![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Халықаралық еңбек құқығы
Жоспар: 1.Еңбек қатынастары саласындағы коллизиялық нормалар және коллизиялық қағидалар. 2.ҚР шетелдіктердің, мигранттардың еңбек құқықтары. 3.Шетелдегі ҚР азаматтарының еңбек құқықтары. Негізгі ұғымдар: еңбек, мигрант, шетел ұйымдары, шетел еңбек күші, еңбек шарты. 1.Еңбек қатынастары әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір саласы болып табылады. Қызметкердің әкімшілікпен құқықтық қатынастарды орнатуы, тоқтатуы, ұйымдағы немесе кәсіпорындағы еңбек функцияларын жүзеге асыру жағдайлары, қызметкерді әлеуметтік қорғау еңбек қатынастарының құрамына кіреді. Миграциялық процестердің артуы және экономикалық қатынастардың күрделенуі салдарынан қазақстандық еңбек нарығында шетел жұмыс күшінің пайда болуына қазақстандық азамттардың шетелдік жұмыс берушілердің қарамағында жұмыс атқаруына әкеп соқты. Сондықтан еңбек қатынастары әр мемлекеттің ішкі заңымен ғана емес халықаралық келісімдермен және коллизиялық нормалармен реттеледі. Жұмыс күшінің миграциясы еңбек нарығына, оның құрылымына және жұмыс күшінің квалификациясына өз әсерін тигізеді. Жыл сайын республикамызда 65% сыртқы миграция және 48% ішкі миграция процесі жүреді. 2006 жылдың статистикасына жүгінетін болсақ 165000 шетелдік жеке тұлғалар еңбек ету мақсатында мемлекетімізге келген. Осының нәтижесінде ҚР шетелдік жұмыс күшін еңбекпен қамтамасыз етуде әлем бойынша тоғызыншы орынды иеленді. Миграция мәселесі ол мемлекеттердің ішкі мәселесі ғана емес, бүкіләлемдік қауымдастықтың мәселесі. Мемлекетімізде миграция мәселесін реттеумен Көші-қон департаменті айналысады. Мұндай миграция процесі республикамыздың экономикалық-әлеуметтік деңгейіне ықпалын тигізетіндіктен ҚР Үкіметімен миграция концепциясы бекітілді. Бұл концепцияға сәйкес ҚР өз аумағындағы эмигранттарды, репатрианттарды жұмысқа қабылдап, олардың әлеуметтік экономикалық адаптациялануын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстанның мемлекеттік миграциялық саясаты аталған концепцияға сәйкес мынадай қағидаларға негізделуі тиіс. ► халықаралық нормалармен, стандарттарға сәйкестендіру; ► өзге мемлекуеттермен ынтымақтастық; ► заңсыз миграцияның алдын-алу немесе азайту; ► білімді, кәсіби біліктілікті арттыру бойынша миграцияны қолдау; ► миграция бойынша заңнаманы жетілдіру. Шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу республикамыз үшін аса маңызды, себебі, қазақстандық кәсіпорындарда шетел жұмыс күшін тарту кеңінен таралған. Қазақстан аумағындағы шетелдіктердің еңбек мәселелері ҚР Конституциясымен, ҚР Еңбек Кодексімен, ҚР Президентінің «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар Жарлығымен, «Инвестициялар туралы» ҚР Заңымен және ҚР өзге мемлекеттермен бекіткен құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық келісімдермен реттеледі. Халықаралық жеке құқық теориясы мен доктринасында еңбек қатынастары саласында мынадай коллизиялық қағидалар кеңінен таралған: ► жұмыс орны мемлекетінің заңы; ► тараптар еркінің автономиялығы қағидасы; ► қызметкерді іс-сапарға жіберген мекеме мемлекетінің заңы. Коллизиялық қағида – жұмыс орны мемлекетінің заңы Венгрияның, Испанияның, Албанияның халықаралық жеке құқықтарымен бекітілген еңбек қатынастарын реттеуде қолданылатын қағида. Бұл мемлекеттерде еңбектік қатынастарда тараптарға құқық таңдау мүмкіндігі берілмеген. Ұлыбритания, Франция, Германия және Канада мемлекеттерінің еңбек қатынастары саласындағы соттық тәжірибесіне сәйкес