![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Классификациялау мәселесі, түп-төркіні 8 часть
Шек беру Шек беру (дәстүр). «Қазаққа ислам діні арқылы кірген мейрамның бірі – шек беру» (А. Жүнісұлы). Ораза және құрбан айттары алдында мал сойып аруақтарға бағышталатын дұға. Шек беретін үй бұған жақын-жуық, жасы жеткен қарт адамдарды шақырады. Мұнда олар ата-аналарын, өздері білетін аруақтарды еске алады, олардың есімдері аталып, құран оқып, қол жаяды. Бұл дәстүр әлі де сақталып келеді. Бірақ қазіргі кезде кейбір аймақтарда шектікті құрбан айттын алдында бір күн бұрын беріп, артынан айттыққа құрбан шалмайтындары да бар. Иман айту
Иман айту— немесе иман үйіру деп те айтылады. Науқастанып жан тәсілім алдында жатқан адам өз иманын өзі айтып, тілін кәлимаға келтіреді. Егер ол өзі айтуға шамасы келмесе күзетте отырған адам да айтуға болады. Дәстүрімізде ауыр науқасты күзететін ғұрып бар. Күзету — деп беті бері қарамайтын науқастың жанында жанашыр адамы, туысы, молда отырып, оның ақырғы сәтін күтуді айтады. Ауру өте әлсіреген кезде молда дем салып отырады. Мұндай сәтте науқас жақындарымен арыздасып, кешу сұрап, өсиетін айтады. Иманын айта алмай немесе айтылмай өлгендерді халық „арам өліпті" немесе „имансыз өліпті" дейді. Адамның жан тәсілім өтер шағын соңғы демін „ант-мезгіл" дейді.
Аза және көңіл айту Қаза - тірі жүрген адамның науқастан не басқа бір себеп салдарынан жарық дүниемен мәңгі айырылысуы, бақи дүниеге сапар шегуі, тірліктің біржола тоқталуы. Бұл - адам жанын қан жылатып, жүрегін қайғы бұлты шалатын, ой-санасын мұң мен зар тұманы шарпитын өте ауыр қасірет. Әкенің баладан, баланың әкеден, ерлі-зайыптылардың бір-бірінен мәңгі бөлінуі. Қазақ: "Кебін киген келмейді" деп, өлімге толық сенеді, күйзеле қайғырады. Тірідей ажырап, хабарсыз кеткен адамды "кебенек киген келеді" деп, үміт үзбей күтеді. Ал мәңгі айырылысуға душар болғандардың қайғысы жанашырларын ғана емес, бүкіл елді қамықтырады, мұңға шомдырады. Бірақ қолдан келер шара да жоқ. Тағдырдың жазмышына еріксіз көнеді. Мұңды сейілтудің қолдан келетін сезімді үйіріп, қайғылыларды жұбатады. Алғы күндерге сенімін жетелейді. Сабыр тілеу арқылы әр істі ақылмен атқаруға үндейді. Бұл қазақ ойының философиялық желісі және сенімінің түйіні секілді. Қазақ салтыңда көңіл айтудың өзі адамдықтан, кісіліктің белгісі, ақ тілеудің нышаны. Бұл ұлттық мінез-құлықтың өзіңдік келбетін, сипатын, мәнін, тіпті, әр адамның кісілігін де танытатын рәсім. Мұндай кезде айтылған ойларда бүкіл тіршілік желісі, қоғамдық құбылыс, өмірдің мәні мен қызығы, адамның борышы, дүниенің ақыры немен бітетіні толық қамтылады. Азаланған, қайғы қармаған жүректерді осылай демеп, емдейді. Жанды жебейтін кеңес естіген адам өзін-өзі тоқтатып, тіршілігінің қамы үшін бекінуге бел буады. Көңіл айту адамды ойға бастайды. Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, Қияғы бүтін сұңқар жоқ. Аспан таза тұрмайды, Ағаш та жылап шулайды. Өнбейтұғын түбіт жоқ, Өшпейтұғын үміт жоқ. Өтпейтұғын өмір жоқ, Сынбайтұғын темір жоқ. Өзгермейтін заман жоқ, Мың жасайтын адам жоқ. Көңіл айтушы адам тіршілігі бітімінің алды-артын шолып, сенімді ойлармен кесіп-пішіп алады да, бұл құбылыстың болмай қоймайтынын, басталуы мен аяқталуы сөзсіз орындалып тұратынын нанымды болжаулармен илаңдырады. Осы ойдан туған наным арқылы қайғылы адам қазаның қайғысын жеңеді. Философиялық түйіңдер жанды жебеп, сезімді сергітеді. Адам өмірінің заңдылығына, бұлжымас ережесіне бас игізеді. Мұнын өзі адамның өмірге құштарлығын бұрынғыдан да асыра түсетін желі сияқты. Соны үзбей жалғастыру — тірі кісінің парызы екені дәлелденеді. Ол — ұрпақтың өрбуі. Қартаймайтын жас болмас, Ағармайтын бас болмас. Ерімейтін тас болмас, Тас шайнаған аш болмас. Қаза - қасірет қайнаған, Мұң боп жанды жайлаған. Сабыр түбі сары алтын, Адамға ақыл сайлаған. Қайғы — төнген қара бұлт, Мойынға түсер ала жіп. Оны да түбі жеңеді, Ақыр-соңын ойлаған. Мұратына жетеді, Өмірге терең бойлаған. Көніл айту — адамды жебеу, қайғышының ойын демеу. Өмір ағысының алды-артына шолу жасалады. Бір сәттік қана емес, алдағы күндердің тізгінін ұстай білудің бағыты нұсқалады. Адам қайғымен өмір сүрмейді, үмітпен өрге басады. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі адам өмірлік парызын өтеуге тиіс. Бұған аруақ та разы. Сол үшін қаза мен аза үстіңде аруақты ардақтап, алдағы өмірдің ырғағын желілеу мұраты көлденең тартады. Әке мың жасамайды, Ұрпағы мың жасайды, Ұрпақсыз өмір - қу бұтақ, Қалғандай жазда бір жұтап. Өмір қолдан жасалмайды, Өмір адамды жасайды. Сол өмірдің иесі - ұрпақ, Табылар бәрі сабыр қылсақ. Келер күнінді ойла, Ата тілегін жерге қойма!.. Айтылған өсиет, өтелуге тиіс парыз жүйесінің үзілмеуі -тіршілік желісінің алтын жібі. Сөйтіп, әр адамның өз өміріне өзінің қожалығы дәріптеледі. Осы сезім мен сенім арқылы адам өзінің келешегіне ой жүгірте алады. Өлімнің болмай қоймайтын табиғи құбылыс екені тірілер жүрегіне сенім де, жігер де ұялатады. Әр адам тіршілігіңде адамша өмір сүруге тиіс. Мұның да орныққан қалпы бар. Әке өліп, бала қалса - мұрат қалар. Бала өліп, әке қалса - қуат талар. Осының бәрі соңғыға сынақ болар. Көндіккен пенде әр ісін құрап қылар, Көңлінде не тындырдым деген сұрақ тұрар. Адам оймен ғана өмір сүреді. Осы қағида көңіл айту кезінде өз құдіретін танытады. Адамның көңілі ақылды сөздер арқылы қалыпты арнаға түседі. Келер күндердің іс-әрекеттері де мәнді, мағыналы бейнесімен жігерді ширатады, сенімді орнықтырады, Сөйтіп қайғыны жеңілдетеді. Жапырақ ұшып - желге кетті, Аққу ұшып – көлге кетті. Мұның бәрі ешқайда кеткен жоқ, Артыңда ізі өшкен жоқ, Ғайып кұсындай дүниеден өтті. Өмір біткен кезде, Бәріміз баратын жерге кетті... Көңіл айтудағы ой түйіңдері көкейге қонса, ақиқатымен илаңдырады. Жанды езіп, көңілді басқан қайғы бұлтын ыдыратады. Тірлігінде әрекет етуге тиіс екенінді мойындатады. Асқақ ақын Әсет өлер алдындағы ақырғы сөзінде тіршіліктің осы қасиетіне ерекше назар аударады: Болжаусыз осы екен ғой өлім деген, Күн бұрын көзге келіп көрінбеген. Артыма сөз қалдырмай ала кеттім, Қаптағы дән секілді себілмеген. Тірліктің қызуына қызып жүріп, Айқайға кайран даусым ерінбеген. Абайдай арт жағына сөз қалдырып, Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген. Зымырап бәйге атындай өте шықтым, Жабығып көріп еді көңіл неден? Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп, Баянсыз тіршілікке сенуменен. Бұл ақынның жеке қайғысы ғана емес, артына қалдырған өсиеті де. Бойында қайрат-қауқарың барында қолыңнан келетін жұмысынды тындыруға талпын, кейін өкініп қалма деген өнеге сөзі. Одан әрі ақын бұл ойын терендете түседі: Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген, Жібегім қалды-ау талай өрілмеген. Өнердің өрге басқан жолын қумай, Өттім-ау бос үмітке еруменен. Қатын-бала асырау амалында, Кетіппін соған көңіл бөлуменен. Менен сорлы ақын да өтті ме екен, Бір сөзі баспа орнына берілмеген?! Осымен өмір бітті, дәм таусылды, Ішімде көп сөз кетті-ау терілмеген. Тіршілікте әрекет етпеген соң, Сүйектен не шығады кебіндеген?.. Қазақ философиясы өмір мен өлімнің табиғилығына сендіреді де, оның заңдылығын тіршіліктегі әрекеттермен бекемдейді. Сондықтан ажал жеткенше арындап өт дегенді ашық айтады. Мақсат-мұратынды жүзеге асыр, халқың үшін пайдалы іс қыл. Осы наным санаға сіңген. Көніл айту өзгермей келе жатқан дәстүр. Көңілді жебер сөздер ел есінде сақталған, салт болып қалыптасқан. Адамның төзімі, жан сезімі ерекше ескеріледі. Көңіл айтудың қуатты қасиеті жайында аңыздар да көп. Оның тәлімі де зор... Ел-жұртына сыйлы бір кісінің қартайған шағында үміт артып отырған жалғыз баласы өліпті. Жаны күйреп, дүниеден күдер үзген қарт бауырын жерге төсеп жатып қалады. Осы қайғының хабарын естіген Жаңғабыл деген шешен қарттың көңілін жұбататын сөз айту үшін әдейілеп ат арытып, ұзақ жол басып барады. Аттан түскен соң, босағаға тақап, үйдің ішіне көз жүгіртеді. Қарт қыбыр-сыбырды елең қылмайды. Сонда босағада тұрып Жаңғабыл көңіл айтады: - О құдіретті ата, Бермейсіз бе бата? Қанаты қайырылған қыран Көкке ұшпайды. Тұяғы кетілген тұлпар Тоғай қыстайды. Біреу атты, біреу тақты, Соңда бәрінің қасіреті ұқсайды. Тағынан патша айырылса, Қастығын жанға білдірмес. Өткірдің жүзі майырылса, Жырымды түзу тілдірмес. Сұңқардың қанаты қайырылса, Төсін жерге тигізбес. Патша құлап - селге кетті, Алмас қылыш белде кетті. Жанды жебеп, кезді тартқан Сұңқар ұшып шөлге кетті. Сонша неге қайғырасыз, Қасіретіңіз елге етті? Ал балаңыз болса - бір күні Бәріміз баратын жерге кетті. Осы қисынды, қымбат сөздерді естігенде бүк түсіп жатқан қарт басын жастықтан көтеріп алып: -Бері кел, шырағым, қай баласың?.. - деп жөн сұрайды. Жаңғабыл шешен жай-жапсарын айтады: — Еліңізге қадіріңіз артық еді, ата! Бұл қайғы жалғыз сізді ғана күйреткен жоқ, бізді де мұжыды. Тұманды жел сейілтеді, қайғыны ел сейілтеді. Жатқаннан не табасыз, еліңіз бар емес пе, соған арқа сүйеңіз. Жақсы құлда жаттық жоқ демей ме, біз балаңыз