырғыздары туралы жарғы шыққан соң да қазақ феодалдары шекара Шебі бойыңда әр түрлі жолдармен қолға түскен тұтқыңдарды Хиуа мен Бұқардың базарларыңда сатуды жалғастырмай қоймады. Бірақ мұндай жәйіт бірен-саран ғана кездесті. 1822 жылғы Жарғыдан кейін құлдықтың маңызы тез құлдырай бастады. XIX ғасырдың орта тұсыңда-ақ қазақтарда құлдар аз қалды. Қазақстандағы құлдықтың жайын арнайы зерттеген Н. Крафттың деректеріне қарағанда, құлдықтың біржола жойылуы 1875 жыл деу керек. Бұдан әрі құлдардың ұрпақтары, қазақтармен туыстасып, біразы бостаңдық алып, қоғамның толық құқықты мүшесі болса, енді біразы төлеңгітке айналды. Төлеңгіттер.Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз. Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған. Төлеңгіт терминінің түп төркіні жөнінде ғалым зерттеушілер ортасында біржақты пікір калыптаспаған. Белгілі шығыстанушы В.Радлов, Н.Аристов сынды ғалымдар төлеңгіт сөзінің этимологиясын негізінен тұтқынға түскен немесе тағдыр тәлкегінен қазақ жеріне өткен алтай халықтарының телес, телеуіт тайпаларымен байланыстырып телеуіт сөзінен төркіндетеді. Осы пікірді әрі қарай дамыта отырып Ф. Зобнин былай деп жазды: «Тюленгут (теленгут, тулюнгут по некоторым авторам) — слово не киргизское (казахское. — А. Б.), оно заимствовано киргизами от алтайских калмыков-теленгитов (теленгуты, тулюнгуты), в языке которых и теперь сохранилось это слово как обозначение своей народности» (Зобнин Ф. , 1901). XVIII ғасырдағы қазақ мемлекетінің Еуразия аймағындағы белесінде саясатын еске түсірсек, бұл пікірлердің қисыны келетін сияқты. Ел ішіндегі аңыздар төлеңгіттердің Шу өзенінен өтіп, қазақ топырағында пайда болуын қыпшақ Қошқарбай батыр есімімен байланыстырады. Ертеде Телеуіт көлін жағалай орналасқан телеуіттер тамақтары тоқ, шат-шадыман өмір сүрген екен. Тек бір нәрседен ғана қиналыпты, қазақтың Қошқарбай батыры маза бермей, әлсін-әлсін жорық ұйымдастырып, малдарын айдап әкетіп, қыздарын күң, жігіттерін құл етіпті дейді. Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады. Бұл тұрғанда Ш.Уәлиханов қазақ И.Ибрагимовтың аузынан естіген әңгіме негізінде мынадай аңыз келтірген: «Аблай хан сказал однажды людям, сопровождавшим султанов, для чего-то собравшихся к нему в ставку: «Тюренды-кут» «служите своему господину», т.е. идите на свои места, не сидите, другими словами на совете».
![]() |