Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



тақырып. Халықаралық азаматтық процесс



Жоспар:

1.Халықаралық азаматтық процесс түсінігі және соттылықты анықтау.

2.Шетелдіктердің процессуалдық жағдайы және азаматтық іс жүргізу құқықтары. Шетел мемлекеттерінің процессуалдық жағдайы.

3.Қазақстан Республикасының аумағында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындау

Негізгі ұғымдар: азаматтық іс жүргізу, соттылық, халықаралық соттылық, соттылықты анықтау, соттық иммунитет.

1. Халықаралық сауда-экономикалық, ғылыми техникалық шарттарды орындау барысында тараптардың арасында даулар пайда болды. Бұл даулар көбінесе шартта көрсетілген міндеттерді орындауға байланысты туындайды.Сыртқы сауда тәжірибесі көрсеткендей бұл даулардың көпшілігі тараптардың өзара келісімдері арқылы шешіледі. Егерде бұл даулар тараптардың өзара келісімдері арқылы шешілмесе, онда дау төрелік немесе арбитраж соттарының қарауына беріледі.

Халықаралық азаматтық процесс деп шетел азаматтары мен шетелдік заңды тұлғалардың құқықтарын сотпен, арбитражда қорғаумен байланысты процессуалдық сипаттағы нормалардың жиынтығын айтамыз. Халықаралық азаматтық процесс келесі мәселелерді қамтиды:

►шетелдік элементі бар азаматтық, еңбектік, отбасылық, қаржылық қатынастардың соттылығын анықтау;

►шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының соттағы процессуалдық жағдайы;

►шет мемелекетпен оның дипломатиялық, консулдық мекемелерінің процессуалдық жағдайы;

►шетел соттарына тапсырмалар ұсыну мен шетелдік соттардың тапсырмаларын орындау;

►шетелдік соттардың шешімдерін тану және орындау;

►шетелдік арбитраждық келісімдерді тану;

►арбитраж тәртібінде дауларды қарау;

►шетелдік арбитраждардың шешімдерін тану және орындау;

►шетел құқығының мазмұнын бекіту.

Шетелдік элементі бар істерді қарауда ҚР соттары өзге мемлекеттің соттары секілді азаматтық процессуалдық мәселелерді шешуде сот елінің заңы қағидасын басшылыққа алады. Отандық заңнама бойынша процессуалдық деп есептелетін мәселелерде шетел құқығы қолданылуға жатпайды.

Халықаралық соттылық деп – шетелдік элементі бар азаматтық істерді қарауға тиісті соттың құзіреттілігін айтамыз. Соттылықты анықтаудың негізгі үш жүйесі бар:

- дау тараптарының азаматтығы бойынша соттылықты анықтау;

- аумақтық соттылық тәртібіне сәйкес жауапкердің тұрғылықты жері бойынша соттылықты анықтау;

- жауапкердің жүрген жері ойынша соттылықты анықтау (по признаку присутствия).

Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің заңдары мен тәжірибесі шартты соттылықты қолдануды көздейді. Соттылықты таңдауды бекітетін тараптардың келісімі – пророгациялық келісім деп аталады. Соттылықты анықтаудың жалпы тәртібі жауапкердің тұрғылықты жері бойынша талап беру болып табылады. Сонымен бірге ҚР АІЖК сәйкес, ҚР тұрақты тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап арыз оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Зиянды өтеттіру туралы талап арыздар – зиян орын алған жер бойынша берілсе, қозғалмайтын мүлікке заттық құқықтарға қатысты дауларды тиісті мүлік орналасқан елдің соты қарайды. ТМД мемлекеттерінің 1993 ж. құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясының 20-бабына сәйкес, ТМД мемлекеттерінің жеке тұлғаларының арасындағы дау бойынша талап арыздар жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі, ал, заңды тұлғаларға талаптар тиісті заңды тұлғаның басқару органы орналасқан жер бойынша беріледі.

2. ҚР шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар сот қорғауына құқықты иеленеді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өздеріне тиесілі жеке, мүліктік және өзге де құқықтарын қорғау үшін сотқа немесе өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Шетелдіктер ҚР азаматтарымен тең негіздерде азаматтық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу мінджеттерін көтереді. Олар азаматтық процеске талапкер, жауапкер немесе үшінші тұлғалар ретінде қатысуға құқылы.

