![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Леуметтік-саяси ұйымдасу
Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық отбасылық, шаруашылық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамнын іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды. Қоғамдық өндіріс процесінде қалыптасқан мүдделер мен мақсаттардың бірлігі қоғамдық байланыстардың ең басты өзегі болды. Аграрлық қоғам жағдайында ол өңдірістік байланыстар негізінде әрекет еткен қауым түрінде жүзеге асты. Түпкі материалдарда былай деп атап көрсетілген: "Қырғыздардың жерге иелігі-қауымдык иелік, әрбір ру мен бөліністердің белгілі өз учаскелері бар, сол кеңістікте руластардың әр қайсысының өз егістіктері, жазғы, қысқы жайылымдары бола алады: әйтсе де әр ру өз жерлерін баска бөліністердің алып қоймауын қызғана бақылап отырады. Мұндай қауымдастық көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіруді талап ететін өндірістік процестің барлық буындарын жұмыс істеттіру үшін малшылар еңбегін кооперациялау (бірлестіру) қажеттігінен туындады. Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер - тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды. Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті. Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелділігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселелерін реттеудегі жалпы қажеттілік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды. Негізгі су көздері әртүрлі терендіктегі құдықтар саналған құрғақшылықты аудандарда қауымньң су көздеріне меншігі "бірінші болып пайдалануға" құқығы түрінде, ал табиғи су көздері көп көгерішті аймақтарда – «алдымен басып алушы» құқығымен жүзеге асты. Қайсыбір табиғи су көзін иелене отырып, кеңейтілген қауым сол су көзінің төңірегіндегі жерлерді де із жүзінде де иеленіп алатын, Демек, ол көшпелі мал шаруашылығы саласындағы өндірісгік процестерді реттеп қана қоймады, ал сонымен бірге жерді пайдаланудың да иесі болды. Кеңейтілген қауым өз кезегінде әртүрлі қауымдық топтардың жерді пайдалану, жайылымдық жерлер мен су көздерін бөлу, көшіп-қону бағыттарын үйлестіру жөніндегі қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтік топтарға енді. Бұл әлеуметтік топ тарихи әдебиетте "ру", "тайпа", "қамқоршы", "жайылымдық-көшпелі қауым" деген аттарымен белгілі. Ол жазғы уақыттары барлық қауымдар шоғырланатын бүкіл жайылымдық жерлердің тікелей иесі болды. Қауымдар арасындағы жер мен суға байланысты қарым-қатынастарды экономикадан тыс реттеу міндеттері, міне, қауымдардың осы ассоциациясы дәрежесінде шешіліп отырды, және сондықтан да ол іс жүзінде көшіп-қонудың бүкіл жүйесінің тәртібін белгілеп, жүзеге асыратын.
Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің. одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуі тәртібі) тұрғысында көрінді. Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктін бірнеше түрі айқындалған: 1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес-отбасылық түріндегі меншік; 2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік; 3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі; 4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі. XIX ғ қазақтардың көшпелі қоғамындағы өндірістік қатынастарға тән сипат - әлеуметтік ұйымдардың (отбасы, қауым, қауымдар ассоциациясы) әртүрлі буындары арасында меншік құқының барынша шашыраңқылығы болды. Іс жүзінде оның құрылымдарының бір де біреуінің жер мен суға монополиялық құқығы болмады және оларға деген өз құқығын көшпелілер сол аймақта болған кезде ғана жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, дағдылы құқықта меншіктік қатынас түрлері өзінің нормативтік табиғатынан көрінетініндей міндетті түрде, құбылыстың тек сыртқы сүлбесін бейнелейтінін және заттын түпкі мәні жөнінде толық әрі объективті түсінік беруге жарамайтындығын ескерген жөн. Мұндай жағдайда қазақ қоғамындағы өндірістік катынастарға меншіктің негізгі және бастапқы түрі - малға жеке меншіктік тұрғысынан караған аса маңызды. Осы заманғы зерттеушілер шаруашылықтардың малмен жалпы камтамасыз етілуі мен табындардың түпкілікті құрамы арасындағы тікелей тәуелділікті айқындады. Малы көп байлардың табындарында (орта статистикалықпен салыстырғанда) неғұрлым ширақ жүрісті малдардың (жылқылар, түйелер, қойлар) үлес салмағы өте жоғары болды да, мүйізді ірі қара (сиырлар, өгіздер) мейлінше аз өсірілді. Бұған керісінше кедей шаруашылықтар мүйізді ірі қараны едәуір көп өсіргенімен, олардың жылқы, түйе, қойлары мардымсыз болды. Сондықтан, неғұрлым ширақ жүрісті малдары көп бай иеліктер өздерінің кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жылдамырақ көшіп барып, оның ешкім тие қоймаған соны шалғындарын бірінші болып пайдаланды. Ал күш-мүмкіндіктері шамалы малшылардың отбасыларына келсек, олар әлгілердің соңынан ілбіп, солардың малы жайылғандығы себепті оты кеміген жерлерде өз малдарын бағуға мәжбүр болды. Міне, осыған байланысты жағдайды өз көздерімен көргендер жазғы жайлауларға көшу кезінде оған "кім бұрын барса, сол ең жақсы өрістерді иеленді де, басқалар, кешіккендіктен де, енді өз пайдасын таба алмады" - деп атап көрсетті. Демек, көшіп-қону барысында да малы көп байлар ең жақсы жайылым мен су қорларын иеленуі арқылы нақты меншіктік қатынасқа тартылды және олар мұны "бірінші болып басып алу құқығы" түрінде жерге иелік жасау құқығын нақты іс жүзіне асырды. Бұл ретте қайсыбір отбасыларының мүліктік қамтамасыз етілгендігін бірден білдіретін мал табындарының сапалық-түліктік құрамы жанама түрде жер мен суды пайдалануда жеке адамдардың теңсіздігін танытты. Қазақ қоғамындағы бай мал иеленушілерінің саны тұтас алғанда онша көп бола қойған жоқ, бірақ олардың меншігіндегі малдың үлесі айтарлықтай зор болды. XVIII ғ. ортасының зерттеушісі И. П. Фальк өзінің жазбаларында "бай қырғыздардың иелігінде бес, тіпті он мың жылқы болды. Мұндай байлар өзінің үйірлеріндегі жылқы санын тіпті дәлдеп білмейді де" - деп көрсетті. Кейбір қазақтардағы мал санының бұдан да көп болғандығын олардың С. Б. Броневский, А.И.Левшин, В. В. Радлов және басқа замандастары өз еңбектерінде атап өтті. Олардың келтірген мәліметтерінен XVIII - XIXғ. ортасындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына малдың салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар қолында шоғырландырылу процесі тән болғандығы көрінеді.
![]() |