![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
АН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІНІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 1 часть
Жалпы қан айналу жүйесінің тамырларына үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің артериялары мен веналары жатады. Жұмыс Тақырыбы: Қан айналу шеңберлерінің қан тамырлары. Жұмыстың міндеті: Сызба-сурет бойынша кіші және үлкен қан айналу шеңберлерінің құрылысымен танысу. Жұмыстың мақсаты:Қолқаның өрлеу, доға және төмендеу бөліктерінен тарайтын артерияларды атластарды қолдана отырып түсіну. Жұмысқа керек жабдықтар: 1. «Жүректің бөлшектенетін моделі», «Адам қаңқасы». Суреттер: «Қан айналысының схемасы», «Артериялық жүйе», «Веноздық жүйе», «Жүрек», «Жүректің камералық құрылысы», «Жүректің клапан аппараттары». Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары.Қіші қан айналу шеңберінің тамырларына өкпе артериясы, оның оң және сол тарамдары және екі жұп өкпе веналары жатады. Өкпе артериясы - адам тамырларының ішіндегі ең ірісі. Ол жүректің оң қарыншасынан басталып 5—6 см жоғары көтеріліп, IV көкірек омыртқасының тұсында оң және сол өкпе артерияларына бөлінеді. Әрқайсысы өз өкпесіне енгеннен кейін капиллярларға тарамдалады. Өкпе артерияларымен келген вена қанының құрамындағы көмір қышқыл газы капиллярлар қабырғалары арқылы өкпе көпіршіктеріне беріліп, ал өкпе көпіршіктерінен кері қанға оттегі өтіп артерия қанына айналады. Осы артерия қаны өкпе капиллярларының бірігуі нәтижесінде өкпе веналарына жалғасады. Олар өкпе қақпасы арқылы әр өкпелерден екі-екіден шығып, жүректің сол жүрекшесіне келіп құяды. Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары.Қолқа (аорта)—үлкен қан айналу шеңберінің ішіндегі ең ірі - артерия тамыры болып саналады. Қолқа тамырын жатқан жағдайына қарай өрлеу, доға, төмендеу бөліктеріне бөледі. Қолқаның өрлеу бөлігі сол қарыншадан басталып сәл көтеріліп доға бұрылысына дейін барады. Қолқа доғасы деп солға қарай бұрылған, дөңес келген жерін айтады, оның ұзындығы 5—6 см. Ол жүрек қапшығының ішінде жатады. Қолқа доғасы солға бұрылып бронхыны орай иіледі де, қолқаның төмендеу бөлігіне жалғасады. Қолқа доғасынан тарамдалған артериялар негізінде бас, мойын және екі қол сияқты мүшелерді қоректендіреді. Қолқаның төмендеу бөлігі, көкірек қолқасы мен құрсақ қолқасынан тұрады. Көкірек қолқасы (грудная аорта) диафрагмаға дейін, көкірек қуысында орналасса, құрсақ қолқасы диафрагмадан төмен құрсақ қуысында орналасқан. Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) бел омыртқасының алдыңғы бетімен ішек шажырқайының артынан етеді. Одан таралған артериялар құрсақ қуысындағы мүшелер мен оның қабырғасын коректендіреді. Ал, оның төмен қарай түскен артериялар жалғасы (мықын, құйымшақ, артериялары) жамбас астауындағы органдарды және аяқты қоректендіреді. Сайып келгенде,қолқаның артерия тамырлары барлық дене мүшелерін артерия қанымен қамтамасыз етеді. Енді осы қолқаның өрлеу бөлігінен, доғасынан және төмендеу бөлігінен таралатын артериялар тармақтарына тереңірек тоқталамыз. Қолқаның өрлеу бөлігінің тарамдары.