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттігі олардың жеке заңы бойынша анықталады. Егер азаматта шет мемлекеттің азаматтығымен қатар ҚР азаматтығы болса, оның жеке заңы ҚР заңы болып есептеледі. Мұндай адамда шет мемлекет азаматтығының болуын ҚР соттары танымайды. Азаматта бірнеше мемлекеттің азаматтығы болса, бұл адам неғұрлым тығыз байланыстағы мемлекеттің құқығы оның жеке заңы болып саналады. Өзінің жеке заңы бойынша іс жүргізу әрекетіне қабілетті болып табылмайтын адам, егер ҚР заңдарына сәйкес іс жүргізу қабілетіне ие болса, ол ҚР аумағында іс жүргізу әрекетіне қабілеті бар деп танылуы мүмкін. Шетелдік заңды тұлғаның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі заңды тұлға құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.

3. Арбитражға жүгіну туралы тараптардың арасында жасалған шартта істі қараудың тәртібі, арбитраждық келісімнің міндеттілігі және оның шағым жасалуға жатпайтындығын көрсетіледі. Бірақ, осыған қарамастан халықаралық сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімді орындамау жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты 1958 ж. Нью-Йоркте шетел арбитраж шешімдерін тану және орындау туралы Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығы, шетел арбитраж шешімдерінің орындалуының кепілі болды. Бұл конвенция жеке, заңды тұлғаларға да қолданылады. Конвенция белгілі бір мемлекетте ішкі шешім болып табылмайтын арбитраждық шешімдерге де қолданылады, демек конвенция тек аумақтық емес сонымен қатар, ұлттық критерий бойынша да Конвенцияға қосылған мемлекеттер арбитраждық шешімді міндетті түрде таниды және өз аумағындағы іс жүргізу заңдары сәйкес болу керек делінген.

Ал Конвенцияның бесінші бөлімінде қандай жағдайларда шешімнің орындалмауына қарсылық білдіретіндігі көрсетілген:

- шешім шығарған жердің заңы бойынша тараптың біреуі әрекетке қабілетсіз болса және шешімнің заңсыз болуы;

- арбитраждық талқылау туралы мүдделі тұлғаларға хабарламау;

-арбитраждық келісімдегі шартқа қатысты емес немесе арбитраждық ескертпеге сәйкес келмейтін дауларға байланысты шығарылған шешімдер;

-арбитраждың орналасқан жерінің заңы бойынша арбитраж органының немесе арбитраж іс жүргізуінің тараптардың келісімімен сәйкес келмеуі:

-тараптар үшін шешімнің түпкілікті болып табылмауы;

-шешім мәжбүрлі түрде орындалатын жердің заңы бойынша даудың объектісі арбитраждық іс жүргізу объектісіне жатпауы;

-шешімді тану және орындау сол мемлекеттің жария құқығына қайшы келуі.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР 04.10.1995 жылы 1958 жылғы «Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы» Нью-Йорк конвенциясына және 1961 жылы «Сыртқа сауда арбитражы туралы» Еуропалық конвенцияға қосылады. Қазіргі таңда ҚР шетел сотының және арбитраждардың шешімдерін тану мен орындалуын қамтамасыз ететін өзіндік жүйе құрды. 1992 жылы 2 науырызда Киев қаласында ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші рет шаруашылық қызметке байланысты дауларды қараудың тәртібі туралы көп жақты келісімге отырды. ҚР Жоғарғы Соты бұл келісімді 1992 жылы 2 шілдеде бекітті. Бұл келісімге байланысты осы келісімге отырған мемлекеттің шаруашылықпен айналысатын субъектілері сотқа, арбитраждық сотқа, аралық сотқа немесе басқа да органдарға жүгіне алады және арбитраж шешімдерін таниды әрі орындайды.

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Нысанбаева Л.Б. «Халықаралық жеке құқық». Оқу құралы. -Алматы: «Жеті Жарғы», 2008.

2. Нысанбаева Л.Б. «Халықаралық жеке құқық». Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: «Жеті Жарғы», 2008.

3. Құлжабаева.Ж.О. «Халықаралық жария құқық». –Алматы, 2003.

4. Сарсембаев.М.А. «Международное право», -Алматы, 1998.

5. Г.Б.Хан т.б. «Халықаралық құқық». Дәрістер курсы. –Алматы, 2003.

6. Қ.К.Токаев «Под стягом независимости». Очерки о внешней политике. –Алматы, 1997.

7. Қ.К.Токаев «Сборник документов по международному праву». –Алматы, 1997.

