![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Классификациялау мәселесі, түп-төркіні 5 часть
Онақасы Қонақасы (салт). «Бермейсің қонақ келсе қонақасы» (Ел аузынан).Халқымыздың тарихи, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларындағы ерекше қымбат дәстүрі — қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру — жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы, жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап «қонақ келеді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қонақ та кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарханы мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақтың әр үйі өзінде «қонақтың ырыздығы» бар деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қонақты арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес. Онақкәде Қонақкәде(дәстүр). «...Алдарында қонақ кәдесі үшін ақша беріп қойшыға әлгі өлеңді айтқызып... Көтештің құнын алыпты» (И. Байзақов). Үй иесінің, қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкәденің» шығуы көңілді отырудан, қонақ өнерін сынаудан шыққан. Сондықтан да болар, бұрынғы адамдар жастарды өнерге, айтысқа, қол өнерге, шешендікке, өлеңге, домбыра үйренуге ерте баулыған. Орықтық құю Қорықтық құю(ем, ғұрып). «Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өкпесімен көшіру ме...» (С. Торайғыров). Әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды. Оның жасалу жолы былай: табаға май құйып, қорғасынды басқа ыдысқа қорытады да қорғасынды аурудың төбесіне әкеліп әлгі табаға құйып жібереді. Халықтың ұғымы бойынша қатқан қорғасынға ауру неден қорықса соның бейнесі түседі. Мысалы иттің, адамның, жыланның бейнесі сияқты. Егер ауру неден қорықса, қорықтық кұйғанда соның бейнесі түссе, ол жазылады деп түсіндірілген. Ол ұшын беру Қол ұшын беру(дәстүр). «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей жұмыс істеп жатқан жерге келген әр адам қанша асығыс болса да сәл аялдап, қол ұшын беруге тиіс. Мысалы, үй салып жатқан жерде, ағаш, кесек әперу, егін жинап жатқан жерде екі-үш күрек дән тасып әкелу тағы сол сияқты көпшілік жұмылған іске өз үлесін қосу азаматтық борыш, міндет болып саналады. Егер мұндайда кейбіреу еңкеймей тұрса, онда оған «еңкей, қол ұшын бер, балаңның белі бүкір болады» деген әзіл-шыны аралас ескерту жасайды. Осындай көп жұмылған жерде бос тұру тәрбиесіздік, әрі білімсіздік болып саналады. Н Құн(заң, дәстүр).—«Мен жүз түйе құн кестім, ердің құны екі елу» (Ел аузынан). Ұрыс-төбелесте, барымтада кісі өлімі болған жағдайда айыпкерлер жағы құн төлеуге тиіс. Мұндайда екі жақтан ақсақалдар мен билер шығып дауды қарап, қандай мөлшерде құн төлейтінін шешеді. Егер даугер жағы «қанға-қан» дегеннен (өлімге-өлім) бас тартып «құнға» келіссе оның шартын, уақытын белгілейді. Әз Тәукенің жасаған «Жеті жарғы» заңы бойынша ер адамның құны 100 жылқы не 50 түйе, немесе 1000 қой, әйелдің құны оның жартысына тең. Екі қабат әйелді ұрып, баласын түсірсе, айыпкер бір ат немесе бір түйе, біреудің бас бармағын сындырған адам 100 қой құн төлейді. Күйеуін өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса, ол құн төлеп құтыла алмайды. Құрдастық қалжың Құрдастық қалжың.(ғұрып). «Даңқты актер Қалибек Қуанышбаев пен әйгілі күйші Әбікен Хасенов әзілдері жарасқан түйдей құрдас екен». Бір жылы, туған адамдар құрдас деп саналады. Халық ғұрпы бойынша олар бір-бірімен әрі тату, әрі қатты қалжыңдасып, тіпті бірі екіншісінің сыртынан да әзіл айта береді. Айы, күні қатар құрдастар «түйдей құрдас» деп аталады. «Екі аяқтыда құрдас, төрт аяқтыда бота тату» деген осыдан шыққан. Құрдастардың әйелдері де құрдас болып есептеледі. «Әкесі құрдастың баласы құрдас» деп, олардың балалары да әзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының арасында кездесе бермейді. Ел аузында құрдастық қалжындардың күлкілі әрекеттері мен сөздері көптеп кездеседі. Мойнына бұршақ салу Мойнына бұршақ салу (ырым, ғұрып). «Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң, Жарқынбай бәйбішесі, һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді» (М. Жұмабаев).Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. Оның соңы тілек орындалып, қуанышқа кенеліп жатады. Бұршақ салу-тәңірден бала сұраған жағдайда ғана қолданылады. Сауға Сауға(ғұрып). «Би кесімі тым қатал болса қасындағылардың біреуі «сауға, биеке!»— деп қалатын ғұрып бар». (Ғ. Мүсірепов).Ертеде өлімге, немесе ауыр жазаға кесілген адамға сауға, яғни кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді, сөзі өтетін адамдар ғана сұрай алған, және ол көп жағдайда беріліп отырған. Сауға сұрап алған адам да өз жолынан жығылмай тиісті адамның құнын, шығынын өтеп, екі елді бітімге келу жолына шақырған. Ахаңның әкесі Ақтас пен Байтұрсынды айдап апара жатқанда Арғын Жылқыайдар, Қоғылбай деген кісілер жасауылдардан сауға сұраған. Сауға — негізінен бітім, бірлік, татулық жолына қызмет етеді. Саумалық «Саумалық»(ырым). Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек. Бұл кезде әр адам, от басы мүшелері: Саумалық, саумалық Жаңа келген жақсылық Жаңа келген береке Жаңа келген мереке Көрмедік пе, Көрдік пе? Саумалық, саумалық Сүт көп, көмір аз, Өмір көп өлім жоқ — деп тілек тілеп, бата жасайды.
Сауын айту Сауын айту(ғұрып. «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Қөкшетауға сауын айтып елді жиды ғой» (М. Әуезов). Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын (бірнеше ай, жыл) жан-жаққа хабарланып сауын айтылады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрмен яғни батыр, палуанымен, жүйрік атымен, ақын, жыршысымен, сойыс, сабасымен келсін дегенді білдіреді. Және асқа, тойға келгендер де бір-бірінен асып түсуге тырысады. Өзінің әйгілі «Құлагер» дастанында I. Жансүгіров былай деп толғайды: «Сан сойыс Сағынайдың бұл асына Мал қайдан келіп жатыр расында? Жан-жақтан топ-тобымен төгіліп мал, Көтерген малын керей үй басына. Мал айдап жан-жақтан жүрт оннан, бестен, Көп саба келіп жатыр елдей көшкен... Сауын айтудың екінші жағы оның көптің күші мен малы арқылы атқарылатындығында жатыр. «Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жіберу ырымы болған» (С. Мұқанов). Сауын алу Сауын алу(салт). «Ердің күйін сұрама, Жұрттан сауын сауған соң» («Ел аузынан»).Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі бір мерзімге сауа тұратын бие, немесе сиыр сұрап алады. Сауын алушы өз алған малының төлімен аман әкеліп тапсыруына кепілдік береді. Сәлем беру, сәлем ету Сәлем беру (салт). «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты» (Ел аузынан»).Алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына, немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру, қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей жөн білетін үлкен дердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса «сәлем берді» деп айтылады. Сәлемнің басқа түрі де бар. Мысалы сыйлы ата, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Ондайда біреу «келіндеріңіз сәлем істеп жатыр» деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса оны «сәлем етті» дейді. Сәлем қылудың тағы бір өзгеше түрі де бар. Егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша кұяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады. Сүйінші Сүйінші(салт). Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші кәдесін алатын салт бар. Бұрынғы әдет-ғұрып заңы бойынша жоғалған қымбат затты тауып, не оның қайда екенін көрсеткен, не ұрыны ұстаған адамдар иесінен сүйінші дәметкен, егер иесі бұны беруден қашқақтаса, биге жүгінуге хақылы болған. Сүйінші көлемі хабаршының көрсеткен қызметіне және жоғалып табылған заттың бағасына байланысты анықталған. Мәселен, ұрланған малды тауып әкеліп берген, одан әлгі малдың құнының 20-дан бірін, ал ұрыдан тартып алса, 5-тен бірін, ал ұрының өзін әкелсе, ұрланған малдың жарты құнындай сый алған. Егер хабаршы жоғалған малды көрмей, оның қайда екенін естуі бойынша жеткізсе, құлақ сүйінші алған. Ұры жоғалған малды өзі әкеп берсе, әрине, сүйінші дәметуге хақысы жоқ. Егер жоғалған малды табуға, не ұрының мойнына қойып беруге уәде етіп, сүйінші алған адам уәдесін орыңдамаса, алған сүйіншісінің белгілі бір бөлегін қайтаруға тиіс. Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағанынды ал, деп қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып келеді. Сыбаға Сыйлы адамға тартылар табақта міндетті түрде мүшелі ет болады. Ол "сыбаға" деп аталады. Қойдын басы, ірі малдың шекесі, жылқының бұғана-кабырғалары, сүбе қабырға, төс, кәрі жілік, ортан жілік, тоқпақ жілік, жамбас, белдеме, ұзын омыртқа, жүрек, бүйрек сияқты мал мүшелері сыбағалы тағам қатарына жатады. Сыбаға әдетте сыйлы адамдарды елеп-ескергендіктің белгісі ретінде соғым етінен сақталады. Жүріп-тұруы аз, қарт адамдардың сыбағасын қатынасқан адамнан беріп жіберетін де дәстүр бар. Мұндайда, әсіресе, қарттар риза болып, батасын беріп, елеп-ескерген үйдегі келіншектің атына мадақ сөз айтады. Мұның өзі төнірегіндегі естіп тұрған жастарға кісіліктің жолындай, бауырмалдықтың дәнекеріндей өнеге болады. Тасқорық Торғай шырылдағанда отарын өргізген қойшы қойларын шырқата жайып келіп, көлеңке аяқ астына тығылған шақта өзіне таныс бұлақ басына немесе өзен жағасына малын иіреді. Әрине түскі тамақ ішу үшін отарына шаң қаптырып, түс кезінде топырлатып ауылға айдап келу малдың қас-қабағына қараған елдің әдетінде болмайды. Әсіресе, отарлап бағатын қойдың аяқ оты қанып, тұяғы жеткен су көзіне іліксе болды – күн ыстықта тойынған мал шөлін басқан соң бырдай болып жусайды, бауырларын су табанындағы салқын шымға басып рақаттанады. Сол кезде қойшы түскі тамағын әзірлеуге кіріседі. Алдымен айналасынан тезек теріп, шақатты тақырлау жерге от жағады. Дөңгелене қаланған тезек ортасына қаз жұмыртқасындай алты-жеті тас тастайды. Сонсоң белінен саптыаяғын шешіп алады да, өзіне мәлім сауын қойлардың үш-төртеуін сауып алады. Мұнан әрі қойшы саптыаяқ толы сүтін алып отбасына келгенде шоқайна ортасындағы манағы тастардың әбден қызып, бал-бұл жанып жатқанын көреді. Іле тал-теректің айыр бұтағын шымшуыр етіп алып, қызған тастың біреуін от ортасынан шымшып алады. Шымшып алған күлін үріп жіберіп, саптыаяқтағы сүтке батырса быж-ж етіп күйген сүттің иісі ен даланы кернеп кеткендей болады. Осылайша қойшы екінші тасты, үшінші тасты сүтке батырып алады. Ал төртінші, бесінші тасты батырғанда саптыаяқтағы сүт суынан арылып, сап-сары болып қойылып, бүлк-бүлк етіп қайнай бастайды. Сол кезде тасқорықтың дәмін білетін қойшы суығанша шыдамы таусылып, сілекейін жұтынады. Қоржынынан құрт-ірімшігін алып, тасқорықтан ұрттап қойып отырғанда Сахара қойшысының реңінен осы тірлігіне әбден риза пейіл аңғарылар еді. Тәбәрік Қандай да бір қазақ ойынының немесе жыртыстарының жүлдегері алған сыйын бөліседі. Осы бөліп алған зат «тәбәрік» деп есептеледі. Жасы жүзге келіп, немесе жүзге жақындап өлген қарттардың тірі кездерінде тұтынған заттарын, тәбәрік деп бөлісіп алады. Ол бізге де жұғысты болсын, немесе, біз де сондай жасқа жете берейік, деген тілекті білдіреді. Ондай үлкен кісілердің өмірлерінде тұтынған заттарын өзара бөлісіп алады. Тәбәрікке әжелердің жиған зергерлік бұйымдары, киген киімдері, сандығына салып сақтаған заттары, қарт аталардың қамшылары, ер тоқымдары, бас киімдері мен киген киімдері және жеке тұтынған заттары жатады. Тоқым қағу Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. "Қазақта мектеп те жоқ, Медресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз"— деп ат кеудесімен басып кете жаздатып жүргендер — шетінен тойдала, пілге үрген иттей, олар қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. "Тоқым қағу" соларға қаққызбаудың, соғысса женілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы "тоқым қағарға" дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік. Қазақ ұлы оннан асысымен қозы жасы атайды. Бұл шақта баланың міңдеті, істейтіні — қозы бағу. Бұл еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. "Қозы жасы" атауы да содан. Жоғарыда өзіміз сөз еткендей қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына ақ таяқ ұстап, еңбекке шынығып жүрген баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатады. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі — түйе, құмалағы түйе болмайтынындай, оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді... Ал қозы жасы деп аталатын еңбек мектебіндегілер шетелдікке қанша айтқанмен бейім келеді. Бұл арада біз оқудан ат-тоңды ала қашудан аулақпыз. Әңгіме қазақтың ертедегі әлқиссасы жөнінде болып отырған соң, сол кездегі қазақтардың бала тәрбиесі, оқытуы болмады дегеңдерге ескерту жасау ғана. Өйткені казақ балаға жастайынан қатал қараған, баули білген. Кей халықтың қозы жасындағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұрғай, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады. Алматының кейбір биік үйінен басқаны көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы баласы ауылға келгенде отын бұтай алмай тыраңдап жатқанына талай куә болғанбыз. Қазіргі халыққа қозы жасындағы балаға жүз қозыны итарқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқты. Төркіндеу Төркіндеу(дәстүр). «Қыз кедей еліне төркіндеп келеді». («Ана тілі» газетінен).Мұның негізі төркіндеген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы төркіндеу деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бірақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Дәстүрімізде қыз төркіндеп, күйеу-қайындап, жиен-нағашылап барады. Сиет айту Өсиет айту(дәстүр, ғұрып). «Үзіліп бара ма, жоқ арыз, өсиет айтамын деп әлсіреді ме, білу қиын» (М. Әуезов). Белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс. Шүлен тарту Шүлен тарту(дәстүр). «Шүлен таратты (тарқатты)» (І. Кеңсебаев). Шүлен тарту мырзалық пен жомарттықтың бір белгісі. Бұрын малды мырзалар, билер алыс-жақын жерлердегі адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Бірақ бұл садақа да емес, зекет те емес, құдайы да емес «шүлен тарту» деп аталады. Мұның мағынасы - кедей кепшіктерге жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі. Мұны бай адамдар әсіресе күзгі күндері мал басы көбейіп, өсіп, қонайып қысқа түсер кезде үлестіретін болған. Шүлен тартушылар пайда үшін емес, көптің алғысын алу үшін және оларға қол үшін беру мақсатымен адамгершілік парызын өтеу үшін істейтін болған. Бұрын бай мен мырзаларды қанша жамандағанымызбен оларды қалын бұқара халыққа пайдасы тиіп отырғаның енді ғана мойындап отырмыз.
2.2.2 Шаруашылық, кәсіпке қатысты жасалатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер.
Асар Асар(салт).Көптік - құдіреттіліктің бір белгісі. "Көп түкірсе - көл" дегеңді айтқан қазақ қаңдай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырымалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіңдегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға камқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесіңде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халге түссе де ары мен намысын жоғары ұстайды. "Жаным - арымның садағасы" дейтіні содан. Қаңдай қамқорлық жасалса да, сол адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі -асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желендері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар асар деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасыңда шаруасын тыңдырып алады. Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-жұрты мұны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттаңдыратыңдай дәрежеде дайыңдалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді. Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы ету үшін қаңдай қиыңдық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара. Биебау Биебау - шалғын көкорай, Күркірей аққан көк өзен. Шұрқырап жатқан құлын-тай, Жарыса шапқан желменен. Биебау - иісі аңқыған Саумалға толған үр көнек. Татпағандарды таң қылған, Қымыздың дәмі бір бөлек.
Ел жайлауға түгел шығып болып, көңілдері жай тапқаннан кейін жылқылы үйлердің әйелдері сабаларын ыстап, қор жинап, қымыз ашытудың қамына кіріседі. Бұл әзірлік біткен мезгілде желі тартылып, бие байлайтын орыңдар тандалады. Шынында бие байланбайды, құлын байланады. Енелері қиып кете алмай, шырғалаңдайды да жүреді. Соңдықтан желі тартылатын жер Биебау деп аталады. Бұл маң шөбі шүйгін, суы жақын, самал соғып тұратын жер болуы керек. Ноқтаға үйренбеген асау құлындар қиналып азап шекпеуге тиіс. Тұмса биелер балажан келеді. Құлынынан ұзамай, желіні айналшықтап жайылады. Шөбі мол болса, биелер тойынады да, жақсы ийді.
![]() |