Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері



Жоспар:

1. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.

2. ҚР шетелдіктердің құқық субъектілігі. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтық жағдайы.

3. Заңды тұлғалардың мемлекетке тиесілігін анықтау.

4. ҚР шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, субъект, құқықтық режим, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар, заңды тұлға.

1.Шарушылық өмірдің интернациялизациялануы, миграциялық процестердің дамуы нәтижесінде ХХ ғ. аяғы өзге мемлекеттерде тұрақты немесе уақытша жүрген шетелдіктердің санының көбеюімен сипатталады. ХХ ғ. 90 жылдарынан бастап ҚР шетелдік азаматтардың және шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтық жағдайларын анықтау ерекше маңызды бола бастады. Бұл біріншіден, Қазақстан экономикасының шетелдік инвесторларға, кәсіпкерлерге ашықтығымен, сыртқы саду қызметі тәртібінің өзгеруімен және туризмнің дамуымен байланысты ҚР шетледіктердің санының күрт өсуімен, екіншіден, КСРО-ның ыдырауымен бұрынғы одақтас республикаларда тұратын азаматтардың Қазақстан үшін шетелдіктер болып саналуымен байланысты.

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы әрбір мемлекеттің ішкі заңдарымен және халықаралық шарттармен реттеледі. Шетел азаматты екі құқықтық тәртіпке бағындырылады: өз азаматтығының және тұрақты немесе уақытша жүрген мемлекеттің құқықтық тәртібіне тәуелді болады. Бірқатар мемлекеттердің доктриналарында шетелдіктердің арнайы мәртебесін анықтайтын және тиісті қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ерекше құқық саласы «шетелдіктердің құқықтық жағдайы» ретінде қарастырылады. ТМД, Шығыс Европа мемлекеттерінде шетелдіктердің құқығы құқық жүйесінде жеке сала ретінде қарастырылмайды, себебі, тиісті нормалар реттеу пәні бойынша әртүрлі құқық салаларына қарасты болып келеді. Бұл нормалардың жиынтығын «шетелдіктердің құқықтық мәртебесі» деп аталатын кешенді институт ретінде қарастыруға болады.

ХЖҚ нормалары әрекет ететін тұлғалардың құрамына шетел азаматтарымен қатар құқықтық жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып азаматтығы жоқ тұлғаларды және және босқындарды кіргізуге болады. Аталған тұлғалардың құқықтық жағдайларын реттейтін заңнамалар келесідей негізгі қағидаларды бекіткен:

► ұлттық режим қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес шетел азаматтары ҚР азаматтарымен бірдей негіздерде құқықтар мен бостандықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

► шетел азаматтарының теңдігі қағидасы. Шетел азамттары әлеуметтік, мүліктік жағдайларына және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан заң алдында тең және қандайда бір мемлекеттің азаматтарына басым құқықтар берілмейді.

► Реторсия қағидасы.

► шетел азаматтарының ҚР өз құқықтарын пайдалануы қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне және ҚР азаматтары мен өзге де тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеушілігі қағидасы.

Шетелдіктер азаматтық айналымның өзге қатысушыларымен бірге ҚР қолданыстағы заңдарын сақтауға міндетті.

2. ҚР шетел азаматтары ҚР азаматтарымен бірдей құқық қабілеттіке ие болады. Ұлттық режим қағидасына сәйкес қазақстандағы шетелдіктердің азаматтық құқық қабілеттігі олардың жеке азаматтықтарының заңдарымен анықталмай ҚР заңдарымен анықталады. Ұлттық режим қағидасы ҚР шетел азаматтарының құқықтарының шегін анықтайды. Яғни, шетелдіктер республиканың азаматтарына берілген азаматтық құқықтардан өзге құқықтарды талап ете алмайды. ҚР кейбір заң актілеріне сәйкес шетел азаматтарына ҚР азаматтарымен бірдей құқықтардың берілуі шектелуі мүмкін. Бұл шектеулер екі топқа бөлінеді: бірінші топқа – шетелдіктерге қазақстандықтармен бірдей бастауларда нақты қызметті атқару мүмкіндігінің берілмеуі жатады. Шектеулердің екінші тобына қорғалатын құқықтар мен шетелдіктердің құқықтарының ерекше режимін бекітетін ережелер құрайды.

Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігінің коллизиялық құқықтық мәселелері кәмелеттік жастың барлық мемлекеттерде бірдей анықталмауының нәтижесінде туындайды. Әрекетке кабілеттіктің коллизиялық мәселелері жеке тұлғаның азаматтығының заңымен шешіледі. ҚР заңнамасы әрекет қабілеттік мәселесінде азаматтық заңы қағидасын басшылыққа алады. Азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттігі олардың тұрақты тұратын мемелекет заңымен, босқынның әрекет қабіліттігі баспана берген елдің құқығымен анықталады. Жеке адамның зиян келтіру салдарынан пайда болған міндеттемелерге қатысты әркетке қабілеттігі зиян келтірілген жердегі елдің құқығы бойынша анықталуы тиіс. ҚР тұрақты тұратын шетел азамттары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды әрекетке қабілетсіз деп тану және олардың әрекетке қабілеттігін шектеу ҚР заңдарымен көзделген тәртіпте жүргізіледі. Жалпы жеке адамда әрекетке қабілетсіз деп тану немесе әрекет қабілетін шектеу сот елінің құқығына бағынады.

Шетелдегі ҚР азаматтарының құқықтық жағдайы олардың жүрген елінің заңдарымен және ҚР заңдарымен анықталады. Бұл мәселеге қатысты ҚР өзге мемлекеттермен бекіткен халықаралық шарттар ережелерінің маңызы үлкен. Шарттық тәртіпте өзара түсіністік қағидасы негізінде ҚР азаматтарына нақты рекжимді берудің мақсаты-қазақстандықтардың құқықтарының дискриминацияға ұшырауының алдын-алу болып табылады. ҚР Конституциясының 11 бабының 2 тармағына сәйкес ҚР шетел аумағындағы өз азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық көрсетуге кепіл береді. Шетелдегі ҚР азаматы тиісті шетелдік заңдармен берілген барлық мүліктік құқықтарды олардың қазақстандық заңнамада көзделмегеніне қарамастан пайдалана алады.

3. Қазіргі уақытта заңды тұлғалардың шаруашылық қызметі бір мемлекет шегімен шектелмеген және мұндай қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың саны уақыт өте көбеюде. Капиталды экспорттаудың нәтижесінде бір мемлекетте құрылған кәсіпорындар өзге мемлекеттің компанияларына ішінара немесе толығымен тиесілі болып жатады. Ал ірі монополиялардың негізгі қызметі бірнеше мемлекеттерде жүзеге асырылады. Тәжірибеде заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке тиесілігін анықтау маңызды болып табылады. Себебі, сауда шарттарында көзделгендей заңды тұлғаларға ұлттық режим ыңғайландырылуы басым режимін берместен бұрын олардың мемелкеттік тиесілігін анықтау қажет. Халықаралық қатынастарда заңды тұлғаларға қатысты шешуді қажет ететін көптеген құқықтық сұрақтар туындайды. Егер бір мемлекетте белгілі-бір құрылым заңды тұлға болып саналса, өзге мемлекетте ол тек жеке тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастырылып, заңды тұлға болып саналмауы мүмкін. Сондықтан белгілі-бір құрылымды заңды тұлға деп бекіту үшін оның мемлекеттік тиесілігін анықтау қажет. ХЖҚ теориясында «заңды тұлғаның жеке заңы» және «заңды тұлғаның ұлты» деген екі ұғым қалыптасқан. Заңды тұлғаның жеке заңы – тиісті ұйым заңды тұлға ретінде қарастырылады ма жоқ па деген сұраққа жауап береді және осы заңмен заңды тұлғаның құрылуы, қайта құрылуы, таратылуы, сонымен қатар құқық қабілеттігі мен құқық қабылдаушылық мәселелері анықталады.

Заңды тұлғаның жеке заңы оның ұлтымен анықталады. ХЖҚ-та заңды тұлғаға қатысты «ұлт» термині шартты қолданылады. Заңды тұлғаның ұлты деп – оның белгілі-бір мемлекетке тиесілігін айтамыз. «Заңды тұлғаның ұлты» ұғымы бірінші кезекте отандық заңды тұлғалардан шетелдік заңды тұлғаларды ажырату мақсатында қолданылады. Заңды тұлғаның ұлтын анықтауда мынадай үш критерии қолданылады:

● инкорпорация қағидасы;

● заңды тұлғаның орналасқан жерінің заңы;

● заңды тұлғаның қызмет ететін жерінің заңы.

Ұлыбритания және АҚШ-да заңды тұлғаның ұлтын анықтауда оның құрылған жерінің заңы қағидасы, яғни заңды тұлға жарғысы бекітілген жердің заңы қолданылады. Бұл критерии инкорпорация қағидасы деп аталады. Континентальды Европа мемлекеттерінде заңды тұлғаның ұлтын анықтауда заңды тұлғаның орналасқан жерінің заңы қолданылады. Заңды тұлғаның орналасқан жері деп оның әкімшілік орталығы орналасқан жерді айтамыз. Заңды тұлғаның ұлтын анықтауда қолданылатын үшінші критерии заңды тұлғаның қызмет ететін жерінің заңы Италия заңнамасымен бекітілген. ҚР отандық заңнамаларға және ҚР бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес инкорпорация қағидасы әрекет етеді.