секілді құлыңыз едік. Ақылыңызды үйретіп, жол көрсетсеңіз, тапсырғаныңызды орындаймыз. Қайғыңызды бөлісейін деп келген бір балаңыз едім. Сонда әлгі қарт: - Қой асығы демегін, қолыңа жақса - сақа қой деген екен бұрынғылар. Ақылың толық бала көрінесің, сөзіңе қатқан көңілім жібіді, іштегі мұзым еріді. Сүйенерім сендер бар екенсіндер ғой, есіме түсірдің!.. — деп, орнынан түрегелген екен. Қазаға көніл айтуға уақыттың шегі шектелмейді. Өйткені біреу ерте, біреу кеш естиді. Қандай жағдайда ұшырасқан кезде де қазалы кісіге көңіл айтып, тілек білдіруге жол беріледі. Бұл да салттан тыс емес. Қазақ әрқашан адамның көңілін ардақтайды.
Жоқтау Жоқтау (салт). Адам туады, өмір сүреді, өледі. Бұл - жазмыш. Осы құбылыстың қазақ салтыңда өзіндік сипаты бар. Абайша айтсақ, Дүниеге елендетіп келіп, жер қойнына елендетіп кіреді. Бір қазақтың үйінде бала дүниеге келсе, ауыл жиналып той жасайды. Ән мен жыр төгіп қуанысады. Ал жасы жеткенде не ұрыс-керісте қаза болса — ел қайғырады. Асыл қасиеттерін өленге қосып, мұңды сарынмен шығарып салады. Дүние салған адамның бала-шағасы келушілермен көрісуге дайындалады. Бәйбіше қара жамылып аза тұтады. Оны абысын-ажындары, қыздары мен келіндері, ауыл әйелдері көріп ап отырады. Еркек балалары мен бауырлары есік алдыңда тұрады. Топырақ салып, парызын өтеуге келгеңдер азалы ауылға таяған соң, бір шақырымдай жерден ат қояды. Сол кезде әйелдер дауыс салады. Жылау қай үйден шықса, келушілер солай беттейді. Ат ұстаушылар алдын ала белгіленеді. Келгендер үйге кіріп, жылап отырған әйелдер мен көріседі. Одан кейін сыртқа шығып, мұндағылармен құшақтасады, қайғысына ортақтасады. Әйелдер беталды бақыра бермейді. Әуеңдете дауыс айтып, қайтыс болған кісінің адамдығын, артықшылығын, өздерінің орны толмас қайғыға ұшырағанын өлеңдетіп жылайды. Бұл құбылыс ел түгел жиналып болғанша созылады. Мәйіт жуылып, жаназасы шығарылғаннан кейін қабірге қарай алып жүргеңде, әйелдер жылап қоштасып қалады. Қабір басына еркектер ғана барады. Жерлеу рәсімі аяқталып, ауылға қайтқан сон, өлген кісінің балалары, туыстары әйелдермен мұндасып көріседі. Қариялар тоқтау айтып жұбатады. Сонымен қазаның алғашқы күні аяқталады. Әйелдердің жоқтау айтып жылауы үздік-создық жалғасып жатады. Жетісіне арналған нәзірден кейін өлген кісінің қадірін асырып, жоқтау айту рәсімі арнайы ұйымдастырылады. Өлген кісіні жоқтау — қазақтың ұлттық салты. Жоқтау батырларға, билерге, ел қадірлеген адамдарға және шайқаста өлгендерге арналады. Ел сүйсінер өнегесі болмаса, өлген кісінің бәріне жоқтау айтыла бермейді. Бұл салт жыл толып, асы берілгенше созылады. Осы уақыттың ішінде ол кісінің таныс-білістері, әр шалғайдағы жолдас-жоралары әр мезгіл ат қойып келген сайын бәйбіше бастап жылайды да, жұбату айтылып тоқтайды. Одан әрі жоқтау айтушылар дауысты жалғастырады. Бұл міңдет арнаулы қыз-келіншектерге жүктеледі. Тапсырмамен ақыңдар құрастырған жырды мүдірместей жаттап алады. Кең дүние құшағыңда өскен қазақтың азалы үйге келім-кетімі