![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Азақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар 5 часть
Қазақтардың арасында болған Ф. Назаров осы әлеуметтік топ жөнінде былай деп жазды: «Нұрадан Есілге құятын Қаракөл өзені маңыңда біз ешқаңдай малы жоқ кырғыздарды кездестірдік... Тамағын асырау үшін олардың көпшілігі жақын маңда көшіп жүрген қырғыздарға барып жалданады». Қоңсылар туралы неғұрлым толық дерек Михаил Граменицкийдің еңбектерінде кездеседі. Ол былай деп жазды: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын бағады». Егер сұлтанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді. Қазақ феодалдары әдетте бақташы жалдамаған, өз кедейлерінің - қоңсылардың тегін еңбегін пайдаланған. Қоңсылардьң арасында сол байдың кедей туыстары, кейде «жамағайын» деп аталатындар болуы мүмкін. Бір рудан, мысалы, Арғын немесе Керей руынан тараған қазақтар өзара жамағайын болып есептеледі, мұңдайда казақтар «ата тегі бір» дейді. Ру шонжарларында кейде тіпті бұрынғы чингизидтер де қоңсы ретінде жұмыс істеді. Мәселен, "төрелердің" тұтас бір ауылы Мұса Шормановқа қоңсы болды. Феодал мен қоңсы-кедейдің өзара қарым-қатынастарынан сауын деп аталатын өзінше бір жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасты. Қоңсы өзінің феодалынан уақытша пайдалануға сауын сиыр алады да, бұл үшін шаруашылық жұмыстың алуан түрлерін тегін атқаруға міндеттенеді. Бұл орайда қалыптасқан қатынастар феодалдың өзінің кедей тумаласына «туысқандық көмегі» түрінде, ал егер ол жақын адамы болмаса, онда ылғи бірге көшіп жүріп, "өз" адамы болып кеткен қоңсыға көмек беру түрінде көрінеді. Мұнымен бірге өз бұйрығы орындалмаған жағдайда феодал өзі берген малды кез келген уақытта кайтып алуға құқықты болды. Жатақтар - өздерінің жағдайы жағынан жатақтар егіншілерге жақын тұрды. Малдары болмағандықтан, олар көше алмады, соңдықтан ұдайы қыстауды сағалады. Жатақтардың жағдайын сипаттай келіп, И. Завалишин былай деп жазды: «Жатақ байларға бақташы, ал Шеп маңыңда тұратын казактарға батырақ болып жалданады, тіпті Шеп маңындағы қалаларда, станицаларда, елді мекендерде тұтас ұлыс болып топтанады, бірақ осының бәрі тек бір үзім нан үшін ғана еңбектену». Тек біршама бай адамдар сұлтаңдар, феодалдар, билер, ру шонжарлары, малы көп ауқаттылар ғана көше алды. Осыңдай бір бай туралы кедей жатақтың айтқаны мына төмендегідей: «Мамакеннің малы көп, соңдықтан оның көшуге мүмкіндігі бар». Бұл сөздер жатақтардың экономикалық жағдайын жеткілікті дәрежеде айқын сипаттайды. Байғұстар- қазақтардың ең қайыршыланған бөлігі болды. Байғұстар - қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казактарға жалақы іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар. XIX ғасырдың бірінші жартысында олар едәуір топ болды. Артемьевтің деректеріне қарағанда, тек Кіші жүз бойынша ғана байғұстар еркек, әйелін қоса есептегенде 20 мыңға жуық еді. Шеп маңындағы ауқатты казактарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртты, үй іші жұмысының алуан түрін атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау кәсіпшіліктерінде жұмыс істеді. Бұдан басқа кейбір байғұстар бай-феодалдардың қарамағында жұмыс істеді. Осындай байғұстардың жағдайын көзбен көргеңдердің бірі былай деп жазды: «Екінші бір киіз үйде оттан алыс, есікке жақын тақыр жерде малдас құрып отырған егде байғұсты көресіз, ол бір тілім нан мен бір жапырақ ет үшін күні бойы қолындағы бізбен теріні тесіп, тарамыспен дөрекі етік тігіп отырады. Алба-жұлба күпісі мен тозығы жеткен тақиясы оның сіңірі шыққан кедей екенін, ал босағада отырған сиқы оның сорлы жан екенін керсетеді. Бұл кезде киіз үйдің төрінде үстіне тау болып жүк үйілген әбдірелердің қасында, астына бұқарлық көрпе төсенген, үстіне жібек бешпент киген қожайынның өзі отырады. Бір қолына мүйіз мүштігін сәндене ұстаған ол, екінші қолымен сақалын маңғаздана сипап қояды».
Дет-ғұрып, салт-сана
![]() |