Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. 1.Шетел элементімен асқынған азаматтық-құқықтық қатынастың қатысушысы ретіндегі



1.Шетел элементімен асқынған азаматтық-құқықтық қатынастың қатысушысы ретіндегі мемлекеттің құқықтық жағдайының ерекшеліктері.

2.Шет мемлекеттің иммунитеті.

3.Мемлекеттік меншіктің иммунитеті.

4.Халықаралық есептің және несиелендірудің практикасы.

5.Зиян келтірудегі міндеттеме.

6.Халықаралық шарт ХЖҚ қайнар көзі ретінде.

7.Халықаралық жеке құқық бойынша мұрагерлік.

8.Халықаралық мәдени қатынас және авторлық құқықты халықараралық қорғау.

9.Шетелдегі отандық жаңалықтарды патенттеу.

10.Жаңалық ашуға және «ноу-хау»-ға лицензия.

11.Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқығы.

12.Еңбек қатынасы аясындағы коллизиялық сұрақтар.

13.Жанұя қатынасы аясындағы коллизиялық сұрақтар.

 

Глоссарий

 

Ұғымы Мазмұны
Байлам бұл тиісті қарым-қатынаста қолданылатын заңға нұсқау, яғни қай елдің заның қолдану қажеттілігін көрсетеді.  
Lex loci contractus бұл байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады.  
Lex loci societatis бұл заңды тұлғалардың ұлтына байланысты байлам.
Инкорпарация немесе тіркеу қағидаты заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда сол мемлекеттін заңы қолданылады.  
Отаршылдық қағидаты заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады.
Қызмет ету қағидаты заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.  
Бақылау теориясы бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңың негіз ретінде алады.
Lex voluntatis бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз ерктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы, яғни тараптар қай мемлекеттің заңың немесе қай конвенцияны қолданатының шартта нақты көрсетуі керек.  
Lex rei sitae бұл коллезиялық қағидат меншік құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді.
Lex personalis жеке тұлғаларға байланысты ереже.
Lex pаtriae азаматыққа байланысты заң.
Lex dоmicilii тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң.
Де - факто 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындалуы.
Де- юре 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындауы.
Құқықтық норманың диспозициясы Онда азаматтардың мемлекет органдарының құқықтары мен міндеттерімен мазмұны баянды етіледі.
Дотация Мемлекеттік жәрдем қаржының түрі.
Lex loci selebrationis бұл байлам от басы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке қыйылса онда сол мемлекеттің заңы қолданылады.
Диверсификация Зейнетақы активтерінің жоғалып кетуі қатерін азайту мақсатымен оларды орналыстыру жөніндегі бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы міндетті талаптар.
Кассация (қайта қарау)төменгі инстанцияның сот ісін жүргізу заңын бұзуына байланысты жоғарғы инстанциялардың сот шешімін өзгертуі.
Супсидиярлық ереже басты ережемен байланысты бір немесе бірнеше құқықты таңдау ережелері.
Шетел азаматтары дегеніміз ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматында болатын тұлғалар.
Азаматтығы жоқ тұлғалар дегеніміз ол не Қазақстан азаматтығында, не шнтел аз-нда тұлғалар.  
Босқындар өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғалар. (оның өміріне және бостандығына қауіп төнуіне байланысты) тұлғалар.
Халқаралық жеке құқық бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және колезиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Құқық нормасы Мемлекет органы қабылдап,бекіткен жалпыға міндетті мінез – құлық ережесі.
Оферта (ұсыныс)шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше жақтарға жасалған нақты ұсыныс.
Нормативтік-құқықтық акт Референдумда қабылданған өкілетті орган немесе лауазымды адам қабылдаған,құқықтық нормаларды белгілейтін,тоқтатып жазбаша ресми құжат.
Опцион Келісілген баға бойынша және шартта белгіленген мерзімі ішінде бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің белгілі бір мөлшерін тараптың сатуға 2-ің сатып алуға міндеттемесін белгілейтің 2 жақты шарт.
Плагиат Біреудің ғылыми,әдеби өнерге арналған шығармасын қасақана иемдену.
Заңды тұлға 1) меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Репатриант 1 мемлекетте тұратын, бірақ әртүрлі жағдайға өзге мемлекетке тап болған адам.
Реквизия Мүлікті мемлекеттің өз қарауына алуы.
Шетел кәсіпорындары ол ҚР-ң заңына сәйкес, ҚР-ң аумағында шетелдіктердің қатысуымен құрылып, әрекет ететін заңды тұлға.
Сыртқы экономикалық мәміле дегеніміз бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге, немесе әкетуге байланысты мәмілелерді айтамыз.
Халықаралық тасымалдау дегеніміз мүліктерді немесе жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу.  
Сервитут Адамның жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайданалу құқығы.
Факторинг Ақшалай талапты беріп қаржыландыру ( 1 тарап ақшаны басқа тараптың белгілі билігіне беруі)
Цессионарий Меншілік құқығы берілетін тұлға.
Эмитент Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын және бағалы қағазды иеленушілері алдында өз атынан міндеттемелері болатын тұлға.
Юрисдикция Заңды бұзуға байланысты істі қарау өкілеттілігі
Эмбарго 1.Тауарды,бағалы затты шетелге шығаруға немесе әкелуге тиым салу 2 Шет мемлекеттің мүлкін ұстап қалу.

Тест тапсырмалары:

1. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құықтан айырмашылығын көрсет:

А) Реттеу қатынастарында

В) Субъектілерінде

С) Шарттарында

D) барлығы

E) Объектілерінде

 



Просмотров 1558

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!