![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Классификациялау мәселесі, түп-төркіні 3 часть
Батыр болсам, жүрегімнен шық, Палуан болсам, білегімнен шық, Шешен болсам, таңдайымнан шық, Бақытты болсам, маңдайымнан шық - деп, серттесеп барып жұтады. Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік бар. Тобық тығу Тобық тығу(дәстүр). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе, тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кез келген жерде қыз «тобығымды бер» деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса — уәде бойынша сағат алып беруі керек. Егер тауып берсе, қыз оған алтын сағат алып береді. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Топырақ шашу Топырақ шашу(ғұрып). Қатты жек керген адамдары ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқанда әбден көңілі қалған адамдар оның артынан топырақ шашатын әдет бар. Бұл «енді көрмейміз», қараң батсын деген қатты қарғыстың бір белгісі. Тымаққа салу Тымаққа салу (дәстүр). Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Айталық, ат қою, бесікке салу т. б. (Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше жерге шеге қағылып ілінеді.) Тіл ашар Тіл ашар (дәстүр). Тіл ашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі "тіл ашар" тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, "ғалым бол, ақын бол" деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Тұсау кесу Тұсау кесу(салт).Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен сон аяғын қаз-қаз баса бастайды. Нәресте 9-12 айлығында қаз тұрып, алғаш жүруге талпынады. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таң-тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге "Ал сен кес. Өзіңдей пысық болсын" деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниет пен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Осы арада "баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?" деген сұрақ тууы мумкін. Бұның мәні мынада: казақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқаңды ептеп істейтін кезінен — осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырыңдылықка барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, түс ауындағы жіпті кескендей оңдай арам кезіксе кесіп-құртуға тырыс дегені. Бұл — екінші себебі. Біріншісі бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу. Тұлым қою Тұлым қою(ғұрып).—«Сәрсеке! Көңілге солай екен дұрыс та ғой, ләкинде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес» (М. Дулатов).Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып. Йқы ашар Қойы қоздап, қалың тегіні басталар кезде, түнге қарай ауылдын қыз-бозбаласы өздері киініп, көмекке шығады. Әдетте босаға жұлдыздары көкжиекке жағалай айналып, көзден таса болған кезде қой тегіні саябыр тартады. Қыз-бозбаланы тықырши күтетіні де осы шақ. Олар уақыт алмай, "Ұйқыашар" деп аталатын тағам жасауға кіріседі. Ол үшін қыздар жағы уыз сауып, бозбалалар жағы ауыл-үй шошалаларының жуырда ғана ашылған бүрменің бір-бір бөлек етін алып келеді. Сонсоң, қотан шетінен қазан көтеріп, отты лаулата жағып, әнді шырқата айтып жүріп, уызын қатырған сүр етін пісіреді. Берекенің басы болған мал төлінің куанышы сияқты бұл дәстүр әркімнің-ақ жанын жадыратады. Шөп басын сындыру Шөп басын сындыру (ырым). Бұл әдетте жақсылық жағдайда, іске байланысты жасалатын ырым. Мысалы сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар батылдық жасаса немесе жұрт өзінен күтпеген жерден біреулер жақсы істер жасаса, естіген адам «мынау бір шөп басын сындыратын іс екең» деп жерден шөп алып сындырады. Бұл кез, тіл тимесін деген ұғымнан шыққан. Бірақ бұл әдетті «шөп басын сындырмайды» деген фразеологиялық тіркеспен шатастыруға мүлде болмайды. Бұл сөз жұмыс істемейді, бос жүреді дегенді білдіреді. Шілдехана Шілдехана(салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Шілдехана – үлкен қасиетті күн. Келін босанып, үйге келгеннен кейін мал сойып, көрші-қолаң, ағайын туыс, аға-жеңге, келіншектерді шақырады, көбіне әйелдер келеді. Шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе беретін болған. Бұл тойда «балаңыздың бауы берік болсын» деген құттықтау айтылады. Негізінен шілдехана үй иесінің жағдайына қарай үш күнге созылады. Шілдеханаға келген қонақтар таң атқанша жаңа туған нәрестені, оның анасын ардақтап ән салып, домбыра тартып, ойын-сауық ұйымдастырады. Келген күні баланы шілде суға түсіреді. Анадан шыққаннан кейін ол тазару керек. Әдетте шілде суынан жара шықса жағу үшін кейінге сақтап, алып қояды. Итаяқ – баланы шомылдыру үшін пайдаланылған ыдыс. «Итаяққа салды ма?» деген сөз содан қалған. Оған ақша-тиын, сақина-білезік салады, баланы суға түсіріп болған соң оны келіндерге бөліп береді. Әйелдердің «Маған итаяқтан ақша қайда?» деп айтып жататыны осыдан.
