Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы неке–отбасы қатынастары



Жоспар:

1.Неке-отбасы саласындағы қатынастардың коллизиялық мәселелері.

2.Халықаралық жеке құқық және ҚР заңдары бойынша некеге отыру.

3.Некені бұзу. Некені жарамсыз деп тану.

4.Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа қолданылатын құқықты анықтайтын коллизиялық нормалар.

5.Ата-ана мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар. Бала асырап алу.

Негізгі ұғымдар: неке, отбасы, некеге отыру, консулдық неке, консулдық некені тану, некені жарамсыз деп тану,балалардық азаматтығы, әкелікті анықтау, асырап алу, қамқоршы, қорғаншы.

1.Мемлекеттердің отбасы құқығы саласындағы материалдық құқықтық нормаларының әрқилы болуы тәжірибеде шетелдік элементі бар құқықтық қатынастарды шешуде коллизиялық мәселелерді туындатады. Көптеген мемлекеттерде қазіргі уақытқа дейін жанұядағы ерлі-зайыптылардың теңсіздігі сақталып, күйеуінің билік етуі қалыптасқан. Бұл мемлекеттердің заңнамаларында некеге дейін бекітілетін және ең алдымен күйеуінің әйелінің мүлкіне деген құқығын бекітетін неке шарттары көзделген. Қазіргі уақытқа дейін Азия мен Африканың жекелеген мемлекеттерінде полигамия танылып, некеге тұрудың төмен жасы бекітілген. Сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің заңдары әртүрлі расса адамдарының және бір дінге бағынбайтын адамдардың некесіне тыйым салған. Аталған мән-жайларға байланысты әртүрлі мемлекет азаматтары некеге тұрған жағдайда тиісті қатынасты реттейтін заңнамалардан коллизиялық мәселе туындайды. Бір мемлекетте «неке тіркелген жердің заңы» (lex loci celebrations) қағидасына сәйкес тіркелген неке екінші бір мемлекетте танылмауы салдарынан (хромающие браки) жартылай жарамсыз некелер туындайды.

Батыс Европа мемлекеттерінде отбасы құқығының коллизиялық нормаларында келесі ережелер бекітілген. Некеге құқық қабілеттік – некеге тұру құқығы, некеге тұру үшін кедергілердің жоқтығы некеге тұрушылардың әрқайсысының жеке заңдарымен анықталады. Азаматтықтары әртүрлі ерлі-зайыптылардың некесін бұзуда күйеуінің азаматтығының заңы қолданылады. Бірқатар мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары күйеуінің жеке заңымен анықталады. Венгрияның халықарлық жеке құқық туралы заңына сәйкес некенің материалдық құқықтық жарамдылық шарттары некеге тұрушы тұлғалардың «ортақ жеке заңдарымен» реттеледі. Егер некеге тұрушы тұлғалардың жеке заңдары бір болмаса онда екі тараптың жеке заңдарының жарамдылық шарттары сақталған жағдайда ғана неке жарамды болып табылады. Қытайда шетелдік азаматпен қытай азаматы некеге тұрған жағдайда «неке тіркелген мемлекеттің заңы» қағидасы қолданылады. Ал, некені бұзуда «сот заңы» қағидасы әрекет етеді. Францияда некені бұзуда ерлі-зайыптылардың біреуінің азаматтықтарының заңы қолданылады. Отандық заңнамаға сәйкес мемлекетімізде неке тіркелген жердің заңы қағидасы әрекет етеді.

2. ҚР отандық азаматтармен шетел азаматтарының, шетел азаматтарының өзара және әртүрлі мемлекет азаматтарының арасындағы некелер тіркеледі. Қазақстандық азаматтарға шетелдіктермен некеге тұруға тыйым салынбаған және мұндай неке үшін құзіретті органдардан рұқсат алу талап етілмейді. Тиісті институтты құқықтық реттейтін халықаралық келісімдердің басым көпшілігінде некеге тұруда мынадай талаптардың сақталу қажеттілігі бекітілген:

- некеге тұру жасына жету;

- некеге тұрушы тұлғалардың жақын туыстық қатынаста болмауы;

- өзге ресми некеде тіркелмеуі;

- заңда көзделген тұқым қуалайтын аурулардың болмауы;

- некеге тұрушы тұлғалардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының рұқсатының болуы.