Қолқаның өрлеу бөлігінің басталар жерінен жүректің оң және солартериялары шығады, оларды жүректің тәждік артериялары деп атайды. Жүректің оң артериясы қолқаның айшық қақпақшалар тұсының оң жағынан шығып, жүректің көлденең сайымен жүріп отырып, оның артқы жағымен диафрагмалды бетіне жетеді. Қарыншааралық артқы тарамдарға бөлінеді. Одан жүрек ұшына қарай жүрекше және қарынша ет талшықтарына еніп тарамдалады. Жүректің сол артериясы қолқаның сол жақ айшық қақпақшаларының тұсынан басталып, жүректің сол жағына тарамдалады. Қорытып айтқанда, жүректің оң артериясы оң жағын, сол артериясы сол жағын қанмен қамтамасыз етеді. Қолқа доғасының тарамдары.Доғаның дөңес келген жерінен үш үлкен (оңнан солға қарай) артериялар шығады: иық-бас бағаны, сол жақ күретамыр артериясы және сол жақ бұғанаасты артериясы. Бұл аталған тамырлар, мойынды, тұлғаның жоғарғы бөлігін және екі қолды қоректендіреді. Иық-бас бағаны (плече-головной ствол) немесе атсыз артерия қолқа доғасының бірінші бұтасы, ұзындығы 2,5 см, ол сәл жоғары көтеріліп, жалпы оң ұйқы артериясы мен оң бұғанаасты артериясына бөлінеді. Жалпы ұйқы артериялары (общие сонные артерии)— оң және сол жалпы артерияларынан тұрады. Оң артериясы жоғарыда айтылғандай иық-бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа доғасынан тікелей басталады. Бұл артериялар көкірек қуысынан шыққаннан кейін, мойын бөлігінде төс-бұғана-емізікше артымен жоғары қарай көтеріліп, ішкі мойындырық венасының сырт жағында жатады. Ұйқы артериясымен тіласты нерв, кезеген нерв (қатарласа) және симпатикалық нерв бағандары өтеді. Жалпы ұйқы артериясы қалқан шеміршектің жоғарғы жиегіне жеткенге дейін тарамдалмайды. Тек осы жерде ғана ішкі және сыртқы ұйқы артериясына бөлінеді. Ішкі ұйқы артериясы мойынның екі жағымен жоғары көтеріліп, бас сүйегінің астыңғы жағындағы өзі аттас канал арқылы ми сауытының ішіне еніп, миды және кезді қоректендіретін артерия тарамдарына бөлінеді. Көз артериясы көз тесігі арқылы көз шарасына еніп көптеген майда тамырларға бөлінеді де, көз алмасын, оның бұлшық еттерін, жас безін және қасты қоректендіреді. Көз артерияларының соңғы ұштары мұрын және таңдайға дейін жетеді. Ішкі ұйкы артериясының екі тарамы миға барады. Оларды алдыңғы ми және ортаңғы ми артериялары деп атайды. Алдыңғы ми артериясы үлкен ми сыңарларының ішкі бетіне тарамдалады. Бұл артерияның оң және сол тармақтарының арасы қысқа көлденең қосылыс жасайды. Оны ми артериясының алдыңғы қосылысы дейді. Ортаңғы ми артериясы мидың бүйір сайы арқылы жүріп, самай, төбе, бөліктеріне тарамдалады. Мидың артқы көлденең қосылыс артериясы өте жіңішке. Ол артқа қарай бағыт алып ортаңғы ми артериясын артқы ми артериясымен қосып тұрады. Сөйтіп, ми артериялары бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, тығыз байланыста жатады. Сырткы ұйқы артериясы төменгі жақ тұсындасамай және ішкі жақ артерияларына бөлінеді. Бұл артериялар тармақтары қалқанша безін, көмекей, тіласты таңдай, тамақ шүйде, сілекей бездерін, төс-бұғана емізікше етін, құлақ қалқанын, бас еттерін, мидың қабықтарын, мұрын қуысын, сыртқы, ортаңғы құлақты артериялық қанмен қамтамасыз етіп тұрады. Сыртқы ұйқы артериясынан аталған органдарға бірнеше артериялар таралады. Қалқанша безінің жоғарғы артериясы, сол бездің өзін және көмекейді, төс-бұғана-емізікше етін қоректендіреді. Тіл артериясы тілді, тіласты сүйекті, көмекей, тіласты, жақасты