Шілдеқаққан Шілдеқаққан(ырым). Қазақша "әр бала туған сайын анасының бір тісін ала түседі" деген шындыққа сай келетін бір қағида бар. Анығында жас босанған әйелдердің тісі түсіп қалатыны бар. Бұны "шілдеқаққан" дейді. Бұл жас ананың өз күтіміне де, денсаулығына да байланысты болады. Ырым бойынша жас босанған келіншек итке "кет" демейді. Онда тісі түсіп қалады дейді халық сенімі. Халық тәжірибесінде бұл да жай айтылған сөз болмауы керек. Өйткені халық ырымы мен тыйымының бәрін бекерге орынды іс емес. Шідерге сигізу Шідерге сигізу(ырым).«Шідерге симеген неме! (сөгіс)» Қазақ халқы бала 4-5 жасқа толғаннан кейін сүндеттеу, ашамайға мінгізу, тігін тігу, жүн түту сияқты еңбекке баулып, ұлттық әдет-ғұрыптарды түсіндіріп, оны жүзеге асыра бастайды. Соның бірі еркек балаларды шідерге сигіздіру. Бірнеше адам бас қосып балаға «сен енді азамат болдың, шаруаға ыңғайлы бол» деп бата беріп, алдына шідер тастап оған сигізеді. Бұл ырым бала еңбекқор, іске бейім болсын деген ойдан туған. Шаруаға икемсіздерін «шідерге симеген неме» деп сөгеді, күстаналайды.
2.2.1 Тұрмыс-тіршілік, отбасына қатысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер. Абысын асы «Абысын асы» (салт). «Абысын тату болса ас көп» (мақал). Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұхсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатыны міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазаңға салып, шәй қойып өздері бір кеш саулық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын. Айып Айып(заң жолы, салт). «Айыбына атын алып қалып, жаяу қайтарыңдар!» (Ғ. Мүсірепов). Барымта, қылмыс, ұрлығы, дәстүрді бұзғаны т. б. жағымсыз іс-әрекеті үшін қылмыскерге берілетін жаза — айып. Мы-салы: көп алдында орынсыз дау, жанжал шығарған адамдарға айып салынады. Жазаланушы адам оны сол сәтте орындауға тиіс. Айыптың түрлері көп. Жеңіл кінәләрі үшін тон немесе ат төленеді. Ауыр қылмыс жасағандар тоғыз төлейді. Бұл түйе бастатқан тоғыз мал, немесе ат бастатқан тоғыз мал, немесе өгіз бастатқан тоғыз мал деген сөз. (Түйе бастатқан тоғыз 3 бас түйе, 3 бас сиырдан тұрады. Ат бастатқан тоғыз 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой, т. С). Әрине бұдан басқа да түрлері бар. Айыптың әлеуметтік, тәрбиелік маңызы зор. Айырылысар көже Айрылысар көже(салт). Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөліне көшкен жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп атағаны болмаса, сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. «Айрылысар көжені» әдетте көшетін отбасы береді. Қазіргі таңда кейбір аймақтарда өзге ауылға, қалаға немесе жыраққа көшетін отбасы көрші-қоландарын, ағайын-туыстарын жинап арнайы құрмалдық шалады, осыған байланысты бұл дәстүрді құрмалдық деп те атай береді.