құқық таңдау еркіндігі шектелмеген. Бразилия, Швейцария мемлекеттерінде аталған екі қағидамен қатар қызметкерді іс-сапарға жіберген мекеме мелекетінің заңы қағидасы қолданылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР Еңбек Кодексі республика аумағында қызмет атқаратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да таратылады. Республика аумағында қызмет ететін шетелдіктерге толық немесе ішінара тиесілі кәсіпорын қызметкерлеріне Еңбек Кодексінің ережелері таратылады. Бұдан шығатын қорытынды мемлекетімізде жұмыс орнының заңы қағидасы әрекет етеді. Еңбек Кодексі қабылданғанға дейін республикамызда - тараптар еркінің автономиялығы қағидасы әрекет етті. Яғни, ҚР-да еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін шетел азаматтарының еңбек қатынастары тараптардың таңдаған заңымен реттелді. Бірақ, сол кездің өзінде еңбек шартының ережелері ҚР заңнамаларына қайшы келмеуі тиіс болды. Еңбек туралы дауды шешуде де мелекеттердің бектікен коллизиялық нормалары әртүрлі. Францияда талапкердің немесе жауапкердің азаматтықтарының заңы басымдыққа ие болса, Австрия мен Нидерландта жауапкердің тұрғылықты жерінің заңы шешіші мәнге ие. 2. ҚР Конституциясының 24-бабына сәйкес «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе төтенше жағдайларда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». Демек, Қазақстан аумағындағы шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар еркін жүріп-тұруға және белгілі-бір еңбек қызметі түрімен айналысуға құқылы. Шетел азаматтары еңбек қатынастары саласында ҚР азаматтарымен бірдей негіздерде құқықтарды иеленіп, бірдей міндеттерді көтереді. Яғни, еңбек қатынастанры саласында да ұлттық режим қағидасы әрекет етеді. Атқарған жұмысы үшін еңбек ақы алу және еңбек жағдайларына қатысты шетел азаматтарының құқықтарын дискриминациялық тәртіпте шектеуге жол берілмейді. Шетел азаматы мемлекетінің ұлттық заңдарымен бекітілген еңбек қатынастарындағы шектеулер ҚР танылмайды. Еңбек қатынастары саласындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайларының ерекшеліктері екі факторға тәуелді: а) шетел азаматтарының ҚР аумағына келу мақсаттары мен негіздеріне тәуелді; ә) шетел азаматының мемлекетімен ҚР арасында еңбектік қызмет мәселелерін реттейтін шарттың болуына тәуелді. Осы екі факторға байланысты шетелдік тұлғаларды бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Бұл тұлғалар ҚР қазақстандық азаматтарға берілген еңбек құқықтарының барлығын иеленеді деп айтуға болады. Екінші топқа бекітілген тәртіпте босқын деп танылған азаматтар мен саяси баспана берілген шетел азаматтары жатады. Бұл топтағы тұлғалардың еңбек құқығы бірінші топтың еңбек құқықтарына аналогиялы. Мемлекеттік органдар босқындарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге міндетті. Босқындар мен саяси баспана алған тұлғалармен жасалатын еңбек шарттары тікелей ҚР заңымен анықталады. Сонымен қатар бұл топтағы тұлғаларды жұмысқа алуда мемлекеттік органдардан рұқсат алу қажеттілігі талап етілмейді. Үшінші топқа мемлекетіміздің аумағындағы уақытша жүрген шетел азаматтары кіреді. Шетелдіктердің бұл тобы ҚР заңдарымен рұқсат етілген және өздерінің келу мақсаттарына сай келетін еңбектік қызметтің кез-келген түрімен айналысуға құқылы. Бұл топтағы шетелдіктерді жұмысқа қабылдауда жұмыс берушіге Көші-қон департаментінен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етіледі, ал, шетелдік азамат Қазақстандағы еңбек құқығына рұқсат алуы тиіс. Төртінші топқа ҚР шетелдік мемлекетпен