де үзілмейді. Өйткені қайтыс болған кісіні еске алған көңілдес, пікірлес кісілер қай шалғайда жүрсе де оның үйіне бір келуді міндет санайды. Жәй емес, ауылдың сыртынан ат қойып келеді. Бұл - дүниеден өткен кісіге кұрмет. Ал жайдан-жай ауылға қарай шапқанды қазақ теріске, жаман ырымға жориды. Көңіл айта келгеңдер көрісіп, жайғасып отырғаннан кейін арнайы орыңда отырған жоқтау айтушылар өлген кісіге арналған жырды айтып шығады. Жұрт құлақ түріп тындайды. Жоқтаудың үлгісі көп. Әр адамның бейнесін көрсетеді. Ағузы деп бастайын, Асығыс айтып саспайын. Шариғаттың жолына. Жалған сөзді қоспайын. Иманды болғыр атамды Аузымнан қалай тастайын. Ұялы терек - ордалым, Атекем еді қормалым. Күн жағыма көлеңке, Жел жағыма қорғаным. Жоқтағанда өзінді Тұрады асқар тау жылап, Саялы бақша-бау жылап. Күңіренеді ой мен қыр, Айдын көл, жасыл орманың. Атекем сапар шеккен соң, Кетті ғой сәні орданың. Осыдан кейін жоқтау арналған кісінің атқарған игі істері, парасаты толық қамтылған мұңды да әсерлі жыр төгіледі. Жыр аяқталған соң, тілек айтылып, сабыр-тақатқа шақырылады. Аса игі қасиеттер дана, ақылгөй кісілерге арналған жоқтаулардан байқалады. Ол ел есіңде үлгі ретіңде сақталады. Мың жасаған адамды? Алладан әмір келгенде, Ел-жұртыңды қинадың. Кішілерді аялап, Үлкендерді сыйладың. Өкінгеннен өксідің, Өлімге басты қимадың. Жоқ екен ғой дүниеде Тапжылмай мәңгі тұрмағың. Нәсіп етсін енді алла, Жолдас болсын иманың!.. Жоқтау айтылатын үйде келген кісілер күтілетіңдіктен оңаша тігіліп, ту қадалады да, тұлдаулы тұрады. Бұл манда саяқ жүріс болмайды. Тосын күлкі естілмейді. Жыл толғандағы асы берілгенше қаралы ту жығылмайды. Бұл өлген адамның аруағына ұрпағының сыйы. Жоқтаудың да өзіне тән тәлімі, жарасымы, елдік сипаты болуы шарт. Соңда ғана оның тәрбиелік тәлімі, өнегесі артады. Бұл істегі ожар қылықтар ажуаға айналады. Халықтық салттың сиқын бұзады. Соңдықтан ел де одан сақтаңдырады. Біреу алыстағы құдасының қайтыс болғанын естіп, жырақ жолдан ат арытып келіпті. Соңда онымен көріскен құдағиы отыра қалып: -Мінгенде атың қара ала, -Пейіштің төрін арала. Пейіштен орын таппасаң, Күркеңе келіп панала!..- деп, дауыс айта бастапты. Бұл сөздің қисынсыздығын байқаған құдасы зарлаған құдағиымен көріскен болып тұрып, қапсыра құшақтайды да, тоқтау айтады: - Есіктің алды күйреме, Құдағи балшық илеме. Пейішке барған кұданы Күркеге қарай сүйреме... Мұны естіген жұрт ду-ду күліп, жылаудың арты ажуаға айналып кетіпті. Сондықтан жоқтаған дауыстың маңызды, тәлімі мол мағыналы болуына ерекше назар аударылады. 2.2.4 Күнтізбе, маусымдық кезеңдерге қатысты тойланатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер Наурыз мейрамы Наурыз мейрамының түп-тегі өз бастауын б. э. д. заманаларда өмір кешкен Қорқыт (Зоротуштра) бабамыздың ілімінен (Зороастризммен) алынған. Мақсаты-мәні: 1.Тепе-тендік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес Наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен Табиғат пен Қоғамның, екіншіден, Ел мен Елдің, үшіншіден, Қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе-теңдігінің сақталуын талап етеді. 