![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Сыртқы экономикалық мәмілелер
Жоспар: 1.Сыртқы экономикалық мәмілелер туралы жалпы ережелер және сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі. 2.Сыртқы экономикалық мәмілелердің коллизиялық мәселелері. 3.Мәміле нысаны. Мәміле мазмұны мәселелері бойынша құқық қолдану. Негізгі ұғымдар: сыртқы экономика, сыртқы экономикалық мәмілелер, контракт, мәміле, халықаралық факторинг. 1.Әрбір мемлекетте азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде шарттық міндеттемелерді реттеу негізгі орын алады. Халықаралық сатып алу-сатуға қатысты ХЖҚ нормалар шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық мәмілелер үшін негізгі ережелердің сипатын иеленуде. Қазіргі уақытта мәмілелердің нысанына және олардың бекітілуне байланысты жалпы мәселелер және бір мемлекетте берілген сенімхаттың өзге мемлекет аумағында танылуының мәселелері тәжірибелік мәнге ие болып отыр. Мәміленің нысанына қолданылуға жататын құқық туралы коллизиялық норма ҚР АК 1104 бабымен бекітілген. Аталған бапқа сәйкес мәміленің нысаны ол жасалған елдің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмілені, егер ҚР құқығының талаптары сақталса нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Демек, шетелде жасалған мәміленің нысаны мәміле бекітілген елдің құқығының немесе отандық заңнамамыздың талаптарына сай келуі тиіс. Қозғалмайтын мүліктерге қатысты жоғарыда атлаған бапта арнайы ереже бекітілген. Мұндай мүліктердің санатына қатысты мәміленің нысаны – қозғалмайтын мүлік орналасқан елдің құқығына бағынады. Сенімхаттың нысаны мен қолданылу мерзімі тиісті сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады. Сауда экономикалық қатынастарды жүзеге асыру барысында тараптардың орналасқан жерлері және шартты бекіту мен оны орындаудың жерлері сәйкес келмейді. Сондықтан шетелдік элементі бар мұндай шарттар қолдануға жататын құқықты анықтауды талап етеді. Қолданыстағы заңнамада СЭМ анықтамасы берілмеген. Халықаралық конвенцияларда қолданылатын критерилердің негізінде СЭМ-ге мынадай анықтама беруге болады: коммерциялық кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан тұлғалардың арасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын мәмілелер СЭМ ретінде қарастырылады. СЭМ-дің негізгі түрлеріне мыналар жатады: халықаралық сатып алу-сату шарттары, мердігерлік шарты, айырбас шарттары, лизинг шарты, сақтандыру шарты және техникалық көмек көрсету бойынша қызметтерді ұсыну туралы шарттар. Егер СЭМ қазақстандық кәсіпорындармен халықаралық аукциондарда, шетелдік биржаларда бекітілсе, мәміленің нысаны мен оны бекіту тәртібі тиісті аукциондар мен биржалардың ережелерімен анықталады. 2. Шартты бекіте отырып тараптар оның қандай заңнамамен реттелетінін анықтауы мүмкін. Тараптар өз еріктеріне тәуелді құқықтық қатынастарын өздеріне қолайлы құқықтық тәртіпке бағындыруға құқылы. СЭМ саласында екі коллизиялық қағида әрекет етеді: ► тараптар еркінің автономиялығы қағидасы; ► мәміле бекітілген жердің заңы қағидасы. Тараптар еркінің автономиялығы қағидасына сәйкес тараптар шарт мазмұнын өз қалаулары бойынша бекітуге құқылы. Аталған қағида бірқатар елдердің заңдарымен бекітілген. Дегенмен бұл қағиданың әрекет етуінің шектері барлық мемлекеттерде бірдей емес. Кейбір мемлекеттерде бұл қағида ешбір нормалармен шектелмеген, яғни тараптар мәмілені бекітіп, оны кез-келген құқықтық тәртіпке бағындыруға құқылы. Ал, бірқатар мемлекеттерде шартты локализациялау қағидасы әрекет етеді. Шартты локализациялау қағидасына сай екі тараптың біреуінің жеке заңына бағындырылуы керек. АҚШ және