Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық нормаларды қолдану: негізгі құқықтық мәселелер



Жоспар:

1.Коллизиялық нормаларды қолдану мәселелері

2.Өзара түсіністік. Реторсия.

3.Жария тәртіп туралы ескерту.

Негізгі ұғымдар: реторсия, халықаралық норма, шетел құқығы, жариялы тәртіп, императивті норма.

1.Коллизиялық нормаларды қолдану процесінде коллизиялық норманың көлемінде немесе шешімінде қолданылатын заң ұғымдарының квалификациясы мәселесі туындайды. Әртүрлі мемлекет құқықтарында заң ұғымдары өз мазмұны бойынша сәйкес келе бермейді. Батыс мемелкеттерінде билік етуші доктриналарға сәйкес заң ұғымдарын квалификациялау коллизиялық нормалар қолданбай тұрып сот заңы қағидасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Ал, егер коллизиялық норма негізінде шетелдік құқық қолдануға жатса, коллизиялық норма сілтеме жасаған құқықтық жүйе негізінде ғана заң ұғымдары квалификациялануы мүмкін. Шет мемлекет құқығының коллизиялық нормасы отандық заңға сілтеме жасаса тиісті мемлекеттің соты немесе өзге де құқық қорғау органдары ҚР заңын қолданулары қажет.

Әрбір коллизиялық норма шетелдік құқықтық жүйелердің әрекеті және оның әрекет етуімен пайда болған субъективтікқұқықтарды тануға бағытталған. Коллизиялық нормадағы ұғымдар мен терминдер мазмұны бойынша отандық құқықтағы тиісті ұғымдармен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан коллизиялық норманың әрекет ету аясы барлық құқықтық жүйелер үшін заң ұғымдары «жалпыланған» сипатта болуы тиіс.

Коллизиялық нормаларды қолданудағы күрделі мәселелердің бірі – кері сілтеме. Кері сілтемеге қатысты құқықтық тәжірибеде екі доктрина қалыптасқан:

1) кері сілтемені қабылдау доктринасы;

2)кері сілтемені қабылдамау доктринасы.

Қабылдау доктринасында коллизиялық норма шетел құқығының материалдық та, коллизиялық та нормаларына сілтеме жасайды. Қабылдамау доктринасында коллизиялық норма тек материалдық нормаларға сілтеме жасайды. Шет мемелекеттердің заңдық тәжірибелері мен доктриналарында кері сілтемені және үшінші елдің құқығына кері сілтеме жасауды қолдану мәселелері біржақты шешілмеген. Польшаның «Халықаралық жеке құқық туралы» заңы сілтеменің екі түрін де таныса, Венгрия заңнамасы тек өзінің құқығына сілтемені таниды. Германия заңнамасы шарттық құқық салаларынан өзге барлық салаларда кері сілтемені мойындайды. Отандық заңнамаға сәйкес кері сілтеме мәселесі – шетел құқығын қолдану мәселелерінің бірі, себебі, олд коллизиялық нормалардың әрекет ету күшіне байланысты қолданылады. Қазақстанда коллизиялық нормалар шетел құқығына сілтеме жасаса шетел құқығы барлық жағдайларда қолданылуға жатады. Егер қазақстандық заңнама шетел құқығына сілтеме жасап, шетел құқығы қатынастарды реттеуден бас тартса, тиісті қатынастарды реттеуде ҚР заңы қолданылады. ҚР АК-нің 1087 бабына сәйкес шетел құқығына сілтеме жасау тиісті елдің коллизиялық емес материалдық құқығына сілтеме жасау ретінде қарастырылуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды ҚР кері сілтемені қабылдамау доктриансы әрекет етеді.

Коллизиялық нормаларды қолдану барысында туындайтын мәселелердің келесісі – заңды айналып өту. Заңды айналып өту көп жағдайларда отбасылық-некелік қатынастарда кездеседі. Заңды айналып өту коллизиялық норма сілтеме жасаған мемлекеттің заңынан бөлек өзге заңды қолдану деген мағынаны білдіреді. ҚР АК-нің 1088 бабына сәйкес шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың АК-тің 7 бөлімінің қолдануға тиісті құқық туралы ережелерін айналып өтіп, тиісті қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келісімдері мен іс-әрекеттері жарамсыз болады және қолдануға тиісті құқық қолданылады.

2. Өзара түсіністік мәселесі мемелекеттердің өзара тәуелділігімен тікелей байланысты. Қазақстанда шетел заңының негізінде пайда болған құқықтар заңнама негізінде танылады. ХЖҚ доктринасына сәйкес өзара түсіністік дегеніміз – шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына өзара нақты режимді беру. Шет мемлекет жеке және заңды тұлғаларына нақты құқықтарды берудегі мемлекеттердің мақсаты тиісті шетелде өз азаматтары мен заңды тұлғаларына нақты режимнің берілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттердің заңнамаларында елеулі айырмашылықтардың болуынан өзара түсіністікке қатысты келесі мәселелер туындайды. ХЖҚ-та өзара түсіністіктің екі түрі бар: материалды өзара түсіністік, формальды өзара түсіністік. Материалды өзара түсіністік шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына олардың отандық заңнамасымен көзделген құқықтар мен өкілеттіктердің берілуін көздейді. Формальды өзара түсіністікте шетелдік жеке және заңды тұлғаларға жергілікті заңнан туындайтын құқықтар мен өкілеттіктер беріледі. Яғни, олар жергілікті жеке және заңды тұлғалармен бірдей деңгейге қойылады. Формальды өзара түсіністік қағидасына сәйкес ҚР шетел азаматтары бір жағынан қазақстандық азаматтардың иеленетін құқықтарымен қатар өз мемлекеттерінде иеленбейтін құқықтарды пайдаланады. Екінші жағынан шетелдіктер ҚР заңнамаларымен көзделмесе өз мемлекеттерінде иеленетін құқықтарды талап ете алмайды. Сондықтан көптеген мемлекеттер материалдық өзара түсіністікті қолданбай, формальды өзара түсіністікті қабылдаған.