8. И.И.Лукащук «Нормы международного право». –М., 1997.

9. Г.И.Тункин «Теория международного право». –М., 1970.

10.«Актуальные пролблемы внешней политики Казахстана». Сборник статей МИД РК. –А., 1998.

11.М.Б.Құдайбергенов. «Международная уголовная ответственность физических лиц». –Алматы, 2000.

12.Даниленко К.Н. «Международная защита прав человека». –М., 2000.

13.Л.Н.Анисимов «Международно-правовые разрешения международных споров (конфликтов)». –Л.,1995.

14.Ф.И.Кожевников и Г.В.Шармазанашвили. «Международный суд ООН». –М., 1998.

15.Д.Б.Левин «Принцип мирного разрешения международных споров». –М., 2004.

16. Сарсембаев М.К. Международное право. –Алматы, 2010.

 

Қосымша әдебиеттер:

17. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 1-ші том: Оқулық / .- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б.

18.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 2-ші том: Оқулық / Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 351б.

19. Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин= 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: «Жетi жарғы», 2007.- 832б.

20. 1995ж. 30.08. қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы // «Параграаф» ақпараттық жүйесі.

21. Қиздарбекова А. Кәсіпкерлік құқық.- Алматы, 2011.- 272 б.

22. Мороз С.П. Кәсіпкерлік құқық.- Алматы, 2009.- 288б.

23. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi: Жалпы және Ерекше бөлімдер// «Параграаф» ақпараттық жүйесі.

24. 2007ж. 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» // «Параграаф» ақпараттық жүйесі.

25. 1996ж. 10 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы // «Параграаф» ақпараттық жүйесі.

26. Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл (заң актілерінің жинағы).

27. Аманқожаев А. Мұрагерлік құқық- Алматы, 2008.- 182б.

28. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы .- Алматы: «Литера», 2010.- 1 элек. Опт. Диск.

29. Баймолдина Х. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы.- Алматы, 2010.- 126 б.

30. 1945ж.24.10. қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

31. 1993ж. 20.04. қабылданған Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Жарғысы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

32. 1975ж. 01.08. қабылданған Хельсинкий Қорытынды Актісі // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

33. Венская конвенция о праве международных договоров,1969ж. 23.05. қабылданған «Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы» // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

34. 1995ж. 19 маусымда қабылданған ҚР Президентінің «ҚР-дағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

35. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

36. 1999жылғы 27 қыркүйектегі «ҚР-ның Консулдық жарғысы»// «Параграф» ақпараттық жүйесі.

37. Law and the Political Economy of the World. Author(s): Kennedy, David. Source: LEIDEN JOURNAL OF INTERNATIONAL LAW Volume: 26 Issue: 1 Pages: 7-48 DOI: 10.1017/S0922156512000635 Published: MAR 2013.

38. Пернешев Р.Н. Коллизичлық номралардың құрылымы.// Фемида. №4. –Б.78.

39. Reassessing APEC's role as a Trans-Regional Economic Architecture: Legal and Policy Dimensions. Author(s): Hsieh, Pasha L. Source: JOURNAL OF INTERNATIONAL ECONOMIC LAW Volume: 16 Issue: 1 Pages: 119-158 DOI: 10.1093/jiel/jgs045 Published: MAR 2013.

40. Muslim Women's Equality in India: Applying a Human Rights Framework. Author(s): Narain, Vrinda. Source: HUMAN RIGHTS QUARTERLY Volume: 35 Issue: 1 Pages: 91-115 Published: FEB 2013.

41. RECONSTRUCTION OF LEX PERSONALIS IN CHINA. Author(s): He, Qisheng. Source: INTERNATIONAL & COMPARATIVE LAW QUARTERLY Volume: 62 Issue: 1 Pages: 137-157 DOI: 10.1017/S0020589312000619 Published: JAN 2013

42. Жабжанов Р.Г. Жеке тұлғаның жеке заңы.// Егемен Қазақстан. №45. 2011. –Б.5.

43. SHOULD THE CONNECTING FACTOR OF THE 'ENGAGING PLACE OF BUSINESS' BE ABOLISHED IN EUROPEAN PRIVATE INTERNATIONAL LAW? Author(s): Grusic, Ugljesa Source: INTERNATIONAL & COMPARATIVE LAW QUARTERLY Volume: 62 Issue: 1 Pages: 173-192 DOI: 10.1017/S0020589312000577 Published: JAN 2013.

 



Просмотров 4135

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!