![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау
Жоспар: 1. Халықаралық тасымалдаудың түсінігі. 2. Халықаралық тасымалдауды құқықтық реттеудің ерекшеліктері. 3. Халықаралық тасымалдаудың түрлері. Негізгі ұғымдар: тасымадау, тасымалдау түрлері, жүктерді тасымалдау, теміржол тасвмалдауы, көлік тасымалдауы, әуе тасымалдауы, теңіз тасымалдауы. Тасымалдау шартын жасаудың экономикалық мақсаты жүктермен адамды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыру пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шарты мен негізделген және осы шартпен реттеледі. Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шарты мен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады. Тасымалдау шартын жасаумен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс. Тасымалдау шартын жасаудың негізгі жүк тасымалдаушылардың жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екніші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады. Сонымен, халық тасымалдау дегеніміз, мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу. Халықаралық тасымалдаудың ішкі тасымалдаудың негізгі белгілері: -жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек; -жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей ақ халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады; -халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады; -халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет – ғұрып танылады. Халықаралық тасымалдау шарты болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіру болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әртүрлі ұлттық заңдарға бекітілген. Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптыі (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізу және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенед, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді. Жолушы мен тендеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және тендеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билетімен тендеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді. Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп табылады. Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.). Халықаралық жеке құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартын қайтарымсыздығын білдіреді. Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенәмен өзара айырмашылықтарға ие. Тасымалдау шартында әртүрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарыныі субъектісі ереже бойынша жеке және заңлы тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тамсыалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға табылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы табылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктенуші. Халықаралық тасымалдау шартының бірнеше түрі бар: - теңіз тасымалдауы; - әуе тасымалдауы; -теміржол тасымалдауы; -автокөлік тасымалдауы; -аралас тасымалдау. Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе тендеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларында нақты көрсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық заңдылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптап не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.
![]() |