Аталған шарттар барлық мемлекеттерде бірдей анықталмайды. Неке жасы Швейцарияда 18 болса, Францияда қыз балаға 15 жас, ер балаға 18 жас деп бекітілген. Осыған байланысты қыз баланың некеге тұруы үшін міндетті түрде оның заңды өкілдерінің рұқсаты талап етіледі. Қазақстан заңдары бойынша ата-ана рұқсаты немесе тараптардың бір-біріне денсаулық жағдайлары туралы медициналық құжаттарды тапсыруы талап етілмейді және өзге заңды некеде болу жаңа некені тіркеу үшін кедергі болып табылады.

Қазақстан аумағында неке тіркелетін жағдайларда некеге тұрушылардың азаматтықтарына қарамастан некені тіркеу нысаны мен тәртібі ҚР заңдарымен анықталады. Шетелдіктер мен отандық азаматтардың некелерін тіркеу алдында некені тіркеуге кедергілердің бар не жоқ екендігі тексеріледі. Некені тіркеуге кедергілердің бар екендігін хабарлау міндеті некеге тұрушы тұлғаларға жүктелген. Қазақстан заңдарына белгісіз шетелдіктердің азаматтықтарының заңдарымен бекітілген тиымдар ҚР некені тіркеуден бас тартуға негіз болмайды. Тәжірибеде жиі кездесетін тыйымның бір түрі шектеулі тиым. Мысалы, Индияның, Ирактың, Норвегияның, Венгрияның, Швецияның заңнамаларына сәйкес шетелдіктермен некеге тұрушы азаматтардың барлығына немесе олардың жекелеген санаттарына мемлекеттік органдардан рұқсат алу талап етіледі.

ТМД мемлекеттерінің құқықтық көмек көрсету туралы 1993 ж. Минск конвенциясына сәйкес некеге тұрудың шарттары некеге тұрушылардың әрқайсысының азаматтықтарының заңымен анықталады, ал азаматтығы жоқ тұлғалардың некеге тұруының шарттары, олардың тұрақты тұрғылықты жерлерінің заңымен анықталады.

Отандық заңнама мемлекетіміздің аумағында шетелдік дипломатиялық және консулдық мекемелерде тіркелетін «консулдық некелердің» тіркелуіне жол береді. Шетел азаматтарының ҚР аумағындағы консулдық және дипломатиялық өкілдіктерде тіркелген некелері, егер тиісті тұлғалар елшіні немесе консулды тағайындаған мемлекеттің азаматтары болса өзара түсіністік шарттары негізінде ҚР танылуға жатады. Мұндай некелер мемлекеттік билік органдарымен мынадай жағдайларда танылады:

● өзара түсіністік туралы келісімнің болуы (тиісті мемлекеттегі қазақстандық дипломатиялық немесе консулдық мекемелерде бекітілген некелер сол мемлекетпен танылса);

●некеге тұрушы екі тұлға да елшіні немесе консулды тағайындаған мемлекеттің азаматтары болса.

Қазақстандық азаматтар шетелдік азаматтармен Қазақстан аумағында да шет мемлекет аумағында да некеге тұруға құқылы. Мұндай некелер тиісті неке тіркелген жердің заңымен бекітілген неке нысанының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Шет мемлекет аумағында қазақстандық азаматтар өз некелерін қазақстандық консулдық мекемелерде және шет мемлекеттің тиісті органдарында тіркеуге құқылы. Алайда, мұндай некелер Қазақстан аумағында неке тіркелген жердің заңына сай келсе және қазақстандық заңнамамен көзделген некені тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар орын алмаса ғана танылуға жатады. Қазақстандық консулдық мекемелерде тіркелген ҚР азаматтарының некелері заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет ішіндегі АХАЖ органдарында тіркелген некелерге теңестіріледі.

Шетелдік азаматтардың шетелде тіркелген некелері тиісті некені тіркеген мемлекеттің заңымен көзделген талаптарды сақтай отырып тіркелсе ҚР аумағында танылуға жатады. Шетел азаматтарының полигамды некелері ҚР-мен танылғанымен, бұл ҚР жаңа некені тіркеуге кедергі болып табылады. Полигамды некелерге жол беретін шетел құқығының нормаларының өзі қазақстандық отбасы құқығының негізгі қағидаларына қайшы келеді. Дегенмен шет мемлекетте тіркелген полигамды неке мемлекетімізбен танылатын құқықтық салдар туындата алады (мысалы, алименттік міндеттемелер).