сілекей бездерін қоректендіреді. Бет артериясы жақасты сілекей безін жанай өтіп, шайнау етінің алдыңғы жағымен төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке қарай шығады. Ол бірнешеге тарамдалып көздің ішкі бұрышына бағытталады. Сөйтіп, жақасты ойындысынан өтіп, жұмсақ таңдайға, таңдай жақасты бездеріне, иекасты, бет еттеріне және теріге тарамдалады. Бет артерияларынан жоғары және төменгі еріндерге тарамдар беріп, олар өзара қосылыстар жасап, ауыз тесігін шеңберлеп жататын артерия құрайды. Қорытып айтқанда, бет артериясы беттің терісі мен еттеріне тарамдалып, қанмен қамтамасыз етеді. Төс-бұғана-емізікше артериясы өзі аттас бұлшық етті қанмен жабдықтайды. Құлақ артериясы құлақ қалқанының артында жатады. Ол қалқанға, шүйдеге және ортаңғы құлаққа тарамдалып оларды қоректендіреді. Ішкі жақ артериясы сыртқы ұйқы артериясынан көлденең бағыт алып, сәл жоғары қарай көтеріліп, төменгі жақтың мойын тұсынан шығады. Содан самайасты ойыстан өтіп, қанат тәрізді шайнау етінің аралығымен таңдай шұқыршасына жетеді. Жақ артериясының ең үлкен тармағы мидың қатты қабығының ортаңғы артериясы деп аталынады. Ол ми сауытына еніп қатты ми қабығын қоректендіреді. Жақ артериясы жолай тарамдала келіп, сыртқы дыбыс жолын, дабыл жарғақты, ортаңғы дыбыс бөлігін, барлық шайнау бұлшық еттерін, жоғарғы және төменгі тістерді, қатты жұмсақ таңдайды, олардың бадамша бездерін және мұрын қуысын қанмен қамтамасыз етеді. Самай артериясы сыртқы ұйқы артериясының жоғары қарай жүретін жалғасы болып есептелінеді. Ол шықшыт безінен өтіп, құлақ қалқанының алдыңғы жағымен самайға қарай бет алады. Самайдың тұсынан төбе және маңдай артерияларына бөлініп, бас терісінің астында жатады. Бұл айтылған тармақтары шықшыт безін, сыртқы дыбыс жолын, құлақ қалқанын, беттің ұрт бөлігін артерия қанымен қамтамасыз етеді. Бұғанаасты артериясы және оның тарамдары.Бұғанаасты артериясы жұп болып келеді. Оның оң артериясы иық-бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа доғасының өзінен басталады. Бұл артериялар көкірек куысынан жоғары қарай көтеріліп бірінші қабырға үстімен бұғана астына қарай кетіп, қолтықасты артериясына жалғасады. Бұғанаасты артериясынан мынадай тармақтар шығады: омыртқа артериясы, ішкі көкірек артериясы, қалқан-мойын бағаны, жауырынүсті және мойынның көлденең артериялары. Бұл тамырлардың ішінде омыртқа артериясы бұғанаасты артерияларының бірінші тармағы болып басталып, мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің тесіктерімен жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесігі арқылы ми сауытының қуысына өтеді. Одан кейін өзара (оң жағы мен сол жағы) бірігіп негізгі артерияны түзеді. Омыртқа артериясы өз жолында мойын еттерін, жұлынды, оның қабықтарын қоректендіреді. Сонымен қатар бұғанаасты артериясынан тарамдалған тамырлар тұлғаның арқа, иық және мойын бөліктеріндегі бұлшық еттері мен терісін және сүт бездерін қанмен қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылған омыртқа артериясының қосылысынан пайда болған негізгі артерия, мидың көпір тұсында мишықтың жоғары, төменгі артерияларына тарамдалған. Миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі күретамыр артериясы мен омыртқа артериясы көлденең қосылыстар