![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы – неке қатынастары
1. Франция азаматы М. Қазақ елінің азаматшасы А-мен некеге тұрады. Неке Алматының Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімінде тіркеледі. Ерлі-зайыптылардың бірге өмір кезіндегі жинаған және некеге тұрар алдындағы өздерінде болған мүліктері болған. Ерлі-зайыптылар Алматыда бірнеше жыл өмір сүреді. Кейіннен күйеуі Францияға оралады. Қазақстан азаматшасы А. Алматы сотына күйеуіне қарсы талап арыз береді. Өзінің талап арызында ол некені бұзу және мүлікті бөлу жөніндегі мәселені шешуді сұрайды. Есепке қатысты сұрақтар: Ерлі-зайыптылар бір-бірінен бөлек тұрған болса, сот істі өз өндірісіне ала алар ма еді? 2. Эстония елінің азамтшасы Степанова, 1997 ж. мамыр айында, Қазақстандық азамат М-мен некеге тұрмай, одан қыз босанады. Степанова өз қызы Татьянамен Нарва қаласында (Эстония) тұрып жатады, ал әкесі болса Жетісай қаласында. Әкесі қызды асырау үшін көмек көрсетуден бас тарту негізінде, Степанова оған қарсы алименттерді өндіріп алу үшін сотқа жүгінгісі келеді. Есепке қатысты сұрақтар: Степанова алиментті өндіріп алу үшін қай елдің сотына жүгінуі тиіс? Сот істі қарау барысында қай елдің заңын қолдануы тиіс? 3. П. Қазақстанның азаматшасы Семей қаласында тұрып жатқан М-мен некелеседі. Некеге тіркелгеннен кейін, М. Омск қаласына көшіп кетеді, алайда Қазақстанның азаматтығын сақтап қалады. 1998 ж. М-ның кәмелетке толмаған жиені өз ата-анасынан жол көлік апатының салдарынан жетім қалады. Ерлі-зайыптылар бұл баланы асырап алу жөнінде шешімге келеді. Бала Семейде тұрады және ҚР-ның азаматы болып табылады. Есепке қатысты сұрақтар: Қарастырылып отырған жағдайда, кәмелетке толмаған бала асырап алу жөніндегі мәселе қай елдің құзіретіне кіреді? Қай мемлкеттің заңын қолдануға жетеді? Шы есеп. Тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. 1. ҚР-ның жоғары оқу орнында білім алу үшін Польша елінің Валецкий деген азаматы осы елге келеді, содан соң ҚР-ның Тавиева деген азаматшасына үйленіп, тұрақты түрде Алматыда тұрады. Ол жұмыс істеп жүрген мекеменің әкімшілігі одан еңбек ету құқығын куәландыратын құжатты талап еткен. Есепке қатысты сұрақтар: Осы жағдайда әкімшіліктің талабы заңды ма? 2. ҚР-да құрылған, түрік құрылыс фирмасына жататын, шетелдік инвестициясы бар мекеме Ақмола облысының аумағындағы құрылыс нысанын қайта құруды жүзеге асырады. Ол құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін әр түрлі мамандыққа байланысты шетелдік азаматтардың белгілі бір тобын жұмысқа тартады. Есепке қатысты сұрақтар: Шетелдік азаматтармен еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші қандай шарттарды алдын ала жүзеге асыру керек? Ресми түрде босқындар деп танылған шетел азаматына жұмыс бергенде осы шарттарды жұмыс берушінің орындауы талап етіле ме? Шетелдік жұмысшы қай органнан және қандай құжат алуы керек? Ші есеп. Тақырып. Халықаралық азаматтық процесс. 1. Францияда француз заңнамасының ережесіне сәйкес, конкурстық өндіріс жарияланды. Конкурстық өндірістің ашылуына дейін бірнеше күн қалғанда қоғам жұмыстарын басқарушы ҚР-ның несие берушісіне 1 млн. Евро көлемінде ақша сомасын төлейді. Оған дейін екі жақта француз қоғамының банкрот болатынын білген. Есепке қатысты сұрақтар: Франциялық конкурстық басқарушы ҚР-да бұл соманы қайтару туралы талап қоя ала ма? Ол үшін не істеуі керек? 