3. ҚР қолданыстағы заңнамаға сай некені бұзу АХАЖ органдарында немесе соттық тәртіпте жүргізіледі. ҚР азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сонымен қатар ҚР-ғы шетелдіктер арасындағы некені бұзу ҚР заңдарымен көзделген тәртіпте жүргізіледі. Мұндай жағдайларда шетелдік ерлі-зайыптылардың азаматтықтарының заңын қолдану отандық заң актілерімен көзделмеген.

Неке (Отбасы) Кодексінің 204-бабына сәйкес ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматы ҚР-ның аумағынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан ҚР сотынды бұзуға құқылы. Шетелдік элементі бар некені бұзу туралы істер ерлі-зайыптылардың қатысуымен қаралуы тиіс. Ерекше жағдайларда ғана мұндай істер ерлі-зайыптылардың біреуінің қатысуымен қаралуы мүкін. Бірақ шетелдік жауапкердің процессуалдық құқықтары қамтамасыз етілуі тиіс.

Егер ҚР шетелдермен бекіткен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, некені бұзу туралы істерді қарауды соттар отандық заңнама негізінде жүргізеді. Халықаралық шарттармен көзделген жағдайлардан басқа уақытта шетелдік заңдарды қолдануға жол берілмейтіндіктен ҚР-дағы некені бұзу шетелде танылмауы мүкін. Бір мемлекетте жүргізілген некені бұзу екінші бір мемлекетте танылмауы салдарынан бұл салада да коллизиялық нормалар қалыптасқан. ТМД мемлекеттерінің құқықтық көмек көрсету туралы Минск конвенциясына сәйкес некені бұзу туралы істерде ерлі-зайыптылар арызды берген уақытта азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы қолданылуы тиіс. Азаматтықтары әртүрлі болған жағдайда некені бұзу туралы істі қарауына алған мекеме мемлекетінің заңы қолданылады.

Неке (Отбасы) Кодексіне сәйкес ҚР-нан тыс жерлерде ҚР азаматы мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғлар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарына сәйкес жүргізілсе ҚР заңды деп танылады. Отандық заңнамаға сай некені АХАТ органдарында бұзуға жол берілетін жағдайларда неке ҚР-ның шетелдегі консулдық мекемелерінде бұзылуы мүмкін. Шет мемлекеттің заңына сәйкес шетелде бұзылған неке ҚР-мен танылғанымен, некені бұзудың салдары ҚР-да танылмауы мүмкін (Мысалы, баланы тәрбиелеуге құқықтан айыру).

Қазақстан аумағында немесе шет мемлекетте тіркелген некені жарамсыз деп тану некені тіркеуде қолданылған заңмен анықталады.

4. ҚР тұрақты тұратын ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары отандық заңнаманың ережелерімен анықталады. Неке (Отбасы) Кодексінің 205-бабына сай ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері екеуінің тұрғылықты жерлерінің заңымен, ал екеуінің бірге тұратын жерлері болмаған жағдайда – екеуінің соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңдарымен анықталады. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері ҚР аумағында ҚР-ның заңдарымен белгіленеді.

Заңнамамызға сәйкес ортақ шаруашылықты жүргізу тәртібі ерлі-зайыптылардың өзара келісімдері бойынша бекітіледі. ТМД мемлекеттерінің құқықтық көмек көрсету туралы Минск конвенциясында мынадай ережелер бекітілген:

●ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік қатынастары олардың ортақ тұрғылықты жерлерінің заңнамасы бойынша анықталады;

●ерлі-зайыптылардың азаматтықтары бір болып, тұрғылықты жерлері әртүрлі мемлекет аумағында болса, олардың жеке және мүліктік қатынастары азаматтықтарының заңымен анықталады;

●азаматтықтары бір емес және тұрғылықты жерлері әртүрлі ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік қатынастары олардың соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған мемлекеттің құқығымен анықталады. Егер ерлі-зайыптылар келісуші мемлекеттердің аумағында бірлесіп тұрақты тұрмаған болса, мұндай жағдайларда істі қараушы мекеме мемлекетінің заңы қолданылады.

●қозғалмайтын мүлікке қатысты ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары мүлік тұрған жердің заңнамасы бойынша анықталады.

Бұл ережелер ТМД мемлекеттерінің аумағында басшылыққа алынатын императивті сипаттағы ережелер. Мемлекеттердің ерлі-зайыптылардың арақатынасын реттейтін нормалары бір-бірінен ерекшеленетіндіктен қазіргі уақытта неке шарты некеге тұрушы тұлғалардың мүдделерін қорғайтын негізгі құрал болып отыр. Сондықтан шетеледік элементі бар неке қатынастарына түсуде екі тарапқа да неке шартын бекіту тиімді.