бекіткен халықаралық шарттарына сәйкес жұмысқа тартылған республика аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары жатады. Бұл жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібі және ҚР Еңбек заңының қолданылу шегі мемлекетімізбен бекітілген халықаралық келісімдермен анықталады. Қолданыстағы заңнамада дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері қарастырылмаған. Бұл мәселе екі жақты шарттардың негізінде анықталады. Жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ҚР азаматтығымен байланысы жоқ қызметтерді атқара алады. Өйткені шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбек қызметінің белгілі-бір түрлерімен айналысуға республикамыздың заңнамаларымен шектеу бекітілген. Шетелдіктер мемлекетіміздің аумағында лауазымдық қызметтерді атқара алмайды және мемелекеттік қауіпсіздікпен байланысты қызметтің түрлерімен шұғылдана алмайды. Еңбек қатынастарымен байланысты шетелдіктердің негізгі міндеттерінің бірі – салық төлеу. Жеке табыс салығын ҚР азаматтары мен шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар төлейді. Шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындарда шетелдіктер жұмысшыдан бақылау кеңесінің мүшесіне дейін қызметтерді атқаруға құқылы. Субъектке ақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері еңбек шарттарымен анықталады. Шетелдіктердің еңбек құқықтары лицензия немесе контракт мерзімі аяқталған уақытта немесе олармен ҚР заңдары бұзылған жағдайларда тоқтатылады. 3. ҚР Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес «Әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және республика азаматтарының Қазақстанға кедергісіз қайта оралуларына құқықтары бар». Шетел мемелкетіне кіру тәртібі тиісті мемлекеттің заңдарымен анықталады. Көптеген мемлекеттерге шетелдіктердің кіруі жұмысқа тұру жөніндегі рұқсат алуына тәуелді болады. Франция, Ұлыбритания, Австрия, АҚШ, Швеция мемлекеттерінде шетелдіктердің кіруіне жыл сайынғы квоталар және арнайы жұмыс іздеп келгендерге квоталар бекітіледі. Шет мемлекет аумағында қазақстандық азаматтардың еңбек құқықтары отандық еңбек құқығы негізінде туындайтын еңбек қатынастарының салдарынан немесе шетелдік жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты негізінде туындауы мүмкін. Әскери қызметтегі тұлғалардан басқа ҚР азаматтары шетел мемелекетінде еңбек ету құқығына ие. Шетелдегі ҚР азаматы тиісті мемлекеттің заңымен рұқсат етілген қызметтің кез-келген түрімен айналысуға құқылы. Бірінші жағдайда шетелдегі қазақстандық азаматтардың еңбегі Қазақстанда туындайтын еңбек қатынастары салдары негізінде пайдаланылады. Олар шетелдегі ҚР ұйымдары мен мекемелеріне тұрақты жұмысқа немесе іс-сапарға жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда шетелдегі қазақстандық азаматтардың еңбек жағдайлары отандық заңнамамен анықталады. Іс-сапарға жіберліген қызметкердің жұмыс орны, лауазымдық қызметі және негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ақысы іс-сапар мерзімі аяқталған уақытқа дейін сақталады. Іс-сапарда болу кезінде қызметкерге тәуліктік ақылар төленуі тиіс. Екінші жағдайда еңбектік құқықтық қатынастар шетелдік жұмыс берушілермен еңбек шартын бекіту нәтижесінде туындайды. Мұндай шарттармен көзделген еңбек жағдайлары және қазақстандық азаматтардың уақытша тұруы өзге шетел азаматтарымен бекітілген шарттармен көзделген жағдайлардан төмен болмауы тиіс. Шетелде тұрақты тұратын қазақстандық азаматтардың еңбек жағдайлары тиісті мемлекеттің заңдарымен анықталады.
![]() |