2. Израиль азаматшасы Ф. ҚР-ның Т. деген азаматын ата-аналық құқықтан айыру туралы талап арызбен Қазақстанның сотына жүгінеді. Талап арыз Бостандық ауданының сотымен қарастырылып, қанағаттандырылады. Есепке қатысты сұрақтар: Осы істі Қазақстан заңнамасының қандай ережелерінің негізінде өз қарауына алады? ҚР мен Израиль арасында өзара көмек көрсету жөнінде ешқандай келісім жоқ. СӨЖ. Жалпы мақсаты - зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет. Әдістемелік ұсыныс. СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің басты міндеті семинар және дәрістік сабақтарына дайындалу. Дайындықты аяқтағаннан кейін өз біліміңізді өзін-өзі тескеру сұрақтарының көмегімен тексеріңіз. Өзіндік жұмыс барысында қиындық туғызған сұрастарды жазып алып оқытушымен талқылаңыз. СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы керек. Өз бетімен алынған білім дәрісте тереңделіп, кеңейтіліп қарастырылуы керек. Бірақ, семинар сабағына ұсынылатын сұрақтардың көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан, студент СОӨЖ барысында өзінің білімін әрі қарай кеңейтуі және тереңдетуі керек. Соған байланысты, тақырып мазмұнын ашып қарастыру үшін СОӨЖ-ге қосымша сұрақтар, есептер, жаттығулар және т.б. беріледі. «Халықаралық жеке құқығы» курсы СӨЖ нысанының кең жүйесін қамтиды. Оларға келесілер жатады: -оқытушы ұсынған дәрістеді оқу; - негізгі оқулық бойынша семинар сабағына дайындалу; - белгілі тақырып бойынша рефераттар дайындау; - рефераттарға, эссеге, баяндамаларға өзара сын-пікір жазу; - курс терминдері бойынша кроссвордтар мен глоссарийлар дайындау; - есептер шығару; - статистикалық анықтамаларды талдау; - топтық жобаға қатысу; - таңдаған тақырып бойынша презентация жасау; - тақырып бойынша жалпылау (обзор) дайындау. Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады. Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет: - дәрістердің конспектісі болуы; - курс бағдарламасының болуы; - ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы; Жұмыс әдісі: - дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау; - конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады; - тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс; - тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады; - егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет. Есептерді шешу. Тапсырмаларды орындау әдістемесі: - мұндай тапсырмаларды орындауды тек қана берілген тақырып бойынша материалды пысықтағаннан кейін бастауға болады; - есептерді шығаруға кіріскен кезде оның шарттарын мұқият оқып шығу қажет; - шығарудың жоспарын ойластыру; - есепті шығару кезінде пайдаланылуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді анықтау; - есептің мазмұнына кіретін жағдайдың (ситуация) мәнін қайталап мұқият қарау; - алғашқыда есепті шығаруды жалпы түрде жүзеге асыру, содан кейін заңның бабын анықтау; - тиісті құқық нормаларының мазмұнын жүзеге асыру; - шешімнің дұрыстығының анализін жасау. Коллоквиумға дайындалу. Курстың теоретикалық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін кейбір пәндер бойынша колоквиум (әңгімелесу) өткізіледі. Соған байланысты колоквиумға ұсынылатын сұрақтар бойынша теоретикалық материал тағы да қайталануы тиіс. Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты болып табылады: - студенттердің ағымдағы білімдерін тексеру; - студенттің дайындығын анықтау; - үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру. Бақылау жұмысына дайындалу барысында студенттер мына жағдайларды білуі қажет: - бақылау жұмысының тақырыбын білу; - естегі теориялық материалды және берілген тақырып бойынша есептер шешімінің негізгі әдісін жаңарту; - оқулықтардағы қарастырылған мысалдар мен есептерді және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарау. Егер студент, бірінші дәрістен бастап өткен материалдар бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайтын болса, онда бақылау жұмысына дайындық еш қиындық туғызбайды және көп уақытты қажет етпейді. Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт шектеулі, сондықтан өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлай білуді үйрену, өзіндік жұмыстың дағдыларын игеруге ұмтылу, оң тәжірибені қабылдау, жұмыс қабілеттігін сақтау үшін өнімді жұмыс жасай білуді және дұрыс демалуды үйрену қажет. Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).
![]() |