Соңғы кезеңдерде ХЖҚ бойынша батыс әдебиеттерінде заңды тұлғаның жеке заңынан оның мемлекеттік тиесілігі бөлек қарастырылуда және заңды тұлғаларға қатысты коллизиялық мәселелерді шешуде заңды тұлғаның жеке заңын мүлдем қолданбау туралы ұсыныстар енгізілген. Сондықтан мақсатына тәуелді нақты критерии таңдап алынады. Мысалыға, АҚШ-та соттылықты анықтау үшін – инкорпорация қағидасы қолданылса, салық салу аясында – заңды тұлға қызмет ететін жерінің заңы қолданылады.

Жоғарыда көрсетілгендей заңды тұлға нақты бір мемлекет аумағында құрылғанымен, оның қызметі тиісті мемлекеттің аумағымен шектелмей өзге мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Мұндай қызметті жүзеге асыруда екі сұрақ туындайды: біріншіден, шетелдік заңды тұлғаның құқық субъектілігін тану туралы мәселе; екіншіден, шетелдік заңды тұлғаны шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы және оның қызметтінің шарттары туралы мәселе. Шетелдік заңды тұлғаның құқық субъектілігі екі жақты шарттардың негізінде танылады. Ал, шетелдік заңды тұлғаны шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мемлекет аумағына жіберу туралы сұрақ және оның өз қызметін жүзеге асыру жағдайлары тиісті мемлекеттің заңдарымен анықталады.

4. ҚР шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы ҚР заңдарымен және ҚР өзге мемлекеттермен бекіткен халықаралық шарттармен анықталады. ҚР шетелдік заңды тұлғалардың азаматтық құқық қабілеттігі заңды тұлға құрылған мемлекеттің заңымен анықталады. Демек, заңды тұлғаның жеке заңы ретінде ол құрылған мемлекеттің заңы қарастырылады. Шетелдік инвестициялар туралы ҚР заңына сәйкес шетелдік заңды тұлға дегеніміз – ҚР шегінен тыс жерде шет мемлекет заңнамасына сәйкес құрылған ұйым. ТМД мемлекеттерінің 1993 жылғы құқықтық көмек көрсету туралы көпжақты конвенциясына сәйкес заңды тұлғаның құқық қабілеттігі ол құрылған елдің заңнамасымен анықталуы тиіс. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдік заңды тұлғалар қатысатын қатынастарға азаматтық заңнамамен бекітілген ережелер қолданылады. Шетелдік заңды тұлғалар азаматтық заңнамамен реттелетін кәсіпкерлік қызметпен және өзге де қызметпен айналысуға құқылы. Оларға өз құқықтарын қорғауда сотқа жүгіну құқығы берілген. Мәмілелерді бекіту үшін немесе өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін шетелдік заңды тұлғалардың арнайы рұқсат алуы талап етілмейді. Шетелдік инвестициялар туралы ҚР заңына сәйкес шетелдік заңды тұлғалар ҚР өз өкілідіктері мен филиалдарын ашуға құқылы. Аталаған заңда бекітілгендей заңды тұлға филиалы дегеніміз ҚР тіркеліп орналасқан тиісті заңды тұлғаның функцияларын толығымен немесе ішінара жүзеге асыратын оның оқшауланған бөлімшесі. Заңды тұлғаның өкілдігі дегеніміз ҚР тіркеліп орналасқан шетелдік заңды тұлғаның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын және оның мүдделерін білдіріп, қорғауды жүзеге асыратын тиісті заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі. Филиалдар мен өкілдіктер басшылары шетелдік заңды тұлғамен тағайындалып, онымен берілген сенімхат негізінде қызмет атқарады. Шетелдік заңды тұлғалар қызмет ету сипатына тәуелді тиісті министрліктермен берілетін ерекше рұқсат негізінде ғана өкілдіктер ашуға құқылы. Рұқсат қағазда өкілдіктің ашылу мақсаты, рұқсаттың берілу мерзімі көрсетілуі тиіс. Филиал немес иөкілдік заңды тұлғаның атынан және оның тапсырмасы бойынша айналымға түсіп, қазақстандық заңнамаға сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Филиал, өкілдік қызметі рұқсат мерзімінің аяқталуымен, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуымен және заңды тұлға шешімімен тоқтатылады.

ҚР шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындардың құқықтық жағдайлары Шетелдік инвестициялар туралы заңмен қатар ҚР АК реттеледі. Аталаған заңнаың 14-бабына сәйкес шетелдік қөатысушысы бар кәсіпорындар шарушылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда құрылады. Бірлескен кәсіпорындар ҚР заңды тұлғаны құру тәртібіне сәйкес құрылады. Шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындардың жарғылық қорының мөлшері оның құрылтайшыларымен анықталады.

 



Просмотров 4646

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!