2. Игілік. Наурыз тойы қарсаңында: "Бұлақ көрсең көзін аш",— деп қаумаласқан жігіттер бастаулардың көзін ашып, қариялар: "Армысың, қайырымды Күн-Ана, құт дарыт, жарылқа!"— деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Сөйтіп табиғаттың өсіп-өнуіне жағдай жасалады. 3. Жаңару. Ұлыс күні аспан денелері бастапқы айналу нүктесіне келеді. Мал төлдеп, ер көктеп, дүние жаңарады. Осыған сәйкес адамдар да шашын алып, сақал-мұртын күзеп, жуынып-шайынып, ақ көйлек пен су жаңа киінеді. Тазару үшін Көктөбенің басына көтерілген азамат "Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы" деген асқаралы түсінік бойынша, өткен жылына есеп беріп, ары алдында арылады. Ел билеген көсемдер "Жақсылыққа жақсылық — жай адамның ісі, жамаңдыққа — жақсылық ер адамның ісі", "Тас атқанға — ас ат" деп ту көтеріп, ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел руларын дастарқан басында табыстырып, татуластырады. Аты аталып, түсі түстелген "Тепе-теңдік", "Игілік", "Жаңару" — үшеуі қоғамда орын тауып, тоқайласқан сәтте халқымызға Құт қонып, ұлтымызға РУХ ұялап, ел басына БАҚ қонып, ел ішінде Береке орнайды. Демек, Наурыз ілімін жаңғырту арқылы, біріншіден, айнала төңірек ағаш отырғызып, гүл егіп, су көздерін тазалап, тәуелсіз еліміздің экологиялық мәселесін шешуге көмектесуге болады. Екіншіден, өнер-білімнен, кәсіп түрлерінен, сәулет пен мүсіннен, спорттан т. б. жарыстар ұйымдастырып, жас талант көздерін ашу арқылы қоғамымыздың дамуына үлес қосылады. Үшіншіден, республика тұрғындарының арасында шынайы сыйластық, достық қарым-қатынас орнатуға септігі тиеді. Наурыз туралы түсінік Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, "жаңа күн" деген сөз. 22 наурыз күнін "Жаңа күн" деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны, Соңдықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март болғандықтан бұл күн "Наурыз" яғни "жаңа күн" деп аталады. Наурыз сөздігі 1. Әз — халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. "Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін" деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22-сіне дейінгі үш күннің ішіңде өтеді деп есептеген халқымыз: "Әз болмай, мәз болмайды", деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішіңде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады-мыс. 2. Наурыз— парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні — жаңа күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса, жаңа жылдың алғашқы айының атын да толық қамтиды. 3. Наурыз бата— наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі — сүрленген қазы-қарта, жал-жая берілетін арнаулы бата. 4. Наурыз жыры— қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі. 5. Наурыз көже— келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегеңде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді.
![]() |