Ұлыбританияның қолданыстағы заңнамаларына сай шартты локализациялау қағидасы қолданылады. Германияның ХЖҚ туралы заңнамасы «тараптар еркінің автономиялығы» қағидасын басшылыққа алған және егер шартқа қолданылатын құқық туралы келісім болмаса тиісті мемлекеттің құқығын қолдануды көздейді. Қолданылатын құқық туралы келісім мәміледе көрініс таппаған болса мәміле бекітілген жердің заңы қағидасы әрекет етеді. Алайда байланыс құралдарының қазіргі даму кезеңінде бұл қағиданы қолдану қиындықтар туындатады. Өйткені халықаралық сауда саласындағы мәмілелердің басым көпшілігі телеграф, телефакс арқылы, яғни «жоқ тұлғалардың» арасындағы мәміле нысанында бекітіледі. Мұндай жағдайда соңғы әрекет жасалған орын шарттың бекітілген жері болып саналады. Соңғы әрекеттің орын алған жерін анықтау барлық мемлекеттерде бірдей шешілмейді. АҚШ, Ұлыбритания заңнамаларына сай акцепт жіберілген жерде шарт жасалды деп есептеледі. Ал, ТМД елдерінің көпшілігінде оференттің акцепті алған жері соңғы әрекет жасалған орын деп танылады. Отандық қолданыстағы заңнамада тараптар еркінің автономиялығы қағидасы бекітілген. ҚРАК 1112-бабына сәйкес егер ҚР заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Тараптардың қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімі айқын көрсетілуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын істің мән-жайларының ережелерінен тікелей туындауы тиіс. Шарттың тараптары кез-келген уақытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы келісімге де кез-келген уақытта уағдаласа алады. 3. СЭМ-дің нысанына қатысты қолданылатын құқық туралы ереже отандық заңнамамен көзделген. ҚР АК 1104-бабына сай қатысушылардың кем дегенде біреуі ҚР заңды тұлғасы немесе азаматы болып табылатын СЭМ мәміленің жасалған жеріне қарамастан жазбаша нысанда жасалады. Мәміленің жазбаша нысанының сақталмауы СЭМ-дің жарамсыздығына әкеп соғады. Сыртқы сауда мәмілелерінің жазбаша нысанда жасалуы ТМД мемлекеттерінің Азаматтық Кодексімен де бекітілген. Қазақстандық қатысушылар үшін СЭМ-дің жазбаша нысанының міндеттілігі мәміленің қай жерде және қай уақытта жасалғанына тәуелсіз бұл талап сақталады. Жоғарыда көрсетілгендей СЭМ бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне қолданылуға жататын құқықты анықтауда отандық заңнама «тараптар еркінің автономиялығы» қағидасын басшылыққа алады. Дегенмен, бұл қағида мынадай жағдайларда әрекет етпейді: ► шетелдік заңды тұлға немесе жеке тұлға қатысушысы болып табылатын бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа тиісті бірлескен кәсіпорын құрылған мемлекеттің заңы қолданылады; ►бірлескен қызмет туралы құрылыс мердігерлік шарттарына - тиісті қызмет жүзеге асырылатын немесе шартпен көзделген нәтижелер орын алатын мемлекеттің құқығы қолданылады; ► аукцион немесе биржада жасалған шартқа аукцион жүргізілген немесе биржа орналасқан мемлекеттің заңы қолданылуы тиіс. Аталған екі жағдайды қоспағанда мәміле тараптары өздерінің құқықтары мен міндеттерін кез-келген құқыққа бағындыра алады, яғни шартты локализациялау қағидасы ҚР әрекет етпейді. Тараптардың қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы шешімдері айқын көрсетілмесе, қолданулыға жататын құқық отандық заңнамадағы коллизиялық нормалардың негізінде анықталады. ҚРАК 1113-бабы шарт тараптарының қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде қолданылатын құқық туралы ережелерді бекіткен. Қозғалмайтын мүлік пәні болып табылатын шарттар бойынша және мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттар бойынша құқықтар мен міндеттерге тиісті мүлік орналасқан елдің құқығы қолданылады.
![]() |