Аманат Аманат(дәстүр). «Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама» (Мұхамбет пайғамбардың хадистерінен). Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары. «Аманат»— түбірі «Альмана» деген араб сөзінен шыққан. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат — аман сақтайды»— дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі. Аманаттың бұрын ел аралық қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе, ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Тарихымызда «ақ үй аманат алып барған екен» деген деректер жиі кездеседі. Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адам да қалдырып кететін болған. Аманаттың қай түрі болмасын, қиянат жасамай, өз иесіне тапсыру, не ешкімге тіс жармау. Ғұламалар аманатты кең көлемде түсіндірген. Ибн Масғуд сахабаның риуаятында, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: «Қиямет күні» (яғни, есеп беретін күні) аманатқа қиянат жасаған адамды періштелер Ант Ант (ғұрып). «Антпенен тарқайды, Жиылса кеңеске» (Абай).Ант, серт, уәде — халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, ел аралық уәде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа, айтылған ант, серттес кен уәде, алысқан қол қайда?!»— деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды —«ант атқан» деп жек көреді. Ант — адалдың сөзі. Бірақ «адал болсаң да ант ішпе»— дейді қазақ. Ақ құйып шығару Ақ құйып шығару(ырым). «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» (мәтел). Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды тағы басқа сүт тағамдарын «ақ» деп атайды да оны қасиетті, киелі — деп ұғады. Ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Алайда, кейде, сол ақты жерге төгетін де ырымдары бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Сол сияқты жылан кіріп кеткенде де оның басына ақ (сүт не айран) құйып, үйден шығарып барып өлтіреді. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен кұрметпен қарауынан шыққан болуы керек. Араша Араша(дәстүр).—«Уа, жетті, жетті ғой, Құнанбай! Араша, араша!—деп айғайлап жатты» (М. Әуезов).Екі адам жанжалдасқанда, немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғару керек. Ат тергеу Ат тергеу (ғұрып).—«Тентегім», сен теріс айтып жатырсың! (М. Әуезов).Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі — ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайын сіңілісінің қайны інісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып: «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса; «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім»— деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды, «сұңғақтым», жайбасарды «жүйрік» дейді. Мұның бәрі шын мәніндегі сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп кұрметтеген. Ат тергеу — біздің халқымыздьің адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіндер!— депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайны ағаларының атын атамай тұр екен! Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден «бұл кімнің ауылы»— деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы»— депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен. «Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым, жоралғы. Ауыз тию Ауыз тию(ғұрып).—«Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға!» М. Әуезов). (Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «Қара шаңырақтың» киесі қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді»— деп әзіл айтады. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі, халықтың өзіне тән қонақжайлылығы мен кең-пейілділігін танытатын жайт.
Ауызбастырық Ауызбастырық(ғұрып). «Кер атты беріп тұрып: - Айта көрме, ауызбастырығымыз болсын,— деп аттандырды». («Ел аузынан» атты жинақтан). Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда, немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. «Ауызбастырық» алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпауы керек. Сонда «ауызбастырық» да серттің бір түрі болып табылады. Аяғына жығылу Аяғына жығылу(ғұрып).—«Аяғына жығыл деймісің?» (М. Әуезов).Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі аяғына жығылу болып табылады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып кешірім сұрайды. Егер іс қиындап кетсе айыпкер қарсы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы керек. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» дегендей мұндайда кешірім етіледі. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі. Меңгерлік Әмеңгерлік(салт). «...Жібектің әмеңгерлікке көнбегені үлкен ерлік» (Ғ. Мүсірепов). Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен әмеңгерлік жолмен куйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Күйеуі өлген жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Бата Бата(бата беру, бата алу). «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» (мақал). Бата халықтың рухани қуат алатын құдыретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы. Мұның бірнеше түрлері бар: 1) жас талапкерге бата. «Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті: Бедеуің белдеуіңдегі байлаулы болсын, Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын. Есігің ашық болсын, Кабағың жазық болсын. Сонда ағайының кетпес қасыңнан Жақыныңа бұрмай төрелікті түзу бер, Сонда қаумалаған халқың кетпес қасыңнан.
Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер-азаматтарға ғана берілген; 2) дастарханға бата. «Дастарханың мол болсын, Абыройың зор болсын» («Ақ бата»).Батаның екінші түрі дастарханға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арасына сол үйдің сараңдығын да қосып айтып жіберетіндер болған; 3) алғыс батасы. «Бақ берсін, бас берсін, Өміріңе ұзақ жас берсін» (Ақ бата»). Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» - деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге өте сыйлы адамдар береді; 4) теріс бата. Бұл «бата» деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр... Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі». (М. Әуезов).Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген. Байлау Байлау(салт). «Бері кел, байла мынаны!» (Ғ. Мүсірепов).Соғып алған аңды, олжаны, тауып алған затты әр адам жанындағы кісілерге сыйға тарту керек. Мұны қазақтар «байлау» деп айтады. Ол мәрттіктің белгісі. Бұл дәстүрді бұзған адам тәртіпті бұзған адаммен бірдей саналған. Торғайда Жолдас атты тапқыр, шешен адам қалам тауып алыпты. Жанындағы адам «байлаңыз» дегенде Жөкең «байламаса да тұрады» депті. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген сонда серігі. Барымта Барымта(ғұрып). «Барымта — ел шулатып, жылқы қуған» (7. Жансүгіров).Ертеде дау-жанжалда есесі кеткен ел өз қарсыластарынын малын (жылқысын) күш, қару жұмсап айдап, куып әкететін болған. Мұны «барымта» дейді. Кейде мынадай жағдай да болады. Егер қарсы жақ құнға немесе айыпқа мал төлейтін болып оны мерзімінде төлемейтін болса, онда даугерлер ол елдің малын барымталап алады. Барымта кейде кек қайтару, өш алу мақсатымен де жасалады. Мысалы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Базаралының Тәкежан жылқысын барымталап алуы кең суреттелген. Бұл жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі кездесіп тұрған.
![]() |