5. Баланың құқықтық жағдайы оның азаматтығының заңымен анықталады. Баланың азаматтығы қолданылуға жататын коллизиялық шешімді анықтайды. Әке немесе ана болуды даулау және бекітуде бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңдарымен айқындалады. Әке немесе ана болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі ҚР аумағында ҚР заңдарымен белгіленеді. Баланың ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын, ҚР азаматы болып табылатын ата-анасы әке немесе ана болуды анықтау туралы ҚР шетелдегі консулдық мекемелеріне арыз беруге құқылы.

Неке және Отбасы Кодексінің 207-бабына сәйкес ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеттері олардың бірге тұрақты тұратын жердің құқығы бойынша белгіленеді. Бірге тұрақты тұратын жерлері болмаған жағдайларда олардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы өзге де құқықтық қатынастарға бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңы қолданылуы мүмкін.

Қазақстандық заңнамамен бекітілген бұл ережелер Минск конвенциясының негізінде қабылданған. Европаның және латиноамерикандық мемлекеттердің бірқатары ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуде әкесінің азаматтығының заңын, ал ол қайтыс болған жағдайда анасының азаматтығының заңын қолдану қажеттігін бекіткен. Бұл нормалар баланың мүддесіне толық сәйкес келе бермейді, сондықтан мұндай коллизиялық нормалар мемлекетімізбен бекітілмеген.

Мемлекетімізбен ратификацияланған Бала құқықғы туралы БҰҰ 1989 ж. конвенциясы бала асырап алу жүйесінің әрекет етуіне рұқсат берген. Конвенцяға сәйкес халықаралық бала асырап алу дегеніміз - бұл біріншіден, баланың туған мемлекетінде отбасына орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайларда қолданылатын, балаға отбасыны қамтамасыз етудің әдісі. Екіншіден, бала асырап алу туралы мәселелерді шешуді мемлекеттің тиісті құзіретті органдарының қарауына жатқызу. Үшіншіден, баланы өзге мемлекет азаматтарына асырап алуға беруде, мемлекет ішінде асырап алуға беруде қолданылатын нормалар мен кепілдіктерді қолдану қажеттілігі. Төртіншіден, баланы орналастыру пайда табу мақсатында жүргізілмеуі тиіс. Бұл қағидалар халықаралық бала асырап алудың мәселелеріне арналған 29.05.1993 «Баланы қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Гаага Конвенциясының мәтінінде бекітілген.

Қазіргі таңда ҚР-сы халықаралық бала асырап алу өндірісімен екпінді айналысуда. Неке (Отбасы) туралы Кодексінің ресми түрде халықаралық бала асырап алуға рұқсат берілген сәттен бастап шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алуы артып келеді. Аталған заңға сәйкес ҚР-ның аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР-ның азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою ҚР-ның заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекет ішінде және халықаралық бала асырап алуға таратылатын талаптардан өзге халықаралық бала асырап алу аясында арнайы ережелер де әрекет етеді. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын ҚР-ның азаматтарына беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға беріледі. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі. Балалар ҚР-ның аумығынан тыс жерлерде тұратын ҚР-ның азаматтарына, баланың туысы емес шетелдіктерге бала орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткен соң асырап алуға берілуі мүмкін. Баланы асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына баланы асырап алғысы келетіні туралы арыз, сондайақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әлауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібі 12.11.2002 жылы қабылдаған «ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібі туралы» ҚР-сы Үкіметінің №1197 Қаулысымен анықталады. Шетелдіктерге асыап алуға берілген балаларға бақылау жасауды ҚР-ның елшіліктері немесе консулдық мекемелері жүзеге асырады.

ҚР-ның аумағында халықаралық бала асырап алу қазақстандық балаларды шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ тұлғалар асырап алған жағдайларда және ҚР-ның азаматтары шетелдің азаматы болып табылатын балаларды асырап алған жағдайларда да орын алады. Мұндай жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзіретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, баланың да келісімін алу қажет.

ҚР-ның аумағында бекітілген халықаралық бала асырап алудың негізгі шарты- кәмелетке толмаған, асырап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың ҚР-ның заңдарында және ҚР-ның халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші асырап алушының азаматтығына қарамастан соттық тәртіпте жойылуға тиіс.

 



Просмотров 3225

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!