арқылы (алдыңғы және артқы) бір-бірімен байланысып түрік ершігінен айнала жатқан шеңбер түзеді, мұны артериалдық (Виллизиев) шеңбері деп атайды. Осы шеңберден тарамдалған артериялар мидың барлық бөлігін қоректендіреді. Сонымен ішкі ұйқы артериясы мен омыртқа артериясы миды қанмен қамтамасыз ететін негізгі артериялар болып табылады. Қол артериялары. Қол артериялары бұғанаасты артериясының жалғасы болып саналады, оның өзі қолтық ойындысының тұсында қолтықасты артериясы деп аталса, тоқпан жілік алдынан өткенде қар артериясы деп аталады. Бұл артерия шынтақ буын тұсында қар және шынтақ артериялары болып екіге бөлінеді. Ол екі артериялар өзі аттас жіліктерінің тұсымен төмен түсе отырып, тарамдалып білек еттерін қанмен қамтамасыз етеді. Қар артериясы (лучевая артерия)— осы сүйектің алдыңғы бетімен жүріп төмен түседі де басбармақтың артқы жағынан айналып терең алақан доғасын түзеді. Жалпы бұл артерия білек еттеріне, білезік тұсына, басбармаққа тарамдалады. Шынтақ артериясы (локтевая артерия)—шынтақ сүйегімен төмен түсе отырып, білезік буын тұсында алақанның терең доғасымен қосылып беткей доғасын түзеді де, білектің алдыңғы және артқы жағындағы бұлшық еттерге тарамдалады. Шынтақ буын тұсында тамыр торларын түзіп, өзара қосылыстар жасайды. Алақанның беткей доғасы (поверхностная ладонная дуга)—негізінде шынтақ артериясы мен қар артериясының тарамдарынан түзілген. Бұл доға саусақтың ұшына дейін торлана жатқан саусақтар артерияларын береді. Алақанның терең доғасы (глубокая ладонная дуга)— беткей доғасына қарағанда жіңішке келеді. Ол негізінде қар артериясының жалғасы болып саналады. Бұл доғадан білезік буынының сыртқы және ішкі жағында торланып жатқан тамырлар шығуымен бірге, жалпы саусақ артериялары мен алақан сүйекаралық артерияларына тарамдалады. Қолбасының артерия тамырларына, тамырлар торларына бай болуы, адам қолының еңбек құралына айналуына байланысты. Қолқаның төмендеу бөлігінің артерия тарамдары. Қолқаның төмендеу бөлігі қолқа доғасының жалғасы болып саналады. Ол IV көкірек омыртқасының тұсынан басталып, омыртқа жотасын бойлап төмен түсіп, IV бел омыртқаның тұсында екі жалпы мықын артерияларына бөлінеді. Осы бөлінер жерінен төмен қарай сегізкөз артериясы шығады. Қолқаның төмендеу бөлігінің өзін көкірек қолқасы, құрсақ қолқасы деп екіге беледі. Бұлардан тарамдалатын артерияларды тұлға артериялары деп атайды. Көкірек қолқасының артерия тарамдары көкірек куысындағы мүшелер мен көкірек қабырғалықтарына тарамдалады. Сол себептен, оларды ішкі органдық (висцеральды) және қабырғалық (париетальдық) артериялар деп екіге бөледі. Ішкі органдар артерияларына көкірек қуысында жатқан кеңірдекке, өңеш, жүрек қабына және өкпе аралығында жатқан лимфа түйіндеріне тарамдалатын артериялар жатады. Ал, көкірек қабырғалығын қанымен қамтамасыз ететін артерияларға 10 жұп қабырғааралық артериялар жатады. Олардың әрқайсысы қабырға аралықтарымен жүріп отырып, олардың еттерін, көкірек еттерін, көкірек бездерін, арқа еттерін, жұлынды қанмен қамтамасыз етеді де, дененің көкірек бөлігіндегі бұлшық еттер мен терісіне тарамдалады. Құрсақ қолқасының артерия тарамдары көкірек қолқасының жалғасы болып саналады. Бел омыртқаларының алдында, орталықтан сәл сол жаққа қарай ауытқып