Өзара түсіністік мәселесіне байланысты реторсия туралы сұрақ туындайды. Егер бір мемлекет өзге мемлекет азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделеріне қатысты дискриминациялық тәртіпте негізсіз, зиян келтіретін шаралар қабылдаса, соңғы мемлекет қарсы шаралар қолдануға құқылы. Мұндай шара реторсия деп аталады және бұл шаралардың мақсаты бірінші мемлекетпен қойылған шектеулерді алдыртып тастау. Егер біздің мемлекетімізге немесе ұйымдар мен азаматтарымызға қатысты қандайда бір дискриминациялық тәртіпте шектеулер қойылса ҚР-да шектеуді қойған мемлекеттің азаматтары мен ұйымдарына қатысты дискриминациялық сипаттағы қарсы шаралар қойылады. Халықаралық құқық ережелеріне сәйкес нақты бір мемлекетке қатысты реторсия тәртібінде қарсы шараларды қолдану дискриминацияламау қағидасын бұзу ретінде қарастырылмайды.

3. Коллизиялық норманың әрекет етуі, шетел құқығын қолдану жария тәртіп туралы ескерту жолымен шектелуі мүмкін. Бірқатар мемлекеттерде әрекет ететін ережелерге сәйкес коллизиялық норма сілтеме жасаған шетел құқығы, егер оны қолдану немесе тану тиісті мемлекеттің жария тәртібіне қарсы келсе шетел құқығы қолданылмауы мүмкін және оған негізделген құқықтар тиісті мемлекеттің сотымен және өзге де органдарымен танылмауы тиіс. Жария тәртіп дегеніміз – мемлекетіміздегі құқықтық тәртіптің негіздері. Жария тәртіпке қарсы деп жалпы алғанда құқықтық тәртіптің негіздеріне қайшы келетін нормалар мен шетел құқығын айтамыз. Заңнамаларда негізінен шетел құқығы егер оны қолданудың салдары тиісті мемлекеттің құқықтық тәртібінің негізгі бастауларына қайшы келсе қолданылмайды деп көзделген. «Шетелдік арбитарж шешеімдерін тану мен орындау туралы» 1958ж. Нью-Иорк Конвенциясына сәйкес «шешімді тану мен орындау сұралатын елдің органдары шешімді танудың немесе орындаудың салдары тиісті елдің жария тәртібіне қарсы келсе мұндай шешімді тану мен орындаудан бас тартылуы мүмкін». Шетел құқығы, оны қолдану ҚР құқықтық тәртібінің негіздеріне қайшы келерлік жағдайларда қолданылмайды. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиісті шет мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесінің ҚР саяси немесе экономикалық жүйесінен ерекшелігіне ғана негіздеуге болмайды. Демек, жария тәртіп туралы ескерту біріншіден, шетел құқығын қолданудың салдары немесе нәтижесі құқықтық тәртіптің негіздеріне қайшы келсе; екіншіден, шетелдік сот немесе арбитраждардың шешімдерін тану мен орындау құқықтық тәртіптің негіздеріне қайшы келсе қолданылады. Бұл ескертпені қолданудың шектерін анықтау көп мемлекеттерде толығымен соттардың қарауына берілген.

Соңғы кездерде жария тәртіп туралы ескертуге сілтеме жасау мен қатар шетел құқығы нормаларымен салыстырғанда приоритеті жоғары ұлттық құқықтың императивті нормаларына сілтеме жасау арқылы шетел құқығының нормаларын қолданбау мүмкіндігі туындады. Швейцарияның ХЖҚ туралы заңының 18-бабы және «Шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы» Рим Конвенциясының 7-бабы сот мемлекетінің құқығы нормаларының ішінде императивті нормалар болған жағдайда олардың қолданылуға тиіс шетел құқығынан приоритеті жоғары болады деп бекіткен. ХЖҚ аясында жария тәртіп туралы ескерту халықаралық азаматтық процесс мәселелерінде де қолданыла бастады. Құжаттарды тапсыру немесе куәдан жауап алу секілді процессуалдық әрекеттерден мемлекеттік немсе әскери құпия мәліметтері айқын боларлық жағдайларда, олардың тиісті мемлекеттің қауіпсіздігі мен мүддесіне зиян келтіруіне негізделе отырып, жария тәртіп туралы ескерту арқылы мұндай процессуалдық әрекеттерге жол берілмеуі мүмкін.

 



Просмотров 3041

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!