орналасқан. Оның оң жағынан жоғары қарай төменгі қуыс венасы өтеді. Құрсақ қолқасынан ішкі органдарға және құрсақ қабырғаларына артериялар тарамдалады. Ішкі мүшелерге тарамдалатын артериялар тақ және жұп болып бөлінеді. Жұп мүшелерге жұп, тақ мүшелерге тақ артериялары тарамдалады. Тақ немесе сыңарсыз артерияларға құрсақ бағаны жоғарғы және төменгі шажырқай артериялары жатады. Қурсақ бағаны (чревный ствол)—өте қысқа (1 см), ол құрсақ қолқасының соңғы (XII) көкірек омыртқасы тұсынан басталысымен бауыр, көкбауыр және қарынның сол жақ артерияларына бөлінеді. Осы аталған артериялар аттас мүшелеріне жетіп тарамдалады. Жалпы бауыр артериясы қарынның кіші иінімен жүріп отырып, бауыр қақпасына венасымен бірге енеді. Бұл артериядан қарынның оң артериясы, қарын, он екі елі ішек және бауырдың меншікті артериялары бөлінеді. Олар аттас мүшелеріне тарамдалып, соларды қанмен қамтамасыз етеді. Көк бауыр артериясы (селезеночная артерия)—құрсақ бағанынан шыға солға бұрылып, қарынасты безінің жоғарғы жиегімен жүріп отырып, көкбауыр қақпасына енеді. Жолында қарынасты безін, қарынның сол жақ иінін, шажырқайдың сол жақ бөлігін қанмен жабдықтайды. Қарынның сол артериясы — құрсақ бағанынан басталып, қарынның кіші иінімен жүріп өзінің оң жақ аттас артериясымен қосылады. Бұл артерия қарын-онекі елі ішек, қарын-шажырқай артерия тарамдарына бөлінеді. Олар өзі аттас мүшелерді, қарынның үлкен иінін, үлкен шажырқайды, қарынасты безін, онекі елі ішекті қанмен қамтамасыз етеді. Жоғарғы шажырқай артериясы (верхняя брыжеечная артерия)— қолқадан (құрсақ бағанынан сәл төменірек) басталып 15—20 шақты бұталарға бөлініп, шажырқай ішімен жүріп, аш ішектің барлық бөліктеріне, тоқ ішектің, соқыр ішектің және оның кұрт тәрізді өсіндісіне, өрлеу және көлденең бөліктеріне тарамдалады. Бұлардың бір тарамы онекі елі ішекпен қарынасты безіне де жетеді. Бұл артерия бұталары өзара жалпы қосылыстар жасап байланысады. Төменгі шажырқай артериясы (нижняя брыжеечная артерия)— қолқадан (III) бел омыртқа тұсынан, жоғарғы шажырқай артериясынан сәл төменірек басталып төмен қарай жүріп отырып солға бағыт алады. Бұл артерия тармақтары тоқ ішектің көлденең, төмендеу қима бөліктеріне және тік ішекке тарамдалады. Құрсақ қолқасынан аталып кеткен сыңарсыз артериялардан да басқа жұп артериялар шығады. Оларға бүйрек, бүйрекүсті безінің және жыныс бездерінің артериялары жатады. Бүйрек артериясы (почечная артерия)— қолқадан басталып оң және сол артерияға қарағанда ұзындау келеді. Жалпы бүйрек артериялары басқа артерияларға қарағанда жуандау. Бұл артериядан бүйрек қапшығына, несепағарға тармақтар тарайды. Жыныс бездерінің артериясы (семенниковая артерия)— бүйрек артерияларынан сәл төменірек басталып, төмен қарай жүріп жыныс органдарына дейін жетіп, аталық және аналық бездерін қанмен қамтамасыз етеді. Егер әйел адамда бұл артерия кіші жамбас ішінде тарамдалса, ер адамдарда жамбас қуысынан шығып, ұма ішіне кіріп, аталық жыныс безі мен қосалқыны қанмен жабдықтайды. Әйел адамда кіші жамбас астауындағы жыныс мүшелеріне (жатырға, аналық жыныс безіне) тарамдалады. Құрсақ қолқасының қабырғалық (париетальды) тармақтары негізінде құрсақ қабырғасын қанмен жабдықтайды. Оларға диафрагма, бел және сегізкөз артериялары жатады. Диафрагма артериясы — құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп жатқан көк етті қанмен жабдықтайды. Бел артерияларының (поясничные артерии) жалпы саны төртеу олар қолқаның екі жанынан жұп болып басталып, бел және құрсақ еттерін қанмен жабдықтайды. Олардың артқы тармақтары белдің терең еттері мен терісін және жұлынды қоректендіреді. Аяқ артериялары(артерии нижней конечности)— жалпы мықын артерияларының жалғасы болып саналады. Жалпы мықын артериялары IV бел омыртқа тұсында қолқаның екіге айырылуынан пайда болып төмен түсіп, сегізкөз жамбас сүйектерінің байланысқан жерінде ішкі және сыртқы мықын артерияларына бөлінеді. Ішкі мықын артериясы (внутренняя подвздошная артерия)— жуан, ұзындығы 5—6 см, бұл артерия кіші жамбас ішіндегі мүшелер мен бұлшық еттерін қоректендіреді. Ол төмен қарай түсіп, шоңданай ойындысының тұсында алдыңғы және артқы тарамдарын береді. Алдыңғы тарамдарына жамбас тұсындағы жыныс және зәр шығару мүшелеріне (жатыр, қынап, қуық, тік ішек т. б.) тарамдалатын артериялар жатады. Артқы тарамдарына жамбастың бөксе еттерін, мықын мен жамбас сүйектерін қанмен жабдықтайтын артериялар жатады. Сыртқы мықын артериясы (наружная подвздошная артерия)— қанды жалпы аяққа жеткізетін негізгі артерия болып саналады. Бұл бел етінің тұсынан төмен қарай өтіп, құрсақтың төменгі жағына тарамдала отырып, әрі қарай шат байламының астынан санға өтеді. Осы жерде жамбас буынына, жамбас сүйегіне және іштің алдыңғы қабырғасына, жамбас еттеріне тарамдалатын артерияларын береді. Сан артериясы (бедренная артерия)—сыртқы мықын артериясының тікелей жалғасы, ол сан венасына қабаттала жатады. Сан артериясы санның алдыңғы және ішкі топ еттерінің аралығымен төмендеп тақым астына дейін келіп, тақымасты артериясына жалғасады. Сан артериясынан жолай бірнеше артериялар тарамдары шығады, олардың ең ірісін санның терең артериясы деп атайды. Бұл артерия беткей және терең тармақтарына бөлініп, жамбас буынын және санның еттерін қанмен жабдықтайды. Сонымен қатар, бөксе артерияларымен байланысады. Тақымасты артериясы (подколенная артерия)— өте терең орналасқан, оған жанаса тақымасты венасымен асық жілік жүйкесі өтеді. Бұл артериядан тізе буының қанмен жабдықтайтын артериялар тарамдалады. Ал, тақымасты артериясының өзі алдыңғы және артқы асық жілік артерияларына бөлінеді. Сирақ және аяқ басының артерияларынаасық жіліктің алдыңғы және артқы артериялары жатады. Асық жіліктің артқы артериясы (задняя большеберцовая артерия)— сирақтың артқы еттерінің аралығымен жүріп отырып шыбық артериясын беріп, сирақтың сыртқы және артқы жақтарының еттері мен терісін қоректендіріп табан астына қарай өтеді. Табан астында беткей және терең жатқан табанасты доғалары жалғасады. Бұдан аяқ бармақтарын қоректендіретін бармақ артериялары (пальцевые артерии) тарамдалады. Асық жіліктің алдыңғы артериясы, (передняя большеберцовая артерия)—тақымасты артериясынан бөлінгеннен кейін, жілік аралығымен сирақтың алдыңғы бетіне көшіп, төмен аяқ басына қарай бағыт алады. Сирақтың алдыңғы бетіндегі еттері мен терісін қанмен қамтамасыздандырып аяқ басының артериясын түзеді. Бұл артерия аяқ басында сыртқы доғаға көшіп, одан аяқ бармақтарының артерияларына тарамдалады. Бақылау сұрақтары:
![]() |